2022-2023 оқу жылындағы сабақты зерттеу іс әрекетті зерттеу бойынша рефлексиялық талдауы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2022-2023 оқу жылындағы сабақты зерттеу іс әрекетті зерттеу бойынша рефлексиялық талдауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің құзіреттілігі- оның жан-жақты білімімен, пәндік білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін меңгеріп және оны тиімді шебер қолдануымен, өз ісін сүйіп, жас ұрпақты жылы жүрегімен түсіне білуіне байланысты. Тәжірибе алмасу арқылы шеберлігіміз шыңдала береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі зерттеу тобы жетекшісі Жәмеш Лаура Жетпісбайқызының 2022-2023 оқу жылындағы сабақты зерттеу іс әрекетті зерттеу бойынша рефлексиялық талдауы.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен . [1, 4-б]. .  Соның ішінде білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алды.Сабақты зерттеу Іс-әрекеттегі зерттеу- тәжірибені жетілдіру, терең түсіну мақсатында немесе қабылданған шешім туралы хабарлау үшін сыныптағы жұмысты, тәжірибені  жүйелі зерттеу. [3, 46-б].  Зертттеу жұмысының қадамдары:

1.Сабақты зерттеу мен іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Сабақты зерттеу мен іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен дерек жинау әдістері.

3. Зерттеуге көрсетілетін қолдау (сыншы дос)

4.Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

5. Сабақты зерттеу мен іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.

Осы қадамдарды негізге ала отырып «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»кмм Сабақты зерттеу мен іс әрекетті зерттеу жұмысын бастады.

Біздегі тақырыпты негіздеу қадамы басы ашық проблема болды.Өйткені қашықтықтан оқуда білім алушылырдың сабаққа деген ынтасы төмендеп білім сапасының төмендеуіне ықпалын тигізді.Оқушылардан алынған сауалнамаларды саралағанды оқыту ісінде бірсарындылықтың сақталатынын,мұның өзі олардың оқудағы белсенділіктеріне әсер ететіндігі анықталды.Осы мәселені ескере келе кафедра мұғалімдері өз алдарына мынадай зерттеу сұрағын қойды.

« Оқыту мен оқуда белсенді әдіс тәсілдер арқылы білім алушының жаратылыстану пәндерінен білімділік,танымдық қабіліетін дамытуға болама?.» Бұл орайда мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелеріне өзгерістер енгізу қажет.Яғни олар сабақ жоспарларына белсенді әдіс тәсілдерді енгізе отырып білім алушылардың білімділік танымдық қабіліттерін дамыта отырып білім сапасын өз деңгейінде ұстап қалу немесе арттыру қажет.Осы мақсатта кафедра мұғалімдерімен алғашқы отырыс ұйымдастырылып өтізілді.Онда қаралған мәселер сабақты зерттеу мен іс әрекетті зерттеу тақырыбын айқындау,мақсат пен күтілетін нәтиженің болжамын нақтылау.Осылайша кафедра жұмысының жоспары жасалып сонымен қатар мұғалімдердің жеке тқырыптары талқыланып мектеп әкімшілігі тарапынан бектілді.

Зерттеу сұрағы: Оқыту мен оқуда белсенді әдіс тәсілдер арқылы білім алушының жаратылыстану пәндерінен білімділік,танымдық қабіліетін дамытуға болама?.

Тақырып: Оқыту мен оқуда белсенді әдіс тәсілдер арқылы білім алушының жаратылыстану пәндерінен білімділік, танымдық қабіліетін дамыту.

Мақсаты: Оқыту мен оқуда белсенді әдіс тәсілдер арқылы білім алушының жаратылыстану пәндерінен білімділік, танымдық қабіліетін дамытуда бірлескен жұмысын қамтамасыз ету және жүргізу.

Күтілетін нәтиже: Оқыту мен оқуда белсенді әдіс тәсілдер арқылы білім алушының жаратылыстану пәндерінен білімділік, танымдық қабіліетін дамиды.

Қазіргі заман талабы жаңашылдық болғандықтан дәстүрлі сабаққа деген  көзқарас  өзгеріп, сабақ беру тәсілін жаңа бағытқа бұра бастадық.

Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі  сондықтан   бұл мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады .Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі  болғандықтан ол тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Мұғалім зерттеу барысында өзінің жинаған білімімен әріптестерімен өзара бөлісе алады.

Lesson Study тәсілінің  бастапқы кезеңінде алғашқы сабақ жоспарын пән мұғалімі өзі құрып әкеледі. Топтағымұғалімдер оған сәл түзетулер жасайды.. Одан соң мұғалімі зерттеу сабағын өткізді, ал қалған топ мүшелері сабақты  қадағаладық. Әр мұғалім бақылауға арналған жеке оқушылардың  жетістіктері мен кемшіліктері сабақ барысында  арнайы дайындалған сызба кестелерге толтырып, жазып алып отырды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне талдау жүргіздік. Содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін сабақ барысындағы нәтижелерді есепке ала отырып, келесі сабақты   қайта жоспарладық. Шығармашылық топқа сабақ өте жоғары қарқынмен өткендей көрінді, сабақта бірнеше әдіс түрі қолданылды.Бірақ рефлексия және оқушылармен әңгімелесу барысында біз басқа жағдайға тап болдық, кейбір оқушылар әр түрлі әдістерді қолдану ұнамайтыны туралы өздерінің ойларын білдірді. Шығармашылық топ өзара талдау жүргізіп, сабақтың әдіс пен тәсілдерін өзгертуге шешім қабылдады. Әр сабақты жоспарлағанда оқушылардың топтық құрамын өзгертуге тырыстық. Lesson Study-дің төрт тізбектелген сабақтарынан кейін   біз сабақ барысында мынаны көрдік: Жоғары деңгейдегі екі оқушы    сабақта белсенділік көрсетіп отырды.Сабақ барысында берілген тапсырмаларға тобымен бірге  жылдам жауап  беріп, үнемі алда болып, көшбасшылық таныта алды.

Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің құзіреттілігі- оның жан-жақты білімімен, пәндік білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін меңгеріп және оны тиімді шебер қолдануымен, өз ісін сүйіп, жас ұрпақты жылы жүрегімен түсіне білуіне байланысты. Тәжірибе алмасу арқылы шеберлігіміз шыңдала береді





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2025
116
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі