Материалдар / 25 мамыр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

25 мамыр

Материал туралы қысқаша түсінік
25 мамыр. Мектеппен қоштасу. 25-май. Сценарий. Соңғы қоңырау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2024
163
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектебім – саған мың алғыс!»

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту. Болашаққа жаңа қадам жасағалы отырған түлектерге ақ жол тілеу.

Барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Бүгінгі күн біздер үшін жүректі тебірентер, қимас сезімге толы ерекше сәт. «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» – дегендей, кеше ғана мектепке алғаш қадам жасап, білім кемесіне мінген бүлдіршіндер, бүгін ақыл ойлары толып, 11 – жыл білім әлемін шарлап, зерек, саналы, білімді болып есейіп, бала шақтан болашаққа аттанғалы тұр.

2-жүргізуші:

Иә... Уақыт жылдам деген осы болар. Бәрі көз алдымызда.

..... жыл. 1-қыркүйек. Біз кіп-кішкентай баламыз. Бірімізді әкеміз, бірімізді анамыз, ата-әжеміз алтын ұя мектебімізге жетектеп әкеліп, алғашқы ұстазымыз Күнжамила .... қызына тапсырған болатын. Бәріне таңырқай қарап тұрғанда ұстазымыз анамыздай мейірімді, мектебіміз үйіміздей құтты мекенге айналған еді.

1-жүргізуші:

Иә,иә. Бір-бірімізге жатырқай қарап едік. Ал, қазірше? Қимай тұрмыз. 11-жыл бірге оқып, балалықтың бал дәмін бірге татып, өмірдің ең қызық сәтін бірге көрген достардың сан тарапқа аттанатыны да жүректі сыздатып тұр.

2-жүргізуші:

Болашақ сендердікі, өрендерім,
Білімнің өтедіңдер төлемдерін.
Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын,
Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін.

Он бір жыл оқыдыңдар зеректікпен,
Биіктеп еңселерің ерен тіптен.
Он бір жыл сыналдыңдар талап жүктеп,
Дарынмен, талаппенен бөлек біткен.

1-жүргізуші:

Болашақ сендердікі, өрендерім,
Мол әлі борыш, қарыз – берерлерің.
Әлемдік биіктерде қанат қағып,
Жүзіңдер теңіз-білім тереңдерін.

Сенемін, сенеді Отан, түлектерім,
Аллаһқа аян ашық тілектерің.
Қайда да ақ күн тусын алдарыңнан,
Жас қалпы мықты соқсын жүректерің-деп, бізге тілекші болып тұрған мектеп, ұстаз, ата-аналарымызға арналған алғысқа толы мерекелік іс-шараны 11 «--» сынып оқушылары Диана мен Назираның «Мектеп» әнімен бастағылары келіп тұр!

Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Жаймашуақ мамыр айы - бұл жылылық пен гүлдену уақыты. Мектеппен қоштасатын осы бір сәт жақсылықтың жаршысындай.

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектер үшін ең маңызды әрі есте қалатын жарқын сәттердің бірі. Оқушыға 11 жыл аз уақыт емес, бірақ оның алда бағындыратын белесі одан да көп. Әр түлектің бағындырар белесі биік, әр қадамы сәттіліктің гүлімен өрілсін деп тілейміз!

11 «--» -ның сері жігіттерінің орындауында «толқындастар» әнін қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Мектеппен қоштасу - ересек өмірге жасалатын алғашқы қадам.

Мектеп деген көктем бағы өмірдің,

Ұстаз бізге күн нұрындай төгілдің.

2024 түлектеріне бұйырсын

Тәтті балын тату мына өмірдің.

1-жүргізуші:

Ризамыз білім бағына,

Мектепті жүрем сағына.

Алғысын арнап сіздерге

Ән шырқаймыз тағы да.
Құрметті мектеп басшымыз ....мен аяулы асыл ұстаздарымыз сіздерге арнап арнайы ән жазған болатынбыз.

Ендеше, әсем әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән «Диско»

2-жүргізуші:

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.

1-жүргізуші:

Нұржанар апайдың нұрлы ізі,

Болашақтың жұлдызы.

Мектеп вальсін билейді

Нұржанар ұстаздың ұл-қызы.

Вальс

2-жүргізуші:

Мектеп, ұстаз, ата-ана жарасады,

Бұл сөзіме кім қарсы таласады.

Бірлігі жарасқанда бұл үштіктің

Сонда жарқын баланың болашағы.

1-жүргізуші:

Ақ үмітті ақтаймыз жүректегі,

Ата-ананың биік ау тілектері.

Бүгінгі мереке де ерекше бұл

Ата-анамен билейді

2024 түлектері.

Нұрсая мен Банудың орындауында «Әке-ана» әні.

Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Қимай тұрмыз, қимай тұрмыз расында,

Келген едім кіп-кішкентай жасымда.

Мектеп құтты мекенімсің гүл бағым

Сен лайықсың барлық жақсы, асылға.

Сенің берген білімің

Шәкіртке азық болады, мың ғасырда.

1-жүргізуші:

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушы да, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Бізді балапан кезімізден қанаттандырып, жарқын болашаққа ұшырғалы отырған, екінші анамыздай жанашырларымыз, бар асылдарымыз ҰСТАЗДАРҒА БАС ИЕМІЗ!

2-жүргізуші:

Құрметті де ардақты ата-аналар мен ұстаздар, міне мектеп деген кеменің жолаушысы болған біздер, құтты ұямыздан ұшқалы тұрмыз. Қимас сезім жүректі тербегенімен біз жарқын болашақтың себепкері болуымыз керек екенін білеміз. Еліміздің ірге тасын қалар, дамытар ұл-қызы болар жолда мектеппен ұстаз берген білімді азық етіп, ата-анамыз берген ақ батасымен көктемдей жайнаймыз.

1-жүргізуші:

Қош бол мектеп, қош бол ұстаз ардақты,

Түлектерге берсін Алла бар бақты.

Әлі талай естисіздер 2024

Деген сөзді «түлегі биік самғапты».

2-жүргізуші:

Алғысқа толы жүрекпен, балалық әппақ тілекпен, соңғы қоңырау мерекесіне орай ұйымдастырылған, мектеппен қоштасу іс-шарамызды аяқтаймыз.

Шуақты күндердің бірге куәсі болайық!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!