Материалдар / 1 сынып тәрбие сағаты "Денсаулық әліппесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 сынып тәрбие сағаты "Денсаулық әліппесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, тамақтану сауаттылығының бес негізін; - Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін «Салауатты өмір» салтын түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2023
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Денсаулық әліппесі

Мақсаты:

Білімділік: Тәрбиеленушілерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, тамақтану сауаттылығының бес негізін;

- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін «Салауатты өмір» салтын түсіндіру;

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, ой-өрісін, ұсақ қол моторикасын дамыту;

Тәрбиелік: Жеке бас тазалығын сақтау, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер; слайд; бейнероликтер;

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі :

Тәрбиеші:«Білер қазақ баласы, сәлем сөздің анасы »-дегендей алдымен сәлемдесіп алайықшы.

Тәрбиеші: «Қайырлы күн балалар!»

- Бүгінгі тәрбие сабағымыз ерекше болмақ, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.

-Олай болса мен жұмбақты оқиын, ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар,

Байлық осы деседі. (денсаулық)

- Ендеше, қанекей бәріміз бір-бірімізге жақсы тілекер тілейікші:

-Аспанымыз ашық болсын!

-Күніміз жарық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Балалар күліп жүрсін!

-Жарайсыңдар, балалар орындарына жайғасыңдар.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Денсаулық әліппесі » -деп аталады.

Денсаулықты күту үшін балаларға күнделікті күн тәртібін сақтаудың маңызы зор. Күн тәртібі-іс-әрекетің мен міндеттеріңді, өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың кепілі.

- Күн тәртібі дегеніміз не? Кім айтады?

- Ақ ниеттегі күн тіртібін тағы бір қайталап, көрсетейін. (слайд)

-Балалар, адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет ол жайлы күн тәртібінде айтып өттік. Дені сау бала тәулігіне 10 сағат ұйықтау керек. Ал ең алдымен деніміз сау болу үшін, жеке бас гигиенасын сақтап, денемізді шынықтырып, дұрыс тамақтану керек. Тамақтану барысында тәуліктік кесте (азанғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас ) деп белгілеп , және ас мәзірі әртүрлі болғаны дұрыс.

-Ал, балалар, күніне неше рет тамақтану керек сендер білесіңдер ме? сендер Ақ ниетте неше рет тамақтанасыңдар?

-Қане саусағымызды бүгіп санайық: Таңғы, екінші таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас - 5 рет

-Атап беріңдерші: таңертең-таңғы асқа не береді? (ботқа, нан мен май, сыр немесе колбаса, какао, шәй); екінші таңғы ас-бізде 10.00де (жеміс: алма немесе банан), түскі аста: нан, көже, екінші ыстық ас, салат, компот немесе кисель; бесін аста: қолдан пісірілген тоқашпен шырын; кешкі аста: ыстық тамақ пен шәй, нан.

Ағзаның қалыпты өсуіне нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен микроэлементтердің көп пайдасы бар. Олар азық-түліктің әр түрінде болады. Біз жануар тектес азық түліктер –ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сары май жейміз, сүт ішеміз. Сонымен бірге нан, жарма, көкөніс, жеміс, өсімдік майын, саңырауқұлақтарды пайдаланамыз. Бұлар –өсімдік тектес азық-түліктер.Ең маңызды тағам құрамында кальций мен нәруыздардың көзі болу керек. Және адам күніне 1-1,5 л. сұйықтық бірақ газдалған емес жеміс немесе көкөніс шырынын ішу керек. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

Бүгінгі сабағымызда осылар туралы толығырақ білетін боламыз.

Сергіту сәті: аздап демалып, денемізді қозғап алайық (видеоролик)

Бейнеролик: Дәрумендер

Жеміс пенен көкөніс. Нан менен сүт, ет керек. Витамин –тағам нәр берер

Оларды жесең әл берер –деп ендігі кезекте бейнероликке назар аударсаңыздар

-Балалар, бейнероликте не туралы айтылған екен? (витамин-дәрумендер жайлы)

А дәрумені: - балалардың бой өсіру және дамуы үшін қажет.

В дәрумені. көздің көруін жақсартып, көздің шаршауын басады.

С дәрумені:Адам ағзасының қорғаныс күшін күшейтеді.

Д дәрумені: балалардың сүйегі мен тісін қатайтады.

Е дәрумені: Ағзаға оттегі тасымалдап улы заттарды залалсыздандырады.

К дәрумені:-Қанды ұйытып қанның ағуын тоқтады.

Пайдасыз тағамдар туралы әңгіме (Слайд арқылы пайдалы немесе пайдасыз және адам өміріне қауіп туғызатын тағамдарды көрсетемін.)

Ойын: пайдалы және зиянды тағамдар.

-Олай болса, кәзір мен суреттер көрсетем пайдалы және зиянды тағамдарды атап көрейік. Пайдалыны- себетке, зияндыны-қара қорапқа салайық

Сергіту сәті: көзімізді демалтайық!

Балалар, дұрыс тамақтану ережесі дегеніміз не? Кәне,есімізге бәріміз бірге түсірейік!

1.Тамақ ішер алдында қолынды сабынмен жу

2.Тамақтану кестесі (таңғы ас, түскі ас, сәскелік ас, кешкі ас )

3.Тамақты асықпай кішкентай бөліктен, аузыңды жауып жақсылап шайнап же.

4.Дастархан басында сөйлеп, кітап оқуға болмайды.

5.Асқазанды артық тамақпен ауырлатпа.

6.Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеме.

7.Әр түрлі тәсілмен дайындалған тамақтың ағзамызға пайдасы мол.

8.Маңайыңдағыларға астарының дәмді болуына тілек білдіруді ұмытпау. 9. Ас дайындаған адамға алғыс білдіру.

- Балалар, Тазалық-денсаулық кепілі! Келесі бейнероликке мұқият назар аударыңдар!

Гигиена жайлы бейнеролик. Пайдалы кеңес!

1. Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек . 2. Тамақтан кейін ауызды шаю керек. 3. Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек. 4. Жаңғақты тіспен шақпау керек. 5. Дер кезінде тіс дәрігеріне көріну қажет. 6. Тәттіні көп жеуге болмайды. 7. Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуы керек. 8. Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек. 9. Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек. 10. Тырнақтарымызды жиі-жиі қысқартып, таза ұстауымыз керек. 11.Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек. 12.Тамақтан соң ж/е ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек. 13. Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді қоректену керек. 14. Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ерте жатып,ерте тұру керек. 15. Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек. 16. Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек.

17. Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек .Терлеп тұрып су ішпеу керек. 18. Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек. 19. "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе, оның жан дүниесі, тәні таза болады. 20. Үлкен кісілермен амандасып жүр.Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.

Қорытынды бөлім.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Нендей маңызды ақпарат алдыңдар? (күн тәртібі,дұрыс тамақтану,дұрыс тамақтану ережесі туралы )

-Қандай азық-түлік туралы сөз қозғадық? (пайдалы және пайдасыз азық-түліктер жайлы )

-Жеке бас гигиенасына нелер жатады екен?

- Балалар, жарайсыңдар! Сендердің сабаққа белсенді қатысқандарың үшін үлкен рахмет!











































ШҚО ББ « «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ

КГУ «Школа-интернат «Ак ниет»» УО ВКО










ТӘРБИЕ САҒАТЫ: ДЕНСАУЛЫҚ ӘЛІППЕСІ














Тәрбиеші: А.Т. Кунанбаева









Өскемен қаласы 2022ж.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!