Сынып: 5 «а»
Күні: 16.10.2017ж
Тақырыбы: XXI ҒАСЫР
КӨШБАСШЫСЫ
Мақсаты: білуге, үйренуге
деген қызығушылығын арттыру; жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын
дамыту; білімді, дарынды, озық болуға
тәрбиелеу.
Қажетті
құрал-жабдық: тірек-сызбалар,
сұрақтар жинақтары.
Барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Екі топқа бөліну.
I кезең: "Бәйге"
Бұл кезеңде берілген сұрақтарға бірінші жауап
беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап
береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге
табыс тілеймін!
1. Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігі қашан
жарияланды?
(1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігі жарияланды)
2. Тұңғыш рет ғарышқа
ұшқан қазақ және қашан ұшты?
(1991 жылы 2-қазанда қазақ ғарышкері Тоқтар
Әубәкіров ғарыш сапарына аттанды)
3.1992 жылы
30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн
болды?
(1992 жылы 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары
құрылтайы болды.)
4. Қазақстан
Республикасының төлқұжатын азаматтарға беру қашан
басталды?
(1995 жылы 27-ақпанда)
5. Қазақстан
Республикасының Ұлттық валютасы қашан
енгізілді?
(1993 жылы 12 -қарашада)
6. Қазақстан халқы
өзінің тұңғыш президентін қашан
сайлады?
(1991 жылы 1 -желтоқсанда).
II кезең: "Жеті жұрттың тілін
біл"
Мұнда сіздер қазақша, орысша дұрыс айтумен қатар
қатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Жазғандарыңызды тексеретін арнайы
маман бар. Барлықтарыңызға табыс тілеймін.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (Көктем
-Весна)
2. Мұрты бар, иегінде сақалы
көп,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар сапары жоқ. (Мысық -
Кот)
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз...........болсын. (Дос -
Друг)
4. Футбол алаңындағы ойын заты (Доп-
мяч)
5. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап -
Книга)
6. Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді (Ит -
Собака)
7. Ұшқан........,
жүгірген аң (Құс - Птица)
8. Әр адамның шағын отаны (Отбасы -
Семья).
III кезең: "Қызықты
жетілік"
Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған
сұрақтарға жауап бересіздер. Мына сызбаларға назар аударыңыздар.
Жеңіл сұрақ алғыларыңыз келсе 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы
аласыз. Мұндағы ең күрделі сұрақтарға жауап беру арқылы 40 ұпай
жинақтауға болады.
1. 20. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай
табамыз?
(Ұзындығы мен енін көбейтеміз)
2.20. Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді
айтамыз?
(Бастауыш пен баяндауыштан құралған
сөйлемді)
3. 20. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын
шығарма. (Күй)
4. 30. Көкжиектің тұстарын анықтайтын арнаулы
құрал қалай аталады? (Компас)
5. 30. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Шотаман
Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
6. 40. Қазақстанда "Қызыл кітап" қашан
шықты? (1977
жылы)
7. 40. Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен
еңбегі қалай аталды? Бұл еңбекті жасауға кімдер қатысқан? ("Жеті
Жарғы". Төле би) Әйтеке би, Қазыбек
би)
IV кезең: "Жорға"
Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың
қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ 1
ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңызға сәттілік
тілеймін.
1. Салауаттану кітабының авторлары кімдер?
(Әділханов, Жаңабердиева)
2. Сиырдың пірі (Зеңгі баба)