Материалдар / 2- жас циклограмма қаңтар айына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

2- жас циклограмма қаңтар айына

Материал туралы қысқаша түсінік
2023 жылға 2 жастағы балаларға қаңтар айына арналған циклограмма . тәрбиешілерге пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2023
799
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы-DS «Ашура» балабақшасы

Топ-кіші «» тобы

Балалардың жасы-2 жастағы

Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету) – 04-06 қаңтар 2023 ж.

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

04.01.2023

Бейсенбі

05.01.2023

Жұма

06.01.2023

Балаларды қабылдау



Әңгімелесу «Аюдың ұйқысы» ( сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: балаларға аю туралы түсінік қалыптастыру. Қарлы күнде жылы киіну дағдыларын дамыту.

Саусақ ойындары: «Неше аққала бар?» Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, саусақ арқылы санау дағдыларын үйрету. (сөйлеу. дам, математика негіздері)

Әңгімелесу «Жабайы жануарлар» ( сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: балаларды жабайы жануарларды ажыратуға үйрету; табиғатты аялауға үйрету.

Саусақ ойындары: «Қайда орналасқан?» Мақсаты: Балаларды заттарды ретімен орнына орналастыруға жаттықтыру.( сөйлеу. дам, дене.шын)

Әңгімелесу «Аязды күн! » ( сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: балаларды аязды күн туралы таныстыру. Суық күнде қалың киіну керек екенін әңгімелеу. Суық, аяз сөздерін түсіну дағдысын дамыту. Саусақ жаттығуы «Таяқшалардан үй» Мақсаты: музыка ырғанына сай, саусақтарын ашып таяқшалрдан үй жасауға үйрету. Тілдерін дамыту. музыка, ден.шын, сөйлеу.даму

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру



Ата -аналармен балаларының көңіл күйі, жағдайы жайында сөйлесу. «Демалыс күндері» туралы ата- аналармен әңгімелесу

Ата -аналармен «Үйден ойыншық әкелмеу туралы» ата- аналарға арналған кеңес

Ата –аналармен балалардың тамақтануы жайлы әңгімелесу. « Аязды күнде қалың киіну » ата аналарға арналған кеңес

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)



Құрылыс материалдарымен ойын: «Торғайдың ұясы» Мақсаты: құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құстың ұясын құрастыруға үйрету. (Құрастыру)

Дидактикалық ойын «Пойыз» Мақсаты: дайын қағаздардан пойыз жасау, заттардың қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын атауға үйрету (жапсыру)

Үстел үсті ойындары. «Мазайка – жануарлар» Мақсаты : балалардың саусақ моторикасын дамыту.

Таңертенгі жаттығу



Дене шынықтыру маман жоспары бойынша

Дене шынықтыру маман жоспары бойынша

Дене шынықтыру маман жоспары бойынша

Таңғы ас



«Қасықты дұрыс ұстаймыз» жаттығуы Міндеттері: Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру.

«Жылы су, жылы су» тақпақ қайталау. Міндеттері: Жуыну туралы қысқа өлеңдерді немесе тақпақтарды үйрету, оларды ересектермен немесе өз бетінше қайталауға үйрету

«Құрғақ, жұмсақ орамал» ойын жаттығуы Міндеттері: қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Ұйымдастырылған іс әрекеті



"Қайда орналасқан?" ойын - тренингі Мақсаты: заттардың қайда орналасқанын байқауды дамыту. Әр бала кезекпен заттардың қайда орналасқанын айтуға шығады. Балалар заттық кеңістікті дұрыс айтуға үйрету.қай заттың оң жағын немесе сол жағында орналасқанын біртіндеп шығып айтады. Солайша балалар заттардың кайда тұрғанын анықтауды үйренеді.

"Кім бірінші " ойын -тренингі . Жаттығу мақсаты: балаларды ептілікке тәрбиелеу. Жылдамдыққа , қимыл қозғалыстарын дамыту. Балалар тізіліп тұрады, шарды жоғары лақтырғанда кім бірінші қағып алады соған ұпай саналады. Солайша әрекет жасап шарды бірінші қағып алуға тырысады.

"Қонаққа барамыз" ойын - тренингі Мақсаты: балалар мнемокесте арқылы түлкінің үйіне қалай қонаққа бару керектігін көріп. Достарымен бірлесіп қайталап жасайды. Қонаққа барғанда адам өзін қалай ұстау керектігін үйренеді. Үлкендерді сыйлау дағдысын қалыптастыру.

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс әрекет



Денешынықтыру

Маманның жоспары ойынша

Денешынықтыру

Маманның жоспары ойынша

Денешынықтыру

Маманның жоспары ойынша

Серуенге дайындық



«Түлкінің моншағы»

моншақ туралы түсініктерін қалыптастыру, 2-3 сөз құрастырып сөйлеуге үйрету.

«Кесе»

Түрлі ірі конструкторлар арқылы кесе құрастыруға үйрету

«Қардағы із» қыста өмір сүретін жануарлардың ізі туралы айтып түсініктерін қалыпастыру.

Серуен



Бұлттарды бақылау Мақсаты: - Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғаттыбақ ылауға деген қызығушылық тарын арттыру

Боранды бақылау. Мақсаты: - қыс мезгіліндегі ауа райындағы өзгерістерді бақылау, боран туралы түсініктерін қалыптастыру. Боранның қай мезгілде болатынын білу. Табиғатты қорғауға тәрбелеу.

Ауа – райы құбылысын бақылау. Мақсаты: Белгілеріне қарап жыл мезгілін анықтауға үйрету.

Серуеннен оралу



Жуыну кезіңдегі тақпақтар: Дос бол сабын, сумен сен, Жиі-жиі жуын сен: Таңертеңде, кеште де, Жуын күндіз – түсте де, Жуын тамақ алдында,

Жуыну кезіңдегі тақпақтар: Жуын ұйықтар кезінде

Жуын тұрған мезгілде.

Су мен сабын – бір жолдас, Жоймас олар кір болмас

«Біз ұқыпты баламыз» Киімдерін бүктеуге үйретуді бастау.

Түскі ас



Ей балалар, балалар Бар қасиет нанда бар! Тоқаш, бөлке көп болар, Тәттіге жұрт тоқ болар

Нан туралы мақал қайталау. Нан— тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы.

Нан бар жерде ән бар Дәнді шашпа, нанды баспа.

Күндізгі ұйқы



«Үш аю» ертегісі

«Қошақан» ертегісі

«Қоян мен аю» орыс халық ертегісі

Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары



Керуеттегі жаттығулар Оянайық бәріміз. Көздеріңді ашыңдар, Кірпіктеріңді көтеріңдер. Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар, Бір - біріңе жымиыңдар, Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар, Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер, Іштеріңді тартыңдар, Көңіл күй көтерілді, Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар, Жұдырықты қысыңдар, Енді біраз ашыңдар, Керіліңдер, созылыңдар, Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.

Керуеттегі жаттығулар Оянайық бәріміз. Көздеріңді ашыңдар, Кірпіктеріңді көтеріңдер. Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар, Бір - біріңе жымиыңдар, Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар, Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер, Іштеріңді тартыңдар, Көңіл күй көтерілді, Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар, Жұдырықты қысыңдар, Енді біраз ашыңдар, Керіліңдер, созылыңдар, Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.

Керуеттегі жаттығулар Оянайық бәріміз. Көздеріңді ашыңдар, Кірпіктеріңді көтеріңдер. Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар, Бір - біріңе жымиыңдар, Бастарыңды оңға, солға бұрыңдар, Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер, Іштеріңді тартыңдар, Көңіл күй көтерілді, Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар, Жұдырықты қысыңдар, Енді біраз ашыңдар, Керіліңдер, созылыңдар, Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар

Бесін ас



«Құрғақ, жұмсақ орамал» ойын жаттығуы Міндеттері: қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

«Үстел үстінде тәртіп сақтаймыз» жаттығуы Міндеттері: Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, қасықты дұрыс ұстауға дағдыландыру

«Қолымызды дұрыстап жуамыз» жаттығуы. Міндеттері:Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін үйрет

Балалардың үйге қайуы



Ата аналарға балаларына «Аязды күнде қалай киіну керек екені» туралы айтуды ұсыну.

Ата-аналарға баланың денсауығына мән беру туралы кеңес беру.

Демалыс күндеріне сәттілік тілеу.







Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы-DS «Ашура» балабақшасы

Топ-кіші «» тобы

Балалардың жасы-2 жастағы

Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету) – 09-13 қаңтар 2023 ж.

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

09.01.2023

Сейсенбі

10.01.2023

Сәрсенбі

11.01.2023

Бейсенбі

12.01.2023

Жұма

13.01.2023

Балаларды қабылдау

Әңгімелесу «Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз»:(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: Өрт қауіпісіздігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды балабақшадағы тәртіп ержесін сақтауға тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелеріне бағыну қабілетін, өз денсаулығы мен басқалардың денсаулығын сақтау ниетін дамыту.

Саусақ жаттығуы «Таяқшаларды санаймыз» Мақсаты: саусақтары арқылы таяқшаларды санауға үйрету. ( математика негіздері, сөйлеуді дамыту.)

Әңгімелесу "Менің ойыншығым" ( сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: балаларды ойыншықтарын ұқыпты ойнау керек екенін түсіндіру. Зейінді, байқағыштықты дамыту. Ойындағы балалардың достық қарым-қатынасын тәрбиелеу. "Қуыршақтың шкаф" ойыны Мақсаты: құрдастарымен өзара қарым қатынастарын нығайту( сөйлеуді дамыту, қор.ор.тан)

Әңгімелесу "Кел ойнаймыз?» ( сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: баланы ойын ережесі бойынша ойнай алуға үйрету: басқалардың пікірін тыңдау, заттарына ұқыптылықпен ұстауға баулу, тұлға ретінде жетілдіру; Саусақ ойындары: «Неше ойыншығым бар?» Мақсаты: Балалардың тілдерің саусақтарын ашып жұмуға үйрету. (сөйлеу. дам, дене.шын)

Әңгімелесу «Қыс қызығы» :(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: балаларды қыстағы ойындарды ойнау дағдыларын дамыту.

Саусақ жаттығуы «Бұл не?» Мақсаты: саусақтары арқылы таяқшаларды санауға үйрету. ( математика негіздері, сөйлеуді дамыту.)

Әңгімелесу «Қыстағы орман» ( сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Міндеттері: балаларды ойындағы балалардың суық , ыстық туралы түсінікерін қалыптастыру. Табиғаты аялауға тәрбиелеу. "Сырғанақ" ойыны Мақсаты: балаларды сырғанақпен таныстыру.( сөйлеуді дамыту, қор.ор.тан)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата -аналармен балалардың жол ережесін сақтау жайлы әңгіме жүргізуін айту. «Бағдаршам" ата-аналарға арналған кеңес

Ата -аналармен үйден ойыншық, тәттілер балабақшаға әкелмеу жөнінде әңгімелесу. «Өрт қауіпсіздігі туралы» ата- аналарға арналған кеңес

Ата -аналармен балаларының көңіл күйі, жағдайы жайында сөйлесу. «Аязды күнде баланы қалай киіндіру керек?» туралы ата- аналарға арналған кеңес

Ата -аналармен балалардың жол ережесін сақтау жайлы әңгіме жүргізуін айту. «Қысқы жол ережесі туралы" ата-аналарға арналған кеңес

Ата –аналармен «Жол ержесі туралы көбірек айту » ата- аналарға арналған кеңес

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнеле

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!