Материалдар / 2 (IIА) топ элементтері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

2 (IIА) топ элементтері.

Материал туралы қысқаша түсінік
2 (ІІ А) топ элементтеріне жалпы сипаттама береді, кальций, магнийдің қасиеттерін, судың кермектігін, реакция теңдеулері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
2294
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Көлік колледжі» КМҚК

(білім беру ұйымының атауы)

Педагогтің сабақ жоспары

Оқытушы: Слямова А.Т.

САБАҚ №15

Колледж: КМҚК «Көлік колледжі»

Пән аты:

Химия

Күні: 23.11.2021

Оқытушының аты-жөні: Слямова Асемгуль Тулюгеновна

Топ: 12ТР-к

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім:

Химия және қоршаған орта. Жер химиясы

Сабақ тақырыбы:

2 (IIА) топ элементтері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1) 2 (ІІ А) топ элементтеріне жалпы сипаттама береді, кальций, магнийдің қасиеттерін, судың кермектігін, реакция теңдеулерін жазады

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: 2 (ІІА) тобының элементтерін сипаттау. Кальций мен магний металдарының физика-химиялық қасиеттерін жіктейді.

Оқушылардың басым бөлігі: Кальций, магний және олардың қосылыстарын атайды.

Кейбір оқушылар: Кальций, магний қасиеттерін сипаттайтын реакциялар теңдеулерін құрастырады.

Сабақтың типі

Аралас

Бағалау критерийі

  1. 2 (ІІА) тобының элементтеріне сипаттау.

  2. Сілтілік-жер металдардың физика-химиялық қасиеттерін жіктейді.

  3. Кальций, магнийдың тіршілік үшін маңыздылығына баға береді. Кальций, магний және олардың маңызды қосылыстарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакциялар теңдеулерін құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар ... істей алады

2 (ІІА) тобының металдарының химиялық қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттайды, салыстырады.

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері:

Сілтілік металдар, металдық қасиеттер, жеңіл, оңай балқиды, иілімді, металдық жылтыр. Негіздік қасиет, амфотерлік(екідайлық) қасиет.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Сілтілік-жер металдардың физикалық қасиеттерінің басқа металдармен ұқсастығы .... түсіндіріледі.

Сілтілік - жер металдар сумен әрекеттескен кезде ............ түзіледі.

Х металының ... – пен әрекеттесуі У металына қарағанда қарқынды жүреді, себебі ...

Талқылауға арналған тармақтар:

Сілтілік металдар типтік металдар болып табылады.....

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

кальций мен магний қосылыстарының биологиялық маңыздылығы неде...

  1. Жазылым бойынша ұсыныстар: кальций мен магнийдің физика-химиялық қасиеттерін жіктеп жазып, постер құрастырады

Пәнаралық байланыстар

Физика - металдардың физикалық қасиеттері.

Биология – кальций мен магнийдің адам ағзасына маңыздылығы

Алдыңғы білім

17 (17А) топ элементтері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сабақтағы жеті Т ережесін еске түсіреміз. Егерде осы жеті Т ережесін сақтасақ сабақ мақсатына оңай жетуге болатынын түсіндіру.

Т-тәртіп

Т-талап

Т-тазалық

Т-тыныштық

Т-татулық

Т- төзімділік

Т-терең ой

Білім алушылар тақтадағы жеті Т ережесін қайталап, талдайды.






Сабақтың ортасы

3-10 мин











10-15 мин








16-30 мин

Студенттерді топқа бөлу үшін «Мозаика» әдісі қолданылады. Студенттерге сурет қиындылары таратылады. Осы суреттерді біріктіре отырып топқа бөлінеді. Топ басшысы сайланады.

1-ші топ «Галогендер»

2-ші топ «2 (ІІ А) топ элементтері»

Суреттерден нені көрдік?

Бұл элементтер қай топ элементтеріне жатады? Бүгінгі сабақ тақырыбы «2 (ІІ А) топ элементтері». Осы топ элементтерінің ішінде маңыздысы - кальций мен магнийді қарастыратын боламыз.

Тақтадан сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау крийтерийлері көрсетіледі.

Үй тапсырмасын сұрау.

1 тапсырма. «17 (17А) топ элементтері» тақырыбы, яғни галогендер бойынша тест таратылады. Тест орындап болған соң, тақтаға дұрыс жауаптар шығады, оқушылар бір-бірлерің тексереді. Екі топ басшыларына бағалау парағы беріледі, өз-өздерің бағалау әдісі арқылы бағалайды.


2 тапсырма. «Инсерт» әдісімен мәтінді оқып шығыңыздар.

Топтарға тапсырма беріледі. 1-ші топ «Кальций», 2-ші топ «Магний», тақырыптары бойынша А 5 форматтағы қағазға постер құрайды. Әр топ постерлерін қорғайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды.


3 тапсырма.

Судың кермектілігі туралы бейне материалды қарастырыңыздар.Топтарыңызбен бірге талқылаңыздар.

- кальций және магнийдің физикалық және химиялық қасиеттерін;

- Жердегі тіршілік үшін бұл қасиеттердің маңызы.

М озаика бөліктері.





Бағалау парағы
















https://youtu.be/7mWFJKhNMfU




Сабақтың соңы

31-40 мин








41-45 мин

4 тапсырма.

Химиялық эстафета”ойыны.  Әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп отырады. 
1 - топ. Ca→CaO→Ca(OH)
2→CaCO3 → CaSO4→ CaCl2→Ca(NO3)2
2 - топ. Fe→ FeO →Fe(OH)
2 → FeSO4 →FeCl2 →Fe→ Fe2O3

Мұғалім бағалайды.

Кері байланыс. «Білім кемесі» әдісі арқылы білім алушылармен кері байланыс орнату. Білім алушыларға толқындар бейнелеген стикерлер таратылады,сабақ мақсатына жеткен, тақырыпты түсінген білім алушылар толқынды кеменің астына орналастырады, түсінбедім дегендері толқынды кемеден алыс орналастырады.


Бағалау.

Білім алушыларды бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады, соңғы бағалауды оқытушы қояды.


Үйге тапсырма: 2 (ІІ А) топ элементтері тақырыбына конспект жасау.

Есеп: Массасы 10 гр кальций мен кальций оксидінің қоспасын сумен өңдегенде 1,12 литр қ.ж. газ бөлінген. Алынған ерітіндідегі өнімнің массасын есепте.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралау менің сабағымның өн бойында көрініс тапты деп ойлаймын. Оқу мақсатына сүйене отырып, мақсат бойынша саралау әдісін қолданамын. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау

Топтық жұмыс сабақ бойында жүреді. Сабағымда әдіс-тәсілдер қолданған кезде, оқушылардың жеке қажеттіліктерін, ойлау қабілеттерін ескере отырып, сараланған тапсырмалар құрастырдым. Шағын топтарға топтастыруда құрылымдалған топ құру үшін, тақырыпты ашу және оқушылар зейінін сабаққа аудару мақсатында «Мозаика» әдісі қолданылады. Студенттерге сурет қиындылары таратылады. Осы суреттерді біріктіре отырып топқа бөлемін.

Тапсырмаларды барлық оқушыларға міндетті білуге және қажетті деңгейіне қарай саралап беремін. Мысалы, жаңы тақырыпты өз бетімен меңгеру мақсатында оқушыларға мәтінмен «ИНСЕРТ» әдісі арқылы маңызды ақпараттар мен негізгі ұғымдарды белгілеу тапсырмасын үсынамын. Мәтін бойынша постер құрастыруды ұсынамын. Бұл мәтін бойынша саралауда оқушылар жұмыстың нәтижесін постер түрінде ұсынады.

Сондай – ақ, ресурс арқылы саралаймын, оқушыларға судың кермектігі туралы бейне материалды қарастыруды ұсынамын. Бұл оқушылардың назарын кальций және магнийдің физика-химиялық қасиеттерін аударуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар “Химиялық эстафета”ойыны арқылы әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне эстафетаны беріп отырады. 
Топтағы саралау жұмысы барысында сөзбен қолдау көрсетіп ынталандырамын, себебі кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет болады. Оқушылар өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау арқылы үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлерін оқушылардың қажеттіліктеріне қарай алып отырамын деп ойлаймын.

Уй жұмысына жаңа тақырып бойынша конспект жазған кезде деңгейі төмен оқушылар тек фактілермен ғана шектелсе, орта деңгейдегі оқушылар қасиеттерін атайды. Ал жоғары деңгейдегі оқушылар маңыздылығына баға береді. Яғни, бұл тапсырмада оқушылардың деңгейі сараланып, ойларын толық жеткізуге жетелейді.

- «Мұғалім бағалайды»

- «Бірін-бірі бағалау»

- «Бас бармақ»


Тапсырмада берілген әр критерийдің дескрипторлары нақты қадам ретінде беріледі. Тапсырманың орындалу нәтижесінің дұрыстығын айқындайды.

Дескриптор оқушыны қойған мақсатына жетелейді.

- Топтық жұмыстың ережелерін сақтау.

- Электр қауіпсіздігін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!