Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"22 қыркүйек- тілдер күні"
Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік ісшара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
26 Сәуір 2018
664
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші: Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 1-жүргізуші: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік «Ана тілің – арың бұл» атты тақырыпта өткізгелі отырған әдеби кешімізді бастайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. 2-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. 1-жүргізуші: Осыдан тура 28 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Халық күйі «Тепен-көк» 2-жүргізуші: Тіл деген – алып мұхит түбі терең, Піспегі толқын шашқан күбі ерен. Қадірін тілдің сұра сақаулардан, Көзіне жас алып бір күбірлеген. Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы, Арманның қиял жетпес баспалдағы. Қадірін тілдің сұра мылқаулардан, Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы. Тіл деген – адастырмас темірқазық, Өрісі магнитінің өмірге азық. Қадірін тілдің сұра кереңдерден, Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып. 1-жүргізуші: Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған «Рух пен Тіл» әнін қабыл алыңыздар! 2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік! 1-оқушы: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев Күш кеміді, айбынды ту құлады; Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың … Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 2– жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің? Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім. 1-жүргізуші: Би қабыл алыңыздар! 2-оқушы: «Ана тілім» -Несіпбек АйтұлыАна тілім,Жүрегісің анамның.Жүрек-ана,Мен өзіңнен жаралдым.Сағат сайын саулығыңды тілеймін,Сенсіз мынау керегі не ғаламның!Сенсіз әрбір тынысыңмен күн кешем,Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,Ел бетіне қалай түзу қараймын. 3-оқушы: «Тіл» С. ИманасовМін тағып ес білгелі «достық» көбі,Барымды басқаша етіп кескіндеді.Бермесем өзім жайлы өзім айтып,Білсем деп жүргенде жоқ ешкім мені.Жатпай ма ел: «түсі игіден түңілме»,-депБір жаным білім де көп, мінім де көп,Кетер ем баяғыда бақытты боп,Келеді жібермей-ақ тілім бөгепТуғалы тура сөзден іркілмегенДерт болып жабысқалы бұл тіл деген.Жамандап мені біреу оңған емес,Ешкімнен болған емес күлкім де кем.4-оқушы: Болған да жеріміз жоқ елден ығыр,Өтуде ертелі-кеш түрде ғұмыр, Қызыл тіл ақиғаттың ақ жолынан Ауытқып, ала қашып көрмеді бір.Бәрі де еркінде ғой бір алланың,Мен оны басқа жаққа бұра алмадым.Сұм десе, сүмырай десе иек қышып,Тұрады көре сала ұрандағым.Түгі жоқ демеңіздер қызығарлық,Жарасып жақсы жердің қызын алдық.Ермедім ырқына да майда тілдің,Көрмедім «ой , кәпірдің » ізін аңдып.Сөзіме құлақ түріп жүрген бала,Сен неге жалт қарадың күлмең қаға.Ол рас, сорымды да, бағымды даТапсам мен –тауып жүрмін тілден ғана!
5-оқушы: Ана тілім, Егер сені білмесем.Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.Туған анамды ұмытқаным емес пе,Туған тілім, Егер сені ұмытсам.Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,6-оқушы:Ана тілім Арыңа дақ түсірсем.Ағытатын тасқын ойдың тиегін,Өзің ғана сыйынатын киелімРиманмен отқа жанып сен үшін,Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.Ана тілім,дана тілім, бақ тілім,Сенсіз бақыт дүниеден тапты кімСенсің менің қуанышым, шаттығым,Сенсің менің тазалығым, пәктігім.7-оқушы: «Туған тілім»-Д.ӘбілевТуған тілім-бабам тілі-өз тілім,Туған тілім-анам тілі –өз тілім,Туған тілім-далам тілім-өз тілімТуған тілім-адам тілі-өз тіліТуған тілде сыры терең жаным бар,Туған тілде әнім менен сәнім бар.Туған тілде әнім менен сәнім барТуған тілім тіл болудан қалса егерЖүрегімді суырып –ақ алыңдар1-жүргізуші: Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. 2-жүргізуші: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз. 1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіп кеткеніміз жөн сияқты. 2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер1-жүргізуші: Мектебіміздің жас ақындарымызға кезек берсек, өздерінің тіл мерекесіне арналған өлеңдерін тарту етпекАрайна, Динара, Табиғат, Диёра, Сымбат, Меруерт.2-жүргізуші: Халық күйі «Келіншек»1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет. 2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз. 1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет! Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)