№2 БЖБ 10-сынып ҚГБ әдебиет ІІІ тоқсан, 3-тоқсан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

№2 БЖБ 10-сынып ҚГБ әдебиет ІІІ тоқсан, 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
№2 БЖБ 10-сынып ҚГБ әдебиет ІІІ тоқсан, 3-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі бойынша 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

10-сынып. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. № 2 БЖБ

Білім алушы____________________________________________________________

Бөлім атауы

«Аңызбен өрілген көркем сөз» бөлімі

Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі, Ұ. Есдәулетов «Біз -түркілерміз» өлеңі

Оқу мақсаты

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Бағалау критерийі

  • Кейіпкер қасиетін ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;

  • шығарманы композициялық ерекшеліктеріне талдайды;

  • шығарманы тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Уақыты

20 минут


1-тапсырма. «Алғашқы ұстаз» шығармасы бойынша берілген үзіндідегі кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, кестені толтырыңдар.

Үзінді


«Мен көргенде Алтынай Сүлейменова шашына ақ кірген, толық келген, елулерге таянып қалған адам екен».

Кейіпкер


Өзің берген мінездеме




Өмірде кездестірген ұқсас адам






Шығарманың құндылығы.







2-тапсырма. Ұ. Есдәулетов «Біз түркілерміз» өлеңінің құрылымдық ерекшелігін анықтаңыз, үзінділерді ретімен орналастырыңыз.

Шығарма жолдары

Реттілігі

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық – бұ да бір қаймақ халық!


Атқа мінсем кетемін аруақтанып


Тарихымыз дастан боп таста қалған,


Көк бөріден туғанымыз рас болса


Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп



3-тапсырма. «Қазына іздеу» әдісі бойынша өлең жолдарынан «ұлттық мақтаныш», «ел намысы», «халық арманына толы жарқын тұстарын» анықта. «Көк Тәңiрден көңiлге нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де күркiрермiз» деген өлең жолдары бойынша түйін жаса.

Біз - түркілерміз...

Біз - түркілерміз!

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көк бөріден туғанымыз рас болса,

Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.

Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.

Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,

Айға қарап ұлыған көк бөрімін.

Атқа мінсем кетемін аруақтанып,

Арасында желік бар ет-терінің.

Атқа мінсем кетемін айбаттанып,

Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!

Намысымдай ешкімге таптатпаған,

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп,

Аруақтар аманатын ақтап бағам.

Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,

Көк аспандай әлі де күркірерміз.

Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,

Қай дұшпанның алдында іркілерміз?

Біз - түркілерміз!

Біз - түркілерміз!!

Біз - түркілерміз!!!


Тірек сөздер

Өлең жолдары

Ұлттық мақтаныш





Ел намысы





Халық арманы






«Көк Тәңiрден көңiлге нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де күркiрермiз»










Бағалау критерийлері

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кейіпкер қасиетін ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;

1

Берілген үзіндідегі кейіпкерді анықтайды;

1

Кейіпкерге мінездеме береді;

1

Өмірде кездестірген ұқсас адаммен салыстырады;

1

Кейіпкер бейнесі арқылы шығарманың құндылығын талдайды.

1

1

шығарманы композициялық ерекшеліктеріне талдайды;

2

«Біз түркілерміз» өлеңінің құрылымдық ерекшелігін анықтайды.


1

Үзінділерді ретімен орналастырады.

1

шығарманы тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.


«Біз -түркілерміз» өлеңінің жолдарынан «ұлттық мақтаныш», «ел намысы», «халық арманына толы жарқын тұстарын» анықтайды;

1

Шығарманың тарихи құндылығына баға береді.

1

1

Барлығы

10

Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. «Алғашқы ұстаз» шығармасы бойынша берілген үзіндідегі кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, кестені толтырыңдар.

Үзінді


«Мен көргенде Алтынай Сүлейменова шашына ақ кірген, толық келген, елулерге таянып қалған адам екен».

Кейіпкер

Алтынай

Өзің берген мінездеме

Алтынай – қарапайым ауылдан шыққан, академик дәрежесіне жеткен білімді қазақ қызы.

Өмірде кездестірген ұқсас адам


Ж. Аймауытов «Ақбілек» романындағы Ақбілек тағдыры ұқсас.

Шығарманың құндылығы.


Өмір атты өзеннің қиындығы мен ауыртпалығы қатар келгенде жас ағаш иілмеді. Алтынайдың тағдыры Ақбілек тағдырымен ұқсас. Себебі екеуі де заманындағы қиындықты жеңіп, өз орнын таба білді. Қазақ қыздарына тән қайсарлық, білімге деген құштарлық арманына жеткізді. Ұстазды құрметтеуді Алтынайдан үйренуге болады.


2-тапсырма. Ұ. Есдәулетов «Біз түркілерміз» өлеңінің құрылымдық ерекшелігін анықтаңыз, үзінділерді ретімен орналастырыңыз.

Шығарма жолдары

Реттілігі

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық – бұ да бір қаймақ халық!

4

Атқа мінсем кетемін аруақтанып

3

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

2

Көк бөріден туғанымыз рас болса

1

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп

5


3-тапсырма. «Қазына іздеу» әдісі бойынша өлең жолдарынан «ұлттық мақтаныш», «ел намысы», «халық арманына толы жарқын тұстарын» анықта. «Көк Тәңiрден көңiлге нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де күркiрермiз» деген өлең жолдары бойынша түйін жаса.

Біз - түркілерміз...

Біз - түркілерміз!

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көк бөріден туғанымыз рас болса,

Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.

Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.

Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,

Айға қарап ұлыған көк бөрімін.

Атқа мінсем кетемін аруақтанып,

Арасында желік бар ет-терінің.

Атқа мінсем кетемін айбаттанып,

Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!

Намысымдай ешкімге таптатпаған,

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп,

Аруақтар аманатын ақтап бағам.

Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,

Көк аспандай әлі де күркірерміз.

Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,

Қай дұшпанның алдында іркілерміз?

Біз - түркілерміз!

Біз - түркілерміз!!

Біз - түркілерміз!!!


Тірек сөздер

Өлең жолдары

ұлттық мақтаныш

Атқа мінсем кетемін аруақтанып,

Арасында желік бар ет-терінің.

Атқа мінсем кетемін айбаттанып,

Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.

ел намысы

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.

***

Намысымдай ешкімге таптатпаған,

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп,

Аруақтар аманатын ақтап бағам.

халық арманы

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көк бөріден туғанымыз рас болса,

Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.

***

Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,

Қай дұшпанның алдында іркілерміз?

«Көк Тәңiрден көңiлге нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де күркiрермiз»

Өлеңнің ««Көк Тәңiрден көңiлге нұр тiлермiз, Көк аспандай әлi де күркiрермiз» деген жолдары бүгінгі жарқын күндегі жарық болашақты мегзейді. Тоныкөк негізін қалаған «Мәңгілік Ел» ұғымы – тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы. Түрік шежіресінде «Мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды көрсететін «Мәңгілік Ел»

идеясының мемлекеттік идеологияға айналуы – бабаларымыз арманының салтанат құруы, болашағымыздың баянды етілуі. Ал ақынның «Көкбөрiлi көк байрақ көкке шықса» дегені – түркі әлемінің кемел келбеті.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі