Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
2024-2025 оқу жылындағы Тәрбие жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры Директордың тәрбие ісі
Тентекматаева Л.Қ жөніндегі орынбасары
Есымжанова Г.С
____________
«___» ____________ 2024 ж.
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп
2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру мақсатында сыныптың тәрбие жұмыс жоспары
Сыныбы: 9 Б
Сынып жетекшісі: Капыраш Мейрамгул
2024-2025 оқу жылы
КІРІСПЕ
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.
Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.
Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру-адамның моральдық азуына, қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.
Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.
Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.
Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.
Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз уақыт ішінде әлемдік қоғамдастыққа толық құқылы және беделді мүше болды, әлемдік экономикалық және мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады. Қазақстандық жастар жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, өзара ақпараттық және мәдени алмасудың белсенді қатысушысы болды. Қазіргі қазақстандық балаларда, жастар ортасында сапалы білім алу уәжінің өсуі, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік, мәдениетаралық қарым-қатынастың артуы, әлеуметтік белсенділігін жандандыру сияқты жаңа позитивті трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне, халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр.
Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.
Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы-С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады. Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына (бұдан әрі - АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде аналог жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.
Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.
Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-позитивті бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.
Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:
- балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;
-
қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;
-
еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;
-
отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;
-
Мектеп жасындағы қыз балалардың ерте жастан жүктіліктің алдын-алу;
-
әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, діни секталарға қатысу және т.б.
ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид себебінен болған өлім-жітім көрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.
Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес.
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тек тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды.
Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгілері тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғы шарттары қалыптасты.
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар
мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
-
Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның
қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға
ықпал ету. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан
Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
-
Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге,
бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
-
Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-
қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
-
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін
уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету,жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның
өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
7.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа
зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
-
Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
-
Рухани-адамгершілік тәрбие
-
Ұлттық тәрбие
-
Отбасылық тәрбиесі
-
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
-
Көпмәдениетті және руханият бастауы- көркем-эстетикалық тәрбие
-
Интелектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
-
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
І. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаттары:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға; ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына; заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
1 |
1-қыркүйек «Тәуелсіздік жетістіктері» |
Алғашқы сабақ |
Сынып жетекші |
01.09.21 |
2 |
Мен, менің міндеттерім және құқығым |
Іскерлік ойын, сұрақ - жауап |
Сынып жетекші |
03.12.2021 |
3 |
16 желтоқсан. Тәуелсіздік күні. «Сақтайтын тарихы мен әдеп салтын, самғай бер, биіктерге ұлы халқым» |
Тәрбилік шара |
Сынып жетекші |
10.12.21 |
4 |
9 мамыр. Жеңіс күні. «Ұлы жеңіс жолында» |
Тәрбиелік шара |
Сынып жетекші |
6.05.2022 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет: Еліміздің тарихи құндылықтарын бағалау қабілеттілігін арттыру. Отанды қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру. Нәтижесінде: Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін ат салысады, құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қалыптасады. |
ІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаттары:
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
Мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына; діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне;өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру.
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
5 |
«Қарттарым – асыл қазынам» |
Сынып сағаты |
Сынып жетекші |
17.09.21 |
6 |
1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай Елі сүйген, елін сүйген Елбасы |
Тәрбиелік шара |
Сынып жетекші |
26.11.21 |
7 |
«Ерлік – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» |
Сынып сағаты |
Сынып жетекші |
25.02.2022 |
8 |
Саяси қуғын - сүргін құрбандарды еске алу күні. |
Баяндама, түсіндіру |
Сынып жетекші. |
20.05.2022 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Оқушылардың адамгершілік міндеттерін , қарым- қатынас мәдениетін қалыптастыру . Нәтижесінде: Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықтарын сақтауға , әр істе сабырлы болуға үйренеді. |
ІІІ. Ұлттық тәрбие
Мақсаттары:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстаның этномәдениетіне;этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
9 |
«Туған тіл – сатылмайтын байлық» |
түсіндіру |
Сынып жетекшісі |
17.09.2021 |
10 |
«Қош келдің –әз Наурыз» |
Тәрбие сағаты |
Сынып жетекшісі |
11.03.2021 |
11 |
1 Мамыр –Қазақстан бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» |
Сынып сағаты |
Сынып жетекшісі |
13.05.2022 |
12 |
Рәміздерім, сен неткен маңызды едің! |
Тәрбиелік шара |
Сынып жетекші |
19.11.2021 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына, этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту. Нәтижесінде: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. |
IV. Отбасылық тәрбиесі
Мақсаттары: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға; адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
13 |
8 қыркүйек –Отбасы күні «Отан отбасынан басталады |
Сұрақ - жауап |
Ата – аналар, сынып жетекші |
24.09.2021 |
14 |
8 наурыз –халықаралық Әйелдер қыздар мерекесі «Қыз қылығымен ардақты» |
Тәрбие сағаты |
Сынып жетекші |
4.03.2022 |
15 |
15-мамыр – Халықаралық Отбасы күніне арналған ата-аналармен кездесу |
Дөңгелек үстел. |
Сынып жетекші Ата – ана |
22.04.2022 |
16 |
Тәрбие басы - отбасы |
сайыс |
Сынып жетекші ата - ана |
22.10.2021 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Өз туыстарыңның кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезіну. Ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру. Нәтижесінде: Жанұядағы ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас нығая түседі. |
V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаттары: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;кәсіби білім мен өнімді еңбекке;нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
17 |
«Еңбек етсең емерсің» |
әңгімелесу |
Сынып жетекші |
5.11.2021 |
18 |
«Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл» |
Сынып сағаты |
Сынып жетекші |
12.11.2021 |
19 |
Табиғаттың тарылтпайық тынысын |
Сынып сағаты Сұрақ - жауап |
Сынып жетекші |
08.10.2021 |
20 |
Мен өскенде кім болам? |
Әңгімелесу, пікір алмасу |
Сынып жетекші |
07.01.2022 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Күрделі әлеуметтік жағдайларда адам белсенділігін анықтайтын қиындықты жеңуге деген түрткі қалыптастыру Нәтижесінде: Еңбек қызметінің сан алуан түрлеріне жауапкершілікпен қарауға ұмтылады |
VI.Интелектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиесі
Мақсаттары: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына;өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге;Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;Интернет-сауаттылық қалыптастыруға;ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
|
21 |
Тәрбие психологиясы туралы ұғым |
баяндама |
Психолог сынып жетекші |
21.01.2022 |
|
22 |
Психологиялық тесттер |
Тесттер өткізу |
Психолог сынып жетекші |
11.02.2022 |
|
23 |
Оқуға құштар мектеп «Кітап сарқылмас рухани қазына» |
Кітапханаға саяхат |
Кітапханашы Сынып жетекші |
4.02.2022 |
|
24 |
Мақал сөздің мәйегі |
Танымдылық сайыс |
Сынып жетекші |
18.02.2022 |
|
25 |
|
«Мен кіммін?» оқушылар шығармашылықтары |
|
Сынып жетекші |
08.04.2022 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру. Нәтижесінде: Бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу, психометриялық және социметриялық тесттер мен әдістемелер, көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. |
VII. Көпмәдениеттік және руханият бастауы, көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаттары: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): толеранттық және ғаламдық пікірге;көпмәдениеттілік және көптілділікке;мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; мәдениетаралық әрекетке;қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына;қарым-қатынас мәдениетіне; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық- эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
26 |
«Ұстаз- мектептің жүрегі» |
Тәрбиелік шара |
Сынып жетекші |
1.10.2021 |
27 |
«Қош келдің – «Жаңа жыл» |
Мектепшілік шара |
Сынып жетекшісі |
24.12.2021 |
28 |
« Ұлтымыздың ұлықты ұстазы» Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл |
Ой бөлісу |
Сынып жетекшісі |
15.10.2021 |
29 |
Мұражайға саяхат |
саяхат |
Сынып жетекші |
15.04.2022 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, Нәтижесінде: Тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. |
VIII. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаттары: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): денсаулық жағдайының скринингіне;әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа;қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.
Р/с |
Тәрбие жұмысының атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауаптылар |
Орындау мерзімі |
30 |
Салауаттылық – менің қалауым |
Жұмбақ шешу, дидактикалық ойын |
Дәрігер, сынып жетекші |
17.12.2021 |
31 |
Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз |
Мақал мәтелдер жарысы |
Дәрігер, сынып жетекші |
28.04.2022 |
32 |
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу |
баяндама |
Дәрігер, сынып жетекші |
13.01.2022 |
33 |
Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі |
Сынып сағаты |
Дәрігер, сынып жетекші |
23.09.2021 |
34 |
Жол жүру инспекторлары |
баяндама |
Сынып жетекші |
7.04.2022 |
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет : Теріс әсерлерге қарсы тұра алу , дене еңбегі психикалық әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру Нәтижесінде: Жастар бойына психикалық тұрақтылық және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салты дариды. келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату |