Материалдар / 22 Наурыз-Жаңа жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

22 Наурыз-Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу

Уа халайық, халайық Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың Шашуларын шашайық!

Армысың Наурыз, Қуаныш боп, кір төрлет! Ел болып саған, Көрсетіп жатыр сый – құрмет!

Бауырласқа тәнтіміз, Бұзылмаған салтымыз. Кең даламның ежелгі, Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз.

Диас: Жыл басы - Наурыз, мереке! Ақ нұрға әлем боянды Наурыз тойы береке Тіршілік жаңа оянды.

Нұрасыл: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын, Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын. Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып, Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!

Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас Құшақтасып көріскен Жаңа ағытқан қозыдай Жамырасып өріскен.

Ойын «Орамал тастамақ» Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған, Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған. Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын, Қазақ атты үлкен, кіші балдырған. Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде, Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.

: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Т. Гауһар: Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

Би: «Қара жорға»

Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді. Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі. Армысыңдар, жамағат! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Қайда барсақ жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт – түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле – жала жерге енсін» Ұлы халқым тоқ болсын» Көйлектерің көк болсын! Қайғы – уайым жоқ болсын! Қуаныштарың көп болсын! (Әумин)

Ойын: «Сақина салу»

Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. 11-оқушы: Арпа, бидай, тары бар, Қатық, малта ағы бар, Ішілетін, жейтіннің Бұл көжеде бәрі бар.

Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған. 13-оқушы: Көктем келді. Күн күліп арайланды, Шын досыңның көктемдей арай жаны. Күліп аспан, ал дала шаттанғанда Жылуындай көктемнің тарайды әні. Көктем! Күн нұрын көктен төккен. Көктем! Бақыт дәнін сепкен. Әлемнің көктем – шалқар мерекесі, Танытар, ырыс – құтын берекесі. Наурызда думанын ұластырып, Мәпелеп аялаған ел еркесі. Киіз үй жабдықтары мен ұлттық тағамдарды таныстыру. Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі. Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлың оңға, қызың қырға қонсын! Айың тусын солыңнан, Жұлдызың тусын оңыңнан, Бақ берсін, қыдыр дарысын! 1-жүргізуші: Шашу!Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді, Ризығың болсын көл-көсір. 2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібеңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! Ән: «Наурыз думан».

Наурыз сұрақ:1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.

-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.

-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшысы болмаса-ел жетім,

Тыңдаусыз сөз жетім.

-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?

1.Малды теппе,ақты төкпе.

2.Отты шашпа.күлді баспа.

3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.

4.Бүйіріңді таянба.

5.Есікті керме.

6.Тұзды шашпа.

7.Асты оң қолыңмен алып же.

8.Нанды бір қолмен үзбе.

9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.

10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.

3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?

-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті

атасын атап шығады)

4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және

төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?

-Мал бағатын адамды малшы дейді.

1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.

2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.

3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.

4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.

5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.

5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?

-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,

тауық,ит,доңыз.

Ойын-Ақ сандық-көк сандық

Қорытынды



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!