Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғаліміБаймагамбетова Динара Еркимбаевна
Тілашар Сыныбы: 1 аМақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру; - Оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту, ой-өркін дамыту; - Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, плакатқа жазылған сөздер, үлестірме қағаздар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев суреттері, шарлар, гүлдер, қызыл лента.
Сабақтың барысы:Мұғалім:Армысыздар құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі біздің сыныбымызда өткелі отырған «Тілашар» тойына қош келдіңіздер! Таудай болсын арқалаған талабың,сезін өмір құпиясын, ғажабын!- дей отырып, бақытты балдырғандарды тілашар тойының төріне шақырайық! Басқан қадамдарын, көңілдерін ақ, болашақтарын жарқын болсын! Тілашар тойын бастауға рұқсат етіңіздер, «тілашар» аты айтып тұрғандай жасы жетіге жетіп, ақылы толған балалар мектеп табалдырығын аттағаны үшін тума туыстардың тілегін, қарт аталармен ақ жаулықты әжелерден бата алу үшін той жасалады. Ал біздер осы күнге дейін үйренген ән күй, өлеңдерімізді, соны ортаға саламыз. Мектеп есігін алғаш ашқан шәкірттерім қадамдарың сәтті, өмірлерін тәтті болсын!Шашу, шашу шашайықАқ сандықты ашайықБұл мереке, бұл тойдыңБата беріп шашуынАқ әжемізді шақырайық(Ортаға үлкен апа шығып, сандықты ашып шашу шашады, батасын береді).Раймбек:Қуаныш-бүгін мерекеШуағын шашып тұр әлем«Тілашар» тойы мектептеШәкірт.Ұстаз. Ата-анаҚуанғын бүгін бәріңде.Артур: Мектеп, мектеп төңіректепЖүруші едім мен кешеСұраушы едім, жылаушы едімӘпкем кітап бермесе.Сабрина: Құтты болсын қадамынҚұтты болсын талабыңМағжан атам айтқандайБілім отын жаға біл.Д. Мадина:Бірінші беттен елімнің,Елтаңбасын таныдым.Көк байрақты қазақтыңҰрпағымын сәнімін.(«Әліппе» оқулығын алып тұрып айтады)Бар білімнің бастауы,Бар ғылымның бастауы.Жас балаға нұр шашқанҚандай кітап тіл ашқан?Бәрі: Әліппе.Асланбек:Әліппе деген алтын жолАпарар сені алысқаЖеңіл емес аур жолТырысып бақ намысқаАния:Әліппем, менің әліппемСені қолға алып менЕсігін аштым мектептіңЕртеңгі сәуле жарықпен!Дильназ: Асыл сөзін тілімнің, Бойға құйған Әліппе Нақ бастауы білімнің Қырық екі әріпте.Әліппе білімнің бастауы, тақтада әліппе оқулығы тұр, қане ашайық! Бірақ алдымен бір –бірімізге жұмбақтар жасырайық. (Жұмбақтар жасыру)Оспан да өлең жаттады,Олжас та өлең жаттады.Қай әріптен басталғанЕкеуіннің аттары? (О)Қатар тұрған қос қазықҚол ұстасып достасып. (Н)Бастап тұрған қай әріпТау мен тастың алдында. (Т)Асқар, Асхат, Асанға,Атасы айтты АқанғаАмбарды аш, арпа шаш,Арпа шаш, аш құстарғаҚайсы әріп көп айтылды,Тез айтып бер ұсталма?! (А)Жұмбақтардың шешу: (О), (Т), (А), (Н) Отан деген не, қалай түсінесіздер?(Туған ел, туған жер, т.с с) Қазақстан республикасының бас қаласы қай қала?
Камилла:Ән ұраным – жан ұранымАйтар әнім сөйлер сөзімМәңгі - бақи шырқаладыРеспубликам - Әнұраны.(Күйтабақтан Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)Санджар:Қатар шапқан қос тұлпарАй астында қазақ үй.Қалықтаған жас сұңқарШарықтаған таза күй.(Елтаңба суретін қолына алып тұрып, көрсетеді)Өсірді ой мен сананыЖаңылмай айтып үйрендікЖаңылтпаш пен мақалды.Жаңылтпашты кім шапшаң айтады екен?Балалар , бүгін біз осы күнге дейін не үйрендік соны ортаға салатын күн. Мына кітапты бетін ашу үшін білетін мақал- мәтелдерімізді ортағасалайық сонда кітап ашылады.-Кітаптің ішінде де қызықты әріптерге берілген жұмбақтар бар, шешіп көрейік.Телеграф бағаны деп қаласың, Насосқа ұқсастығын табасың. (Т әрпі) Мысыкта бар, кушекте жок. Ыдыста бар, алмада жок. (Ы әрпі) Арықта бар Сезімде жоқ., Балықта бар, Теңізде жоқ. Бұл қай әріп ? ( А ) Сабынды, сағызды Сарымсақты, сәбізді. Сапсыз бірақ тәрізді, п ? ( С ) Екі баған ортасында таған,Ұқсайды оған қай әріп? (Н әрпі)Мынау доға – Қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( Л ) Жұмбақтың жауаптары біріңғай біз танитын дыбыстарДыбыс дегеніміз не? (ЕСТИМІЗ, АЙТАМЫЗ)Әріп дегеніміз не? (Көреміз, жазамыз)Неге олардың түстері әртүрлі? Ал У дыбысы ше?Таныс дыбыстардан буын, сөздер құраймыз.Сөздерден сөйлемдер құрастырып көрейік.Ән: Түгелбай Әділет--1 -- --2--Мені келсе білгің1-ден кейін тұрамынМен таяқша 1-мін.1-ден кейін тұрағым.Барлық санға жол бастап1-ге 1-ді қосқанда Ең басында тұрмын.2 болады шырағым.
--3 -- --4--2-ден соң әрқашан 3 сызықтан таяғым3 саны - мен тұрамын. Балақандар қоядыОрныма барамын 4 дегенің баяғыЕкі айшық саламын 4 түліктің аяғы.
--5--Оң қолымда 5 саусақОң аяқта 5 башпай,Сол қолымда 5 саусақ, Сол аяқта 5 башпай,5-ке 5-ті қосып ем,5-ке 5-ті қосып емБолып шықты 10 саусақБолып шықты 10 башпай.
-санамақтар айту.-Бұлттар ішіндегі сандарды өсу, кему ретімен айт.-Мен санмын, көршілерім қасыма шық.«Кім жылдам?» логикалық ойынМұзды қала неден жасалған? (Мұздан).Кітап неден жасалған? (қағаздан)Орманда не көп? (ағаш). Анасы қызын үйге шақырды кім үйде? (анасы) Екі сиырдың мүйізі нешеу? Бір мысықтың аяғы қанша? Бес қойдың басы нешеу? Үш адамның қолы нешеу? Бес баланың аяғы нешеу?
Үйшіктегі сандар құрамын толтырамыз.
Т – тәртіпті болайықІ – ілімді бойға жинайықЛ – лашындай биік самғайықА – ақылды болайықШ – шыншыл болайықА – айбынды болайықР – рахат өмір сүрейік«Алтын күз» әні.Барлық әріп бағалы,Айттық әділ бағаны.Әріпсіз сөз болмайды,Буын онсыз толмайды.Адам барлық әріптіАрдақтайды, қолдайды!Шаттық шеңберіне тұрып мына кәмпиттерден алып, жазған тілектерді дауыстап оқимыз.Құрметті, балалар!Әлі де жақсы оқыңдар,Әр кез сыпайы болыңдар.Ұстазыңды құрметтейЖат қылыққа жоламайБиіктерден көрініп,Өсіп-өне беріңдер деп бүгінгі тілашар мерекемізді осымен тәмәмдаймыз.