Материалдар / §28. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

§28. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
11.2.1.2 – сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2024
225
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 сынып ЖМБ №24

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

§28. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Көбею

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 11 «ә» ЖМБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру. §28. Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Сперматогенез бен оогенезді салыстыру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.2 – сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіреді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру.


Гаметогенез

Сперматозоид

Сомалық жасуша

Оогония

Мейоз

Спермотид

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.




Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Дескриптор:

-әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл;

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;

Интерактивті панель, презентация

https://wordwall.net/ru/resource/82794828

Оқушылардың назарын аудару

«Ой қозғау» әдісі

Неге оогенез кезінде тек бір аналық жасуша дамып жетіледі, ал сперматогенезде миллиондаған сперматозоид түзіледі?


Дәйек сөз немесе цитата:

"Біз өсіп-өніп, көбейе отырып, болашаққа өзіміздің ең жақсы үлесімізді қалдырамыз."

Антуан де Сент-Экзюпери


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.


Жауабы:

Аналық организм үшін аналық жасушаны (жұмыртқа) дамыту энергияны көп қажет етеді. Жұмыртқаның құрамында дамып келе жатқан эмбрионға қажетті қоректік заттар, органеллалар және басқа ресурстар бар. Сондықтан табиғат энергияны бір сапалы жұмыртқаны дамытуға бағыттайды.

Ер организмдерде сперматозоидтар санының көп болуы жұмыртқаны ұрықтандыру мүмкіндігін арттырады. Миллиондаған сперматозоидтардың арасында тек біреуі жұмыртқаны ұрықтандыра алады, ал қалғандары осы процесті қолдайды (мысалы, аналық жасушаға жетуге көмектеседі).

Дескриптор:

-сұрақтың дұрыс жауабы үшін -1 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж


Сабақтың мақсатын таныстыру

Сабақтың оқу мақсаты: 11.2.1.2 – сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру;


Дәйек сөз немесе цитата:

"Сперматогенезде әрбір жасуша өз жолын ашып, жаңа өмірді бастауға ұмтылады, ал оогенезде жұмыртқаның дамуы барлығына бірдей емес, ол ұрпақ үшін тек ең қажеттісін таңдайды."

Джеймс Уотсон


«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.
















Кілт сөздерді мазмұнымен ауызша атау арқылы сәйкестендіреді.

Дескриптор:

-әр кілт сөздің дұрыс мазмұны үшін - 1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: адам сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын сипаттайды;

Практикалық дағдылар: сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын салыстырады;

Функционалдық сауаттылық: сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.




«Ойнайық та, түсінейік!»

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;

Интерактивті панель, презентация

https://wordwall.net/ru/resource/82794259


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Венн диаграммасы»

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамаларын жазу. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттарды тізу.


Сұрақтар:

  1. Көбеюі...

  2. Өсуі....

  3. Пісіп жетілуі...

  4. Қалыптасуы...


«Сперматогенез және Оогенез»


Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамаларын жазады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттарды тізіп шығады. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады.

Дескриптор:

- сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіреді - 4 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж


Практикалық тапсырмалар беру.

«Сипатта, анықта,түсіндір» әдісі.


- Төменде берліген суретке атау бере отырып сипаттаңыз.

- Суреттің тиісті кілт сөздерін анықтаңыз.

- Суреттегі процесті түсіндіріңіз.



Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.

Дескриптор:

- Суреттегі процесті сипаттайды – 2 балл;

- Суреттің тиісті кілт сөздерін анықтайды -2 балл;

- Суреттегі процесті түсіндіреді – 2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Бағалау

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

Кері байланыс: «БББ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Білгенім.....

Білдім.....

Білгім келеді....

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.



Модельдеу «Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі).»

Оқушылар берілген тақырып бойынша модельдеу сызбасын жасайды. Келесі сабаққа дайын болып келеді. Келесі тақырыпты біледі. Өзін өзі бағалайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 11-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2020 ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.

Сперматозоидтың өміршеңдігі:

  • Сперматозоидтар әйелдің репродуктивті жолында 5-7 күнге дейін өміршең бола алады. Бұл ұрықтандыру мүмкіндігін едәуір арттырады.

Аналық жасушаның мөлшері:

  • Адам ағзасындағы ең үлкен жасуша — аналық жасуша (жұмыртқа). Оның диаметрі шамамен 0,1 мм, оны микроскопсыз да көруге болады.

Сперматозоидтың жылдамдығы:

  • Сперматозоидтың жылдамдығы шамамен 1-3 мм/минут. Олар жұмыртқаға жету үшін орта есеппен бірнеше сағат жұмсайды.

Оогенездің «тоқтауы»:

  • Әйелдердегі оогенез эмбриондық даму кезінде-ақ басталады. Қыз бала дүниеге келгенде оның аналық бездерінде шамамен 1-2 миллион ооцит болады. Бірақ бұл ооциттердің тек 400-500-і ғана әйелдің репродуктивті өмірі кезінде овуляцияға шығады.

Сперматозоидтардың саны:

  • Ерлердің ұрығында бір эякуляция кезінде шамамен 200-300 миллион сперматозоид болады. Бірақ жұмыртқаны тек бір сперматозоид ұрықтандырады.

Аналық жасушаның «қоректендіру» рөлі:

  • Аналық жасуша тек генетикалық материалды ғана емес, сонымен қатар зиготаға энергия мен қоректік заттарды да береді. Сперматозоид жұмыртқаны ұрықтандырған соң, өзінің «құйрығын» тастап, тек ядросын береді.

Мейоздың «ұзақтығы»:

  • Әйелдерде оогенездің мейоз процесі өте ерекше. Ол эмбриондық даму кезінде басталып, ондаған жылдар бойы (овуляцияға дейін) тоқтап тұруы мүмкін. Кейбір аналық жасушалар мейозды 40 жылдан кейін ғана аяқтайды.

Жынысты анықтау:

  • Сперматозоид ұрықтың жынысын анықтайды. Егер сперматозоид Х-хромосома алып келсе, қыз бала, ал егер Y-хромосома алып келсе, ұл бала пайда болады.

Жұмыртқа «таңдауы»:

  • Ғалымдар әйелдің репродуктивті жүйесі кейбір сперматозоидтарды «таңдап» өткізіп, басқаларын қабылдамайтынын анықтады. Бұл табиғи іріктеудің бір түрі.

Сперматогенездің үздіксіздігі:

  • Ерлерде сперматогенез үздіксіз жүреді және өмір бойы тоқтамайды. Бірақ жасы ұлғайған сайын сперматозоидтардың сапасы төмендеуі мүмкін.


«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.

  1. Сперматогенез

  2. Оогенез

  3. Эмбрион

  4. Мейоз

  5. РНҚ

  6. Көбею

  7. Грааф көпіршігі

  1. Аналық жыныс безі — жұмыртқалықтағы жарылуға дайын, пісіп жетілген көпіршікті фолликул.

  2. Жоғары молекулалық байланыс, нуклеин қышқылдарының типі.

  3. Барлық тірі организмдердің өсіп өнуін белгілі бір түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс.

  4. Аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады.

  5. Жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы.

  6. Аналық жұмыртқа жасушасының түзілуі.

  7. Аталық жыныс жасушаларының түзілуі.




«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Сипаттамасы

Сперматогенез

Оогенез

Процесс анықтамасы

Аталық жыныс жасушалары (сперматозоидтар) түзілуі

Аналық жыныс жасушалары (жұмыртқа жасушалары) түзілуі

Орны

Аталықтардың аталық бездерінде

Аналықтардың аналық бездерінде (жұмыртқа)

Басталу кезеңі

Жыныстық жетілу кезінде басталады

Ұрықтық кезеңде басталады, жыныстық жетілуге дейін тоқтап қалады

Түзілу ұзақтығы

Үзіліссіз жүреді және өмір бойы жалғасады

Белгілі бір циклде (етеккір циклі) жүреді

Жасушалардың бөлінуі

Барлық кезеңдер (митоз, мейоз I, мейоз II) үздіксіз өтеді

Процесс мейоз II фазасына дейін баяулайды және тек ұрықтану кезінде аяқталады

Жасушалар саны

Бір бастапқы сперматогониядан 4 сперматозоид түзіледі

Бір бастапқы оогониядан тек 1 функционал жұмыртқа жасушасы және 3 полярлы дене түзіледі

Гамета мөлшері

Өте кішкентай, қозғалғыш (жалаушасы бар)

Ірі, қозғалмайтын, қоректік заттар қоры бар

Қоректік заттар қоры

Қоректік заттар болмайды

Жеткілікті қоректік заттар болады

Циклдік сипаты

Жиі және тұрақты түрде жүреді

Ай сайынғы циклдерге тәуелді


Бұл кесте арқылы сперматогенез бен оогенездің негізгі айырмашылықтарын көрнекі түрде салыстыруға болады.



«Сипатта, анықта,түсіндір» әдісі.

- Төменде берілген суретке атау бере отырып сипаттаңыз.

- Суреттің тиісті кілт сөздерін анықтаңыз.

- Суреттегі процесті түсіндіріңіз.


Тапсырма-1.

Суреттен жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың құрылыс бөліктерін анықтаңыз.

Тапсырма-2.

Суреттен жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидты салыстыр. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Тапсырма-3.

Жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидты салыстыра отырып кестеде бос орындарды толтырыңыз



Жұмыртқа жасуша

Сперматозоидты

Құрылысы




Жұмыртқа жасушасы цитоплазмамен қоршалған ядродан және оны мөлдір қабық пен фолликула қорғап тұрады


Түзілетін жері



Аталық жыныс безі

Өлшемі

Сперматозоидпен салыстырғанда үлкен. Өлшемі 0,15 тен 0,2мм дейн болады.




Өндірілген саны


бір менструалды кезеңде тек бір жасуша бөлінеді


Температура



тіршілік әрекетін сақтау үшін дене температурасынан 2 градусқа төмен болуы қажет

Тіршілігі




Сперматозоид тіршілігі қысқа. Жатырға түскенен кейін 3-5 күн тіршілігін жалғастыра алады.

Заттардың алмасуы

белсенді



Дескриптор:

-жыныс жасушаларының құрылымын бос орындарға дұрыс толтырады – 3 балл;

-академиялық терминдерді қолданады – 3 балл;

-жыныс жасушаларын құрылысы мен қызметіне қарай отырып саластырады – 4 балл;




ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ


Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________

1. Қиын сұрақ: Анализ және салыстыру

Сұрақ:
Адамның сперматогенезі мен оогенезінде мейоз процесі қалай ерекшеленеді? Мейоздың әртүрлі өтуінің эволюциялық маңызы қандай? Мысал келтіріп, талдаңыз.

Жауап:

  • Мейоздың ерекшелігі:

    • Сперматогенезде: Мейоз барлық кезеңдерден үздіксіз өтеді. Бір сперматогониядан төрт функционал жасуша (сперматозоид) түзіледі.

    • Оогенезде: Мейоз II фазасы ұрықтану болмайынша аяқталмайды. Бір оогониядан тек бір функционал жұмыртқа жасушасы және үш полярлы дене түзіледі.

  • Эволюциялық маңызы:

    • Сперматогенезде көп сперматозоидтың түзілуі ұрықтану мүмкіндігін арттырады.

    • Оогенезде бір жұмыртқа жасушасының барлығы қоректік заттарға бай болып, ұрықтың бастапқы дамуына жағдай жасайды.

Мысал: Қосмекенділерде жұмыртқа жасушасы үлкен, себебі ұрықтың дамуы тек жұмыртқа ішінде өтеді, ал сперматозоидтар су арқылы қозғалғыштығы жоғары болғандықтан сандық артықшылыққа ие.

2. Қиын тапсырма: Генетикалық әртүрлілік

Сұрақ:
Мейоз процесінде хромосома айқасуы (кроссинговер) сперматогенезде және оогенезде қандай рөл атқарады? Әртүрліліктің пайда болуы үшін қай процесс маңыздырақ?

Жауап:

  • Хромосома айқасуының рөлі:

    • Сперматогенез: Әртүрлі сперматозоидтар түзіледі, бұл генетикалық әртүрлілікті арттырады.

    • Оогенез: Генетикалық комбинацияның пайда болуы болашақ ұрпақтың түрлі өзгерістерге бейімделуіне жағдай жасайды.

  • Маңыздылығы: Екі процесс те генетикалық әртүрлілік үшін маңызды, бірақ сперматогенезде бұл кеңірек қамтылады, себебі ол миллиондаған сперматозоид түзеді, ал оогенезде тек бір жұмыртқа жасушасы түзіледі.

3. Қиын есеп: Сандық анализ

Сұрақ:
Егер адамның бір сперматогониясы 16 рет митоздық бөлінуден өтсе, барлық түзілген сперматозоидтардың жалпы саны қанша болады?

Шешуі:

  • Бір сперматогония 16 митоздан өткенде, 2 16 жасуша түзіледі.

  • Әрқайсысы мейоз арқылы 4 сперматозоид береді: 2 16 ×4=262144 сперматозоид.

Жауап: Барлығы 262144 сперматозоид түзіледі.

4. Қиын тапсырма: Биологиялық модельдеу

Сұрақ:
Егер оогенез процесінде мейоз I-де қате болып, генетикалық материал дұрыс бөлінбесе, қандай генетикалық бұзылыстар болуы мүмкін? Бұл ұрпаққа қалай әсер етеді?

Жауап:

  • Мүмкін бұзылыстар:

    • Трисомия (21-хромосомада Даун синдромы).

    • Моносомия (X-хромосомада Тернер синдромы).

  • Әсері:

    • Даун синдромы физикалық және когнитивті даму ақауларын тудырады.

    • Тернер синдромы аналық бедеулікке және физикалық кемістіктерге әкеледі.

Талдау: Бұл процестер мейоздың дәлдігіне тәуелді екенін және кез келген аномалияның ауыр салдары болатынын көрсетеді.

5. Қиын тапсырма: Энергетикалық шығындар

Сұрақ:
Неліктен оогенез кезінде тек бір функционал жұмыртқа жасушасы түзіліп, полярлы денелер жойылады? Бұл энергияны сақтау тұрғысынан қандай маңызға ие?

Жауап:

  • Себебі: Барлық қоректік заттар бір ғана жұмыртқа жасушасында жинақталады, бұл оның өміршеңдігін арттырады.

  • Энергетикалық шығын: Егер барлық жасушалар бірдей болса, ұрыққа қажетті қоректік заттар жеткіліксіз болуы мүмкін. Бір жұмыртқа жасушасының қоректік заттарға бай болуы оның дамуы үшін тиімдірек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!