21-ғасырдың Ұлы Жібек Жолы
«Саясаттың негізгі мақсаты - адам, қоғам, ел қамы» деп ең алғашқы Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, айтқандай елдің, қоғамның және жеке тұлғаның жағдайы әр ел үшін үлкен рөл ойнайды. Сол үшін Елбасымыз елдің дамып, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы үшін көптеген келіссөздер, бағдарламалар ұйымдастырып жатыр. Олардың барлығы бірден болмағанымен, уақыт өте келе еліміздің дамып келе жатқанын күнде байқаймыз. Осы бағдарламалардың барлығымызға белгілісі- Цифрлы Қазақстан 2022. Аты айтып тұрғандай, бұл бағдарлама Қазақстанды дамытып, Цифрлы Қазақстанға ауыстыру. Яғни, мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру, сонымен бірге болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады. Бұл бағдарламаның іске асып, елдің біршама дамығанын күнделікті көріп жүрміз. Транспортты қолдансақ та, магазиндерге барып сауда жасасақ та, банкке барып кредит төлеп, операторлармен сөйлесу керек болса да және тағы да басқа көптеген жағдайлар да цифрлық елге өтіп жатқанымызды байқай аламыз. Қазіргі кезде елдегі адамдардың 80-90% ақшаны қолда ұстамайды, оның орнына банк картасында сақтайды, дәлірек айтсақ біз қолданатын Kaspi банкінің Kaspi Gold картасы. Қазір барлығымызда интернет желісіне кіретін смартфонымыз бар. Ал смартфонымызда әртүрлі банктың приложениясы бар. Бұл приложениялармен біз оп-оңай төлем жасап жүреміз. Қазіргі кезде әр банктің өзінің ыңғайлы етіп жасаған приложениялары бар. Бұл біздің өмірімізді біршама жеңілдеткенін айта аламыз. Уақытымызды кетіріп, банкке барып кредит төлеудің орнына, үйде немесе жұмыста-ақ отырып та төлейміз. Тіпті, үйдің төлемдерін (коммуналканы), штрафтарды, салықтарды, интернет желісінің төлемдерін, оқу ақысына дейін төлеуге болады. Тек қана бұлар емес, медицинада да көптеп қолданылады. Ал бұл төлемдердің үздіксіз жасалып отыруы да тегін емесін де жақсы білеміз, яғни интернет-тарифпен жұмыс жасаймыз. Интернет желісін қолданған уақытта тарифтің болуы маңызды. Ал онсыз ешқандай приложенияларға да кіре алмайсыз, кіре алмайсыз деген төлем де жасалынбайды деген сөз. Бұл интернет желісінің өзі де «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бөлек бір бағытына жататынын да айтып кеткен жөн. Интернет- Қазіргі заманның Ұлы Жібек Жолы. Егер интернет болмаса, шыны керек бізге смартфонның да керегі жоқ. Біз смартфонмен барлық уақытта біргеміз. Достарымызбен, отбасымызбен хабарда боламыз, Инстаграм, Тикток, Фейсбук, Ватсап, Телеграм және Вконтакте желілері қазіргі кезде қолданыста көш бастап тұр. Қазіргі кезде елімізде Интернет қолданылуы дамып келе жатыр. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, жер көлемі үлкен елдермен салыстырғанда Қазақстан интернет қолданушылар саны бойынша сенімді орында түр, мысалы Ресейде интернет қолданушылар ‒ 76%, АҚШ-та ‒ 87,3%, Қытайда ‒ 61,2%, Украинада – 62,5%, Қазақстанда ‒ 84,2% құрайды. Бүгінде еліміздің 118 қаласы мен 4 235 ауылында тұратын 18 млн халық 3G және/немесе 4G байланыс желілерін қолдану мүмкіндігіне ие. Бұл дегеніміз біздің желілердің біршама қауіпсіз және ыңғайлы екенін көрсетеді. Бірақ барлық елді-мекенде желінің жұмыс жасауы бірдей емес екенін айта кеткен жөн. Осы проблеманы дұрыстап, жұмыстар жасалса, халық жағдайы да жақсарады деп ойлаймын. Неге? Себебі біз 2020жылға үлкен сеніммен, жақсы ойлармен аяқ басқан болатынбыз. Алайда әлемдік пандемияның кесірінен, елдер шекарасының жабылуы, жұмыстың тоқтауы және адамдардың ауырып, көп өлім сандарының шығуына куә болдық. Ал оқу оқитын студент, оқушылар үшін бұл өте қолайсыз болды. Онлайн оқу ойлап табылды, бірақ Интернет желісі барлық жерде бірдей және жақсы жасамады. Интернет желісі құлдырап, төмен түсті. Себебі оқушылар, студенттер оқуды онлайн оқыды, әртүрлі интернет платформаларымен байланысып отырғандықтан, интернеттің қалыпты болмауына әкеліп соққан болатын. Бұл проблеманы шешуге тырысып, уақыт өте қайтадан орынына келтірілді, дегенмен ешқандай да өзгеріс әлі де орын алған жоқ. Уақыт өте келе интернет дұрысталып, Мегаполистерде 5G желісінің бірінші рет қолданылып көргені туралы жаңалықтарды оқыдық. Ал бұл желі өткен жылдары ғана емес, 2019 жылыда сынақтан өткені туралы біраз ақпараттарды іздегенген едім. Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда Beeline-ның алғашқы 5G желісі жұмысын басталған. Мобильді байланыстың бесінші буынының сынақ аймағы Шымкент қаласында ашылды делінген. «Технология үш ай сыналып, 2019 жылы желтоқсанда сынақ аяқталады. Сынақ нәтижесі бойынша ұялы байланыс операторы технологияға қажет инвестиция туралы, 5G желісінің Қазақстандағы келешегі туралы сараптама алып, өз желісінің 5G желісін жаппай енгізуге дайындығын бағалайды. 5G желісі NOKIA қондырғыларына құрылған және ол үш базалық станция мен тірек желісінің қондырғыларынан тұрады. Желінің жалпы таралу ауданы – шамамен он үш шаршы шақырым. Бұл - жылдамдықты, функционалды сынауға, ғимараттың іші-сыртына сигналдың таралу деңгейін өлшеуге жетеді. Алдағы уақытта Шымкент тәжірибесі 5G желісін салудың және енгізудің дайын бизнес-кейсі болады. Яғни, Қазақстанның тәжірибесін Beeline желісінде де, Ресей, Украина, Қырғызстан, Армения, Пәкістан, Бангладеш және басқа елдердегі VEON тобының компанияларында да 5G желісін енгізудің негізі болмақ». Қазіргі уақытта еліміз барлық жағдайға дайын болу үшін барлық жағынан да елді дайындалып жатыр. Интернеттің сапасы да жақсарып жатыр. Ендігі кезек 5G-дің сынақтан жақсы өтіп, қолданысқа өзінің жұмысы секілді тез енгенін қатты күтіп жүргенімізді де жасырмаймын. Кореяда, Қытайда осы желіні іске асырып, қазіргі кезде пайдаланып жүр. Онымен бірге жасап шығарылатын смартфонның программасына 5G желісін автоматты түрде қосып қойған. Менің смартфонымның маркасы 2019 жылы шыққан Samsumg Galaxy S20 Ultra. Яғни бұл смартфон шықпастан бұрын 3жыл бұрын деп ала берсек, сол жылдары Кореяда желі жұмыс жасап бастаған. Мен өз қаламда 5G-ге қойып интернетке кірсем, ешқайда кіре алмаймын. Себебі бұл желі бізде орнатылмаған. Осы күздің үлкен жаңалығы болған және әрқашанда Трендтен шықпаған Iphone-нің 13і шыққанда бұл желінің орнатылды дегенін естіген болатынмын. Мен тексеріп қарадым, шынында да орнатылған екен. "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев: – 5G байланысы 3G не 4G желісіне қарағанда 300 есе жылдам. Осы арқылы әлеуметтік желілерде бұрынғыдан да сапалы, еркін видео конференциялар ұйымдастыруға болады. Автокөлікті қашықтан басқару, online басқарып емдеу жүргізу секілді электронды сауда, өнеркәсіп дамып жатқан заманда бұл бізге өте қажет. Біздің қоғамға үлкен өзгеріс әкеледі, – деді. Егер де орнатылатын болса, ол Қуанышбек Есекеевтің айтқанындай 300есе жылдамдықты бере алса, бұл жаңалықтың барлығын қуантатынына сенімім мол.
Сонымен бірге 2022 жылға қарай не өзгеруі керек деген пландар құрылған болатын:
-
Қазақстан халқын 4G-мобильдік байланысымен сапалы, үздіксіз қамту
-
Жеке адамдар мен компаниялардың ғаламдық деректер жіберу желілеріне барлық жерден және жоғарғы жылдамдықтағы қолжетімділігі
-
АКТ дамыту деңгейі озат елдердің отыздығы деңгейіне жетеді
-
Киберқауіпсіздікті күшейту үшін Big Data, зиянды код және киберинциденттерді талдауға арналған инновациялық институттар құрылатын болады
Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды», – деп атап өткен болатын. Ал қазір интернет желісінің өзі бізді көршілес елдермен байланыстырып отырған заманауи Ұлы Жібек Жолына айналып отыр. Ғылым мен технологияның жетістіктерімен алмасу, бірлескен зертханалар құру, технопарктердің арасындағы серіктестік және технологияларды беру маңызды мәселе болмақ. Қазақстан әлемде болып жатқан жаңалықтардан тыс қалмай, заманның технологиялық табыстарымен ілесе отырып, өзінің тың ұсыныстарымен енуі қажет. Қазақстан Республикасы «Цифрлық Жібек жолы» ұсынатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы оны құруға атсалысып, ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік мәселесін назардан шығармауы тиіс.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз