(О,Қ) Тісті
зерттеу
Мақсаты:Ресурстарды
пайдалану арқылы тістерді зерттеу.
Оқушыларға кішкентай айнаны
алып, өз тістерін қарап, санап шығу
ұсынылады.
-Балалар, әр адамның ауызында
қанша тіс бар?
-Сендердің ауыздарыңда қанша
тіс бар екен?
Оқушылар өз ауыздарындағы
тістердің санын анықтайды.
-Балалар, не
байқадыңдар?
-Ауыз қуысымызда неше тіс бар
екен?
-Тістердің барлығы бірдей
ме?
/оқушылардың жауаптарын
тыңдау және толықтыру/
Адамда барлығы 28 негізгі
тісі болады. Кейбір адамдарда 4 ақыл тіс өседі. Сонымен барлығы
32.
Тістердің 3 түрі бар:азу
тістер, ит тістер, күрек тістер.
(Ө,Ұ,ОТәж, Қ)Тәжірибе
жасау
Мақсаты:Тәжірибе жасау
арқылы тістердің қызметін анықтау.
-Балалар, қай тіс қандай
қызмет атқаратынын білгілерің келе ме? Ендеше мен сендерге тәжірибе
жасап көруді ұсынамын.
Оқушыларға алмаұсынылады.
Оқушылар алманы жеп, әр тістің қандай қызмет атқаратынын
анықтайды.
-Ең бірінші не
істедіңдер?
-Содан кейін
ше?
-Қай тістермен тағамды
шайнадыңдар?
Оқушылар қорытынды
шығарады:
Күрек тістермен -тағамды
тістейміз.
Ит тістермен -тағамды
жұламыз, жыртамыз.
Азу тістермен - тағамды
шайнап, ұсатамыз.
Стоматологпен
кездесу
Стоматолог келіп текше арқылы
ойын ойнатады. Оқушылар текшені айналдырады, үстіңгі қырында шыққан
сұрақты оқиды және сұраққа жауап береді. Стоматолог оқушылардың
жауаптарын толықтырады.
1/Тісті күніне неше рет
тазалау керек?
2/Тістің бұзылуына не әсер
етеді?
3/Тістердің қандай түрлері
бар?
4/ Тіске арналған қандай
пасталарды білесіз?
5/Қандай тағамдар тіске
пайдалы?
6/Қандай тағамдар тіске
зиян?
(МК) «Тісті қалай тазалау керек?»
бейнематериалын тамашалау
Мақсаты:Тісті тазалау
жолдарымен таныстыру.Дұрыс тазалауға
үйрету.
(Ө,Қ)Өздік
жұмыс
Мақсаты:Тіс күтімінің
денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау.
1-тапсырма:Тісті тазалау
әрекетінің ретін анықтап, цифрлармен
белгіле.
2-тапсырма:Тіс күтіміне
қатысты дұрыс тұжырымды белгіле(+/-).
1
|
Тісті тазаламаса, ауыздан
жағымсыз иіс шығады.
|
+ /
-
|
2
|
Тісті күту міндетті емес, ауру
тістің орнына жаңа тістер
өседі.
|
|
3
|
Тіскүлкігесәнбереді.
|
|
4
|
Тістегімикробтар ауру
туғызады.
|
|
5
|
Тіске күтім жасалса, денсаулық
та жақсы болады.
|
|
Дескриптор Білім
алушы
−тісті тазалау әрекеттерінің
ретін анықтайды
−тіс күтіміне қатысты дұрыс
тұжырымдарды белгілейді
Тапсырманы орындап болған
соң оқушылар дайын нұсқа бойынша тексереді және дескриптор бойынша
бағалайды.
|