Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Отанын
сүюге, патриоттық рухты және ұлттық сана сезімін ояту.
Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие
алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап
тәлім-тәрбие алу.
Тәрбиеші: Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер
сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен
құттықтаймыз. Осы Наурыз
мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош
келдіңіздер!
Сайысымызға 5
әже
немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарсы алып отырайық.
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
Біздер үшін бақ бүгін - дей
келе
қошеметпен әжелерді ортаға
шақырайық.
-
Бірлік Ерасылды Несіпкүл
әжесімен.
-
Еркін Мансұрды Бағдат
әжесімен.
-
Мұсабек Жанельді Гүлмира
әжесімен.
-
Тоғай Нұрдаулетті Саракүл
әжесімен.
-
Нүрислам Күлшат
әжесімен.
Өткізу
барысы.
І.
Таныстыру.
ІІ. Сыр сандық
(ұлттық рәсімдерді көрсету.)
ІІІ. Құрастыру
(көрпе құрақ жасау)
І
V.
Ұлттық тағамдар.
Байқауымызды бастамас бұрын
төрелік етуші әділ- қазылар алқасын(сайлап)таныстырып
өтейік.
1. Балабақша менгерушісі
Шырын Елубайқызы.
2.Психологі Жуасбаева Гуля
І.
бөлім. Таныстыру.
Әжелер мен немерелер келіп жетті танысуға,
Сыпырды толмағасын осы дұға.
Қызып
келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен
бірге өздерін таныстырып
өтсін.
Хор:»Алақай, наурыз!»
әні.
Тәрбиеші: Наурыз келді алақай
Кел билейік
балақай
Бізде қарап
тұрмайық,
Тойға шашу шашайық-деп біздің
қыздарымыз «Дастархан» биін билеп береді.
ІІ.
бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді
көрсету)
Тәрбиеші:
Әжелерім асыл менен
ақылды.
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйретеді салт-дәстүрді
әжелер-дей отырып өздерінің ойға
түйгендеріңізді көрсету. Бұл сандықшада ұлттық салт-дәстүрлеріміз
жазылған.Сандықшадан алып соны көрсетіп, айтып
жеткізу.
Әжелер сыр сандықты ашып
өздеріне қойылған сұрақтарға жауап
береді.
Сұрақ:1.Бесікке
салу.
2.Шілдехана.
3.Той
бастар.
4.Тұсау
кесу.
5.Ат
қою.
Тәрбиеші:Наурыз тойға жиналған халқым
менің,
Бәрінің алғаның жарқын
мінез,
Бүгінгі той, ертенгі ардақты
ісім,
Ғажап болсын, алдағы
еңбектерің,-дей келе Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызға
кезек берейік..
Жомарт:
Уа, ағайын
халайық,
Мұнда назар
салайық!
Мерекесі
халықтын
Наурыз тойы бастайық!
Айзере:
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт
тiлеймiн,
Бүкiл қазақ
елiне.
Жаннұр:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі жыр-
әніміз.
Мансұр:
Наурызбен
құттықтап,
Алыс жақын
қауышты.
Көктемдегі жарқын
сәт,
Көңілдерге
ауысты
Іңкәр:
Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем
боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа
оянды!
Уалинұр:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың
халайық!
Қане, достар, қане,
достар,
Шырқап әнге
салайық.
Жанель:
Көктем келді,
балақай,
Жасарды жер,
алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге
салайық.
Нұрдаулет:
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та
тамаша,
Тамылжып тұр
жараса.
Ерасыл:
Наурыз келді сан құрып
Жасарып
жаңғырып
Құлпырды жер мен
көк
Мейрім таң
күліп.
Нұрасыл:
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән
тарап,
Шаттанады
шартарап.
Бақберген
Қыс өтіп, қар
кетіп,
Шырайлы жаз
жетіп,
Шаруаның
кенелген
Мейрамы ежелден
–
Құтты болсын, Наурыз!
Бағдаулет:
Ақ қар кетіп қыс
өтіп,
Шырайлы шуақ жаз
жетіп.
Шаруаның ұлы
кенелген.
Күн мейрамы ежелден
–
Құтты болсың бұл Наурыз!
Нүрислам:
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын
береке
Қыдыр ата
келсін
Жақсы тілек
әкелсін.
Тәрбиеші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған
ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз
өнерін көрсетсін.
Біз айтайық
төрелігін соңынан-дей отырып .
ІІІ.
Бөлім Құрастыру ( көрпе құрақ
жасау)
Тәрбиеші:Жігітке жеті өнерде аз деген, жігіттер араларыңда өнерлі
жас болса, өнерін тамашалаймыз ба? Біздің жігіттердің барлығы
өнерлі,ақын да, әнші де,биші бе. Шешендік өнер ежелден
ата-бабаларымыздың қолындағы қаруы емес пе? Ол « айтыс» дегенде
делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Қәне, ортаға айтыскерлерімізді
шақырайық.
Айтыс: Топтан Уалинұр мен Жанель шығады.
Жанель: Айтыс айтыс болады
Өлең айтса
жөнімен
Наурыз тойын
қыздырып,
Кім айтысар
менімен.
Еркем, еркем,
еркем-ай,
Еркелеген
еркем-ай,
Бүгінгі той,
мереке.
Құтты болсын
еркем-ай.
Уалинұр: Ата-баба дәстүрін
Үйренуден
қашпаймыз.
Айтыс десе тіл
қышып,
Қыздарды іздей
бастаймыз.
Еркем, еркем,
еркем-ай,
Еркелеген
еркем-ай.
Бүгінгі той,
мереке
Құтты болсын
ерке-ай.
Жанель:Біржан болып сен
келсең
Ақын Сара мен
болам.
Арғымақ боп сен
шапсаң
Аққу құсың мен
болам.
Уалинұр:Бармаймын деп
бақшаға
Жылауыңды қойдың
ба?
Чупа-чупс
апаңнан,
Сұрауыңды қойдың
ба?
Жанель:Ей, Уалинұржан,
мазақтап.
Жөнің жоқ қой
күлетін,
Кәмпит толы
қалтаңды,
Көтере алмай
жүресің.
Уалиннұр:Кәмпитті емес
Жанель,
Көжені айтар күн
бүгін.
Қара қазан
қайнатып,
Атлана апа жүр
бүгін
Бірге:
Қазақстан елінің
-қыранымыз,еркем-ай
Балаусадай бақшаның ұланымыз
еркемай.
Қалықтасын
қалайық,
Көктөбенің төрінде жыр әніміз
еркем-ай.
Тәрбиеші: Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді- деп біздің ұлдарымыз өз өнерлерін
көрсетеді.
Би: Ұлдар
биі
ІV
бөлім Ұлттық тағамдар.
«Ас-адамның арқауы» -демекші
әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын
таныстырып өту.
Әділ- қазылар алқасы өз
шешімдерін талқылап шешкенше ортаға
Хор: « Келді Наурыз» әнін тамашалаңыздар.
Әр әжелер мен немерелердің
өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе
«Сабырлы әже»
«Шебер әже»
«Өнерлі әже»
«Тапқыр әже»
«Парасатты
әже» номинациясы бойынша
Балауса балабақшасының меңгерушісі Шырын Елубайқызы барлық әжелер
мен немерелер марапаттады.
«Көп білгеннен емес,көп
көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін
үлгі тұтып, есімізде сақтап
жүрейік.
Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше
күн жақсы болсын.
Сау
болыңыздар!