Материалдар / 20-30 жж. Қоғамдық саяси өмір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

20-30 жж. Қоғамдық саяси өмір

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
991
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні/Дата/ Date «Бекітемін»

_________________ Директордың ОІЖ орынбасары

___ М.Сисенгалиева

Пән/Предмет/Subject

Қазақстан тары


Топ/Группа/ Group126КC


Сабақ жоспары/ План урока/ Plan of the lesson

Сабақтың тақырыбы:

1920-1930 жж. Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

Тема урока: В 1929-1930 гг. общественно-политическая жизнь казахстана

Theme of the lesson: in 1929-1930. social and political life of Kazakhstan

Сабақтың мақсаты: Цели урока:

- 1929 -1931 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін, шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығын түсіндіру;

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Сабақтың әдісі: пікірлесу,  баяндау

Сабақтың көрнекілігі: слайд,

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы/ Ход занятия/Procedure of the lesson

І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттермен амандасу, түгендеу

Организационный момент

ІІ. Үй тапсырмасы сұрау:

Опрос домашнего задания

Тест. 
Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.) 
1. 1918 жылы маусымда Орынбрды алып, Қаз/ды Ресеймен байл/тын т/ж-ды кесіп тастаған әскери қолбасшы: 
а. Колчак в. Дутов с. Анненков д. Деникин 
2. Қазақстанда азамат соғысы басталған жыл: 
а. 20 маусым 1918 жыл в. 20 қазан 1918 жыл с. 31 мамыр 1918 жыл д. 31 шілде 1918 жыл 
3. Кеңестер Түркістан мен Қаз/да ... деп аталған әскери бөлімдер құрды. 
а. «Мұсылман бөлімдері» в. Ақ гвардия с. Қызыл гвардия д. Тау қырандары 
4. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күшпен жинау жарияланған жыл: 
а. 1918 жыл в. 1919 жыл с. 1920 жыл д. 1917 жыл 
5. Черкаск қорғанысы болған жер: 
а. Орынборда в. Солтүстік Қазақстанда с. Батыс Қазақстанда д. Жетісуда 
6. Ә.Жангелдин экспедициясы қару-жарақпен қандай майданды қамтамасыз етті? 
а. Ақтөбе майданы в. Түркістан майданы с. Орал майданы д. Жетісу майданы 
7. Азамат соғысы жылдарында қаза тапқан адамдар саны шамамен? 
а. 6 млн в. 10 млн с. 8 млн д. 4 млн 
8. Азамат соғысы жж/да Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман: 
а. Колчак в. Дутов с. Анненков д. Деникин 
9. 1927 жылы Семейде сот процесінде сотталған атаман: 
а. Колчак в. Дутов с. Анненков д. Деникин 
10. 5. Жетісуда Кеңес өкіметі үшін күресте үлкен роль атқарған оқиға Черкаск қорғанысы уақыты: 
а. 1918 жыл маусым - 1919 жыл қазан в. 1918 жыл шілде - 1919 жыл қараша 
с. 1918 жыл тамыз - 1919 жыл желтоқсан д. 1918 жыл мамыр - 1919 жыл қыркүйек 
11. 1920 ж. наурызда Семей облысының солтүстігі ақ гвардияшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан: 
а. Орал в. Жетісу с. Ақтөбе д. Шығыс 
12. Орал майданы жойылды: 
а. 1920 жыл 5 қаңтар в. 1920 жыл 1 сәуір с. 1917 жыл 25 қазан д. 1918 жыл 18 қаңтар 
13. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі ... сіңірген еңбегі зор: 
а. М.Дулатов в. Ә.Бөкейханов с. М.Шоқай д. А.Байтұрсынов 
14. 1919 ж. БОАК қаулысында азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметіне қарсы күрескен Алашорда мүшелері туралы не айтылды? 
а. амнистия жарияланды в. қамалға алу с. өлім жазасына кешу д. шетелге көшіру 
15. Жетісу майданы ққашан жойылды? 
а. 1920 жыл қаңтар в. 1920 жыл наурыз с. 1920 жыл ақпан д. 1920 жыл мамыр 
16. «Әскери коммунизм» саясаты жылдары: 
а. 1931-1934 жж. в. 1918-1921 жж. с. 1921-1929 жж. д. 1921-1925 жж. 
17. Әскери бөлімдерін құру істерімен айналысқан Дала өлкесінің төтенше комиссары: 
а. Ә.Жангелдин в. А.Иманов с. Б.Қаратаев д. Т.Әлиев 
Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі 
1. Қаз АКСР құру туралы декрет жарияланды? 
а. 1920 жыл 4 қазан в. 1920 жыл 20 тамыз с. 1920 жыл 9 наурыз д. 1920 жыл 5 желтоқсан 
2. Қашан және қайда ҚазАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды: 
а. 1925 ж. 25 тамыз, Қызлорда в. 1921 ж. 10 ақпан, Ташкент 
с. 1922 ж. 6 ақпан, Ақтөбе д. 1920 жыл 4 қазан, Орынбор 
3. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы: 
а. С.Сейфуллин в. С.Меңдешев с. А.Байтұрсынов д. Ә.Бөкейханов 
4. Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы: 
а. С.Пестковский в. А. Акушев с. В.Радус-Зенькович Д. А.Авдеев 
5. Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды: 
а. 1920 ж. 9 наурыз в. 1919 ж. 9 қаңтар с. 1920 ж. 4 қазан д. 1918 ж. 4 шілде 
6. Қазақ Революциялық Комитетінің (Казревком) органы болған басылым: 
а. «Қазақ» в. «Ұшқын» с. «Большевик» д. «Қызыл Сұнқар» 
7. Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы. (1920-1924 жж.) 
а. Алматы в. Семей с. Орынбор д. Қызылорда 

Аctivity 1



Құрылтай – Курултай- The Kurultai

 Кеңес Одағы - Советский Союз- Soviet Union

Әскери бөлім - Войсковая часть- Army part


ІІІ. Өткен білімдерін бекіту: (активити үш тілде): Активизация предыдущих знаний: (активити на трех языках)

Аctivity 2

  1. Қазан төңкерісі қашан болды? 
    2. Қазақстанда Кеңес билігі қандай екі жолмен орнады? 

1. Общие положения Когда произошла Октябрьская революция?

2. Каким образом царила советская власть в Казахстане?

1. General provisions When did the October revolution take place?

2. How was dominated by the Soviet power in Kazakhstan?


ΙV. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Объяснение нового материала:


1. 1931-1933 жылдардағы аштық.
2. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
3. Созақ көтерілісі.
4. Жетісудағы көтеріліс.
5. Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда округтеріндегі көтерілістер.
6. Маңғыстаудағы көтеріліс.

1. 1929-1930 жылдардың қысында жұт болды. 1931 жылы көктемде Алматыға жер-жерден аштық жөнінде мәліметтер келіп түсе бастады. Алайда өкмет оларды жоққа шығарып, әкімшілік қысымды қатайтты. Аштық пен қуғын- сүргіннің қысымымен қазақстар бүкіл ауыл болып шектес облыстарға, республикаларға көше бастады. Бірнеше жүз мың қазақ Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғаныстанға қоныс аударды. Нәтижесінде 1931-1933 жылдары аштықтан, суықтан, аурулардан 2,1 млн-дай қазақтар мен 200-250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.

2. Қазақстандағы өкімет орындарының саясатына деген наразылық 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды.

Шаруалар көтерілістері:

Көтеріліс болған уақыты

Көтеріліс қамтыған аумақ

Көтерілістің барысы

Нәтижесі

1929 жылы 27 қыркүйек

Сырдария округі, Бостандық ауданы.

Көтеріліс бүкіл ауданға тез тарап, 500-ге тарта мүшелері бар көтерілісшілер отряды құрылды. Оларға Қырғызстандағы  көтерілісшілер отряды қосылды.

Нашар қаруланған көтерілісшілер  жеңіліске ұшырады. 70-тен астамы өліп, көпшілігі тұтқынға түсті.

1929 жылы күзде

Қостанай округінде

1 қарашада басталып, Батпаққара ауданының орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін  талқандады, түрмедегі-лерді босатты. Қысқа мерзім ішінде 500-ге жуық отряд жиналғаны-мен он көтерілісшінің біреуін-де ғана ату құралы болды.

ОГПУ-дің қарулы отрядтары көтерілісшілерді талқандап, көтеріліс басып жанышталды. 200-дей адам тұтқындалды.

1930 жылы 12 ақпан

Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында

Ірі бой көтеру болды. Көтеріліске 5000-дай адам қатысты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл оқиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталады. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен 225 адамнан тұратын әскери топ жіберілді.

Көтеріліс сол жылы көктемде талқандалды. Көтеріліске қатысқандарды қуғындау 1938 жылға дейін жалғасты.

1930 жыл 27 наурыз

Жетісудағы Ақсу ауданында

200 көтерілісші Абакумовканы басып алды. Оларға Кеңес өкіметінің саясатына наразы жергілікті халықтың бір бөлігі қосылды. Келесі күні 40 адамдық қарулы отряд құрған Арасан елді мекенінің тұрғындары  көтерілісшілер жағына өтті. Орыстардан 40 адамнан тұратын көтерілісші-лердің жеке отряды құрылды..

ОГПУ отрядымен алғашқы шайқас 28 наурыз күні өтті. ОГПУ отряды жеңіліске ұшырады. Бірнеше күннен кейін арнайы жіберілген қызыл гвардияшылар отряды  көтерілісші-лерді Лепсі түбінде талқандады.

1930 жыл наурыз

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда

Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс болды. Көтеріліс басталған-нан партизан соғысының сипатында болып, жазалау-шылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік берме-ді. Халық қозғалысын басу үшін 8 атты әскер дивизиясы, ОГПУ отрядтары, милиция, комунистік отрядтар жіберілді. Өкімет қарусыз сарбаздарға қарсы 700 қылыш, 30 пулемет, зеңбірек, ұшақ, бронды техниканы пайдаланды.  Сондада көтерілісшілерді талқандай алмады.

Сәуірдің соңында бейбіт келіссөздер басталды. Көтерілісшілер мынандай талаптар ұсынды: Заңсыз тәркі-ленген малды қайтару Ұждан бостандығы; мешіттерді қайтару және дінге сенушілер-дің істеріне өкіметтің араласпауы. Тәркілеуге тиым сала-тын декрет жариялау; күштеп ұжымдасты-руды тоқтату; салық мөлшерін малдың санына қарай белгі-леу; малшылардан астық салығын алуды тоқтату.  Өкімет орындауға уәде берді, бірақ уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң  тұтқындай бастады.

1931 жылы көктем- жазда

Маңғыстауда

Табын мен адай руларының қазақтары ұжымдастырудан қашып Түркіменстанға, Қарақалпақстанға жаппай көше бастады. Қазақтарды тоқтату  қарулы көтеріліске әкеп соқты. Маңғыстау облысының көтеріліс көлемінің артуына алаңдаған Голощекин Мәскеуден көмек сұрады.  Маңғыстауға Әзербайжан ОГПУ-нің күштерімоторлы және механикаландырылған күштер жіберді

Екі айдың ішінде адайлықтар мен табындардың негізгі күштері талқандалып, ұйымдастырушылары сотқа тартылды. ОГПУ жендеттерінен қашып шыққандар Түркіменстан арқылы Иран мен Ауғаныстанға қоныс аударды.

 

ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адамнан тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды. 1930-1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға, 1932-1933 жылдары 3,2 мың адамға жеткен. Голощекиннің  Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағында 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылады. Республикада 80 мыңдай адам қатысқан шаруалардың 400 –дей бой көрсетулері болып өтті. 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін сотталып, ГУлаг лагерлеріне қамалды, олардың 883-і атылды.



ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

Закрепление изученного материала:

- 1929-1933 жылдары қанша шаруалар көтерілісі болып өтті?
- Шаруалар толқулары қандай аймақтарда болып өтті?
- Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің тарихи маңызы неде?


Аctivity 3.

өз бетінше жұмыс/самостоятельнаяработы__сұрақтар:


Хронологиялық кесте


V. Сабақты қорытындылау және рефлексия/Подведение итогов занятия и рефлексия/Conclusion and reflection.

Рефлексия __Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық?_________________________________

Бағалау / Оценка______________________________________________________________________


«

VΙ. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание/ Hometask. Оқу


Пәні мұғалімі: _____________ Ж.Муханбеткалиева

Преподаватель: қолы/роспись

Teacher

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!