1-сынып хаттама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-сынып хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
хатттама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Суықбұлақ орта мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылы

1 сынып ата-аналары жиналысының

Хаттамасы № 1


Төрайым: Ж.Е.Матина

Хатшы: Жумадилова Шынар

Қатысты: 11

Қатысқан жоқ: 0

Күн тәртібінде:

  1. Ата- аналар комитетін сайлау.

  2. Аз қамтылған оқушыларды анықтау, қосымша мәлімет беру.

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.


Тыңдалды:

      Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз алып: Биылғы 2024-2025 оқу жылында кім ата-аналар комитеті болатынын анықтап алуға ұсыныс жасады. Мүшелікке ата-аналар комитетіне Сыдыкова Шолпан, Оспанова Анар ұсынылды. Бір ауыздан биылғы жылға Сыдыкова Шолпан ата- аналар комитетінің мүшелігіне сайланды.

Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз алып: Аз- қамтылған жанұядан шыққан балаларды анықтау мақсатында сынып жетекші, психолог бірігіп үй аралап келесі оқушыларды анықтады. Олар: Ерсаин Расул, Қайырбекова Саида, Серікжанқызы Аяулым. Осы оқушылар мектеп тарапынан бір рет көрсетілетін қыстық аяқ киім немесе курткамен қамтылу үшін осы оқушылардың ата- аналары мектеп директорының атына өтініш жазып, келесі құжаттарды жинауы қажет: өтініш , анықтама, жеке құжаттардың көшірмесі т.б.

Үшінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.


Шешім

  1. Ата- аналар комитеті мүшелігіне: Сыдыкова Шолпан сайлансын.

  2. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың құжаттары толықтырылсын.

  3. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.



«Суықбұлақ орта мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылы

1 сынып ата-аналары жиналысының

Хаттамасы № 2


Төрайым: Ж.Е.Матина

Хатшы: Жумадилова Шынар

Қатысты: 11

Қатысқан жоқ: 0

Күн тәртібінде:

  1. Баяндама “ Мұғалім-оқушы- ата-ана ынтымақтастығы”

  2. Оқушылардың І тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.


Тыңдалды:

Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз алып:

- Бала үшін мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Сондықтан үштік одақтың ынтымағын арттыру маңызды - деп “ Мұғалім-оқушы- ата-ана ынтымақтастығы” атты баяндама оқыды.

Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз алып: 1 сынып оқу үлгерімдері бойынша І тоқсан қорытындысы оқушылардың білім деңгейі мен пәндер бойынша жетістіктерін, оқушылардың сабаққа қатысуы жайында және оқу материалдарын меңгеру деңгейі туралы атап өтті.

Үшінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз алып: Оқушылардың күз- қыс мезгілінде далада жүру ережелері таныстырып, насихат жұмысын жүргізіп, қол қойғызды.


Шешім:

  1. 2 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылап, сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

  2. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.

  3. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.































«Суықбұлақ орта мектебі» КММ

2024-2025 оқу жылы

1 сынып ата-аналары жиналысының

Хаттамасы № 3

Төрайым: Матина Ж.Е.

Хатшы: Жумадилова Шынар

Қатысты: 11

Қатысқан жоқ: 0

Күн тәртібінде:

  1. Баяндама. “Кітап-ұстаз, ақылшы дос”

  2. ІІ тоқсан қорытындысы

  3. Ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға тарту

  4. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:

  1. Бірінші сұрақ бойынша  сынып жетекші Жанар Ескендровна сөз алып: Өсіп келе жатқан балаға кітаптың берері мол.Оның ой-өрісін дамытуда, сөз байлығын көбейтуде, соңымен қатар еңбекқорлыққа және адамгершілікке, әсемдікті түсіне, сүйе білуге үйретуде,экологиялық білім беруде де орны бөлек ұстаз -кітап болып табылады.

Жас кезінен кітап оқуды серік етіп оқығанының дұрыс немесе бұрыстығын өзі оқып сараптай білуге, оны өзгеге де дәлелді түрде жеткізе білуге үйренудің алғашқы сатысын мектеп қалайды.

Балалар өте әсершіл.Алған әсерлерін көпке дейін ұмыта алмай әңгімелеп жүреді және жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарына шын көңілмен реніш білдіріп отыратының өздеріңіз де білесіздер ғой.Олар еліктегіш те. Кітаптан үнемі жеңіске жетіп,жамандықтан басым түсіп, салтанат құратынын ұғып, өздеріде жаман қылық көрсетуден аулақ болады деп ойлаймын.Балаларға арналған кітаптардың түрлі-түсті болып келуі және мазмұнды да, әсем безендірілген суреттерге толы болуы да кітапқұмарлықты оятады.

2. Ата-аналар ІІ тоқсан қортындысымен де таныстырылды. Аналарға оқушының сабағына, үй жымысын орындауына бақылау жасап,көмек көрсету керектігі айтылды.

3. Күннің қысқаруына байланысты, баланы қараңғы түскеннен кейін далаға шығаруға болмайды. Өзеңге жібермеңіздер.Балаңызды қараусыз қалдырмаңыз.Салауатты өмір салтын ұстанып,зиянды заттардан бас тартуға әр адамның міндеті.Бала әр нәрсеге сенгіш,тез қабылдағыш, електегіш келеді.Бала тәрбиесі берері де,сұрау да, жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі. Мейлінші күрделі екені рас.Өйткені бала үшін жай нәрсенің өзі де жаңалық.Олар құрампаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші,танымпаз жандар.Баланың жанына терең үңіліп осы сұранысын қанағаттандыру ата-ананың негізгі міндеті.

4. Ата-аналарды мектепішілік іс-шараларға тарту.Мектепте өтетін іс-шараларға ата-аналардың белсене қатысуын сұрау. Балаларына қолдау көрсетіп,жарыстарға, мерекелерге қатысуына рұқсат беру.

5. Ата-аналар өздерін мазалаған кейбір мәселелер туралы сөз қозғап, сұрақтар қояды.Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі,тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жекшісімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.


Шешім:

  1. Оқушылардың сабақтан қалмай, толық дайындықпен келуі ата-аналарға жүктелсін.

  2. Демалыс уақытында балаларды қараусыз қалдырмау.

  3. Ата-аналар мектепішілік іс-шараларға белсене атсалыссын.

  4. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне міндеттелсін.





_______күні










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі