Материалдар / 2022-2023 оқу жылындағы гуманитарлық бірлестігінің апталық аясында өткізілген іс-шаралар ЕСЕБІ

2022-2023 оқу жылындағы гуманитарлық бірлестігінің апталық аясында өткізілген іс-шаралар ЕСЕБІ

Материал туралы қысқаша түсінік
2022-2023 оқу жылындағы гуманитарлық бірлестігінің апталық аясында өткізілген іс-шаралар ЕСЕБІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2024
63
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2022-2023 оқу жылындағы гуманитарлық

бірлестігінің апталық аясында өткізілген іс-шаралар

ЕСЕБІ


2022-2023 оқу жылының 06.02- 10.02.23 ж. күндері аралығында барлық пәндерінің жоспарланған, мектеп әкімшілігінің келісімімен бекітілген айлық өтті.

Апталықтың ашылуы мектепішілік барлық әдістемелік бірлестіктердің қатысуымен бірігіп айлық ретінде ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу барысында іс-шара ережелерімен таныстырылды.

Апталық барысында пән мұғалімдерінің кіріктірілген ашық сабақтары және сыныптан тыс іс-шара, семинар-тренинг өткізілді. Өткізілген сабақтар мен іс-шаралар толығымен мектеп және әдістемелік бірлестігінің тақырыбына сәйкес өтті.

10 - ақпан күні сыныптан тыс «Ойөріс» . Интеллектуалдық ойын өткізілді. Жауапты мұғалімдер : ағылшын мұғалімі Турсагулова Ж.К. мен қазақ тілі мен әдебиеті мұ,алімі Оразқан Айболат

Мақсаты:

1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, интерактивті тақта, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі. Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап. Іс-шараның барысы. Ойын 4 турдан тұрады. I-ТУР: ТҰЛҒАЛАР ІІ-ТУР:КӨРІКТІ ЖЕРЛЕР ІІІ-ТУР: ДОДА ІV-ТУР: МАҚАЛ СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ Ойынға 8 оқушы қатысты, 2 топ болып бөлінді. Бірінші топ «Алғырлар», екінші топ «Тұлпарлар» тобы болды. Әр кезең сайын әділ қазылар алқасы баға беріп, жалпы ұпайларын санап отырды. 4 кезең бойынша ең көп ұпай жинаған «Алғырлар» тобы жеңіске жетті.

9-наурыз күні «Абайдың қарасөздері. Он жетінші қара сөз» тақырыбында 10 сынып, қазақ әдебиеті сабағынан кіріктірілген ашық сабақ өтті. Жауапты мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толеубаева Меруерт Оралхановна мен орыс тілі пәнінің мұғалімі Маженова Рауфа Маулсеитовна . Сабақтың мақсаты : Абайдың қарасөздерінің орнын түсінуге , адамның ішкі жан дүниесін түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге , ақынның қара сөздерінің мәнін , ғылыми- философиялық ойды түсінулерін білу.

Сабаққа мектеп мұғалімдері және оқу ісінің меңгерушісі қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасалды.


10 –ақпанда 8 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Жауапты мұғалімдер Қазақстан тарихының мұғалімі Нуржауова Г.К. мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразқан Айболат. Сабақтың мақсаты: Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының себебін анықтау, салдарын талдау. Алдымен үйге берілген тақырып бойынша жеке жұмыс жасалды. Әр оқушы берілген кестеге ашаршылық жылдары туралы, себептері, демографиялық өзгерістер және салдары туралы мағлұматтарды толтырды. Дұрыс жауаптарын тақтаға шығарып оқушылардың жұмыстарын бір-біріне тексертіп, кері байланыс берділді. Жаңа тақырыпқа шықпас бұрын оқушылармен репрессия жылдары туралы кинодан үзінді көрсетілді. Жұппен жұмысты «Жылдарда сөйлейді » деген тапсырма арқылы жүргізділді. Жұптың біреуі жылдарды, екіншісі тарихи оқиғаларды жазып шықты және түсіндірді. Жұпқа оқушылар «бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасады. Берілген мәтінді оқи отырып оқушыларды үш топқа бөліп топпен жұмыс жүргізілді. Берілген уақытта оқушылар тапсырманы оқып алады. Әр топ мүшелері тақтаға шығып түсінгендерін айтты. Айтып болған соң мен толықтырып түсіндіріп кеттім. Осылайша үш топ та тақырыпты айтып, жаңа сабақты өз бетінше түсінді. ЕБҚ ететін оқушылармен «тарихи маятник» ойыны ойналды. Ойын арқылы ол оқушылардың өткен тақырып пен жаңа тақырыптан алған білімдері сараланды.Дарынды оқушыға шығармашылық тапсырма берілген болатын , Несіппек Айтұлының «Арқатірек» кітабынан «Танабай» поэмасынан ашаршылық кезеңі мен репрессия кезіндегі адамдардың тұрмысын суреттейтін жерлерін анықтап танысу және оқушыларға таныстыру туралы. Оқушы осы поэмадан оқушылардың алған білімдерін одан әрі бекіту мақсатында репрессия мен ашаршылық кезеңдерін суреттейтін тұстарын оқып, түсіндіріп кетті.Сабақтың соңғы бөлігінде оқушыларға «БББ» кері байланыс парағы таратылды. Оқушылар бүгінгі сабақтан білемін, білдім, білгім келеді деп ұсыныстарын да жаза қалдырды. Сабақтың соңында тақтады ілулі тұрған «білім ағашына» оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып ілді. Оқушылар жаңа сабақты меңгерді. Мұғалім мақсатына жетті. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.








Қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығының қорытынды семинар Оқыту мен оқу сапасын арттырудағы «Оқушы үнін тыңдаудың маңыздылығы» тақырыбында өткізілді.Жауапты құқық пәнінің мұғалімі Смагулова А.М. мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразқан Айболат. Қазіргі заманғы мұғалімнің шеберлігін арттыру жолдарымен таныса отырып жұмыс жасау, заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу. Жазбаша кері байланыс жасау ұсынылды. Семинар жоғарғы деңгейде өтті.

Жалпы айтқанда, апталық аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс- шара өткізілді. Отырыстың шешімі бойынша: Барлық мұғалімдер апталықтың ішінде ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізіп, апталыққа белсене қатысты. Апталық жауапкершілікпен өтті.







Абай обылысы білім басқармасының Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің

«№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ











Қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталық аясында өткізілген іс-шаралар



Бірлестік жетекшісі:Толеубаева М.О.



























2023-2024 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ