Материалдар / 1 сынып және 5 сынып мектепке бейімделуі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1 сынып және 5 сынып мектепке бейімделуі

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2019
2048
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еліміздің болашағы, білімді ұрпақ қолында. 
Н.Ә.Назарбаев
Мектепке бейімделу деген – психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни: 
1) бала өзінің істегісі келедісін мектептің істеу керегіне сәйкес келтіруі керек; 
2) тапсырмаларды өз бетімен орындауға үйренуі керек; 
3) мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртәбі мен басқа балаларға кедергі келтірмеуге үйренуі керек; 
4) қарым қатынас жасауға үйрену керек; 
5) мектептегі оқу оның жұмысы екенін, оқушы болу өте маңызды екенін түсінуі керек. 
Оқушылардың мектепке бейімделуінің басты мақсаттары:
- мектепке бейімделуінде ұстаздың рөлі; 
- мектепке бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтар әсері; 
- ұстаздың негізгі көңіл аударуға тиісті бейімделудің шарттарын қарастыру. 
Міндеті баланың мектепке интеллектуальдық дайындығын қөтеру жолдарын қарастыру. 
Бірінші сынып үшін аса маңызды: 
* Баланы мектеп өміріне төселуге үйрету. 
* Мектепке деген жақсы сезімдік қатынас қалыптастыру 
* Күн тәртібін жасау. 
* Қызығушылығын арттыра отыра, барлығына қол жеткізуге мүмкіндік беру. 
* Балаға сұрақ қоюды үйрету. 
Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді. Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құрылады, сондай ақ Н.И.Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді. 
Мектепке оқуға бару бала өміріңде көп өзгерістер әкеледі. Баланы мектеп өміріне енгізу, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру. Бұрын баланың негізгі әрекеті ойын болса, енді оқу әрекеті болып табылады. 
Бейімделу бұл жаңа жағдайға дағдылану, ыңғайлану. Бейімделуге ең көп уақыт: екі тоқсан беріледі. Әдетте оларға бір тоқсан да жетеді, бір жарым ай. Олар неге бейімделулері қажет. Оқуға, мектепке баруға қажет екенін, педагогтың қатал талаптары мен үй тапсырмасын орындауға бағынуы, ұғынуы қажет. 
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дұрыс дайындау тек мектепке дейінгі қызметкерлері емес, ата - ана, мұғалімдерге де байланысты. Көпшілік ата-ана бала мектепке барғанша хат танып, жазып, санап барса – бұл ең басты мәселе деп ойлайды. Бірақ бұл баланың мектепке барған соң өте жақсы оқып кетуінің негізгі кепілі болып саналмайды. Оқып, санап, жазып барған баланың өзі кейде ынтасы түсіп, қызығушылығы болмайтын кездері болады. Соның негізгі с себебі сабаққа зейінін шоғырландыра алмай, селқос, оқу материалдарын дұрыс меңгермей, үй тапсырмасын өз бетінше орындау қиындықтар туындайды. 
Балада танымдық үрдістердің даму деңгейін, көрнекі бейнелі ойлаудың жоғары деңгейлері, оқу міндетін ерекше бөліп алу мен он әрекеттің дербес мақсатына айналдыра алу іскерліген джамыту маңызды. 
Кейбір балалар табиғатынан өте белсенді, тым қозғалғыш, беймаза, көңіл күйі тұрақсыз болып келеді. Мұндай өзгерістерді психология тілінде зейін тұрақсыздығы деп атайды. Мектепке баратын балалардың ішінде осы мінез құлықтың бұзылуы жиі кездеседі, бұл әсіресе қыз балаларға қарағанда ер балаларда жиі кездеседі. 
Баланың мектепке психологиялық ерік -жігерінің дамуымен байланысты болып келеді. Бала 6-7 жаста өзінің сезімдерін басқара біледі. Әрекеті мен тілегін ортамен салыстыра отырып, жүзеге асады, өзінің ерік-жігерін мінез-құлқының арқасында басқаруға дағдыланады. 
Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 01.09-30.10.18 ж.1-ші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің зерделеу жұмысы өтілді.

Мақсаты: бейімделу кезеңінде төменгі сынып оқушыларының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып 1-ші сыныптағы оқу үрдісін ұйымдастыру.

2018-2019 оқу жылында «Суындық» жалпы орта мектебінде 1-ші сыныптардан 2 сынып ашылды.

Барлық балалар саны- 27 оқушы



Бұл мониторингтен байқағанымыз 1-ші сыныпқа келген оқушылардың 97 % мектепке дайындықпен келген балалар 3% дайындықсыз келгенін көруімізге болады.

1-ші сынып оқушыларының әлеументтік жағдайы.

Көп балалы жанұя балалары- 8

Аз қамтылған жанұя балалары-7

Жартылай жетім -1

Жалпыға бірдей білім беру қорынан 10 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.


Оқушыларды мектеп кітапханасы қорынан оқулық берілді.100% оқулықпен қамтылған.



Тағайындалған сынып жетекшілер және сыныптар:

1а сыныпСынып жетекшісі Тұрсынбаева Наргиза

1ә сынып Сынып жетекшісі Бисүгір Қанат

1а сыныпта - 14 1ә сыныпта – 15

Зерттеу қорытындысы бойынша мектепке даярлық көрсеткіші : 6 оқушы жоғары, 3 оқушы ортадан жоғары, 12 оқушы орта, 7 оқушы ортадан төмен, 1 оқушы төмен деңгейді көрсетті.

Қыркүйек айында 1 сынып ата-аналарына «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті. Ата-аналарға кеңестер беріліп, сауалнама алынды.

1а сынып Сынып жетекші Тұрсынбаева Наргиза . Жалпы сынып оқушыларының мұғалімнің талаптарын орындау қабілеттері орташа. Сабақ үстінде психологиялық кеңістік сақталады. Оқушылар сауат ашу пәні барысында берілген тақырыптарды мән беріп тыңдап, сұрақ-жауаптарды, тапсырмаларды орындап, жауап беруге төселген. Дегенімен де оқушылардың тыныштық сақтап, бірін-бірі тыңдау үшін сабақта қызықты материалдарды кең қолданса.

Математика пәні бойынша оқушылар сабаққа бейімделген кей бала қол көтеріп жауап береді, бірақ орнынан жауап беретін бала басым. Балалар математикалық тілде сөйлей алады.

1ә сынып Сынып жетекшісі Бисүгір Қанат .Жалпы сынып оқушыларының мектепке, сыныпқа, мұғалімге, бір-біріне бейімделуі жақсы. Мұғалім талабын орындауға тырысады. Сауат ашудан оқушылар дыбыстарды меңгерген, сөздерді буындап та тұтастай да оқи алады.Математика сабағында балалар математикалық тілде сөйлейді.

Ұсыныс

1. Оқуға қызығушылығы төмен оқушылармен қосымша сабақтар кестесін құрып ұйымдастыру.

2 .Сауат ашу пәні бойынша жазу коллиграфиясы төмен оқушылардың жазу жұмысына көңіл бөлу.

3 .Математика сабағында толық математикалық тілде сөйлеуге үйрету.

4. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақта қосымша материалдар пайдалану.


Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан бағдарлама бойынша құрылған психология сабақтары жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы және орта буындағы тәртіп ережесіне жеңіл қалыптасуына бағытталған.



Оқушылардың   бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгерді, жаңа пәндер қосылды,5-сынып бағдарламасы күрделене түсті.Осы бесінші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болды. Бұлар:

                                  — Балалардың мінезі өзгереді;

                                 — тез шаршайды;

                                 — көңіл-күйлері бұзылады;

                                 — оқу-үлгерімі төмендейді;

                                  — мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

      Сондықтан мектеп психологтары  кешенді зерттеу жүргіземіз.

      Психологиялық тұрғыдан мына салаларды қарастырамыз.

мектептегі, жанұядағы басқа адамдармен қарым-қатынас;

оқу үлгерімі, жаңа пәндерге бейімделуі;

өзін-өзі бағалау ерекшеліктері;

танымдық процестер: ес, зейін, ойлау,қиял т.б.;

           

         

Орта буынға бейімделу процесіндегі оқушы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, қызығушылығы, танымдық деңгейі, әлеуметтік статусы толық зерттелді. Оқушыларға психологиялық карта арналды.

5 а сыныбында 12 оқушы, сынып жетекшісі Ербосын С. математика пәнінің мұғалімі. Сынып оқушыларының танымдық даму деңгейі ортадан жоғары, орта буында өздерін сезінуі, өзін – өзі бағалауы ортадан жоғары. Кластың сангвиник- 12%: холерик – 20%: флегматик – 32%: меланхолик – 36%: темперамент типінде.

Ұжымдық сана – сезімі қалыптасуы 24% оқушылардың математика пәнін қабылдауында қиыншылықтар бар. Жалпы кластың орта буынға бейімделуі ортадан жоғары деңгейде қалыптасуда.

«Жануарлар мектебі» тест көрсетші: мектепке мазасыздану деңгейі жоғары оқушы жоқ.

5 «ә» сыныбында 13 оқушы, сынып жетекшісі Бисенова М. ағылшын пәнінің мұғалімі. Сыныпты зерттеу процесіне ұйымдастару өте жеңіл, қиыншылықсыз өтті. Танымдық даму деңгейі – орта бағалауы жақсы, бір қалыпты деңгейде. Сыныпта  сангвиник- 25%: холерик – 25%: флегматик – 25%: меланхолик – 25%: темперамент типінде. Пәндерді қабылдауы, пән мұғалімдерімен қарым – қатынасы жақсы.


Ұсыныстар: 


  1. Сынып жетекшілерге: оқушылардың эмоционалдық сәтсіздіктерін азайту мақсатында психологпен жұмысты одан әрі жалғастыру; 

  2. Ата – аналар жиналыстарына сыныпқа сабақ беретін  мұғалімдерді шақырып отыру

  3. Дәрігер есебінде тұрған оқушыларға аса көңіл бөлу (пән мұғалмі, класс жетекші) 

  4. Пән мұғалімдеріне: диагностика қорытындысы оқу – тәрбие процесінде ескеру, тұлғалық, психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу, санасу. 











































«Суындық» жалпы орта мектебі













1 сынып және 5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі





Педагог-психолог Калиева Дина

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!