1 сәуір-күлкі күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 сәуір-күлкі күні

Материал туралы қысқаша түсінік
:. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру, Күлкі және жымиюдың адам білімділік өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы





Тақырыбы: «Күлкі әлеміне саяхат

Тақырыбы: «Күлкі әлеміне саяхат»

Мақсаты:. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру, Күлкі және жымиюдың адам білімділік өміріндегі қажеттілік екенін түсіндіру;

Дамытушылық. Балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік. Өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі Балалар, бір-бірімізбен көздеріміз арқылы амандасайықшы. Қазір әркімде әртүрлі көңіл-күй. Олай болса барлығымыз қызықты, жақсы сәтті есімізге алайық. Осы жерде «сиқирлы қолшатыр» көмекке келеді. (әшекейленген қолшатырды қолдану) - Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

Балаларға Ө. Тұрманжановтың өлең жолдарын хормен қайталауды ұсынамын.

Кел, балалар, күлейік!

Қабақ түйген не керек,

Кел балалар, күлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күлкіменен түлейік!

Көңілді боп жүрейік!

Күлкіменен түлейік!

Күліп өмір сүрейік! - Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі. Әйелдер ерлерге қарағанда көп күледі. * Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Америкадағы Калифорния клиникаларының бірінде дәрігерлер мен ғалымдар науқастарға "Күлкімен адамды емдеуге бола ма?" деген сұрақ төңірегінде зерттеу жүргізді. Науқастарға таңертең дәрілермен қоса, анекдоттары бар жаңа газеттер әкеліп берді. Зерттеу нәтижесінде, науқастардың жағдайы анағұрлым жақсарған. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады. Дәйексөз Балаларға «Сүйіспеншілік — жүректен» - деген халық даналығының мағынасын ашып түсіндіремін. - Әрқайсымыздың сүйіспеншілікке толы жұмсақ жүрегіміз бар. Бірақ ол үлкен емес. Әр адамның жүрегінің үлкендігі қолын жұмғандағы жұдырықтай. Қане, жүрегіміз қандай екен, көрейікші. Балалар алақандарын жұмып, жұдырықтарына назар аударады. - Ал, енді, алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілін тыңдап көрейікші. Балалар өз жүрек лүпілдерін тыңдайды. - Қандай ғажап! - Балалар, біз қуансақ, біздің жүрегіміз де күлімдеп тұрады екен, ал ренжісек, жүрегіміз де жабырқап қалады. - Біз қандай жағдайда қуанып, ренжиміз? Балалардың жауаптары. Бізді біреу ренжітсе, өздерің біреуді ренжітсеңдер жүректерің де ренжиді екен. Ал біреу бізге жақсылық жасаса, біреуге біз жақсылық жасасақ, Сондықтан «Сүйіспеншілік -жүректен» деген халық даналығы осыдан шығыпты. Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналады. Жұмсақ ойыншық жүректі бір-біріне сыйлай отырып, жақсы тілектер білдіреді. • Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін. • Мен саған жақсылық тілеймін. «Керемет, біздің әрқайсымыздың жүрегіміз осы жұмсақ ойыншықтай күлімдеп, қуанышқа бөленді. Әрқашан осындай жылы сөздермен бір-бірімізді қуанта берейік!» Бала туралы хикаяны баяндап, - ал енді мына шарларды үрлеп, ашу мен реніштерге толтырып, ... шығарамыз. Көңіл-күйіміз қандай?

Сабақты қорытындылау.

- Күлкінің төресі - кез келген күйзелісті, жүйкедегі жүкті жеңіп шығатын шынайы күлкі.

"Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге күлетін болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2018
1738
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі