2018 жылы жазғы сауықтыру лагерьне семинар- тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2018 жылы жазғы сауықтыру лагерьне семинар- тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтарға арналған семинар тренинг


Мақсаты: Бұл тренинг педагогикалық ұжымды ынтымақтастыруға, қарым-қатынас дағдысын дамытуға, өз-өзіне деген сенімділігін, жағымды қатынасты арттыруға, көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған. Тренинг жаттығулары педагогтардың бірін-бірі түсінуін, өзін жетілдіру, өзін-өзі тануын дамытады.
Мақсаты: Тұлға аралық қарым-қатынасты жақсарту, ұжымда демократиялық деңгейді көтеру.
Міндеттері:
Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру;
Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту;
Педагогтардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.
Қажет материалдар: релаксацияға арналған баяу әуен, күй «Көңіл толқыны», тәрелке және су толы құмыра, бланкілер және қатысушы санына қарай қаламсап.
Педагог-психолог: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:
— «қазір және мұнда»;
— шынайы болу;
— жауапкершілік;
— «тыңдап ал, содан кейін айт»;
— белсенді болу.
Олай болса, тренингімізді бастаймыз.

1. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Қош келдіңіздер біздің бүгінгі семинарға келгендеріңізге біз өте ризамыз. Бүгінгі күнде көңіл-күйлеріңіз ашық болсын. Ең бірінші біз танысудан бастайық. Қазір осындай ойын ойнап жібереміз. «Мен сіздерге доп лақтырамын», сіз аты жөніңізді айтасыз да және бір өзіңіз туралы жақсы қасиетті сөз айтып өтесіз содан кейін допты келесі әріптесімізге лақтырасыз, осылай ойыным жалғасады. Мысалы: Менің аты жөнім Жанаргүл Амангелдіқызы мен жанаргүлдей жайнап жүремін.(барлық педагогтар танысып шығады) өте жақсы таныстық. Танысқанымызға өте қуаныштымыз.

2.Түсіне қарап мінезін байқаңыз

 

 Психологтар адамдардың түс таңдауына қарап, олардың мінезін, ішкі жан-дүниесін болжайды. Киім, автокөлік, жиһазды таңдауда әрқайсымыздың өз талғамымыз бар. Біреулердің бір ғана сүйікті түсі болады. Олар үнемі қандай зат алса да, сол түстегісін іздейді. Ал кейбіреулер киімнің жиі көк түстісін таңдап, автокөліктің қызылын, жиһаздың қоңырын ұнатады. Сонымен өзіңіздің немесе жаныңыздағылардың мінезін білуге тырысып көріңіз. Сіз қай түсті ұнатасыз?

 

Ақ түс Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Көбінесе ақты жастар жөн көреді. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды.

Қызыл түс Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Сары түсті Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.

Алқызыл, қызғылт түс Алқызыл, қызғылт түс нәзіктіктің белгісі. Көбінесе бұл түсті балалы болуды қалайтын әйелдер ұнатады. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.

Қызыл қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірбие алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді.

Жасыл түсті Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Қызғылт сары, сарғылт түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Құбылмалылық, жігерсіздігі да бар. Бұл мінезін жеңу үшін әрекет те жасайды. Негізі қызғылт сары, сарғылт түс жастардың түсі.

Күлгін түсті Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар.

Көгілдір, көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

Қоңыр түсті Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес.



3."Құбыр" психологиялық тренинг ойыны

Осындай топтық жаттығулар әрқайсымызға қажетті тынығу мен сергіту түрі болып саналады.

Бағдарлама барысында Сіз бірнеше әсерге бөленетін боласыз: толғанып көңіл көтересіз, өзіңіздің күшіңізді сынап, жаңа әсер алып жеңе алмайтын кедергі болып көрінген бөгетті жеңіп шығып жеңіс дәмін сезінетін боласыз!

Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау. Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы  астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады


4. Жаттығу «Жұлдыз құрт»



Мақсаты: Ойын өзара сенімділікке баулиды. 

Жаттығу барысы. Көбінесе әріптестерімізді көрмейміз, бірақ естиміз. Барлық істің нәтижелілігі өз мүмкіндіктерін басқа қатысушылардың мүмкіндіктерімен үйлестіре күш жұмсауында болуы мүмкін. «Құрметті ұстаздар, бәріміз қазір үлкен бір жұлдыз құрт боламыз да осы бөлменің ішінде қозғалып жүреміз.  Араларыңызға, яғни біріңіздің іш тұстарыңыз бен арқаларыңызға шар немесе доп қойып қысып ұстап жүреміз. Шар немесе допты қолмен ұстауға болмайды. Тізбекте бірінші тұрған қатысушы өз шарын немесе добын алға қарай созып ұстап тұрады. Осылайша бір ұзын тізбек болып, бірақ қолдың көмегінсіз, бір айналып шығуымыз керек. Бақылаушыларға: лидерлердің, яғни «тірі жұлдызқұрттың» қозғалысын реттеп отыратын педаггтардың орналасуына көңіл бөліңіздер. 




















Тасқала аудандық білім бөлімі

Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы











Семинар тренинг


«2018 жылы жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастыру»











Педагог-психолог: Наджимова С.Ш

















2018 оқу жылы





























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2018
470
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі