Материалдар / 2024-2025 оқу жылы бойынша 34 сағаттық тәрбие сағаттары қысқа мерзімді жоспарлар

2024-2025 оқу жылы бойынша 34 сағаттық тәрбие сағаттары қысқа мерзімді жоспарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылы бойынша 34 сағаттық тәрбие сағаттары қысқа мерзімді жоспарлар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
55
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2024


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Мектебім мейірім мекенім»

Құндылық


Құндылықты дарыту

Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

       Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.


Тыныштық сәті 

Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.  Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен  ізгілікке толы  әлемге саяхат жасаймыз.

       Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда  достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады.   Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге  қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда.  Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз.  Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.

         

Ой шақыру:

Балалар, осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?

Бұл сиқырлы әлемнен  біз қандай нұрды алып келдік?

Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? 

Мұғалім сөзі:

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған адамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 

   Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

       Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 



« Мейірімділік  нұры» жаттығуы.

Қазір  мен тақтаға  мейірімділік  шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы  стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз.





Ойын   «Күн көзін  бұлттан  ашу»

 1-ші  бұлттың  тапсырмасы:  Мәтінмен жұмыс

«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.

     Мирас мектептен үйіне келіп   әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып   балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

 

1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. 

Сұрақтарға жауап беру.

Баланың қайырымдылығы неде ? 

Өзің   Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

 

2-ші  бұлттың  тапсырмасы : 

Дәйексөз

  Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.


3-ші  бұлттың  тапсырмасы

Видео роликті көріп, өз ойларын айтып, әңгімелеу.

 

4-ші  бұлттың  тапсырмасы.

Топтық жұмыс

1-топ  Қайрымдылыққа кластер құру

2-топ  Ең мейірімді жан  кім деп ойлайсың?- өз ойын жеткізіп айту.

3-топ  Мен  қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын?

 

      Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.

     Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы   шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір    сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек. 

Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.

  Жүректен - жүрекке

    Күн 

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы   мейірім,

Мен үшін жоқ   уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым    

Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға , достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық.

































































«Жол қауіпсіздігін сақтаймыз»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:


Мұғалімнің есімі:

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

Жол қозғалысы ережелері

Көшеде жүру ережесі Автокөліктің еліміздің экономикасындағы рөлі

Күні:

Сынып:

Оқушы саны:



Көрнекіліктер

Суреттер, сөзжұмбақ кестесі, нақыл сөздер

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді,адами құндылықтарды сіңіру.Өзін-өзі құрметтеуді,үлкенді,ата-анаы,отбасы мүшеерін,мұғалімді сыйлауды үйрету



Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Басталуы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1.  Ала таяқ ұстаған,

  Жол тәртібін нұсқаған.

   Өміріңді күзеткен,

   Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)

2.  Арқаным тым ұзын.

    Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

3.   Сөйлегенде білмейді

    Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.

                                                     (Бағдаршам)

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

Көшеде жүру ережесі:

1.Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

2.Автобусқа мінерде аялдама күт.Тәртіп сақтай біл.Басқаға кедергі жасама.

3.Транспорттың артына жабысуға болмайды.Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

4.Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.

5.Аялдамада тұрған автомобиль,автобус,троллейбустың,машинаның арт жағынан айналып өт.Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6.Көшеде өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде,оң жағыңа көз сал.Егер машина келе жатса,өтіп кеткенше сол орнында күте тұр.

7.Көше бойында велосипед,ролик айдама!Ол өте қауіпті.Велосипедті арнайы орындарда айдау керек.

8.Жол ортасымен жүрме!Келіп қалған көлікті көрмей қалуың мүмкін.

9.Жолда үнемі сақ бол!Жол жиегімен жүр!Жоқ болса жолдың шетімен жүр.Көлік келе жатса шетке шығып күт,өтіп кеткен соң жүресің!

10.Жолда бөтен көлікке мінбе!

«Бағдаршам» ойыны

Бағдаршамның қызыл түсін көрсету

Оқушылар орындарынан тұрады

Тоқта!

Бағдаршамның сары түсі түсін көрсету

Оқушылар екі жаққа кезек –кезек қарап дайындалады

Дайындал!

Жасыл түс

Аяқтарын топ-топ басады.

Сынып белсенділерінің

апталық есебі

10мин

Сынып белсенділерінің апталық есебімен танысу.Жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді,оқушылардың кітап,дәптерлері,күнделік тің толтырылуын тексерудің қорытындысы

есеп

Ата-ана кеңесі немесе құқықтық оқыту

3мин

Баланың міндеттері:

Әрбір бала ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға

Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге

Еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға

Табиғатты қорғауға, сақтауға, ұқыпты қарауға т.б.

Өз өміріне жауапкершілікпен қарауға

Кішкентайларға қамқорлық жасауға

Мұғалімді тыңдауға

Мектеп мүліктерін ұқыпты сақтауға,

Қоғамдық шараларға қатысуға,

Мектеп ережесіне бағынуға

ереже

Сабақтың аяқталуы

Қорытынды Қауіпсіздік ережесі

5мин

Қауіпсіздік ережесі:

1.Өзіңді біреудің кемсітуіне жол берме!

2.Бейтаныс адамдармен сөйлеспе!

3.Бөтен көлікке мінбе!

4.Жол ережесін үнемі есте сақта!

ереже
























«Отбасы тәрбиенің алтын бесігі»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Отбасы тәрбиенің алтын бесігі

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.

Құндылықтарды дарыту

Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.

Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі

ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












«Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю) Күн келген бейбіт көгінде, Ғажайып байтақ елімде. "Балалы үй - базар" тегінде Бақытың - бала - сенің де. Бақыты - бала - оның да, Бақытым - балам менің де.

Ой қозғау. «БАЛА КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек.

Жауап: (болашағым, бауыр етім, асыраушым, ізбасарым, қуанышым т.б.).



Компьютер

 

Ортасы (20 мин)


«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Қағаз

жіп

Соңы






Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.




Ата-аналар жауап береді








бейнежазба










































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .8.10.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Адалдық пен әділдік»

Құндылықты дарыту

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін  түсіндіру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық   шеңбері        Оқушылардың сабаққа  қызығушылығы мен көңіл күйлерін  көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс       Сабақты  З.Шашкиннің  «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру.

Әңгімелесу  

  • Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

  • «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?

  • Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?

Тапсырма                Оқулықта берілген  мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.

Тыныштық сәті        Баланың  жүрек  соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін  қолдану.

Дәйексөз       «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады.

Жаңа ақпарат        Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін  де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық  бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық  біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Жағдаятты талдау      Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін  дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу.

Дәйексөз.   «Адалдық  деген ашық , шыншыл  қарым-қатынас»   деген  А.Макаренконың  сөзін   түсіндіру  арқылы  оқушылар жағдаяттан  пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.

Жағдаяттарды  талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.  Төмендегі жағдаяттарды  шешіп,әдептілік тұрғысынан  баға  беру.

Тапсырма     берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.






Адалдық:

  • Қоғам әділеттілігінің негізі болады;

  • Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;

  • Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.


презентация

Сабақтың ортасы

Жаңа ақпарат

Адам  өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте  адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

  • Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби Шешен кісі сөз бастар,

  • Адал кісі  - ел бастар. Жамбыл Жабаев

  • Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов

  • Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов

  • Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький

  • Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри

  • Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин

  • Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций

  • Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр

  • Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта

  • Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель

  • Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер


Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады


Сабақтың соңы

  • Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

  • Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

  • Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

  • Адал болуға ұмтылу неге керек?

 

Тапсырма        Оқушыларға  оқулықтағы  мәтін тапсырма ретінде беріледі.

Жүректен жүрекке          Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, «Аман болсын адамдар» әнімен сабақты аяқтаймыз.


























Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Киберқауіпсіздік дегеніміз не?»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл








Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-5


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Киберқауіпсіздік дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы?

Видеодан кейінгі сұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.


Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.


Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.


Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.


Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді



























Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады









ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады










ҚБ «Өзін-өзі бағалау»





Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект



























Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Цифрлік әлемде қауіпсіз қадам»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл






Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-5


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Киберқауіпсіздік дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Источник: https://www.tarbie.kz/4667

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


Т опқа бөлу


—  Ж үргізілген сауалнамаға назар аудару.


—  ғаламтор пайдаланып көрдіңіз бе?


—   ғаламтор балалар үшін қауіпсіз дегенге келісесіз  бе?


 Б алалар, бүгінгі сабағымыз тақырыбы қандай болмақ?


 ІІІ.  Мағынаны тану.


Мұғалім:   ғаламтор туралы кіріспе


. Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.


Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.

Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.




Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

І –ші топ ғаламтордың  пайдасы туралы айтады.


«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.


Интернет  мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор





Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1. Алысты жақындату

2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3. Сана – сезімді жоғарылату.

4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды

қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;

10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;

Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;

Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;

Қаржылық операциялар жасауға;

«Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес              





А4, конспект







Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Бала өміріндегі жәбірлену»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала өміріндегі жәбірлену

Құндылықты дарыту

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

-Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

-Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

-Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

-Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.


Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

сол жайында өсек тарату

оны елемеу немесе жекелету

ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою

ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Расисттік буллинг

Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.

Таптық буллинг

Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.

Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг

Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.

Дінге қатысты буллинг

Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету.

Мүгедектерге қатысты буллинг

Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.


Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?




презентация

Сабақтың ортасы

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

уайымдау

ұйқының бұзылуы

тәбеттің болмауы

өзі жайлы жаман ойлау

өз-өзіне физикалық зақым келтіру

өлім туралы ойлау

сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

ауыру

«маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау

өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану

қорқу

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Батыл болуға үйрен

Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.

Құрбыңмен/досыңмен бөліс

Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.

Ересек адамдармен бөліс

Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Мұғаліммен бөліс

Мектебіңдегі мұғалімдер саған бас-көз болуға міндетті. Сен мектепте болған кезіңде өзіңді қауіпсіздікте сезінуге толықтай құқығың бар. Мүмкін, сенің мектебіңде буллингке қарсы тұруға қатысты кейбір нұсқаулар бар шығар. Сонымен қатар, сен мектеп психологына да жүгіне аласың

Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалаудегенді білдіреді. Адамүйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ



презентация


















Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Менің Отаным Қазақстан»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл








Мектеп:


Мұғалімнің есімі:


Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:


«Менің Отаным Қазақстан»

Күні:

Сынып:

Оқушы саны:

Құндылықты дарыту

Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қастерлеуге, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеуге,өз еліне үлес қосатын азамат болуға тәрбиелеу



Көрнекіліктер

Суреттер,нақыл сөздер,мақалдар,өлеңдер,бейнематериал

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы

2мин

Ұйымдастыру кезеңі

Өлең оқу

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене,

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?.

Отан сенің ата-анаң,

Отан досың бауырым...

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

Жаңа сабақ: Менің Отаным Қазақстан

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің

халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

-Бұл біздің рәміздеріміз...

- Бұл біздің егемендігміздің нышандары...

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

- Өз елін сүйетін адамды кім дейміз?

2.Тақырыпты ашу «Мен патриотпын»

«Синквейн»әдісі

Кім?Патриот

Қандай?Аса өнегелі, жауапты

Не істейді?Еңбектенеді, жасайды, күреседі, Өз Отанын сүйеді,

Синоним Азамат

Суреттер көрмесі(суреттер арқылы тақырыпты ашу)

  • Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің?

Патриот Отанын, елін,халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?!

Сынып белсенділерінің

апталық есебі

10мин

Сынып белсенділерінің апталық есебімен танысу.Жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді,оқушылардың кітап,дәптерлері,күнделік тің толтырылуын тексерудің қорытындысы

есеп

Ата-ана кеңесі немесе құқықтық оқыту

3мин

«Заңды білсең, балдырған, Ақиқат шығар, алдыңнан». Адам дүниеге келеді. Ол өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы- Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және «Балалардың құқығы жайлы конвенция». Құқық -заң арқылы реттелетін адам құқығы.Конституция – құрылым.Конвенция -- келісім.

- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.- Өмір сұруге құқығым бар.- Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.- Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.- Ақысыз емделуіме құқым бар.


кеңес

Сабақтың аяқталуы

Қорытынды

5 мин

Оқушыларға қауіпсіздік ережесін үйрету:

  1. Темекі шегуге қызықпа!Оны бір шеккен адам үйреніп алады да кейін қоя алмайды.Темекі өкпені шірітеді!

  2. Арақ ішкенге қызықпа!Арақ алдымен адамның миын улайды,адам өз әрекеттерін бақылай алмайды.Түрлі қылмыстарға барады.Арақ ішкі құрылысты,бауырды,бүйректі құртады.

  3. Нашақор адам ең жаман адам.Ол тікелей қылмысқа барады.Өмірін құртады.Өзін-өзі улайды,терісі шіріп,іриді.

Осы зиянды әдеттерден аулақ бол!

ереже






































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Зорлық зомблықсыз балалық шақ»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Зорлық зомбылықсыз балпалық шақ

Құндылықты дарыту

оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1-топБіз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

2-топМен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

3-топБәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. 
Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.




презентация

Сабақтың ортасы

Сұрақ:

1Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.

2. Кімді жиі ренжітеді?

Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.

3. Қаталдық көрсетудің себебі?

Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?

Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?

Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?

Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?

Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.




3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)

1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.

2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Біздің ойымызшаата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз.

3-топ:Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

«Әке- асқар тау,

Ана- етегіндегі бұлақ,

Бала-жасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар.Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Сондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек. 




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

  1. ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

  2. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

  3. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

  4. Елде бейбітшілік орнасын.

  5. Данышпандардың саны көбейе берсін.

  6. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

  7. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.

  8. Экономикамызөрге  бассын.

  9. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.

  10. Қазақстан елі- байтақ ел болсын.

  11. Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.

  12. Отандықөнеркәсіпдамысын.



презентация




































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Теңге тәуелсіздік келбеті»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Теңге Тәуелсіздік келбеті

Құндылықты дарыту

оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын. Оқушылар 15 қараша қандай күн? Білесіздер ме? 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Олай болса бүгінгі біздің танымдық тәрбие сағатына «Жас қалам», «Жалын», «Би студиясы» клубтарының оқушылары 3 топқа бөлініп, бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз.

1-топ «Теңге» - «Жас қалам»;

2-топ «Доллар» - «Би студиясы»;

3-топ «Евро» - «Жалын».




презентация

Сабақтың ортасы

ІІ-деңгейдегі тапсырма



  1. Төл теңгеміздің авторлары кімдер?

  2. Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында қанша номиналдық теңгені айналымға жіберді?

  3. Қай жылдан бастап төл теңгеміз Қазақстанда басылып шығарыла бастады?



ІІ-деңгейдегі тапсырма

  1. Ақша тарихын арнайы зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?

  2. Алғашқы көне тиындар қай қалада табылған?

  3. Биыл төл теңгемізге қанша жыл?



Сауалнама:

Ұлттық теңге жайлы не білдік?

Арнайы сауалнама

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1993 жылы Ұлттық теңге айналымға еңгізілді



Теңге авторы Жандарбек Мәлібеков



20 теңгеде ұлы Абай атамыздық бейнесі сомдалған



15 қараша ұлттық теңге күні



Алғашқы көне тиындар көне Түркістан қаласында пайда болған



50 теңгеде Ш.Уәлихановтың бейнесі сомдалған



Нуизматика – көне жәдігерлерді зерттейтін ғылым саласы



Ақша дегеніміз – айырбас құралы



Елбасы 1995 жылы ұлттық валютаны еңгізу туралы жарлыққа қол қойды



1993 жылдың 15 қарашасынан бастап теңге заңды төлем құралына айналды






Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Бүгінгі танымдық тәрбие сағатынан біз ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, оның төл авторларының өмір-тынысымен, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер келтіре отырып, көптеген деректерге қанық болдыңыздар15 қараша ұлттық валюта теңге күні баршаңызға құтты болсын деген тілекпен біз бүгінгі «Ұлттық теңге мәртебесі» танымдық тәрбие сағатын аяқтаймыз, қатысқан барлық өзге клуб оқушыларына алғысымызды білдіреміз.


презентация

















































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Оқушылардың құқықтары мен міндеттері»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл








(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Оқушылардың құқықтары мен міндеттері

Құндылықты дарыту

  1. Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.

  2. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

  3. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлеметсіңдер ме,балалар!Көңіл күйлерің қалай?Бүгінгі сабақты өткізетін мен.........................Ал,балалар сабағымызға дайын болсаңдар бастайық.

Психологиялық дайындық: Сабағымызды бастамастан бұрын шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірімізге ыстық тілектерімізді айтайық.Шеңберге тұрғызу.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық.

(Танысып болған соң): Олай болса,оқушылар , барлығымыз орнымызға жайғасайық.

I.Кіріспе бөлім:

Балалар,құқық бұзушылық,тәртіп бұзушылық дегенді білесіңдер ме?

-Қандай бала тәртіп бұзады?

-Ал тәртіпсіз бала деп,қандай баланы айтар едіңдер?

(Оқушылар жауаптары тыңдалады)

-Өте жақсы.Дұрыс айтасыңдар.Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек .

II.Негізгі бөлім:

Мұғалім сөзі:Бұлардың бәрін қарастыратын –заң.Ал,заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Әнұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.

Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.

Тәртіпті бала - сүйініш, төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала – күйініш, төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай – шу.

Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

Сұрақ: Балалар,сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс? (Оқушылар ойын тыңдау)

-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.

-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.

-Мен демалуға құқықтымын.

-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.

-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.

-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.

Көріп отырмын өз азаматтығы жайында көп біледі екенсіңдер.Сендер мұны кітаптан емес,өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына,неге рұқсат етілгеніне қарап білесіңдер.

Балалар күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отырсыңдар.Қалай ойлайсыңдар,оқушының міндеттері қандай болу керек?

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

Жарайсыңдар, тамаша!




презентация

Сабақтың ортасы

Бүгінгі «Оқушының құқықтары мен міндеттері» туралы таныстық.Ал енді кезекті сайысымызға берейік:

1-сайыс: «Сөзжұмбақ» ойыны.




Қ

А

З

А

Қ

Т

І

Л

І




А

С

Т

А

Н

А




П

Р

Е

З

И

Д

Е

Н

Т



Е

Л

Т

А

Ң

Б

А







Қ

Р











1.Мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)

2. Елордамыз? ( Астана )

3. ҚР кім басқарады? ( Президент )

4. Мемлекеттік рәміздеріміз? ( әнұран,ту,елтаңба )

5. Біздің мемлекет? ( ҚР )

Сергіту сәті(Видео арқылы)

2-сайыс: «Сәйкестендір» ойыны.

1-топ:

1Shape2 Shape1 .Заңның құрығы анық бас

2Shape4 Shape3 .Өш алғаннан гөрі өнер жастан

3.Ақырын жүріп кешірген жөн

4.Асыл тастан бәрінен ұзын

2-топ:

1Shape6 Shape5 .Ұрлық түбі отбасынан басталады

2Shape8 Shape7 .Әдепті бала арты игі

3.Тәрбие арлы бала

4.Әділ істің қорлық

3-топ:

1Shape10 Shape9 .Ақырын жүріп бәрінен ұзын

2Shape12 Shape11 .Асыл тастан қорлық

3.Ұрлық түбі өнер жастан

4.Заңның құрығы анық бас

3-сайыс: «Құқық сөзінің кілті »ойыны.

Құқық сөзінің кілті 
Қ-азақ
Ұ-лты
Қ-айырымдылықты
Ы-ымырашылдықты
Қ-олдайды
Бәріміз бірге оқиықшы.Хормен оқыту.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Балалар сендер бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдар.Өздерің ақылды,әрі әдемі сынып екенсіңдер!Бүгінгі сабақта сендер өз міндеттерің мен құқықтарың мен таныстыңдар.Енді әрдайым өз құқықтарыңды сақтап,міндеттеріңді орындай жүріңдер.Мен өз сөзімді қорытындылай келе,Қазақстан Республикасының ақылды әрі үлгі тұтар азаматтары мен азаматшалары болып өсе беріңдер.Сау болындар!




презентация
















Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Отбасы алтын діңгек»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Отбасы алтын діңгек

Құндылықты дарыту

«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән - мағынасын ашып көрсете отырып, ұлттық салт – дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Отбасым – алтын діңгегім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.



презентация

Сабақтың ортасы

Оқушылар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік
Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

арша анаға тән қасиет осындай, балалар. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. Ананың баланы қаншалықты шексіз сүйетінін білдіретін көңілсіз мысал. Ата - ананың үміт - арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған.
Бала – бауырыңдағы құрақ
Ата - анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек ата - ана өмірінің жалғасы – бала. Бала – ата - ананың бауыр еті. Баланың кісілік келбетін қалыптастыратын ортасы – өзінің ұшқан ұясы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- дейді халқымыз. Айналадағы адамдарды сыйлау ата - ананы құрметтеуден басталады. Әке - шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей алмаған адам өзге ешкімді сыйлап та жарытпайды.


презентация

























Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Достық бәрінен қымбат»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл








(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Достық бәрінен қымбат

Құндылықты дарыту

Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Тақырыпты жағдаятпен ашып алу (слайд)

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос қандай болу керек?

- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқсатп, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз.

Қосымша:

Мақалды жалғастыр.

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».

Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп».

Релаксация

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз.




презентация

Сабақтың ортасы

Тыныштық сәті

Дос деген достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бір-бірін жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңық,

Жасығанда жездей боп мойымайық.

Сыр сақтамас біреумен дос болам деп,

Сыр ашқан досымыздан айрылмайық.

«Досымның жүрегі» ойыны

Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

Досыңды алдамай, оған адал бол.

Досыңды қорлама.

Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.

Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

Досыңның кемшілігін кешіре біл.



презентация












Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Еңбек түбі береке»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Еңбек түбі береке

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Еңбек етсең емерсің».....

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Алдымен тақтаға қарап, видео тамашалаймыз. Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Осы видеодан көргеніміздей, адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»


Бүгінгі сайыс сабағымыз 5 кезеңнен тұрады. 1 кезең еңбек туралы ойларын айту, 2 кезең мақал-мәтелдер сайысы, 3 кезең жұмбақтар, 4 кезең шығармашылық сайыс, 5 кезең қолөнер сайысы


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер























Сабақ басы (13 мин)












Әр топ еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін кезекпен айтады

Еңбек бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Ерінбеген етікші болады.
Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.




Оқушылар, алдарыңызда берілген сұрақтар бойынша 2 минут дайындалып алып, әр топтан ортаға бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді













Компьютер

 











Ортасы (20 мин)


Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер ) 
Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме ) 
Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің ) 
Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай ізет ) 
Еңбек адамның ... ( екінші анасы ) 
Еңбек ата, ... ( жер ана) 
Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан ) 
Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан ) 

  1. Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? (Теңізші,моряк, sailor)

    2.
    Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді. (Балықшы,рыбак, fisherman)

    3.
    Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші, пожарный, fireman)

    4. Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.    (Қайшы, ножницы, scissors)


5.
Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта, топор, axe)
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (Ине, жіп, иголка, needle)

7.
Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз, повар, cook)

8.
Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.( Етікші, сапожник, shoemaker)

9. К
үміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді? ( Ұшқыш, летчик, pilot)

10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар. (ара, пила, saw)

  1. Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? (Теңізші,моряк, sailor)

    2.
    Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді. (Балықшы,рыбак, fisherman)

    3.
    Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші, пожарный, fireman)

    4. Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.    (Қайшы, ножницы, scissors)


5.
Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта, топор, axe)
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (Ине, жіп, иголка, needle)

7.
Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз, повар, cook)

8.
Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.( Етікші, сапожник, shoemaker)

9.
Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді? ( Ұшқыш, летчик, pilot)

10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар. (ара, пила, saw)


еңбек тақырыбына қатысты жұмбақ жасырамын. Жауабын 3 тілде айтады








слайд

Соңы






постер қорғау.


Болашақта Отанымыз, еліміз үшін қандай еңбек, қандай кәсіп етер едіңдер? Әр топ сурет салып, ортаға шығып қорғайды. 5 минут уақыт беріледі.











Қағаз

маркер



























































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Біз табиғатты қорғаудамыз»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл








Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-25

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болғанжағдайда)


Күні:


Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Біз табиғат ты қорғаудамыз

Сабақтыңмақсаты

Табиғат аясындағы өз әрекеттеріне және қоршаған ортаға байланысты адам қылықтарына баға бере білуге дағдыландыру.

Құндылықтарды дарыту

Табиғат аясында өзін дұрыс ұстауды,экология ережелерін қайталап,табиғатқа аяушылық сезіммен қарауды үйрету;

    

Сабақтыңбарысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтіңәрекеті

Оқушыныңәрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1Ұйымдастыру кезеңі


1.1 Сахналық көрініс. Музыкалық сүйемелдеумен балаларға саябақ,орман тоғайлар бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Сол сәтте орманшы келеді.Балалар қонақты қарсы алады. -Бізге қонаққа келген кім,қалай ойлайсыңдар? Орманшы балаларды орманға қонаққа шақырады. Саяхатқа барамыз, Орманға бет аламыз.

Қараңдаршы,айнала Қандай ғажап,тамаша! («Орман шуы»,музыкалық сүйемелдеу)


1Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.




Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу




Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

2.1Қойылым

Орманға жақсы ниетпен келдіңдер ме,әлде жаман ойларың бар ма? –деп орманшы балалардан сұрайды.Орманда өзін дұрыс ұстау ережелері туралы балалардың білімдерін тексеретінін хабарлайды.Әртүрлі жағдайларды оқып,дұрыс жауаптары үшін балаларға жаңғақ сыйлайды.

1-жағдай Сендер орман ішінен саңырауқұлақ көрдіңдер,бұл шынайы ақ саңырауқұлақ па,әлде тек соған ұқсайтын саңырауқұлақ па,білмейсіңдер,қандай іс-әрекет қолданасыңдар? 1.Тұрған орнында қалдырамын.

2.Кесіп алып,өзіммен бірге алып кетемін. Орманшының сұрағына жауап береді.

3.Ата-анамнан немесе достарымнан сұраймын. 4.Дәмін татып көруге әрекеттенемін. 2-жағдай Сен орманға жидек теру үшін бардың.

1.Бәрін қатарынан жұла беремін.

2.Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін. 3.Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын.

3-жағдай Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің.

1.Жерге көміп тастаймыз.

2.Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз. 3.Қағаздарды өртейміз.

4.Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз. Балалардың іс-әрекеттерді дұрыс болған жағдайда суреттегі шеңберлерді қызыл түспен,бұрыс жағдайда жасыл түспен бояу керектігін түсіндіріп,жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады. Сергіту сәті. Қане,қатар тұрайық, Бойымызды жазайық, Қаздарға біз ұқсайық, Мойнымызды созайық, Секірейік,шулайық, Қояндарға ұқсайық, Армансыз бір секіріп, Көзден ғайып болайық. (Ауд.Г.Нурузова)

Орманшы балаларға «Ормандағы жабайы» атты тиін оқиғасын баяндап береді.

-Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?

-Бала неліктен тиінге ұнамады?

Орманның әр жерінде орманшының тыйым салу белгілері ілінген.Орманшы балаларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді.

2.3

ларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді. Өздерінің пікірлерін білдіріп,әртүрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстау әрекеттерін атайды, сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауаптарды таңдайды,түсіндіреді. Өз беттерімен тапсырманы орындайды. Орындау барысында өз ойларымен бөліседі. Өлең мазмұнына с қимылдар жасайды.

1.Ағаштардың қабықтарын зақымдама. 2.Саябақтарда,орманда,көгалда гүлдерді жұлма. 3.Піскен жидектерді жинағанда,бұтақтарын бүлдірме. 4.Саңырауқұлақтарды таптама. 5.Ормандағы өрмекшінің торын бұзба,өрмекшіні өлтірме. 6.Көбелектерді,инеліктерді,бақа да жәндіктерді аулама. 7.Ұяларды бұзба! 8.Жабайы аңдарға жақындама. 9.Орманда,саябақта тыныштық сақта. 10.Қураған шөптерді өртеме. 11.Орманға,саябаққа,өзен бойына қоқыс қалдықтарын тастама. Орманшы балаларды мақтап,тиіннің атынан жаңғақ толған себетті сыйға тартады. Көздерін жұмуды ұсынады: «Дөңгелейміз,айналамыз, Бақшамызға ораламыз» (Музыкалық сүйемелдеумен балалар балабақшаға оралады,орманшы ғайып болады)


Бағалау критериі

Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратады

Дескриптор:

Отбасындағы құқықтарын анықтайды;

Ұғымдар бойынша ақпарат анықтайды;

Дәйектердің нақты, толық сипаттайды:

Дескриптор

Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; құрылысын сақтап, жүйелі ой жазады.

Дескриптор:

Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін қажеттігін дәлелдейді;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



landergenius@gmail.com


Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар








Суреттер

Тірек-сызбалар





Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Кері байланыс

«Тазалық» әдісі бойынша оқушылар өздері жаңа тақырыптан алғандарын ой елегінен өткізеді

Еттартқыш- алған білімімді жинақтап, қорытамын, електен өткіземін.

Чемодан- алған білімім болашақта қажет.

Қоқыс жәшігі-алған білімімді қажет етпеймін.


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект

https://abesu.org/4-synyp-өzіn-өzі-tanu-sabaғy-32-zher-ortaқ-үyіmіz

















Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Буллинг және оның алдын алу»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары-5


Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Буллинг және оның алдын алу

Сабақтың мақсаты

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Құндылықтарды дарыту

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы?

Видеодан кейінгі сұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.


Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.


Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.


Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.


Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді



























Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады









ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады










ҚБ «Өзін-өзі бағалау»





Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект



















Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Бала құқығы туралы не білеміз»







Сынып жетекші:




2024-2025 оқу жыл





















(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала құқығы туралы не білеміз?

Құндылықты дарыту

а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы». 1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне,балалар,адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар




презентация

Сабақтың ортасы

Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
Заң сөздікшесі
Балаларды қорғауға арналған халықаралық күндер
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»
«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері
«Менің құқығым» тренинг
«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
Тренинг «Ассоциация»Тренинг барысы:.
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.
Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады.
«Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне, осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.
Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң-
 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 91 мемлекет кірген.
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады
. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
 Қазақстан Республикасының 2002 жылығы 8 тамызда № 345 Заңы
«Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
 Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан»
— Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
— Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
— Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
— Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
— Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
— Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
— Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
— Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
— Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.
1-маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20-қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10-желтоқсан Адам құқығы күні
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеуДекларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.
«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы».
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу



презентация


Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл







(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Құндылықты дарыту

Болашақ мамандардың қазақ халқының  бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті   негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі,  рухани – материалдық және мәдени құндылықтары төңірегіндегі танымын,  рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз  өмірі  мен  кәсіби іс- әрекетінде  ұлттық бала тәрбиесі тәжірибесін қолдануға баулу.               Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы  парызыдылық қасиетінің  қалыптасуына    бағдар беру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

ұлттық құндылығымыздың бастауы – тіліміз. Тіл жоқ жерде ұлт та жоғалады.  Тіл- бөбектің үні, тіл-ананың әлдиі,тіл-бесік жыры. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген асыл қазына- тіл, мемлекеттігіміздің тұлғасы, тәуелсіздігіміздің тұғыры. Аңызақ желге, сылдырлап аққан бұлақ суына құлақ тоссаң, бабалар үнін естисің,  қобыз бен домбыра күйіне құлақ салсаң тағы да бабалар үнін естисің. Тіл арқылы тереңде жатқан тарихтың тағылымын,  мәдениеттің,  әдебиеттің ұлағатын танисың.  Тіл- ар өлшемі. Тәлім-тәрбие тілден басталады.  Олай болса тілге құрметпен қарау-рухы мықты,  өткенімізді саралап,  болашағымызды болжай білетін ұрпақ тәрбиелеу.



презентация

Сабақтың ортасы

«Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда»

 

Дәстүрің – дәулетің, салтың – санаң, ғұрпың – ғұмырыңдемекші халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.

 

М.Әуезовтың «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол – тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз.

  




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді толғандырады.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті деп жатамыз.Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай?



презентация



Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Тоқта буллинг»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Тоқта буллинг

Құндылықты дарыту

толеранттылықты арттыру және оқушылардың тұлғааралық қатынастарындағы қақтығыстардың алдын алу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1 кезең. Ұйымдастырушылық сәт (жұмысқа деген көзқарас).

- Сәлеметсіздер ме балалар! Қараңызшы, бүгін қандай керемет күн! Сыртта күн жарқырап тұр! Біздің сыныпта шуақты көңіл-күй қалыптастырайық. Ал біз жетістікке жету үшін әріптесімізге немесе әріптесімізге бұрылып, оған ең жарқын күлімсіреп күлейік! Керемет! Қазір бізде де сырттағыдай жылы және шуақты.

Жылыту. "Сүйікті ісің".

- Біздің әрқайсымыздың сүйікті іс-әрекеттеріміз бар, бірақ кейде бұл адамдарды бір жылдан астам білсек те, досымыз емес адамдардың мүддесін білмейміз. Сыныптастарыңызға назар аударайық. Сөйлемді жалғастырыңыз: "Мен сүйемін...."

Әрбір қатысушы өз кезегінде немен айналысқанды ұнататынын айтады. Психолог әртүрлі қызығушылықтардың бар екеніне назар аударады.

2 кезең. Сабақтың тақырыбына кіріспе. Негізгі жұмыс – шығармашылық кезең.

- Балалар, енді мен сендерге ертегіден үзінді оқимын, ал сендер оның атын табасыңдар.

- Сонымен, бұл қандай ертегі? Әрине, бұл ұсқынсыз үйрек балапан туралы ертегі. Ал ары қарай не болғанын еске түсірейік.

Оқушылардың жауаптары.

- Бұл ертегі сіздің есіңізде өте жақсы сақталған. Дұрыс, үйрек балапан ренжіте бастады.

- Балалар, айтыңызшы, үйрекке деген сезіміңіз қандай? Сіз оны басқа құстардың шабуылынан қорғағыңыз келе ме? Сіздің ойыңызша, үйрек балапан неге ренжіді?

Балалардың жауаптары.

- Рас, ол осы құс ауласындағы басқа құстарға ұқсамайтын, ең бастысы, олар оны ұнатпайтын. Өкінішке орай, бұл құбылыс адамдар арасында да кездеседі. Бұл әсіресе балалар ұжымдарында жиі кездеседі. Балалар өздеріне ұнамайтын басқа балаларды да ренжітуі мүмкін. Тек осы балалар ғана өз әрекеттерінің маңыздылығын әрдайым түсіне бермейді. Олар жай ойнап, күліп, әзілдесіп жатырмыз деп ойлайды. Бірақ бұл мүлдем қызық емес. Атап айтқанда: адамды әдейі көзіне жас алып, оның заттарын алып кеткенде, жасырғанда және бүлдіргенде, итеріп жібергенде, шымшып, ұрып—соққанда, атын атап, мән-жайын ескермегенде, оны әдейі көзіне жас алып, дәйекті және жүйелі түрде мазақ еткенде - бұл "қорлау" деп аталады. Және бұл қабылданбайды.

Қорқыту – бұл ауру. Адамдарға емес, сыныптарға, компанияларға әсер ететін аурулар бар. Бұл адам қолын жумаса, инфекцияны жұқтыру және ауырып қалу қаупі бар сияқты. Егер сынып қарым-қатынастың тазалығын қадағаламаса, онда ол зорлық-зомбылықпен ауырады. Бұл жаман, қайғылы және бәріне зиянды. Кез келген ауруды емдеу керек. Дені сау, тату сынып болу үшін бірге емделейік.

Мен сізге "қорқыту" деп аталатын сынып ауруына қосқан жеке үлесіңізді бағалауды ұсынамын.

Бір ұпай берсін "мен бұған ешқашан қатыспаймын" дегенді білдіреді, екі ұпай — "мен кейде қосыламын, бірақ кейін өкінемін", үш ұпай — "мен уладым, қорладым және улаймын; бұл керемет".

-Өзіңе қанша ұпай қоятыныңды саусақтарыңмен көрсет.

(Балалар өздерін бағалайды)

- Сіздердің ешқайсыларыңыз қорлауды жақсы және дұрыс деп санамайтындарыңызға қандай қуаныштымын. Тіпті мұны істегендер кейін өкінетін. Бұл керемет, демек, біздің сыныпты емдеу бізге қиын болмайды.

Бұл ертегіні оқығанда, әдетте, біз басты кейіпкер, үйрек балапан туралы ойлаймыз. Біз оны аяймыз. Біз оның тағдырына шынайы қызығушылықпен және шиеленіспен қараймыз, жанашырлық танытамыз және алаңдаймыз. Бірақ қазір құс ауласындағы тауықтар мен үйректер туралы ойланғанымызды қалаймын. Үйрек балапанмен болашақта бәрі жақсы болады. Ол аққулармен бірге ұшып кетеді. Ал олар? Олар мылқау және жауыз болып қала береді, жанашырлық таныта алмайды, өкінішке орай, ұша алмайды. Сыныпта жағдай туындаған кезде, құс ауласында болған жағдай сияқты, әркім өз орнын анықтауы керек: бұл әңгімеде ол кім? Араларыңызда мылқау, жауыз тауық болғыс




презентация

Сабақтың ортасы

Мен сізге барлығы ұстанатын ережелер жинағын жазып алуды ұсынамын.

  • Біздің жұдырықпен қарым-қатынасымыз анықталмайды.

  • Бір-бірін қорлауға болмайды.

  • Екеуі төбелесіп жатқанда немқұрайлы қарамаңыз. Олар ажыратылады.

  • Басқалардың кемшіліктеріне күлмеңіз.

  • Басқа адамдардың заттарын бүлдірмеңіз.....

- Енді әркім ережеге сәйкес куәлік және оларды сақтауға келісім ретінде өз қолын қойсын. Біз бұл ережелерді сыныпта іліп қоямыз және оларды есте сақтаймыз. Ақыр соңында, сіз әлемді тек ақ немесе қара, жақсы немесе жаман деп бөле алмайсыз, әлемде көптеген реңктер бар, сондықтан әр адамның бойында жағымды және жағымсыз қасиеттер болады. Бірақ егер біз бір-бірімізге төзімділік, сезімталдық, мейірімділік танытсақ, бізге ұқсамайтындармен де ортақ тіл табу оңай.

Бүгін бірге толеранттылық ағашын өсірейік, ол адамдарға қандай қасиеттер жағымды қарым-қатынас жасауға көмектесетінін еске салады.

Сенде бар стикерлер – ағаш жапырақтары, онда сіз адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін қасиеттерді жаза аласыз, ал менің тақтада толеранттылық ағашының діңі бар (балалар парақшаларды жазып, жапсырады, сосын оқиды).

Рефлексия:

- Сабақта сізге не ұнады?

- Сабақтағы қарым-қатынасымыздан сіз өзіңіз үшін не ала аласыз?

- Бір сөзбен айтқанда, сабақ барысындағы жағдайыңызды бағалаңыз?




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

бұл ағаш сізбен бірге қалады және адамдармен толерантты қарым-қатынаста сіздің жетістіктеріңіздің жаңа жемістері мен өркендері пайда болсын!

Сондай-ақ мен сізге арнайы ыдыс сыйлағым келеді. Оның көмегімен біз "қорқыту есептегішін" енгіземіз — бүгінде зорлық-зомбылыққа ұқсайтын нәрсені көрген кез келген адам оған қиыршық тас қоя алады. Малтатастардың саны бойынша біз қазіргі күннің алдыңғы күннен қаншалықты жақсы болғанын оңай анықтай аламыз.

3 кезең. Аяқтау.

"Әдемі күн үшін рахмет" жаттығуы

Нұсқаулық. Өтінемін, жалпы ортада тұрыңыз. Мен сіздерге достық сезімдер мен бір-бірімізге ризашылығымызды білдіруге көмектесетін кішігірім рәсімге қатысуды ұсынғым келеді. Біз кезек-кезек бір-бірімізге бұрылып, қол алысып, айтатын боламыз: "Жақсы күн үшін рахмет!”



презентация

















































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Зорлық қомбылыққа қарсымыз»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл










(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Зорлық зомбылыққа қарсымыз

Құндылықты дарыту

Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

оғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа.



презентация

Сабақтың ортасы

Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

  • Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

  • Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

  • Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

  • Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?

Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

ә) Балалар құқығын қорғау.

 7- тарау. Бала мен қоғам.

36- бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.

  1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

  2. Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

  3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немес жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

4- тарау. Бала және отбасы

22- бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызметі аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.

Зорлық –зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.

б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

(Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б)

3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы)

4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)

5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.)

6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан)

7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша)

8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап)

9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды.

(1948 ж 10- желтоқсан)




презентация














































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Кітап білім бұлағы»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл










(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Кітап білім бұлағы

Құндылықты дарыту

 Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру. Білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
2. Кітапты күтіп, таза, ұқыпты пайдалануға үйрету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме – оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.

Ұқыпты оқушы.
Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын
Таза болсын беттері - сызылмасын.
Көрген кісі кітабы кір демесін.

Жұмбақтар:
Қабат - қабат қатталған, 
Асыл сөзбен апталған. 
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.

Мақал - мәтел



Ақыл азбайды, 
Білім тозбайды. 

Артық ғылым кітабы
Ерінбей оқып көруге.

Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.




„Кітап – сенің досың“ қойылым

Тақпақтар:



Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.

Іздегенде табылады,
Ғылым жұмбақ, тау сындас.
Білім өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас.
Келесі кезекті тақпаққа береміз.




презентация

Сабақтың ортасы

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

«Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. «Өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітапқа арналады. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. 
Кітапта алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы 
Кітабыңның әр бетін,-деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. 




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Кітап туралы тақпақтарын тыңдау

- Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер? 
Кітап түрлерімен таныстыру. Қызыл кітап Қазақстандағы азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді жазады, қазақ ертегі кітабы, арнайы оқулықтар, ұлы ғұламалардың өмір баяны туралы т.б түрлері өте көп. 

Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.

Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. 

- Ей, бауырым тұрсаңшы! 
(Ата тілі) - Біз қайда келдік өзі? 
(Қазақ тілі) – Ой, мазамды алмашы. 
(Математика) - Өйткен тірлігі бар болсын. Оданда парақтарымның жыртылып желге ұшып кеткені дұрыс еді ғой? 
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің осындай күйге түскен. 
- Ой, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің.
 
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен ішім түтін. Ата тілімін ғой. Мені басып шығару үшін қаншама адам еңбек етті. Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым ғой.
 
- Бәрімізде сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
 
- Мен ше, мен Сотқарбай деген баланың кітабымын. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, апасы да, ағасы да қой демеді ғой, шіркін!
 
- Е онда мұңдас болдық қой, достым. Мені де Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді, бетімді, сызып шимайлайды ғой.
 
- Әр оқушы өз кітапбына ұқыпты болса ғой әттең. әрине әдепті балалар көп. Мысалы менің бір досым бар. Ол екеуміз бір парталас болдық. Оқушы деп соның иесін айт! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
 
- Иә, енді алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін, осы екеуміздің мұңымызды естіген балалар болашақта кітаптарын таза, жыртпай ұстайтын шығар деп үміттенемін.
 
- Иә, достар кітап, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.

Кітап туралы ой-толғаныстар 
1-топ: Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тынбайды.
 
2-топ: Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
 
3-топ: Кітап-ең сабырлы ұстаз.
 
Хормен: Кітап-рухани қазынамыз



презентация


































Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Әдептілік тәрбие бастауы»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әдептілік тәрбие бастауы


Құндылықты дарыту

Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Бүгінгі 7 сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Әдептілік және адамгершілік»

атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің тәрбие сағатымызға ұстаздарымыз және де қонақтар қатысып отыр. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» деп бабаларымыз айтып кеткен екен, олай болса барша қонақтарымызбен амандасып алайық! Сәлемдесе отырып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны:

-Денің сау болсын!

-Ұқыпты бол!

-Батыл бол!

-Кішіпейіл бол!

-Ізетті бол!

-Әдепті бол!

-Ақылды бол!

-Білімді бол!

-Сүйкімді бол!

-Қазақтың баласы бол!

-Отаныңның баласы бол!

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

Өнерлі бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Ұстаздар, білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегендеріңіз үшін рахмет!

Мұғалім:

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралатындығына сенім білдіремін!

-Енді, бүгін біздің жиналу себебіміз-мектебімізге еліміздің шалғай Шығысындағы Әдептілік қаласында тұратын Адамгершілік атамыздан хат келді. Хатты оқып берейін:

-Қымбатты, Қосарал орта мектебі! Менің қаламда әдепті балалар арасында сайыс өткелі жатыр! Сол сайысқа қатысуға бәрінен де әдепті, тәрбиелі, тәртіпті оқушыларыңызды шақырамын! –депті.

- Әдептіліктің тағы бір бастауы – ол Имандылық. Имандылық адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.

- Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.





- Иманы берік адам-Отанын ешқашан сатпайды. Отанға адалдық-Имандылықтың белгісі.



презентация

Сабақтың ортасы

-Ұқыптының тоны тозбас

............................................

(ұқыпсыздың ісі оңбас)

-Әдептілік белгісі

..............................

(Иіліп сәлем бергені)

-Сәлем түзелмей,

............................

(Әлем түзелмейді)

-Аға әдепті болса

................................ (іні әдепті)

-Әдепті бала ата-анасын мақтатар

........................................................

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

-Ана әдепті болса

...............................

(қызы әдепті)



Оқушылар жалғастырады


Адам болам десеңіз.

Shape15 Shape14 Shape13


Бес асыл іс бес дұшпан іс

Талап Өсек

Еңбек Өтірік

Терең ой Мақтаншақ

Қанағат Еріншек

Рахым Мал шашпақ


  1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.


  1. Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.


  1. Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды.

  2. Жақсымен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп


  1. Адалдық-өмірден қымбат.


  1. Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан!

Ынсап, рақым, ар-ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағанннан.


  1. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.

  2. Қарапайымдылық - жасыл алқап,

Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.


  1. Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.


  1. Жақсы кісі көрінер жыл құсындай

Жаман адам балтаның ұңғысындай


  1. Жаман адам өзі бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Оқушылар Әдептілік адамгершілік тақырыбында постер қорғайды

-Оқушылар тыйым сөздерді рет-ретімен айтып шығады.

  1. Дастарқанды, тамақты баспа.

  2. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

  3. Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.

  4. Үй айнала жүгірме.

  5. Малды, ыдысты, тамақты теппе.

  6. Көкті жұлма, шашыңды жұлма.

  7. Босағаны керме, құшақтама.

  8. Табалдырықты баспа, отырма.

  9. Үйді сабама, малды басқа сабама.

  10. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.

  11. Адамға пышақ, мылтық кезенбе.



презентация
















Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Кітап сарқылмас бұлақ»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл











(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Кітап сарқылмас бұлақ

Құндылықты дарыту



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Салеметсіздер ме құрметті оқушылар . Бүгінгі сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастағым келіп тұр .

Балалар , бұл жол басы даналыққа

Келіңдер , түсіп байқап , қаралық па ?!

Бұл жолмен бара жатқан өздеріңіздей көп .

Соларды көре тұра , қалалық па ?!

Даналық – өшпес жарық , кетпес байлық ,

Жүріңіздер , іздеп тауып алалық та ?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген машықкер кіреді ).

Мұғалім : Балалар енді біз бәріміз бірігіп бүгінгі сабағымыздың қонағы Кітап

мырзаны ортаға шақырайық . (Балалармен бірге Кітапты шақыру)

Кітап : Сәлеметсізде ме сүйімді балақайлар . Сендерге қонаққа келгеніме өте

қуаныштымын. Балалар мен бүгінгі сабақтан кейін сендермен дос болып

қайтатыныма сенімдімін !

Мұғалім : Қош келдіңіз , қымбатты досымыз – кітап . Жоғары шығыңыз .

(Кітапты төрге отырғызу ) .

Мұғалім : Балалар бүгінгі сабағымызды бастайық . Қазір мен сендерге бірнеше

жұмбақ жасырамын , ал сендер сол жұмбақтың шешімін тауып

алуларын керек .

  1. Үндемес серік , ақылы берік ( кітап )

  2. Қабат – қабат қаптама , ақылың болса аттама . ( кітап )

  3. Бір ғажап бар , тілі жоқ , сөйлесем десең міні жоқ ( кітап )

(Оқушылар жұмбақтарды шешеді )

  • Жарайсыңдар ! Жұмбақтарды тез әрі дұрыс шештіндер . Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын . Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ . Балалар , кім біледі! « Кітап » деген сөз қайдан шыққан? Қандай мағына береді ? Кітап туралы не білесіздер?

( Оқушылардың жауаптарын тыңдау )

Кітап сөзі , « жазба » , ал түрікше «дәптер » , « мерзімді баспасөз

басылымы» деген сөз.

Кітап өмір айнасы , заман сыры , тарих шежіресі , оқу , тәрбие құралы .

Ежелгі заманда кітаптың түр түрі болған . Қазір біздің қонағымыз Кітап

бізді кітаптардың шығу тарихына байланысты шағын саяхатқа апарады.Кітап : Ал , балалар саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма ? Онда назарларыңызды

тақтаға аударыныздар .

( презентация көрсету)

Кітап :

1 слайд : « Папирус » кітабы .

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады . Кітап « Папирус » деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып , жұмыр таякшаларға шиыршықтап оралды .

2 слайд : « Пергамент » кітабы .

3 слайд : Кітап басу цехы .

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды . Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты .

Мұғалім : Құрметті Кітап мәліметіңіз үшін үлкен рақмет . Балала сендерге

Кітаптың шығу тарихына байланысты шағын саяхат ұнады ма ?

( балалардың жауаптары)

Жағдаятты шешу :

Мұғалім : Енді балалар келесі тапсырманы шешуге кірісейік . Қазір мен

сендерге бі тапсырманы оқып шығамын , ал сендер сол тақырыпқа

байланысты өз ой – пікірлерінізбен бөлінесіздер . Жарай ма ?

Жақсы . Ендеше назарларыңызды тақтаға аударып , мұқият

тыңданыздар .

  • Тақтада екі кітап көрсетілген . Оның бірі жана , ал екіншісі ескі , кір , парақтары жыртылып майысқан . Осы екі кітаптың қайсысына жаныңыз ашиды ? Не себептен? Қалай ойлайсындар оқулықтын қай жері ауырады? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған ? Ол оқушыға ризасындар ма ?

(оқушылардың жауаптары)




презентация

Сабақтың ортасы

 Балалар сендер Қостанай каласындағы кітапханаларды білесіндер ме?

(оқушылардың жауаптары)

Мұғалім : Балалар , кітаптарда ауырады екен . Сол зиянды болддырмау үшін

бір неше ереже бар екен . Қазір мен сендерді сол ережелермен

таныстырамын .

Есіңе сақта!

  1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын естерінен шығармандар .

  2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек.

  3. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.

  4. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

  5. Кітап бетіне сурет салма

Мұғалім : Балалар осы ережелерді сақтауға уәде бересіңдер ме ?

(оқушылардың жауаптары)

Мұғалім : Жақсы . Ал енді балалар ,біздің қонағымыз Кітап мырзаға ұлы

ғұлама ақын - жазушыларымыздың кітап туралы жазған қандай

нақыл сөздерін білетіндерінді көрсетейік.

  1. Кітап – таусылмайтын қазына

  2. Кітап –білім бұлағы

Білім өмір шырағы

  1. Кітап – алтын қазна

  2. Өнерлігі нұр жауар

  3. Білім тозбайды ,

Ақыл озбайды .

  1. Оқусыз білім жоқ ,

Білімсіз күнің жоқ .

Мұғалім : Балалар шаршаған шығарсыңдар . Ендеше бәріміз тұрып билеп

жіберейік .

Кітап : Керемет ! Сендер өте ақылды балалар екенсіздер . Мен сендерге өте

ризамын . Тағы қандай өнерлерін бар екен ?

Мұғалім : Біздің балалар өлен айтқанды ұнатады . Балалар сендер кітап туралы

өлеңдер білесіндер ме? Онда ортаға шығып сол өлендерінді бізге

айтып беріндер .

1-оқушы:Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күшін көңілдің

2-оқушы:

Айдыны шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.

3-оқушы:

Кітапта алма ағашы,

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Бәрекелді балалар ! Ақылына ақыл сұрамайтын асыл қазына – кітаппен

досықтарың үзілмесін. Кітап қадірін түсінетін балалар көбейе

берсін . Қонақ жайларыныз үшін үлкен рақмет . Кездескенше сау

болыңыздар . ( Кітаппен қоштасу )

Мұғалім : Қымбатты оқушылар !

Кітап сендердің сенімді достарың , өмірлік серіктерің . Кітап ең

сабырлы ұстаз. Сабағымызды Әлішер Науаи сөзімен аяқтағым

келеді .

Кітап – шебер ұстаз , тілсіз мұғалім .

Кітап – адал пейіл , асыл дос .

Кітап мұхит , сол мұхиттан не терең ?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем !



презентация










Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Ұлттық киім ұрпаққа мұра»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл





Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Ұлттық киімдер

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы білімін молайту, ұлттық киімдермен таныстыру
Дұрыс сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру
 Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың тарихына, салт - дәстүріне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Құндылықтарды дарыту


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Ұлттық киімдерге байланысты фотосуреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу  Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Психологиялық дайындық
2) Оқушыларды бүгінгі күнмен таныстыру
II. Өткен тақырыпты қайталау
Алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты қайталап пысықтау.

III. Жаңа сабақ
Балалар бүгін біз киім жайында оның ішінде Қазақтың ұлттық киімдері туралы өтіп олармен танысамыз. Киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын жасанды жамылғы, тұтыныс бұйымы. Қазақ халқының ұлттық киімдері өзіндік өзгешелікке толы. Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз. Біз бүгін олардың әрқайсысына жекелеп тоқталамыз.
Тақия - сәтен, шұға сияқты матадан кестелеп тігілген баскиім. Тақияның үлгілері көп: үкілі, оқалы, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б.
Қалпақ - ақ киізден қалың матадан тігілген, биік төбелі баскиім. Төбесі шошақ биіктеу етегі кең келген бұл баскиім күннің сәулесін, суық өткізбейді, жауын-шашыннан пана сәнді киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді.
Сәукеле - қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің, мәдениетімен шеберліктің озық үлгісі.
Кимешек - қазақ әйелдеріне тән. Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.
Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.
Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.
Жейде - түймелігі жоқ ішкиім. Алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады. Жейде қайырма жаға, тік жаға, қақпақ жағалы боп бөлінеді.

Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.
Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.
Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.
Жейде - түймелігі жоқ ішкиім. Алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады. Жейде қайырма жаға, тік жаға, қақпақ жағалы боп бөлінеді.
Камзол - орны ерекше, әрі жылулық, сәндік міндет атқаратын киім. Камзол астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындармен әшекейленген, бойтұмар қадап, әртүрлі әткеншектер ілген.
Саптама етік - қонышы ұзын, киіз байпақпен шалбардың балағын ішіне салып киетін етік. Оны ертеде қолдан иленген көңнен адамның аяғы мен тізе буынын суықтан бейімдеп киіз байпақтың сыртынан киген.
Мәсі - өкшесіз, жұмсақ, аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқкиім. Мұны көп жерлерде іш байпақ, іш етік, былғары байпақ, көзел, жұмсақ былғарыдан тігіледі.

Слайд











Сабақ басы (13 мин)












Сергіту жаттығу
Бойды бүкпей тік ұста
Оң қолыңды оң жаққа
Сол қолыңды сол жаққа
Дәл осылай қайтала

Оқушыларға киімдердің суретін көрсете отырып олардың атын жеке және хормен атату.
1) тақия
2) қалпақ
3) мәсі, саптама етік
4) жейде
5) кимешек
6) көйлек
7) камзол
8) шапан
9) ішік

Слайд

 











Ортасы (20 мин)


Кимешек» атты сөзжұмбақты шешу.

1. СәуКеле
2. КИім
3.Мәсі
4. ЖЕйде
.Шекпен
6. Тү йЕ[/b
7. Еш[]К
 і

1) Қызды ұзатқанда киетін аса қымбат бас киім
2) Денені суықтан сақтайтын, жасанды жамылғы тұтыныс бұйымын ата
3) Өкшесіз жұмсақ аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқ киім
4) Түймелігі жоқ іш киім.
5) Ұзындығы тізеден сәл төмен болып келетін, жеңінің ұшы саусақ ұшын жабатын ұлттық киім.
6) Қай түліктің жүнінен шекпен тоқып, шуда жіп алынған
7) Қай түліктің түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналып, шәлі, шұлық тоқыған

презентация

Соңы






Қазақтың ұлттық киімдерінің атын жаттап келу, сипаттама беру


Слайд













Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Ғарышкерлер күні»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл










Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Ғарыш қырандары

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

оқушыларға ғарышкерлер мейрамы туралы түсінік беру, Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар мен Талғаттың ерекшеліктерін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу; балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.


Бағалау критерийлері:


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған "Ғарышқа түрен салған қыран - қазақ!" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгін Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те көкке самғады. Осылайша Қазақстан ғарыш кіндігіне айналды.


I кезең: "Ғарышқа түрен салған қыран -қазақ!"

Мұғалім: Алпыс бірдің сәуірі адамзат баласын шырт ұйқысынан оятқан кеш болды. Оның алдында ғана әлі зерттелмей келген ғарыш кеңістігіне жердің жасанды серігі ұшырылған болатын. Енді, міне, аспанға адам ұшты. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімі бір сәтте жер бетіндегі адамдардың аузында жатталып қалды. Сол кезден бастап жер бетінде ғарышкер болғысы келетін балдырғандар қатары күрт көбейе түскен еді.

Аспанға ғарышкер ұшқан сайын "Ғарышкерлер қалашығы", "Жұлдызды қалашық" деген сөздер жиі естілетін, жанның бәрі шын жүректен құмартатын. "Байқоңыр" дегеннің қайда екенін Кеңес Одағының азаматтары жөнді біле де бермейтін, бәрі де жабық есік жағдайында, аса құпия түрде болды. Жасырын нысанның үстінен керек десеңіз құс та ұшыра алмайтынды.

Расында да "Миллиондаған жанның асқақ арманына айналған Байқоңыр қандай мекен өзі?" деген орынды сұрақ туындайды. Ал, шын мәнісінде, Байқоңырға барсаңыз, Төретамда болсаңыз, әсіресе жаз айында төбеңіз көкке екі елі тимей тұрғандай әсерге бөленетініңіз анық. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың былай дегені бар: "Қазіргі ғарыш айлағы орналасқан жерді сонау VII ғасырда түркінің даңқты философы, ақын әрі сазгер Қорқыт ата "жердің кіндігі" деп атаған. Сол сияқты ерте замандарда талай-талай керуен жолдары өткен киелі өңір. Сондықтан ғарышқа тұңғыш адамның дәл осы жерден ұшуы тегіннен-тегін емес!"

Расында да кезінде Циолковскийдің сұқ саусағы дәл осы жерге бекер шұқшиған жоқ. Әйтпесе Ресей Федерациясының ұланғайыр кең даласында осындай жер табылмады дейсің бе? Былайғы жұртқа ішкі сырын аша бермейтін Владимир Путиннің өзі де 2006 жылы Байкоңыр ғарыш айлағында болғанда "Әлемдік тарихтың ең бір ұлы кездері - жасанды жер серігінің, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, ашық ғарыш кеңістігіне шығу тәрізді қайталанбас оқиғалар осы жерден бастау алды" деп тебіреніп кеткен кезі бар.

Қазіргі уақытта жер жүзінде отызға тарта ғарыш айлағы бар. Байқоңыр соның бірі және бірегейі! Соңғы он бес жылда Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағы қызметінің барлық саласын реттейтін әрі дамытатын отыздан астам келісімшартқа қол қойылды. 2005 жылы Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанада "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге және "Байқоңыр" кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты ықпалдастықты одан әрі дамыту туралы меморандумдарға қол қойды. "Байқоңыр" кешенін Ресейге жалға беру 2050 жылға дейін ұзартылды. Бірақ қазақстандықтар бұдан былай қарапайым жал-ға берушінің рөлін ойнағысы келмеді. Ол жөнінде сол жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып Қасым-Жомарт Тоқаев та мәлімдеген еді.

Қазіргі кезде жер спутниктерін басқаруға Қазақстанның ғарыш саласындағы өз азаматтары тартылып отыр. Ғарыштық байланыс және навигация, баллистика, бағдарламалау және телеметрия саласы бойынша ең үздік деген мыңға жуық білікті маманның ішінен сен тұр, мен айтайын дерлік 35 адам іріктеліп алынды. Олар Ресейде оқып-үйрену курсынан өтуде. Қазірдің өзінде отандық операторлар соңынан от бүркіген зымырандарды басқару ісіне машықтанып үлгерді. Жер серіктерін ұшырып, оның жұмысын басқаруға казақтың маңдайы жарқыраған жігіттері сақадай сай отыр. Бұған қалайша қуанбайсың, қалайша марқаймайсың! Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың қатары толығатын күн де қашық емес.

Қазірде Ресейдің ғарышкерлер даярлайтын орталықтарында Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов деген екі қазақ азаматы дайындықтан өту үстінде. «Бұйырса, сол екеуінің бірі аспанға ұшып қалуы мүмкін»- деп 4 жыл бұрын айтылған еді. Иә, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерінің ұшуы 2013 жылдың күзіне жоспарланған. Қазақстандық М. Аймаханов пен А. Айымбетов оқуды 2003 жылдың маусымында Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында бастады. 2005 жылдың шілдесінде екеуі де "ғарышкер-сынақшы" мамандығын алып, қазір ғарышқа ұшқан қазақ ұлдарының қатарын көбейтуге толықтай әзір.

Осыған қарап қазақтың аз уақытта ғарыштық кеңістікке ғаламат құштарлықпен қадам жасауға ұмтылуда ұлтымызды жаңа сапалық белеске көтере түскенін еріксіз мойындайсыз. Бүгінгі таңда өркендеп өсудің жаңа бағыттарын ойластырған елдердің біразы ғарышқа көз тігіп отырғаны бар. Бұл ретте біздің де ғарыштық ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бет бұруымыз дұрысақ. Мұның өзі мемлекетіміздің қандай да болмасын күрделі міндеттерді шеше алуға қарымы да, қуаты да жетуге айналғанын айқын көрсетпек.

Өкінішке қарай, еліміздің «Каz-Sat» атты тұңғыш жер серігінің ұшырылуы аса сәтті бола қойған жоқ. Алайда "Жаңаның бәрі найзаның ұшында" дегендей, бұл аталмыш саладағы ғалым мамандарының алдағы зерттеулеріне сабақ болады әрі жігерлерінің туын еш жықпайды деп үміттенеміз.

Мемлекет басшысы алға қойып отырған бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін ғылымымыз қарышты дамуы керек. Ғарыш біле білсек ең күрделі ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл бағытта Үкіметіміздің де атқарып отырған жұмыстарын ескергеніміз жөн. Сол азаматтардың көмегімен шетелдерде оқып білім алып жатқан болашақ кадрларымыздың бар екендігін ескерсек, бізде алдыңғы күнге деген үмітіміз молая түсетіні рас.


II кезең: "Біз - ниеті ғарыштағы елміз"

1991 жылдың 2-қазаны әлі есімізде. Ел болып толқыған күн еді. Қазір қазақ ұлы ғарышқа ұшады. Тоқтар Әубәкіров! 5-сыныптағы 6 ұлдың 5-еуі осыдан кейін ғарышкер болуға бел байлаған. Байқоңырдан көк жүзіне сіңіп кеткен "Союз ТМ-13" кемесінің ізіне сағынышпен қара-а-а-а-ап қалған едік.

Құлағымыз ғарыш жаққа тігулі жүрді. Теледидардан жарқ ете қалған Тоқтар ағамыздың жүзіне қызыға қараймыз. Экранды сипап тілеуін тілейміз. Тоқтар ағамыздың ғарышта да көңілі көтеріңкі. Өзі талай құлағында ойнаған ұшақтың кішкентай макетін ауасыз кеңістікке жібере салып, соңынан күле қарайды. Енді бір сәтте борттағы басқа ғарышкерлермен әлденеге мәз болып, алақандарын шарт еткізе қағады. Әй, ырза болғанымыз-ай! Шынын айтқанда, сол күндері ғарышта Тоқтар ағамызбен бірге барлық қазақ жүрген еді. 8 күннен кейін қазақ ұлы ғарыштан аман-есен оралды! Кешкі жаңалықтардан көріп отырмыз; әуелі аспаннан формасы белгісіз бір зат көрінді де, жерге жақындағанда парашюті кенет жазылып қалықтай жөнелді! Ендігі бір кадр ғарышкерлерді көрсетті. Тоқтар ағамыздың жүзінде қатты шаршау бар, бірақ көзі!.. Иә, көзінде бақыт оты адаулап тұр! Оң қолын әнтек көтереді. Қаумалап, кабинадан түсіріп алып жатқандарға әлде ерекше ырзашылықпен, әлде Жер-Анаға табаны қайта тиетініне көңілі сенбейтіндей қимастықпен қарайды. Аяғы өзіне бағынар емес, Екі жағынан көтеріп әкеліп, қазақтың сайын даласына қойылған кресло-орындыққа отырғыза шыққан жаққа мойын бұрып әдемі жымиды! Біз теледидар алдында тұрып қол соқтық! Апаларымыз көзіне жас алды.

Содан бері 25 жыл өте шығыпты. Біз содан кейін де ғарышқа бірнеше рет жол салдық. Адам баласының қиялы жетпейтін биіктен өзі сонша қорғансыз, бірақ адамзатқа сонша қорған Жер-Анаға қазақ көзімен қарадық. Қазақ көңілі түскен жанға "Биіктен көрін" дейді. 25 жылда ел ретінде ғарышқа самғай алдық па? Биіктен көріне алдық па? Міне, әңгіме осында. Ұлттың ұлт екенін, елдің ел екенін танытатын атаулы күндер болады. Соның бірі - осы 2-қазан. Ғарышқа топырлатып қыран ұшырып жатқан ел емеспіз. Сондықтан сенатор Ғани Қасымовтың көтерген бастамасын, яғни 2-қазанды «Қазакстанның ғарыш күні» деп атауға толық қосыламыз.

Ш кезең: "Арманы айға ұшырған азамат"

Біз қазақтан тұңғыш шыққан ғарышкер туралы не білеміз?

27-шілде 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Май ауылында дүниеге келген Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровты ұшқыш болады деп ешкім ойламаған еді. Жасқа толмай жатып әкесі өмірден озды. Ол он жасында-ақ винтовка жасап, бесінші сыныпта сүңгір қайық жасауға әрекеттенеді. Қалайда әкесінің атына жаман сөз ергізуді қаламаған бала Тоқтар өзіне талапты қатаң қоятын. Авиация туралы оқулықтарды көп оқып, қолдан ұшатын модельдер жасаған еді.

Тоқтардың ұшқыш-сынақшы мектебінен дәріс алуына Дінмұхамед Қонаев атамыз өз үлесін қосты. Сөйтіп, авиация өнеркәсібі министрлігіне ауысты. Бірақ Тоқтар оны да місе тұтпады. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде жүріп ұшаққа екі рет май құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен аяқтады. Кеңес Одағының Батыры атанды.

Кеме жер төңірегіндегі "Мир" кешенімен түйісті. Онда бірге ұшқан ғарышкерлермен биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша және Арал аймағына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы, оның зияндыларының ғарыштық суреттері алынды, атмосфераны және жер бетін зерттеу жүргізілді, жұлдызды аспанға бақылау жасалды. Осы зерттеулер арқылы ғалымдар, мамандар түрлі болжамдар жасады.

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ізбасарлары Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов бүгінде Мәскеудегі Жұлдызды қалашықта дайындық үстінде. Алғашқы ғарышкерлердің де, болашақ ғарышкерлердің де бала күнгі арманы өмірлік мақсатына айналса деген тілек білдіреміз.


IV кезең: "Ғарышты игерудің пайдасы бар ма?"

Қазір адамзат өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12-сәуірінде Ю. Гагарин алғаш ұшқанда ешкім де дәл бүгінгідей бәрі мобильді, бәрін де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететінін ойламаған болар. Ғарыш өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейік. Ол үшін ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктілігі бақылануға тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пікірді мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзімен түйіндесек: "Чехияда іссапарда болдым. Олардың бос жатқан жерін көріп, неге игермейтінін сұрадым. Сонда олар "Біздер, Еуропа елдері, белгілі бір дақыл түрлерін ғана отырғызамыз деген келісімшартқа отырдық. Бұл жер - игерілмеуге тиіс жер, сол үшін де ақы төлейді" деді. Қызық көріп: "Сіздерді қайдан біледі? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?" деп сұрағанымда: "Бәрі ғарыштан бақыланады" деді. Демек, дамыған елдер бір-бірімен бәсекелес болмас үшін шектеу қойған. Егер еккен өнім өтпей қалса, ысырап болады. "Міне, ғарыштың пайдасы" дейді М.Әбенов. Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.


V кезең: "Жадыңда жүрсін"

  • 4-қазан, 1957 жыл. Әлемде алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылды.

  • 3-қараша, 1957 жылы тұңғыш рет Лайка атты ит ғарышқа сапар шекті.

  • 2-қаңтар, 1959 жыл. Екінші ғарыштық жылдамдықпен "Луна-1" атты жер серігі ұшырылды.

  • 12-сәуір, 1961 жыл. Адамзаттың бірінші рет ғарышқа ұшуы. "Восток" орбиталық ғарыш кемесінде Юрий Гагарин ұшты.

  • 16-шілде, 1963 жыл. Әйел адамның бірінші рет ашық ғарыш кеңістігіне сапары. Тұңғыш әйел ғарышкер - В.В.Терешкова.

  • 18-наурыз, 1965 жыл. А.А. Леонов бірінші рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты.

  • 1969 жыл. Ай бетіне алғаш адамдар қонды. Олар - Н. Армстонг, Э, Олдрин, М. Комид.

  • 1988 жыл. Бірнеше рет пайдалануға арналған ғарыш аппараты "Боранның" ұшырылуы.



Қоры

тынды

10 мин


Отандық жер серігі туралы не айтамыз? Жақында Ұлттық Ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев баспасөз қызметкерлерімен өткізген жиында не деген екен?

Жер серігі байланыс жүйесі өте тиімді. Алдағы жылы 100 миллион, одан кейінгі 200 миллиондай АҚШ доллары игерілмекші. Мұндай қомақты қаржының бөлінуі қазақстандық Ұлттық Ғарыш агенттігін әлемдегі ғарыш кеңістігін игеруші ондықтың қатарына қосады.



























Мектеп атауы













Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Әкелер күні»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл









Әке отбасының діңгегі

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Әке отбасының діңгегі

Мақсаттары

Отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты     нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту. Оқушылардың бойында ата-аналарға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Ата-ананың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Әке көрген оқ жонар,Шеше көрген тон пішер. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық.
Әке-шаңырақтың негізгі тірегі.

Жаманнан жақсы туады,жақсыдан жаман туады-адам айтса нанғысыз.Әке-балаға сыншы.

барысы:
1.Сұрақтар
а) Немерені жақсы көретін адам
б) ..... білім бұлағы
в)Теңіз көлігі
2.(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)
«Әке» деген сөз қандай жақын,қандай ыстық десеңші!.Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат,ең қымбат адамым ол-сіз менің сүйікті әкешім.Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз.Мен сізден көп тәрбие алдым.Сіздің бақытты аман-сау болуыңызды тілеймін.


Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар.сол тағдырдың басты себепкері- біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам,ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да,әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.



презентация

Сабақтың ортасы

Постер қорғау

«Әке мен бала әңгімесі»
Баласы: – әке, маған сұрақ қойыңызшы.
әкесі:  – Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Баласы: әке, үйдің алтын қазығы – бала.
әкесі: – Жоқ, балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
Әкесі – Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Баласы: – әке, жоқты бар, ашты тоқ ететін – мейірімді әке.
әкесі: – Жоқ, балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жаны бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Әкесі:- Ал, балам, өмір сүру үшін не қажет?
Баласы: -Әке, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет.
Әкесі: – Жоқ, балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді, от – өмірге жалын береді, тұз – астың дәмін келтіреді, қыз – өмірдің сәнін келтіреді, ақыл – өмірдің мәнін келтіреді.
Мақал-мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек (Бүқар жырау).
Әкелі жетім анық жетім,
Шешелі жетім жарым жетім.
Әкесі бардың арысы бар
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.



презентация












Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Табиғатты аялайық»

Мақсаттары

Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап ,қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Табиғат болмаса біз ауасыз, сусыз, тамақсыз өмір сүре алмас едік. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес. Әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек

Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.


1-топ. «Алтын күн». Ұраны: Күн шуағын сүйеміз,

                                                 Жадыраймыз  күлеміз.

2-топ. «Таза  ауа». Ұраны: Таза ауамен  терең тыныс  алайық,

                                             Денемізді шынықтырып қалайық.

3-топ. Табиғат». Ұраны: Табиғаттан  нәр алған ғой  жанымыз,

                                             Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.






презентация

Сабақтың ортасы

Әдіс-тәсіл шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып қағаздарға жазылған сөздер әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.

1.Көктемде ең алғаш көктейтін өсімдік түрі? (Бәйшешек,қызғалдақ)

2. Ұлудың тісі қай жерде орналасқан? (тілінде)

3.Дүниедегі ең кішкентай құс?(Колибри)

4.Өсімдіктердің топтарын ата(ағаш,бұта,шөп)

5.Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді?Қандай?

6.Ауру таратушы зиянды бунақденелілер?(Шыбын,бүрге,кандала)

1.Күн көзіне тіке қарай алатын қырағы құс?(Бүркіт)

2. Төрт тізесі бар жалғыз жануар(Піл).
3.
Қай құс адамша сөйлей алады?(тотықұс)
4.
қай құстар ұшып жүріп ұйықтайды екен (қарлығаш)

5.Жанғыш пайдалы қазбалар?(Мұнай,газ,тас көмір)

6. Киелі құсты ата(Аққу)


«Табиғатпен біргеміз!»

(Сурет қиындыларын құрастырып, тақтаға ілу).

Суреттер-күн, бұлт, өзен, тау, ағаштар, гүлдер, көбелектер, шөптер, малдар, құстар,…).

Осы суреттерден тамаша табиғат көрінісін түсірейік.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін тер төгейік.

Табиғатқа байланысты ақын-жазушыларымыздың қандай өлеңдерін білеміз? Қанекей кім айтады?



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.





«Ойна да ойлан» мазайка құрастыру және оны қорғау

(Екі топқа тақырыпқа сай сурет беріледі ,қай топ тез әрі ұқыпты құраса сол топ бірінші болып қорғау құқығын алады)



презентация














Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

7 мамыр Отан Қорғаушылар күні

Мақсаттары

Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!


Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:

...Жердің аман тұрғандығы,

Сол намысқой еркектердің арқасы...

Немесе

...Қайғы келсе жеңілмейтін,

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.



презентация

Сабақтың ортасы

   Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрақтым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым! дей келе кезекті қызықты ойынға берсек


Ендігі кезекте  викториналық сұрақтар.

Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан

Бас қаламыз қай қала?- Астана

Рәміздерімізді кім біледі?

Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?

Біздің гимнің авторлары кім?

Республикасының Қорғаныс министрлігі)

Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)

Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан

Күш сынаспақ 

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 


Көтермек 

Ортаға екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. 
Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. 



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер



 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.





ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындалған «Жігіттің тоғыз жауы » атты ескертпелерін тыңдаңыздар.

Жігіттің тоғыз жауы?

Басты  жауың жалқаулық,

Сорлататын жаныңды.

Осалдығың аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.


 


Жасқаншақ болсаң ұры алар,

Қоралап қойған малыңды.

Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балыңды.

Өтірік айтсаң өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

Өсек терсең телмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.


Көпірме босқа мақтан қып

Түкке тұрмас барыңды.


Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.


Біреуді алдап арбаумен,

Аша алмайсың бағыңды.

Источник: https://www.tarbie.kz/29490


презентация























Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Отбасы күні

Құндылық


Мақсаттары

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін      түсіндіру, бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу, ата- аналары балаларының бойына сіңірген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы  ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық  даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан да әке де, ана да балаларының жан дүниесіне  үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.  Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.


«Біздің жанұя»

    Қоғамда жанұяның төрт типі  болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?(ойлануға болады)

1.     Әмірлі (авторитарлық)

2.     Демократиялық (егемендік)

3.     Бетімен жіберушілік

4.     Рақымшыл жанұя

    Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. )

Тәрбиеге  байланысты айтылған сөйлемді аяқтап жазу.Оқушыларға бірге аяқтап жазуға болады. (Үш топқа парақшалар таратылады

1.     Егер баланы үнемі сынап отырса……….

(оқуға құлқы болмайды)

2.     Балаға үнемі күлсе……………………………

(бұйығы болып өседі)

3.     Баланы қолдап отырса……………………….

(білімге деген ынтасы артады)



1.     Балаға сенім артса………………………..

(өз ісіне сенімді болады)

2.     Бала төзімділікте өссе……………………

(адал болып жетіледі)

3.     Бала қауіпсіз жағдайда өссе……………

(ертеңіне сенімді болады)


1.     Бала кекшілдікте өссе……………………..

(ол қатыгез болып өседі)

2.     Бала адалдықта өссе………………………

(әділ болып жетіледі)

3.     Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе………..

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)



Сабақтың ортасы

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді.
Әсіресе,”Түп қазығың

- Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала)

Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)

Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)



Сабақтың соңы

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ