Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
2-3 сынып Дәстүрді жаңғыртайық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
облысы ауданы
№ мектеп-лицейі
Бағыты: Этнопедагогика
Жобаның тақырыбы: Дәстүрді жаңғыртайық
Авторы:
« » сынып оқушысы
Жетекшісі:
20 – 20 оқу жылы
Аннотация
Қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі,яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының қанына сіңген тектігі,адамгерілігінің жоғары болуы,әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен. Біз сол ата-әжелеріміщдің тыйымымен өсіп өніп келеміз. Бұл сөздер балаларды жаман әбдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмыз.
Аннотация
Казахское табу является источником народного воспитания, то есть казахский народ воспитывал своих детей через запреты, чтобы они были хорошими и избегали вредных привычек с малых лет, т.е. Мы росли с запретами этих бабушек и дедушек, эти слова предостерегают детей от вредных привычек, плохого поведения, неподобающего поведения и негативного поведения. Таких запрещенных слов в стране очень много.
Annotation
The Kazakh taboo is a source of national education, that is, the Kazakh people used to educate their children through prohibitions so that they should be good and avoid bad habits from an early age. i.e. from being instilled in the child from a very early age. We have been growing up with the prohibitions of those grandparents. These words warn children against bad habits, bad behavior, inappropriate behavior, and negative behavior. There are a lot of such forbidden words in the country. He knew how to praise the value of tradition.
облысы, ауданының
№ мектеп-лицейінің « » сынып оқушысы
«Дәстүрді жаңғыртайық» тақырыбына жазған
П І К І Р
Жас зерттеушілер Ата - бабаларымыздан қалған салт - дәстүрдің бірі - «Дәстүрді жаңғыртайық» тақырыбына зерттеу жұмысы жас ерекшеліктеріне сай орындалған. Көп ізденіс жасаған. Оқыған, жинаған материалдарын жүйелі жоспарлап, жеткілікті дәрежеде талдай білген.
Ғылыми жұмыстың құрылымы дұрыс. Жобаны үш бөлімге бөліп қарастырған. Әрбір қарастырылған мәселелер де маңызды.
Жұмыстың зерттеу бөлімінде «қазақы салтың – ата-дәстүрің» дей келе, қайта жаңғыртуды қажет ететін салт-дәстүрлер туралы материалдарын жинап жүйелеп жазған.
Жұмыста өрескел кемшілік байқалмайды. Жұмыстың тілі жатық, сауатты, жүйелі, ғылыми стильде жазылған. Құрылымы, рәсімделуі толық сақталған.
Жас зерттеушілердің бұл еңбегі мектеп мұғалімдері мен оқушыларға көмекші құрал бола алады.
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Салт-дәстүр туралы
2.2. Ұлттық салт-дәстүріміздің ұмыт болған көне түрлері
2.3. Салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі рөлі
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1. Қайта жаңғыртуды қажет ететін салт-дәстүрлер
ІҮ. Қорытынды
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
Жұмыстың орындалу әдістері:
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы мәлімет жинау, жүйелеу, талдау, сауалнама өткізу, қазіргі заман талабына сай қолдану аясын анықтау.
Мақсаты:
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, халқымыздың салт-санасындағы алатын орнын айқындау.
Міндеттері:
-мәдениеттану,тарихы-этнографиалық еңбектерді зерттеп талдау;
-аудан кітапханасындағы қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарымен танысу;
-ауыл тұрғындары ата-әжелерден мәлметтер жинау;
-оқушылар арасында сауалнама өткізу;
-қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары тақырыбына сынып сағаттарын өткізі;
І. Кіріспе
Ата дәстүрін ардақтау - қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата - бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады.
Салт - дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт - дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет - ғұрыптар, салт – дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт - дәстүрлер салт - сана болып қалған. Халықтың салт – дәстүрлері, рәсімдер мен жөн - жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.
Салт - кәсіпке, сенімге,
тіршілікке байланысты әдет - ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан - ұрпаққа
ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп,
қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай
келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып
отырады.
Дәстүр - ұрпақтан - ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар
мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқының,
іс - әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты,
сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата - ананы
құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік
сезімдері озық дәстүрлерге
жатады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Салт-дәстүр туралы
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт – дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт - дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт –дәстүрлері, рәсімдер мен жөн-жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт- дәстүрлері осы ұлттың мінез- құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.
Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет- ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр
- ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын,
тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен
халықтың мінез - құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр
мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел
дәстүрге де бай. Ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық,
әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге
жатады.
ҚАМШЫ ҚАЙТАРУ.
Е р-тұрман жабдықтарының ішінде қамшы киелі құрал саналады. Соған орай қамшы атауымен байланысты этнографиялық ұғым да көп. Мысалы, қамшы тастау (сөз сұрау), қамшы жұмсау (күш көрсету), қамшы болу (әсер ету, себепкер болу), қамшы қайтару. Қамшы қайтару құда түсу жолында жасалатын жоралғы. Ұлына қалындық іздеген жігіт әкесі ауылдың ақсақалы мен азаматтарына және өз туыс-туғандарына жолығып, шаруасын айтады. Бұған жанашырлар ақыл қосып, пәлен жерде жақсы отбасының бойжеткен қызы бар екенін хабардар етеді. Сөйтіп, жігіт әкесі өзінің беделді адамдарын ертіп, қыз әкесінің үйіне барып түседі. Қонақасын ішіп аттанған ұл әкесі өз қамшысын кереге басына іліп кетеді. Мұны көрген қыз әкесі тиісті жауабын беруі керек. Егер қыздың басы бос болмаса немесе қызын бергісі келмесе қамшы иесіне қайтарылады. Мұны «қамшы қайтару» дейді. Бұған жігіт әкесі ренжімейді. Қызға белгі тастаудың «біз шаншар» деген де жолы бар.
“БІЗ ШАНШАР”
Ертеде жас-кәрісі аралас бір топ ер-азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, әр түрлі ел шаруасын, амандық білген болып, қанақасын ішіп, аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде үйге қонақ топтанып түсе бермейді. Олар кеткеннен кейн отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл “бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық” дегенді білдіреді.
ЖІГІТ-ТҮЙЕ.
Құдалық, отау көтеру
дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той
үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт
– түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе беріледі
(түйе-жігіт» деген осыдан шыққан). Атасы риза болған жағдайда қол
жайып, батасын береді.
ЖІЛІК САЛЫП
ШАҚЫРУ.
А сқа, тойға шақырғанда, тойға шақырушы қоржынына піскен жаңбас, ортан жілік, асықты жілік сияқты кәделі мүшелерді салып алады. Беттеген ауылына жеткенннен кейін шақыратын кісілерінің үйіне тоқтап, қоржынынан тиісті алып ұсынып, тойға шақыра келгенін айтады. Мұны шақырылған адам ризашылықпен қарсы алып, үйіне түсіреді. Мұндай шақыру алған туыстар тойына ат, атан жетектеп, саба-саба қымыз артып, салтанатпен барады.
“БОСАҒА МАЙЛАУ”
Жастар жеке отау құрғанда немесе жаңа үйге кіргенде жақын-жуықтары келіп, үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі. Көктемде бірінші шайқаған майды отбасындағылар ауыз тимей тұрып, есік жақтауын, табалдырықты, киіз үйдің ас-су сақталатын жақ босағасындағы кизді майлау ырымы да бар.
ИТАЯҒЫНА САЛУ.
Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «итаяғыңа сал» деп сақина, күміс, күміс түйме сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып, баланы шаранасынан жуатын суға күміс бұйымдарды салып жіберіп, нәрестені жуындырады. Жуындырып болғаннан кейін әлгі заттарды әйелдер ырым қылып бөлісіп алады.
2.2. Ұлттық салт-дәстүріміздің ұмыт болған көне түрлері
Қазақстан – ұлан-байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең-байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата-бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» – қазақ халқының негізгі мінез-құлқы. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет-ғұрпын айта келсек.
Қасиетті қазақ халқының салт –дәстүрлері өте көп.
Солардың бірі – балаға ит көйлек кигізу. Мен жаңа туған балаға ит көйлек кигізгенін өз отбасымнан байқадым. Не себепті ит көйлек кигізетінін өз қызығушылығыммен зерттеу бастадым.
Д үние есігін ашқан сәбиге ең алғаш тігісін сыртына қаратып, киім тігіп кигізеді. Бұл киімнің атын «ит көйлек» немесе «ит жейде» деп атаған. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жібереді. Иткөйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағандығында емес, халық итті жеті қазынаның бірі деп бағалауында жатыр. Киімнің бұлай аталуы жайында мынадай қызық аңыз бар.
Т әңірі тағала адамның мүсінін жасағанда, оның кіндігінен алынған бір шөкім балшықтан итті жаратады. Иттің үнемі адамнан айырылмай, қайда барса да, иесінің мал-мүлкін қорып, адамға серік болып жүретін себебі сол екен. Кіндік балшығынан жаралған соң, алғашында оның терісі түксіз, жалаңаш болыпты.
Адам ата жаралған соң, оны қырық күн, қырық түн күзетіпті. Ібіліс Адамға жақын келіп:
-
Тәңірі сені иесіне жаратқан?! Түрің құрысын! – деп, Адамның бетіне түкіріп жіберіпті. Сол сәтте ит Адамды қорғап, Ібіліске тап береді. Ібіліс итке ашуланып, қаһарын төгеді. Ібілістің қаһары асып түсіп, ит тоңып өледі.
Хақ тағала иттің ерлігіне риза болып, оны қайта тірілтіп, денесін жүні қалың терімен қаптайды. Адамның шаңырағынан мекен береді. Ал Ібіліс Адам бетіне түкіргендіктен, адам әр түрлі кеселге шалдығатын болыпты.
И т Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскен кезде де алғаш рет соларға сенімді серік болыпты. Оларды бәле-жаладан, қауіп-қатерден құтқарып, қорған болған екен.
Жаңа туған баланы да пәде-жәледен қорғасын деп ит көйлек кигізіп ырымдау содан қалыпты. Ит көйлекті бала қырқынан шыққанша кигізеді. Оны шыт, сиса, бәтес, бөз сияқты жұмсақ маталардан жасайды. Тысын сыртына қаратып, шетін бүкпей пішеді. Жағасын ойып, өңіріне баланың басын сиятындай етіп тік тілік жасайды.
Баланы қырқынан шығарғасын ит көйлекті далаға тастамайды. Дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып, өзімен бірге ала жүрген. Себебі, «көйлек қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды» деп ырымдаған. Баласы жоқ әйелдерге ит көйлекті ырым етіп береді.
2.3. Салт-дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі рөлі
Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай. Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттерәр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән мағынасымен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік – мәдени салт дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұы болуға, шаруашылыққа еңбекке, өмірге бейімдеу.
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық.
Бұл дегеніміз – қазақ ауылында
кіндігі кесіліп, туған халқының әдет-
ғұрпын тасындай қалап, дәстүрін жадына жылудай жинап, асыл тілін
аманаттай ардақтап, дінін дініне тұмардай тағып, салтын санасына
сыбағадай сақтап және олардың бәрін құрандай қастерлеп өскен ұрпақ
екенін білдіру. Оның мақсаты ата салтымыздың асыл мұрасы мен алтын
қазынасын көпшілікке, кейінгі жас ұрпаққа ұсынып, оны оқып үйренуді
өмірге еңгізуді аманат деп тапсыру.
Тәрбиенің басы отбасынан басталады. Бала дүниеге келгеннен 5-6
жасқа
дейін ата-ана немесе ата, әже қарамағында болады.
Қазақ отбасындағы тәрбие ісі ғалым Ш. Ахметовтың 8 түрлі
мәселені
зерттеулер негізінде қамтыған.
1. Тәрбие басы алдымен әдептілікті үйретуді көздеген.
2. Баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.
3. Тіл алғыш елгезек болуға баулыған.
4. Адал сыншыл болу.
5. Өнегелі ұстаз бен көпті
көрген қария сөзін тыңдап “ақпа құлақ
болмай, құйма құлақ бол” дегенді бойға
сіңірген.
6. Үлкенді, ата-ананы сыйлауды үлкен және ең басты міндет етіп қойған.
7. Кісі айыбын бетіне
баспайтын, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін азамат
бол, қаріп-қасірлердің табиғи кемдігін бетіне баспа
деген.
8. Ел қорғаған батыр бол,
халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған
жұмса деген Сан ғасырдан бері жинақталған ойшылдардың, даналардың,
шешендердің, ұстаздардың педагогикалық идеялары халықтың өмір
тіршілігімен, кәсібімен, ұлттық тәрбие дәстүрімен қоғамнан қоғамға
жалғасып, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Бұлардың бәрі
тәрбиені жетілдіру талабынан туған еді. Салт-дәстүр дегеніміз –
халықтардың кәсібіне сенім нанымына, тіршілігіне байланысты
қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол
отбасылық тәрбиеден қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара
алмайды. Бүкіл халық ел жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге
жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп
өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері
жойылып өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Ұлттық салт
пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты.
Қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша қазақ ұлтының алғаш пайда болуы
ХІІІ-ХІV ғасырлардан басталады деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден
бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып
дамыды. Халық “Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар”,
“Әдет – әдет емес, жөн - әдет”- деп заман талабына сай дәстүрлерді
дәріптеп тәлім тәрбиенің пәрменді құрылысы ретінде пайдаланылып
келген. Мысалы: көп жылдары бойы “діни мейрам” деген жаңсақ
көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып, қазіргі
демократия кезінде ол қайта жанғыртылып жалпы халық мейрамына
айналды. Әрбір ұрпақтың өмір тәжірибесінде екшеленген идеяларының,
сұрыпталған моральдық ережелері мен нормаларының жыл озған сайын
үстемеленіп дамып отыруында. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің
ерекшелігі мен қасиеті тәрбиелік әсер ықпасында өміршеңдігінде,
жаңа дәстүрдің туып, дамып, қалыптасып тәрбие құралы ретінде
кейінгі ұрпаққа мұра болып қала
беруінде.
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1. Қайта жаңғыртуды қажет ететін салт-дәстүрлер
Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса (айдар тағу, қонақ кәде, бастаңғы және т.б.), кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.
Ауылымыздағы
қариялардан
кеңес алу сәтінен
Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапханадағы
ізденістен үзінді
Мектепішілік, аудандық кітапханаларды
аралау сәтінен
Ауыл тұрғындарынан сауалнама алу сәті
Оқушылардан сауалнама алу кезі
ІҮ. Қорытынды
Қорыта келе, ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтамыз. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Осы мақалға сүйене отыра бабамның аманатын сақтаушы ұландардың бірі мен боламын. Елімді, өз өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді. Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біз, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді ұрпақтан –ұрпаққа аманат етеміз деп сөз беремін.
«Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерін зерттедік. Біздің көңілге түйгеніміз және ұққанымыз, салт-дәстүрдің адам өміріндегі алатын орнының маңызды, тәрбиелік мәнінің зор екені. Салт-дәстүрлер адамды ізгілікке, қонақжайлылыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздік.
Ұсыныс:
-
Салт-дәстүрлерді насихаттайтын қазақ фильмдері, мультфильмдер көптеп түсірілсе;
-
Балаларға арналған сал-дәстүрге қызығушылығын арттыратын суретті кітаптар, электронды кітапшалар шығарылса;
-
Мектепішілік сайыстардың қатарына «Салт-дәстүр» күні бекітілсе.
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі»1994жылы жарық көрген. Бұл оқулықтан біз қазақтың салт-дәстүрінің бірі – Ерулік туралы мәліметтер алдық.
2. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы. «Ана тілі»2003жылы жарық көрген. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар туралы деректер көзі мол.
3. Қазақ мақал- мәтелдері. Алматы. «Қазақстан» 1990жылы жарық көрген.
Бұл кітаптан біз тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер алдық.
4. Қазақтың салт-дәстүрлері. Алматы 1998 жылы жарық көрген.
5. Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1992жылы жарық көрген.
6.
Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.
1999жылы жарық көрген.