Материалдар / 2021-2022 жылғы 1 сыныпқа арналған жылдық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

2021-2022 жылғы 1 сыныпқа арналған жылдық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижесі 2021-2022 жылғы 1 сыныпқа арналған жылдық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
4179
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Ю.Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебі













Бастауыш сынып мұғалімі

Джанбиршаева Сандигуль Утесиновна

2021-2022 оқу жылында атқарған жұмысының жылдық есебі





















2021-2022 жыл Шымкент

Бастауыш сынып мұғалімі,жоғары білімді, жоғары санатты. Еңбек өтілі – 35 жыл.

2021-2022 оқу жылын 1 «Г» сыныбымен бастадым.Жылдың басында

1 «Г» сыныбында 24 оқушы болды. 24 оқушының 10 қыз ,14 ұл бала болды. Осы 2021-2022 оқу жылында түрлі себепен 2 оқушы басқа мектептерге ауысты. Олар:Болат Айдана,Жүсіпали Нұржан. Атап айтсақ, І-ші тоқсаның аяғында 2 жаңа оқушы келді Сапарбай Бақжан,Валиева Элиф.

Сыныбымда әлеуметтік жағдайы төмен оқушы жоқ.Бірақ көп балалы отбасынан шыққан оқушылар бар. Олар: Қарабай Алан, Қыдырқожа Аяла, Сабыр Асылай. Осы аталған көп балалы отбасынан шыққан балаларға алдағы жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік көмек пен мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетілді.


Осы жарты жылдың ішінде сыныбымда көптеген өзгерістер болда.Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер болғандықтан, оларға бәрін білу, үйрену қызық. Сондықтан әр сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Сабақ барысында өз ойларын шамаларының жеткенінше айта алады. Өз пікірлерін айтып, ойларымен бөліседі. Қазіргі уақытта оқушылар әріптерді жазып , дауысты және дауыссыз дыбыс екенін ажырата алады. Математикадан бір таңбалы сандар мен екі таңбалы сандар туралы ұғымдары қалыптасқан. Сандарды қосып , азайтып, есептер шығара алады. Оқу техникаларыда біршама жақсарған.


Топпен және топта жұмыс істеуді, топқа бөлінуді әлі үйренудеміз . Өтілген әр бөлім бойынша қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын алып отырдым. Алынған тапсырма арқылы оқушының оқудағы кемшілігін анықтап , жеке жұмыс жасадым. Осы жеке жұмыстың арқасында кейбір оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.


Сонымен қатар оқушылар мектепшілік іс-шараларға белсене қатысты. Бастауыш сыныптар апталығында математика пәнінен «Талаптыға нұр жауар!» атты тақырыпта интеллектуалды сайыс сабақ өткіздім. Оқушылар өздерінің алған блімдерін көрсете алды деп ойлаймын. Сабақта берілген тапсырмаларды бірігіп орындау арқылы, олар бір-бірімен жақсы қарым қатынас орната алды.Апталықта өткізілген жұмбақ жасыру сайысы мен тенге алу сайысында оқушылар белсене атсалысты.Интеллектуалды сайыста 1 Г сыныбы 1 орынға ие болды.

Оқу озаттары мен екпінді оқушылардың саны:

Озат окушылар: 7

Екпінді оқушылар:11





Оқушылар жалпы сынып бойынша мектепшілік іс- шараларға және түрлі спорттық ойындар мен ғылыми жобаларға қатысып, өздерін көрсете білді. Айта кетсек Нұрғали Али «Кёкушинкай Каратэ» түрінен ашық чемпионатының 1 орынға марапатталды.

WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.52.14.jpeg WhatsApp Image 2022-05-10 at 19.24.43.jpeg



«EDULIFE.KZ» онлай әдістемелік- танымдық сайтының ұйымдастырумен республикалық «Көркем жазу» байқауында Сапарбай Бақжан көркеп жазуымен ерекшеленген үшін марапатталды.

WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.52.34.jpeg


Мектебімізде өткен бастауыш сыныптардың апталығында «Талаптыға нұр жауар» атты интеллектуалды сайысқа оқушылар қатысып 1 орынға марапатталды.

Олар:Полатбек Нұрсұлтан,Сапарбай Бақжан, Керімбай Хадиша, Қыдырқожа Аяла, Нұрғали Али, Аметханов Дархан, Ташкенбай Раян, Дастанұлы Али-Айдар


WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.26.jpeg WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.27.jpeg WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.26 (2).jpeg WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.26 (1).jpeg


WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.25 (1).jpeg WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.25.jpeg WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.24.jpeg 53ef65a0-b0b0-41d0-88b4-5008a25b7e07.jpg

WhatsApp Image 2022-05-10 at 20.53.27 (1).jpeg


8-наузыр аналар мерекесі қарсаңында тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатының мақсаты; оқушыларды ата - аналарын құрметтеуге,қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу.Бір айлық есебінде сабақтан сон 15-20 минут сыныппен бірге ертегі оқыдық.

2a4776d8-c29b-4c6f-b42f-c9f5c368e126.jpg


Көктемгі , қысқы және жазғы каникулда оқушылардың қауіпсіздік туралы ата-аналарға ескертіліп , қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтылды. Әр тоқсанда ата – аналар жиналысы өткізіліп , ата –аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізілді.

Әр тоқсан сайын кезекті демалыс кезінде үлгермеуші оқушылармен , атап айқанда: Алишерқызы Алиша, Қарабай Алан, Валиева Элифпен түрлі жұмыстар жүргізілді.Осы оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, балаларының оқу үлгерімі туралы мәселе қарастырылды.


2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижесі осындай болды. Осы оқу жылында жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта жою мақсатында жұмыс жасаймын деп жоспарлаудамын.


2021-2022 оқу жылындағы менің жетістіктерім:


«Білім айнасы» журналына мақалам жарық қөрді .


Daryn.online олимпиада, I Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІІ-дәрежелі жүлдені алдым.


Бастауыш сынып мұғалімдері арасында І Республикалық онлайн олимпиадасының ІІ дәрежелі орын иелендім.


«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында мақала:Рухани жанғыру-білім саласының жаңа белесі оқу әдістемелік материалды жариялағанын үшін сертификат.


«Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми- әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материалды жариялағанын үшін алғыс хат.


Түркістан облысы бойынша «Үздік педагог» ұстаздар арасында олипиядасының ІІІ дәрежелі жүлдені алдым.


Түркістан облысы бойынша Бастауыш сынып ұстаздар арасында олипиядасының ІІ дәрежелі жүлдені алдым.


Республикалық ғылыми- әдістемелік журналында «UZDIK USTAZ» білім жүйесіне қосқан үлес үшін сертификат.

Республикалық орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын өттім.



Келесі оқу жылына жоспар:

1.Үздіктермен мен жақсы оқитындар санын көбейту

2. 3 пен оқитындарға қосымша тапсырмалар беріп,үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу;

3.Оқышылардың білім сапасын көтеру;

4.Журнал,газеттерге,интернет жуйелеріне мақала және оқушылардың жұмыстарын жариялау;

5.Олимпиадаға қатысу;

6.Үлгерімі төмен оқышылардың білімдегі ақаулықты жою бойынша жеке жұмыс жасау;

7.Әр пән бойынша жеке жұмысын ұйымдастыру;

8.Оқушының білімінің жеке жұмысын ұйымдастыру;

9.Оқушының үлгере алмау себептерін ата-анамен кездесіп,мектеп мамандарымен психолог,логопедпен және оқушымен бірге әңгімелесу.

10. Балалардың білімдерін шыңдап қосымша кітаптар оқып, білім сапасын көтереміз . Мектеп ішілік сайыстарға қатысысамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!