Материалдар / 2023-2024 оқу жылы, қарашаның 13-і мен 17-і аралығында өткізілген «Бастауыш - білім бастауы» атты апталығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

2023-2024 оқу жылы, қарашаның 13-і мен 17-і аралығында өткізілген «Бастауыш - білім бастауы» атты апталығы

Материал туралы қысқаша түсінік
13-17 қараша аралығында «Бастауыш - білім бастауы» атты бастауыш сынып апталығы өткізілді. 13 қараша бастауыш сынып әдістемелік апталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиын ашылу салтанатында мектеп директоры Ахылбаева Дамира, директордың оқу орынбасары Бакирамова Қалдыгүл апайларымыз құттықтау сөз сөйлеп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акназарова Сәуле апай оқушыларды құттықтады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2023-2024 оқу жылы, қарашаның 13-і мен 17-і аралығында өткізілген «Бастауыш - білім бастауы» атты апталығының есебі


Мақсаты:

1. Оқушылармен сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізе отырып, білім, білік дағдыларының қалыптасуын дамыту, жетілдіру.

2. Оқушылар шығармашылықтарын шыңдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істеуге баулу, үйрету.

3. Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу, патриоттық сезімдерін ояту.Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

13-17 қараша аралығында «Бастауыш - білім бастауы» атты бастауыш сынып апталығы өткізілді. 13 қараша бастауыш сынып әдістемелік апталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиын ашылу салтанатында  мектеп директоры Ахылбаева Дамира, директордың оқу орынбасары Бакирамова Қалдыгүл апайларымыз  құттықтау сөз сөйлеп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акназарова Сәуле апай  оқушыларды құттықтады.

«Математика» күні 14.11.2023 жыл

Математика пәнінен 3-4 сыныптар арасында «Ғажайып математика»

сайысы өткізілді.Математикалық амалдар мен логикалық есептерді пайдалана отырып Аймешова София мен Туленбаева Бақыткүл апайларымыз сайысты қызықты өткізді. Сайысқа қатысқан оқушылар марапатталды.

1-ші орын: Қазбек Інжу, Асқар Аружан - 3 «Ә» сыныбы

2-ші орын: Батырхан Байел, Адилхан Алимансұр - 4 «А» сыныбы

3-ші орын: Кенжебек Жасұлан, Қасым Жансерік - 4 «Ә» сыныбы

Кошкар Бағдат, Медетбек Серікхан - 3 «А» сыныбы иеленді.

1-4 сынып оқушылары аралығында «Үлгілі дәптерлер» көрмесі

ұйымдастырылды.Үздік деп танылған оқушылар жұмыстары марапатталды.

«Үлгілі дәптерлер» бойынша марапатталған оқушылар:

1-ші орын: Диханбай Әмина - 4 «А» сынып

Мұрат Айшабибі -4 «А» сынып

Мырзабай Нұрайлым- 4 «Ә» сынып

Ермаханбет Ақерке- 3 «А» сынып

2-ші орын: Базарбай Даяна - 4 «А» сынып

Бақыт Назерке - 4 «Ә» сынып

Қайратқызы Мариям- 2 «Ә» сынып

Асқар Аружан - 3 «Ә» сынып

Усербай Гүлдана - 3 «Ә» сынып

3-ші орын: Сапарали Ақбай- 3 «А» сынып

Лес Еркенұр - 1 «Ә» сынып

Мелдехан Жанбота -1 «Ә» сынып


Алғыс хат

Оңалбай Айкөркем- 2 «Ә» сынып

Әмзе Айя Амиралиқызы- 1 «А» сынып

Жуманазар Айсұлтан- 1 «А» сынып

Мамыралы Аяла- 1 «А» сынып

Құттыбай Нұркелді- 1 «А» сынып

Нұрғиса Нурикамал- 1 «А» сынып

«Тілдер» күні 15.11.2023 жыл

15 қараша күні «Алаштың атақты тұлғалары» Шәкәрім Құдайбердіұлына -165 жыл, Спандияр Көбеевке- 145 жыл, Жүсіпбек Аймауытовқа -130 жыл, Сұлтанмахмұт Торайғыровқа -130 жыл, Сәкен Сейфуллинге- 130 жыл, Мағжан Жұмабаевқа -130 жыл толуына орай 1-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сейітбекова Алма мен Мусаева Гүлперизат апайларымыз мәнерлеп оқу сайысын шебер ұйымдастыра білді. Аталған ақын-жазушылардың өмір жолынан деректер келтіре отырып,өлеңдерінің мазмұнына тоқталды.Оқушылар өздерін басқа қырынан көрсете білді.Көркемсөзді нақышына келтіріп оқудан бір-бірінен қалыс-пады. Мәнерлеп оқудан өлеңді үздік оқыған оқушылар марапатталды.Олар:

1-ші орын:

Мырзабай Нұрайлым - 4 «Ә» сыныбы ,

Ермаханбет Ақерке - 3 «А» сыныбы,

Қарсыбай Алихан - 2 «А» сыныбы

Хантемір Айдын - 1 «Ә» сыныбы.


2-ші орын:

Нышанали Заңғар - 4 «А» сыныбы,

Адилхан Алимансұр - 4 «А» сыныбы,

Әмзе Дана - 4 «А» сыныбы,

Адилхан Наурызбай - 3 «А» сыныбы,

Серік Қайсар - 1 «Ә» сыныбы,


3-ші орын:

Лес Еркенұр - 1 «Ә» сыныбы,

Базарбай Даяна 3 «А» сыныбы,

Диханбай Әмина - 4 «А» сыныбы,

Қожабек Мейіржан - 4 «Ә» сыныбы,

Қурмаш Көзайым - 1 «А» сыныбы,

Ауесханұлы Ернат - 1 «А» сыныбы,


Алғыс хат:

Мурат Ақнұр - 2 «А» сыныбы,

Жұбатхан Нұрислам - 1 «Ә» сыныбы


Төл теңгеміздің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік төл теңге» тақырыбында

1-4 сыныптар арасында сурет сайысы өткізіліп,үздік жұмыстар марапатталды.

Олар:

4 «А» сынып

Айтбай Мирас

Алтынбек Сезім

Амантай Бекнұр

Анарбай Бейбарыс

Мұрат Айшабибі

Ораз Маржан

Шерали Гүлсезім

4 «Ә» сынып

Медетбек Жандарбек

Бектемір Аяулым

Нұрмағамбет Балауса

Бақыт Назерке

3 «А» сынып

Бектемір Ұлдана

Амантай Еркеназ

3 «Ә» сынып

Жұман Данияр

2 «А» сынып

Қарсыбай Алихан

1 «А» сынып

Батырхан Айдын

Жуман Нурикамал

Қозыбай Азамат


«Жаратылыстану,дүниетану» күні 16.11.2023 жыл

Жаратылыстану,дүниетану, дене шынықтыру пәндерінен 1-2 сыныптар арасында «Табиғат әлеміне саяхат» сайысы өткізілді. Өз үйлесімін тапқан сайысты Алибаева Ұлдугүл апай табиғаттың әсемдігі мен оны қорғау жолдарына мән бере отырып қызықты өткізді . Сайыс соңында жүлделі орындар беріліп, қатысқан оқушылар марапатталды.

1-ші орын: Дүйсенбек Әлихан, Болатбек Саят - 2 «А» сынып

2-ші орын: Қайратқызы Мариям, Уразали Жарас - 2 «Ә» сынып

Жуманазар Айсұлтан, Қазбек Мағжан - 1 «А» сынып

3-ші орын: Бакир Азиза , Берікұлы Айбар - 1 «Ә» сынып .


1-4 сыныптар арасында «Табиғатты аялайық!» тақырыбында табиғатты қорғауға арналған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне қатысқан  оқушылардың суреттері мазмұнды, әсем боялғандығымен  бағаланды. Үздік жұмыстар марапатталды.Олар:

4 «А» сынып Батырхан Байел 1-орын

4 «Ә» сынып Серик Каусар 1-орын

2 «А» сынып Медетбек Назым 2-орын

2 «Ә» сынып Рысдаулет Саят 3-орын

1 «А» сынып Назарбайұлы Абдурахман 2-орын

1 «Ә» сынып Асқар Ақжан 3-орын



«Өнер» күні 17.11.2023 жыл

1-4 сыныптар арасында «Күз ханшайымы» өнерлі қыздар сайысы өтті. Сайыстың 1-ші «Таныстыру» бөлімінде қыздар өздерін таныстырды. 2-ші «Өз өнері» бөлімінде өнерлі қыздар би билеп, әсем әндер айтты. 3-ші бөлімі «Сән үлгісі» күздік киім үлгілері көрсетілді. «Кішкентай аспаз» бөлімінде анасымен бірге жасаған тағамға қысқаша түсінік берді. Қыздар белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді.Сайысқа қатысқан оқушылар марапатталды.

«Өнерлі Ханшайым» номинациясы - Ермағанбет Жанерке -2 «А» сыныбы

«Білімді Ханшайым» номинациясы - Намаз Айару- 3 «А» сыныбы

«Сүйкімді Ханшайым» номинациясы- Оңалбай Айкөркем- 3 «Ә» сыныбы

«Сымбатты Ханшайым» номинациясы- Бақыт Назерке - 4 «Ә» сыныбы

«Әнші Ханшайым» номинациясы- Мамыралы Аяла - 1 «А» сыныбы

«Биші Ханшайым» номинациясы-Меделхан Жанбота - 1 «Ә» сыныбы

«Көрікті Ханшайым» номинациясы - Бектемір Аяулым- 4 «Ә» сыныбы

«Сұлу Ханшайым» номинациясы- Базарбай Даяна - 4 «А» сыныбы

«Күз Ханшайымы» номинациясы - Ғалымжанқызы Кәусар - 3 «Ә» сыныбы


Сонымен бірге мұғалімдер түзілген кесте бойынша ашық сабақтар өтті. Апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. 3 «Ә» сыныбындағы Аймешова София «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында және 4 «Ә» сыныбында Дүйсенова Гүлнар «Салт дәстүрім-таусылмайтын байлығым» ашық тәрбие сағаттарын өтті. Сабақта күнделікті өмірмен байланысқа ,сөз мәнеріне, сөйлеу дағдыларына тәрбиелік кезеңдеріне көп көңіл бөлінді. Сейітбекова Алмагүл әдебиеттік оқу пәнінен 2 «Ә» сыныбында С.Бегалиннің «Оқушы Шоқан» тақырыбында, 2 «А» сыныбында Мусаева Гүлперизат әдебиеттік оқу пәнінен Ө.Тұрманжановтың «Жыртық кітап жылады» тақырыбында, Төленбаева Бақыткүл 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен Т.Жароковтың «Ауыл күзі» тақырыбында, Тоғайханова Мөлдір бейнелеу өнері пәнінен 2 «А» сыныбында «Көбелектер» түрлі-түсті карандаштармен, акварельмен сурет салу және Досмайлова Жанар қазақ тілі пәнінен 2 «А» сыныбында «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» тақыры-бында ашық сабақтар өтті. Жаңартылған білім жүйесінде құрылған сабақ құрылы-мында топтық, жұптық, жеке жұмыстар әртүрлі әдістермен өз үйлесімін тапқан.

Өздік жұмыс, қабілетті оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жасауға көп көңіл бөле отырып,алған білімдерін тұрақтандыру үшін лайықты тапсырмаларды оңтайлы  бере алады. Оқушылар белсенділік танытып, өз құнды ойларымен бөлісіп отырды.

Әліппе пәнінен 1 «А» сыныбында Алибаев Ұлдугүл «Ғғ дыбысы мен әріпі», 1 «Ә» сыныбында Накжанова Назипа «Жж дыбысы мен әріпі» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Сабақ құрылым талапқа сай құрылған. Барлық кезеңдер сақталып, өз деңгейінде өтті. Сабақ өз мақсатына жетті.

«Бастауыш - білім бастауы» атты апталығы  оқушылардың өз Отанына,еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Барлық ұстаздар апталық барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, мерекелік шығармашыл орта құра білді.Оқушылар пәндер бойынша білімдерін көрсетіп, оны түрлі жағдаяттарда қолдана алу білігін, өзара көмектерін танытып, қиын сұрақтардың түрлі шешімдерін қарастырды.

Қорытынды 20.11.2023 жыл

Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында «Бастауыш - білім бастауы» атты апталықта өтілген іс-шаралар қорытындыланып, апталықта белсенділік танытқан оқушылар мадақтамамен және дипломмен марапатталды .

       Бастауыш сыныптар апталығында барлық ұстаздар апталық барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, мерекелік шығармашыл орта құра білді.Оқушылар пәндер бойынша білімдерін көрсетіп, оны түрлі жағдаяттарда қолдана алу білігін, өзара көмектерін танытып, қиын сұрақтардың түрлі шешімдерін қарастырды.

       Бастауыш сыныптар апталығы шығармашыл, ынтымақшыл ортада өтті  және бастауыш сыныптар жұмысының нәтижелілігін көрсетті деп нық сеніммен айтуға болады. Мектепішілік жиында белсенді оқушыларға Мадақтамалар табыс етіліп, ду қол шапалақпен құттықталды. Барлық оқушы дерлік Мадақтама және Алғыс хатқа ие болды. Яғни, біз бастауыш сыныптар апталық алдына қойылған барлық міндеттерді шеше білдік деп айта аламыз.

Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтас-тықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт. 

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Ж.Досмайлова

1-ші: апталықтың ашылуы 13.11.2023 жыл

«Бастауыш - білім бастауы» атты бастауыш сынып апталығының ашылуы





Тәрбие сабағы










2-ші: «Математика» күні 14.11.2023 жыл

Ұстаздар мен оқушыларды математикалық сұрақтарымен күтіп алу сәтінен

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!