Тақырып бойынша 31 материал табылды

25 Қазан республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
25 Қазан республика күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп атауы
















Тәрбие сағаты тақырыбы:



«Менің Отаным Қазақстан»







Сынып жетекші:















2024-2025 оқу жыл








Мектеп:


Мұғалімнің есімі:


Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: №8


«Менің Отаным Қазақстан»

Күні:

Сынып:

Оқушы саны:

Құндылықты дарыту

Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қастерлеуге, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеуге,өз еліне үлес қосатын азамат болуға тәрбиелеу



Көрнекіліктер

Суреттер,нақыл сөздер,мақалдар,өлеңдер,бейнематериал

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Басталуы

2мин

Ұйымдастыру кезеңі

Өлең оқу

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене,

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?.

Отан сенің ата-анаң,

Отан досың бауырым...

Тәрбиенің басым бағыты бойынша сабақ мазмұны Ортасы

20 мин

Жаңа сабақ: Менің Отаным Қазақстан

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.

Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің

халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар


Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

-Бұл біздің рәміздеріміз...

- Бұл біздің егемендігміздің нышандары...

Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

- Өз елін сүйетін адамды кім дейміз?

2.Тақырыпты ашу «Мен патриотпын»

«Синквейн»әдісі

Кім?Патриот

Қандай?Аса өнегелі, жауапты

Не істейді?Еңбектенеді, жасайды, күреседі, Өз Отанын сүйеді,

Синоним Азамат

Суреттер көрмесі(суреттер арқылы тақырыпты ашу)

  • Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің?

Патриот Отанын, елін,халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?!

Сынып белсенділерінің

апталық есебі

10мин

Сынып белсенділерінің апталық есебімен танысу.Жіберілген кемшіліктер мен жетістіктерді,оқушылардың кітап,дәптерлері,күнделік тің толтырылуын тексерудің қорытындысы

есеп

Ата-ана кеңесі немесе құқықтық оқыту

3мин

«Заңды білсең, балдырған, Ақиқат шығар, алдыңнан». Адам дүниеге келеді. Ол өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арналған Заңы- Конституциясы бар. Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын ту етіп көтереді. Сол сияқты дүние жүзі елдерінің бәрі қолдайтын ортақ заңдар мен ережелер бар. Олар: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы» және «Балалардың құқығы жайлы конвенция». Құқық -заң арқылы реттелетін адам құқығы.Конституция – құрылым.Конвенция -- келісім.

- Мен мектепке баруға, оқуға құқығым бар.- Өмір сұруге құқығым бар.- Ойнауыма, демалуыма құқығым бар.- Өз пікірімді білдіруге құқығым бар.- Ақысыз емделуіме құқым бар.


кеңес

Сабақтың аяқталуы

Қорытынды

5 мин

Оқушыларға қауіпсіздік ережесін үйрету:

  1. Темекі шегуге қызықпа!Оны бір шеккен адам үйреніп алады да кейін қоя алмайды.Темекі өкпені шірітеді!

  2. Арақ ішкенге қызықпа!Арақ алдымен адамның миын улайды,адам өз әрекеттерін бақылай алмайды.Түрлі қылмыстарға барады.Арақ ішкі құрылысты,бауырды,бүйректі құртады.

  3. Нашақор адам ең жаман адам.Ол тікелей қылмысқа барады.Өмірін құртады.Өзін-өзі улайды,терісі шіріп,іриді.

Осы зиянды әдеттерден аулақ бол!

ереже







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2024
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12