1 саны және цифры. 2 саны және цифры.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 саны және цифры. 2 саны және цифры.

Материал туралы қысқаша түсінік
бір» және «көп» ( «бірнеше») терминдерін енгізі; 1 және 2 сандарымен таныстыру; заттарды санай алуға; сандардың айтылу реттілігін үйрету. Заттардың қасиетін, белгісін айқындау және оларды топтастыруды үйрету; сөйлеу тілін және назар аудару қабілеттерін дамыту;қимыл-қозғалыстарын үйлестіру, ұсақ қол моторикасын қалыптастыруды жалғастыру. Дербестікке, тәуелсіздікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, коммуникация.

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: 1 саны және цифры. 2 саны және цифры. Мақсаты: 1 және 2 сандарының құрамымен; 1 және 2 цифрларымен таныстыру. Міндеттері: «бір» және «көп» ( «бірнеше») терминдерін енгізі; 1 және 2 сандарымен таныстыру; заттарды санай алуға; сандардың айтылу реттілігін үйрету. Заттардың қасиетін, белгісін айқындау және оларды топтастыруды үйрету; сөйлеу тілін және назар аудару қабілеттерін дамыту;қимыл-қозғалыстарын үйлестіру, ұсақ қол моторикасын қалыптастыруды жалғастыру. Дербестікке, тәуелсіздікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: 1 және 2 саны мен цифрын. игереді: «бір» зат пен заттар «жұбының» не екенін.

меңгереді: жеке-дара заттар мен заттар жұбын табуды, 1 және 2 цифрларын тануды.

Қажетті материалдар: №1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал.

Сөздік жұмыс: бір, бірлік, екі, жұп, цифр.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сиқырлы паровозбен саяхат жасауды ұсынады. («Паровоз және вагондар» кестесі).

Суретте неше паровоз бар? (Біреу).

Вагондарға ондағы терезе санына сәйкес әртүрлі ертегілердің кейіпкерлері отырғызылады (педагогтің қалауы бойынша іріктеледі).

Педагог тақтаға бір паровоз бен бірнеше вагонды (3-тен 5-ке дейін) бекітеді.

Ойынға қосылады. Әрбір вагонда 2 кейіпкерден болуы мүмкін екенін айқындайды.

Оларды іріктеп отырғызады.

2. Негізгі кезең.

  • Паровозға неше вагон тіркедік? Әрқайсысын көрсете отырып, балалармен бірге дауыстап санайды. Одан кейін ұсынады:

  • Терезелерді санаймыз: бір, екі. Келесі вагонда: бір, екі және т.с.с.

  • Вагондардың әрқайсысында 2 терезе немесе терезелер жұбы бар.

Екі-екіден көрсетілген заттарды іздейік.

  • Сендерде неше қол, аяқ, көз және құлақ бар?

«Екі» сөзінің «жұп» дегенді білдіретінімен таныстырады. Қолғаптар жұбы, шұлықтар жұбы.

Бір-бірден көрсетілген заттарды атаңдар.

Бір затты (бір саны) және заттар жұбын (екі саны) қандай цифрмен белгілейміз?

Педагог тақтада 1 және 2 цифрларын көрсетеді.

1-тапсырманы орындау ұсынылады.

  • Не туралы бір деп айтуға болады?

  • Не туралы екі (немесе жұп) деп айтуға болады?

2-тапсырма. Цифрдың үстінен саусақтарымен жүргізулерін ұсынады.

Педагог орындықта дұрыс отыру ережелерін қайталайды.

Одан кейін 1 және 2 цифрларын ермексаздан жасауларын тапсырады. Мұқият орындағаны үшін балаларды көтермелейді және мақтайды.

Сергіту сәті.

Біз санадық, біз шаршадық, Орнымыздан тұрамыз.

Қол соғамыз: бір, екі.

Аяқпен топылдатамыз: бір, екі.

Педагог жаттығуларды орындауды ұсынады: 2 рет секіреміз, оң аяқпен 2 рет, сол аяқпен 2 рет аяқпен топылдатамыз. 2 рет қол соғамыз. Досымызбен екі рет алақандарымызды соғамыз және т.с.с.

3-тапсырмада 1 және 2 цифрларын тауып, бояу қажет.

№3 тапсырманы балалар өздігінен орындап, тексереді. Әрбір топтан 2 затты қоршап сызуды ұсынуға болады.

Вагондарды, вагондардағы кейіпкерлерді және терезелерді санайды. «Екі» және «жұп» сөздерін дауыстап қайталайды.

Жеке-дара және жұп заттарды іздейді.

1-тапсырманы орындайды.

Бір-бірден тұрған заттарды бояйды. Балалар цифрлардың үстінен саусақтарымен жүргізеді. Ермексаздан жасайды.

Мәтінге сәйкес жаттығуларды орындайды.

Ауада және тақтада саусақпен жазады. Цифрларды қажетті бағытта айналдырып бастырады.

Тапсырманы өздігінен орындайды.

3.Рефлексия.

Педагог қандай сандармен және цифрлармен танысқандары туралы қорытынды жасайды. Балаларға алғыс айтып, олардан бір-біріне жақсы жұмыс және үстел үстіндегі заттардың ұқыпты жиналғаны үшін алғыс айтуды сұрайды. Қорытынды жасайды: 2 санымен және цифрымен танысып, оның жұпты білдіретінін айтады. Бір-біріне жақсы жұмыс үшін алғыс айтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2022
975
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі