Материалдар / 1-сынып Бейнелеу өнері КТЖ 2024-2025
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1-сынып Бейнелеу өнері КТЖ 2024-2025

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сын. Бейнелеу өнері КТЖ 2024-2025 Жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2024
543
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейнелеу өнері

Түсінік хат

"Бейнелеу өнері" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген.


"Бейнелеу өнері" пәні оқу және тәрбие процестерінің органикалық бірлігі болып табылады. Онда эстетикалық және көркемдік білім беру дәйекті және жүйелі түрде білімді ұсыну мен көркемдік іс-әрекет дағдыларын үйретуге негізделген.


"Бейнелеу өнері" пәнін оқытудың міндеттері:

  • Қазақстан халқының өнері мен мәдениеті және салт-дәстүрлеріне, әлемнің мәдени алуан түрлілігіне құрмет көрсету;

  • рухани келісім мен толеранттылық идеяларын ұстану;

  • қоршаған ортаны және экологиялық тепе-теңдікті сақтау;

  • шығармашылық және сыни ойлау;

  • коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді пайдалана білу;

  • өмір бойы оқуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру;

  • бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, әсемдікке баулу;

  • шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген көзқарасын білдіру қабілетін дамыту;

  • сурет, кескіндеме, композиция, мүсін бойынша бейнелеу сауаттылығы негіздерімен танысу;

  • бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет) және бейнелеу өнерінің жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистік жанры және т. б.) танысу;

  • қоршаған заттардың пішінін, көлемін және құрылымын көру және түсіну қабілетін қалыптастыру;

  • кеңістіктік қабылдауды қалыптастыру;

  • графикалық және түстану дағдыларын дамыту;

  • моториканы, логикалық ойлауды, өздігінен ойлауды және идеяларды іске асыруды дамыту.

  • әр түрлі материалдармен жұмыс істеудің көркемдік дағдыларын және әр түрлі бейнелеу техникасын меңгеру;

  • шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көру қабілетін дамыту (көрмелер, мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және т. б.)

  • балалардың сезімталдық, көңіл-күйін білдіруін, зейінін, есте сақтау, қиял, елестету қабілеттерін дамыту;

  • өзіндік, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыру;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау.


"Бейнелеу өнері" пәнін оқыту нәтижелерін бағалау қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқу ақпаратының бөлімін зерделеуі аяқталғаннан кейін оқытудың белгілі бір кезеңінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі, білім алушыларға кері байланыс беруден шығатын критериалды бағалаудың "сынақтан өтті" және "сынақтан өтпеді" қағидатын негізге алу қажет.


Оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағат.



Бейнелеу өнері пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апталық жүктеме 1 сағат, жылдық жүктемесі 33 сағат.

1-4- сыныптарға арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасына

әдістемелік нұсқаулық. Астана. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023


р/с

Бөлімшелер

Сабақтың тақырыптары және мазмұны

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан 8 сағат

Ортақ тақырыптар: Өзім туралы. Менің мектебім

Бөлім: «Бейнелеу сауаттылығы» блогы

1

Өнер туынды-ларын қабылдау

1 сағат

«Мұражайға саяхат»

(виртуалды немесе нақты)

«Бейнелеу өнері» ұғымымен және оны зерттеудің маңыздылығымен танысу.

1.1.1.1 қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениетінің түрлі өнер туындыларын эмоционалды қабылдау

1

6.09


2


Графика

2 сағат

«Күзгі пейзаж»

(сызықтық сурет)

Сызықтардың әртүрлілігі және олардың сипаты. Көлденең, тік, көлбеу, шиыршықты, иілген сызық-тар. Суретте әртүрлі -сызықтарды қолдану

1.1.2.1 базалық деңгейде техникалар мен тәсілдерді пайдалана отырып, графикалық материалдар мен құралдарды қолдану

1.1.2.2 базалық деңгейде графика техникалары мен тәсілдерін қолдану

1

13.09


3



Кескіндеме

2 сағат

«Кемпірқосақ» (гуашьпен сурет салу)

«Кескіндеме» ұғымымен танысу. Спектрдің жеті түсі және олардың кемпірқосақта орналасу тәртібі туралы білім алу. «Дақ», «жағынды» ұғымдарымен және оларды орындау тәсілдерімен танысу

1.1.3.1 базалық тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, кескіндеме материалдары мен құралдарын қолдану

1

20.09


4

«Күн және түн»

(акварельмен сурет салу)

Ұғымдарды зерттеу – жылы және суық түстер.


1.1.3.2 кескіндеменің қарапайым тәсілдері мен техникасын қолдану

1

27.09


5


Мүсін

1 сағат

«Жемістер» (ермексаздан мүсіндеу)

«Пішін» және «көлем» ұғымдарын зерттеу. Үлгілеу ережелері мен әдістері туралы білім алу


1.1.4.1 базалық тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, мүсіндеу материалдары мен құралдарын қолдану

1

4.10


6


Сәндік-қолданбалы

өнер

1 сағат

«Жолақтағы ою-өрнек»

(гуашьпен безендірілген сурет)

Ұлттық сәндік өнермен танысу. «Ырғақ» және «симметрия» ұғымдары туралы білім алу. Жолақта қарапайым ою-өрнек салу әдістері туралы білім алу. Қылқаламмен ою-өрнек салу тәсілдері

1.1.5.1 базалық тәсілдер мен техниканы қолдана отырып, сәндік-қолданбалы өнер материалдары мен құралдарын қолдану

1

11.10


7


Дизайн және

сәулет

(көркем құрастыру

және үлгілеу)

2 сағат

«Қылқаламға арналған ыдыс»

(қатырғықағаздан құрастыру)

«Дизайн» ұғымымен танысу.

Көркем құрылыс туралы білім алу. Қатырғы-қағаз парағын белгілеу және бүгу тәсілдері

1.1.6.1 базалық құрылымдық техникалар

мен тәсілдерді қолдана отырып, іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану

1

18.10


8

«Үй жасау»

шырын қорапшасы негізінде үйді модельдеу

«Сәулет» ұғымымен танысу. «Моделдеу» ұғымымен танысу. Түрлі түсті қағаздан бөлшектерді белгілеу және кесу тәсілдері.

1.1.6.2 модельдеудің қарапайым техника-лары мен тәсілдерін қолдана отырып, іс-әрекетте материалдар мен құралдарды қолдану

1

18.10

(25.10)


ІІ тоқсан 8 сағат

Ортақ тақырыптар: «Менің отбасым және достарым» , «Бізді қоршаған әлем»

Бөлім: «Бейнелеу өнері әлемі» блогы

9

Өнер

туындыларын

қабылдау.

1 сағат

«Өнер түрлері» (саяхат сабағы)

«Өнер түрлері» ұғымымен танысу. Өнер түрлері

туралы қарапайым деңгейде білім алу

1.2.1.1 өнер туындыларының тақырыбын

және жұмысты орындау материалдарымен танысу

1

8.11


10


Графика

1 сағат

«Құмыра»

(түрлі түсті қарындашпен сурет салу)

«Сурет композициясы» ұғымымен танысу.

Тақырыптың дизайны туралы қарапайым

деңгейде білім алу.Геометриялық фигуралардың көмегімен сурет салу тәсілдері.

1.2.2.1 Графика түрлері мен жұмыстың

орындалу техникасын білу

1

15.11


11


Кескіндеме

1 сағат

«Бұлтты күн»

(суланған қағазға акварельмен сурет салу)

Кескіндеме түрлерімен танысу. Қарапайым

деңгейде «сызықтық перспектива» ұғымымен

танысу. «Жақын-алыс», «көп-аз» ұғымдары.

Суланған қағазға сурет салу әдістері туралы

білім алу

1.2.3.1 Кескіндеме түрлері мен жұмыстың

орындалу техникасын білу

1

22.11


12


Мүсін

1 сағат

«Аққала»

(ермексаздан мүсіндеу)

Мүсін түрлерімен танысу. Ермексаз жолағын белгілі бір бөліктерге бөлу туралы білім алу. Жапсырмалау және құрастыру әдісі туралы білім алу

1.2.4.1 жұмысты орындау үшін мүсін

түрлері мен орындау техникасын үйрену

1

29.11


13




Сәндік-қолданбалы

өнер

2 сағат

«Торсық» (аппликация)

Сәндік өнер түрлерімен танысу. Ұлттық тағам-дармен танысу. Симметрия туралы білім алу. Түсті қағаздан симметриялы пішінді кесу әдістері туралы білім алу.

1.2.5.1 сәндік-қолданбалы өнер түрлері

мен жұмыстың кейбір базалық орындалу

техникасын білу

1

6.12


14

«Қошқармүйіз»

(жұқа фетрден түрлі түсті ою-өрнекті жасау)

Ұлттық ою-өрнектермен танысу. «Табиғи

формалар» ұғымымен және олардың ою-өрнекке

айналу жолдарымен танысу. Киізден ою-өрнек

кесу әдістері туралы білім алу.

1.2.5.2 «Табиғи пішіндер» ұғымын және

жұмысты орындаудың кейбір қарапайым

әдістерін білу

1

13.12


15



Дизайн және

сәулет

(көркем құрастыру

және үлгілеу)

2 сағат

«Карнавал бетпердесі»

(дизайн түрлерімен танысу)

Дизайн түрлерімен танысу. «Құрылыс» ұғымы-мен танысу.Қатырғықағаздан жасалған жалпақ бетперде құрастыру әдістері. Симметриялық бөлшектерді кесу әдістері туралы білім алу

1.2.6.1 Жұмысты орындау үшін дизайн

түрлерімен және базалық құрылымдау

және модельдеу техникасымен танысу

1

20.12


16

«Ертегі кейіпкерінің үйі» (сурет-жоба)

Қарапайым деңгейде сәулеттік стильдермен

танысу. Сәулеттік композицияның қарапайым

әдістері туралы білім алу.

1.2.6.2 жұмысты орындау үшін сәулет стиль-дерімен және кейбір құрылымдау және модельдеудің қарапайым техникасымен танысу

1

27.12



ІІІ тоқсан 9 сағат

Ортақ тақырыптар: «Саяхат» , «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Бөлім: «Бізді қоршаған әлем»» блогы

17



Графика

1 сағат

«Менің анам»

(түрлі түсті бояулармен сурет салу)

«Бақылау арқылы сурет салу» және «есте сақтау

арқылы сурет салу» ұғымдарымен танысу.

Қарапайым деңгейде портретті сурет салу жол-дарымен танысу. Қарапайым деңгейде адам бетінің пропорциялары туралы білім алу

1.3.2.1 Қоршаған әлемнің кейбір ерекше-ліктерін білу, графика құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

1

10.01


18


Кескіндеме

2 сағат

«Наурыз» (гуашьпен сурет салу)

«Бақылау арқылы сурет салу» және «есте сақтау

арқылы сурет салу» ұғымдарымен танысу.

«Сюжеттік композиция» ұғымымен танысу.

Сюжеттік суреттің құрамы туралы білім алу

1.3.3.1 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшелік-терін білу, кескіндеме құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

1

17.01


19

«Тау көрінісі» пейзажы

(акварельмен сурет салу)

«Бақылау арқылы сурет салу» және «есте сақтау

арқылы сурет салу» ұғымдарымен танысу.

«Пейзаж композициясы» ұғымымен танысу. Ауа

перспективасы туралы білім алу. Түс реңктері

және олардың пайда болуы туралы білім алу

1.3.3.2 Қоршаған әлемді бақылау және

есте сақтау арқылы бейнелеу тәсілдерінің

кейбір ерекшеліктерін білу, кескіндеме

құралдары арқылы таныс бейнелер мен

пішіндерді білдіру

1

24.01


20




Мүсін

1 сағат

«Күшік» (ермексазбен жұмыс)

«Бақылау арқылы сурет салу» және «есте сақтау

арқылы сурет салу» ұғымдарымен танысу.

«Жануар фигурасының пропорциялары»

ұғымымен танысу. «Жағумен» модельдеуді

қабылдау туралы білім алу

1.3.4.1 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшелік-терін білу, мүсіндеу құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

1

31.01


21

«Кішкентай мысығым»

(ермексазбен жұмыс)

Жануарды мүсіндеу. «Жануар фигурасының

пропорциясы» ұғымымен танысу.

Мүсіндеудегі «Жағу» әдісімен танысу


1.3.4.1 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшелік-терін білу, мүсіндеу құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

1

7.02


22



Сәндік-қолданбалы

өнер

2 сағат

«Ұлттық киімдер» коллажы

(ұлттық бас киімдер, ұлттық көйлек танысу)

Ерлер мен әйелдер костюмдерінің ерекшеліктері

туралы білім алу. Мата коллажын орындау тәсілдері туралы білім алу

1.3.5.1 қоршаған әлемнің ерекшеліктерін

жеткізу үшін сәндік-қолданбалы өнер

құралдарымен танысу

1

21.02


23

«Гүлді ою» (гуашьпен сурет салу)

"Жалпылау" ұғымымен танысу. Қылқаламмен

өсімдік оюларын салу әдістері туралы білім алу


1.3.5.2 қоршаған әлемнің бейнелері мен

формаларын жеткізу үшін сәндік - қолдан-балы өнердің жалпы ұғымдарымен танысу

1

28.02


24

Дизайн және

сәулет

(көркем құрастыру

және үлгілеу)

2 сағат

«Ашықхат» (шағын формадағы дизайн

әдістерімен танысу) Шағын формадағы композиция туралы білім алу


1.3.6.1 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшелік-терін білу, дизайн құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

1

7.03


25

«Бақтағы үй» (табиғи материалдардан тұрғын үй жобасын жасау)

Өңделген материалдарды модельдеудің

қарапайым әдістері туралы білім алу


1.3.6.2 Қоршаған әлемнің кейбір ерекшелік-терін білу, сәулет құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

1

14.03


ІV тоқсан 8 сағат

Ортақ тақырыптар: «Тағам мен сусын» , «Дені саудың жаны сау»

Бөлім: ««Шығармашылық» бөлімі» блогы

26




Графика

2 сағат

«Көбелектер» (түрлі түсті қарындаштармен

сурет салу)

Графика түрлерімен танысу. «Сурет композициясы» ұғымымен танысу. Тақырыптың дизайны туралы қарапайым деңгейде білім алу. Геометриялық фигуралардың көмегімен сурет салу тәсілдері

1.4.2.1 Графикалық тәсілдер мен техника-ның көмегімен идеяларды шығармашылық-пен ұсыну және сезімдерді білдіру

1

4.04


27

«Қозы»

(бормен немесе құрғақ пастельмен сурет салу)

Шығармашылық жұмыста графикалық тәсілдерді қолдану. Суретте әртүрлі сызықтарды қолдану

1.4.2.2 Графикалық жұмысты таныстырудың әртүрлі мүмкіндіктерімен танысу

1

11.04


28



Кескіндеме

2 сағат

«Көктем» (гуашьпен сурет салу)

Шығармашылық жұмыста кескіндеме техника-сының білімін пайдалану. Суреттегі жағынды-лар мен дақтарды қолдану. Түс реңктерін пайдалану

1.4.3.1 Кескіндемелік тәсілдер мен техника-ның көмегімен идеяларды шығармашылық-пен ұсыну және сезімдерді білдіру

1

18.04


29

«Гүлдер» (акварельмен сурет салу)

Шығармашылық жұмыста кескіндеме техника-сының білімін пайдалану. Дымқыл зат үсті бойынша техникасын қолдану. Әртүрлі қалың-дықтағы қылқаламдарды пайдалану

1.4.3.2 Кескіндемелік жұмысты таныстыру-дың әртүрлі мүмкіндіктерімен танысу

1

25.04


30


Мүсін

2 сағат

«Ою-өрнек» бедері

Мүсіндік техникалардың білімін

шығармашылық жұмыста қолдану. Бедері үшін

картон негізін қолдану. Валиктермен мүсіндеу

техникасын қолдану

1.4.4.1 Мүсіндік әдістер мен тәсілдердің көмегімен идеяларды шығармашылық түрде ұсыну және сезімдерін білдіру.

1

2.05


32

Сәндік-қолданбалы

өнер

2 сағат

«Киіз үй» коллажы.

Шығармашылық жұмыста сәндік техникалар

туралы білімдерін қолдану.

Киіз бен жиектемені коллажда қолдану

1.4.5.1 Сәндік әдістер мен тәсілдердің көмегімен идеяларды шығармашылық түрде ұсыну және сезімдерін білдіру

1

16.05

(9.05)

33

Дизайн және

сәулет

(көркем құрастыру

Және үлгілеу)

2 сағат

«Құс»

(қатырғықағаздан жасалған ілмекті модель)

Фигураның құрылысы. Шығармашылық жұмыста дизайн мүмкіндіктерін пайдалану. Қанаттар мен аяқтарды бекіту нұсқаларын қолдану

1.4.6.1 Дизайн идеяларын шығармашылық түрде ұсыну, дизайн мен модельдеудің әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, идеялар мен сезімдерін білдіру

1

16.05


33

«Менің қалам» – ұжымдық жұмыс.

Пластикалық бөтелкелерден жасалған рамадағы

ғимараттарды модельдеу. Ермексаз. Шығармашы-лық жұмыста модельдеу мүмкіндіктерін пайдалану. Ғимараттардың жеке декорын қолдану.

1.4.6.2 Сәулет идеяларын шығармашылықпен ұсыну, дизайн мен модельдеудің әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, идеялар мен сезімдерін білдіру

1

23.05








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!