Материалдар / 2 сынып, бейнелеу өнері 2 тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

2 сынып, бейнелеу өнері 2 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып, бейнелеу өнері 2 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2024
736
19 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

Өнер түрлері" - саяхат сабағы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.1.1 Өнер туындылары тақырыбымен және жұмыс жасайтын материалдармен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар өнер туындылары тақырыбымен және жұмыс жасайтын материалдармен танысады.

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы



Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бірігу. «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Бағалау парақшасымен таныстыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қойылған сұрақтарға жауап беру.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқушылар өздеріне ұнайтын гүлдер

(сары,қызыл,жасыл)

алады.

«Аялы алақан»

Тренинг.





Ортасы





Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдар мен құралдарды қолдануға көңіл бөлу.

«Миға шабуыл» әдісі. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардың назарын өзіме аударам:

-Балалар, қандай өнер түрлерін білесіңдер?

- Өздеріңе қай түрі ұнайды?

- Ендеше, бүгінгі сабақта өнер әлеміне саяхат жасайық.

Өнер түрлері

Әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдары бар: музыкада – дыбыс, әдебиетте – сөз.

Оқушылардан мына өнер түрлерін де сұрау керек (кинематограф, театр, цирк).

Одан әрі бейнелеу өнеріне ауысады. Мұнда (олар кескіндеменің, графиканың, сәндік-қолданбалы өнер мен мүсін өнерін атауы мүмкін). Ал оларды ажырату қиын емес: олар басты әсерлегіш құралдары арқылы ажыратылады: кескіндемеде – түс пен реңк; графикада – сызық, штрих; Графика – бейнелеу өнерінің бір түрі. Графикада бейне негізінен ақ-қара түспен, сонымен қатар түрлі түстермен де өңделеді.

Ал мүсін өнерінде – көлем.

Мүсіншілік бейнелеу өнерінің басқа түрлерінен үш өлшемде болатындығымен ерекшеленеді.

Ал сәндікқолданбалы өнері аталғандардың бәрін жинақтап, тұрмыс заттарын әшекейлеуге қолданылады.

Қолдану

Практикалық жұмыс. Оқушылар жұмысқа кіріседі

Панданың суретін графикалық тәсілмен салу

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Қойылған сұрақтарға жауап береді. Оқушылар өнердің негізгі түрлерімен танысады, түсінігін кеңейтеді. Өнердің көпқырлы екенін, олар көрермендермен түрлі құралдар арқылы тілдесетінін түсінеді:

(бейнелеу өнері, театр, кинематограф, балет), тыңдарманмен (музыка, вокал өнері), оқырманмен (әдебиет).

Дескриптор

Оқушылар өнер туындылары тақырыбымен және жұмыс жасайтын материалдармен танысады.

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.



Аяқталуы



«Жетістік» баспалдағы.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген

Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

"Көбелектер"түрлі-түсті қарындаштармен акварельмен сурет салу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.2.1 Жұмысты орындау графикасы мен техникасының түрлерін білу.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылар жұмысты орындау графикасы мен техникасының түрлерін біледі;

  • Меңгерген білім-біліктерін бекітеді;

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру.Жұмыс ережесін келісу

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Гүлдер, гүлдер көктесін

Көбелектер көп келсін

Гүл қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін

Өлең не туралы? Бейнежазбаға назар аудару https://youtu.be/xL3eGHgWdTI

Бейне жазба не туралы?

Ненің суретін бейнелейміз?

Ширату жаттығуын орындайды. Ой қозғайды, ойларын айтады.


Бейнежазбаны көргеннен соң, сабақтың мақсатын болжайды.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Қоржын жинау» ойыны

Бір минуттың ішінде берілген заттардың ішінен көбелектің бөліктерін қоржынға салыңдар.

Көбелектер - қабыршаққанаттылар отрядының екінші атауы. Қабыршаққанаттылар отрядының негізгі тұқымдастары: ақ көбелек, мүр көбелек, түн көбелектері, қан көбе- лек, көгілдір көбелектер, кәдімгі күйе көбелектері, т.б. Көгілдір көбелектер қанатының үстіңгі жағы көгілдір (тұқымдастын аталуы осыдан), кейде көк, жасыл, сарғыш-қызыл, ал астыңғы жағы көкшулан түсті, онда ұсақ көзше дақтары болады. Қанаттарын жайған да ұзындығы 20-40 мм-ге жетеді. 1000-ға жуық түрі белгілі. Жұлдызқұрттары өсімдіктер арасында тіршілік етеді. Қазақстанда 9 түрі ұлттық "Қызыл кітапқа" енгізілген. Кәдімгі күйе көбелектерінің қанаттары ұзын және жіңішке (осы бөлігінде жалпақ шашақша түктері болады) келеді.

Сергіту сәті https://youtu.be/zES-9H7I8iA

Коллажды пайдаланып, «Көбелек» тақырыбына өлең құрастырыңдар.

Практикалық жұмыс

  • Көбелектің бір қанатын қалаған түсіңмен, екінші қанатын сол түстің алуан түрлі реңктерімен боя. Қай қанаты әдемірек көрінді.

  • Палитрада жасыл түстің бірнеше реңкін шығар. Олармен көңілді құрбақаларды боя.

Синтез.

  • Көк түстің реңктерін шығар.

Shape3 Shape4 Shape5 Shape2

Берілген үлгіні, материалдарды пайдалана отырып, майлы қарындаштардан көбелекті бейнелейді.

Талдау

Қоржынға киіз үй жабдықтарын жинайды.







Мәтін тыңдайды.











Көзге арналған жаттығу жасайды.



Коллаж жасайды.

Билейді.

Өлең құрастырады.

Дискриптор

Оқушылар жұмысты орындау графикасы мен техникасының түрлерін біледі;

Меңгерген білім-біліктерін бекітеді;




Питер Брейгельдің «Қар үстіндегі аңшылар» картинасы

Сурет дәптері Жыл мезгілдерін салынған суреттер

Қағаз қиындысы

Бояу, желім, күнтізбе https://yandex.kz/images/search?from=tabbar&img_url=https%3A%2F%2Fzamanilka.ru%2Fwp-content%2Fuploads%2F2022%2F08%2Fbabochki-dlya-detei-27.jpg&lr=29437&pos=1&rpt=simag


Аяқталуы




«Менің сөзім» стратегиясы

Бүгін менің сабақта білгенім/түсінгенім....

Менің сабақтағы жетістіктерім...

Білмегенімді білуге тырысамын....

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.






Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

"Бұлтты күн" суланған қағазға акварельмен сурет салу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

.2.3.1 Жұмысты орындау үшін кескіндеме мен техника түрлерін білу

Сабақтың мақсаты:

  • Жұмысты орындау үшін кескіндеме мен техника түрлерін біледі

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақта атмосфералық қатынасорнатау қалыптастыру.

Амансың ба? Алтын күн,

Амансың ба ? Көк аспан.

Амансыңба достарым ,

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар біз бір- біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы,жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

Сыныпты конфеттер арқылы екі топқа бөлеміз.

( Конфеттің қағазындағы суретке көңілімізді аударамыз). «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Өткен сабағымызды еске аламыз.

«Суреттер галереясы» әдісі арқылы.

1.Ұсынылған суреттердің арасынан мектепке қатысты суреттерді топтастыр.

2. Неліктен осы суретті таңдағандығыңды түсіндір қазақша,орысша,ағылшынша атауларымен таныстыру.

3.Сурет бойынша сұрақтар құрастырамыз.

Кері байланыс :Топтарды « Жұлдызшамен» бағалау әдісін қолдану.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.





Суреттер жиынтығы.





Ортасы





Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Сулы қағазға аспандағы бұлттарды салу»

Видеоролигін тамашалау.

Сабақ тақырыбын ашу,акварель мен сулы парақ жөнінде мағлұмат беру.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Акварель» деген атау латынның «aqua» су деген сөзінен шыққан. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан, бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бірбіріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпе жалғасып жатады. Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда су пайдаланылады. Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түбітінен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуға да, ал қажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді.

Шығармашылық жұмыс.

Суретті неге сулы қағазға салады? (онда анық емес, көмескілік қажет)

Қағазды аздап ылғалдауды үйрету. Қағаз тым сулы болса сурет шықпауы мүмкін. Сондықтан мақтаны таза суға малып алып, сығып түгел қағаз бетімен немесе кейбір бөліктеріне жүргіземіз. Осылай қағаз әзір болады.

«Бұлтты күн» аспан әлемінде қандай өзгерістер болады?

Сурет салатын парақ әзір болам деген.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі





Оқушы пікірін тыңдау

1.Қағазды мақтамен немесе қылқаламмен сулау.

2. Қажетті бояулар арқылы ағаштар мен аспан әлемін бейнелеп салады.




Дискриптор

Жұмысты орындау үшін кескіндеме мен техника түрлерін біледі.

АКТ қолдану

Мұғалім- оқушы

https://bilimland.kz

Құрал- жабдығын қадағалау т.б.

Түйме.тенге, қалам,түйреуіш т.б.


ҚЕ. қайшы мен желіммен.




Ұжымдық, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.


Аяқталуы



Кері байланыс

Оқушылар көлемді денелер туралы біліп, олардың атауын есте сақтады, бұлтты салу жолын білді. Жазық пішіндер мен көлемді

денелерді ажыратып үйренді, жасанды және табиғи материалдардан жаңажылдық құрамақтар жасап үйренді.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

"Аққала" – ермексазбен мүсіндеу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.4.1 Жұмысты орындау үшін мүсін мен техниканың түрлерін білу

Сабақтың мақсаты:

Жұмысты орындау үшін мүсін мен техниканың түрлерін біледі.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау. Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру

Бағалау парақшасымен таныстыру.

Топтарға бөлу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына сүйене отырып, критерийлерді анықтау.

Оқушыға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Мүсіндеу – көлемді бұйымдар жасалатын бейнелеу әрекетінің бір түрі. Мүсіндеу арқылы саусақтардың икемділігі, сондай-ақ баланың сөйлеу, ойлау, логикалық қабілеттері артады.

Мүсіндеу материалдарының кейбір ерекшеліктері бар, мысалы, ермексаз кеппейді, онымен жасаған жұмысты кез келген уақытта түзетуге болады.

Ширату жаттығуын орындайды. Оқушылар ой қозғайды, ойларын айтады,

сұрақтарға жауап береді.

Бейнежазбаны көргеннен соң, сабақтың мақсатын болжайды.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин













Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Ермексазбен жұмыс жасау» видеоролигін көру.

Мүсіндеу тәсілдері. Ермексаздан мүсін жасау үшін оның домалақтау, шиыршықтау, жаныштау, созу, тегістеу және т.б. негізгі тәсілдерін үйрену керек. Оларды білсең, қажет пішіндерді жасап, жұмыс істей аласың.

Домалақтау. Ермексаздың бір бөлігін екі алақанмен ширатып, дөңгелек пішінге келтіреміз.

Шиыршықтау. Дөңгелек ермексазды жұмыртқа немесе цилиндр пішінге келтіру. Екі қолды бір-біріне көлбеу ұстап, шиыршықтаса, ермексаз жұмыртқа қалпына келеді.

Жаныштау. Ермексазды тандыр нан немесе диск пішініне келтіру үшін оны алақанмен үстелдің үстінде қатты жаныштау керек.

Шымшу. Үлкен пішінді бұйымның ұсақ бөлшектерін шығаруда қолданылатын әдіс.

Созу. Ермексазды қолмен созып, қажет пішінге келтіру. Тегістеу. Ермексаздан жасалған бұйымның артық бөлшектерін саусақ немесе кескішпен алып тастау үшін қолданылатын әдіс.

Кесу. Ермексазды кескішпен бірнеше бөліктерге бөлу. Тілу. Бұйымға қайшымен тілік жасау. Бұл әдіспен шөп, кірпінің инесі, құстың қауырсынының кескінін шығаруға болады.

Біріктіру. Бөлшектерді бір-біріне қатты күш салмай жапсыру. Балаларға бұл тәсілдердің бәрін бірден айтуға болмайды

Шығармашылық жұмыс

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;

-бөліктерді алақан арасына салып домалақтау;

үлкен бөлігі-астына, ортаншы бөлігі ортасына, кіші бөлігі үстіне қою;

-бөліктерді біріктіру, қолын таяқшалардан жасау; Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. «Аққала» –досына ат қойдыру.

Оқушылар өз жұмыстарын көрсете отырып, жеткізейін деген ойларын айтады, жұмысының нәтижесін бағалайды, мұғалім мен оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Дискриптор

Жұмысты орындау үшін мүсін мен техниканың түрлерін біледі.

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

«Ермексазбен жұмыс жасау» https://youtu.be /4FBqK2AvQE U

36-45 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

«Досың кім?» ойыны.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Мұрнын, көзін неден жасайды?

Түстері қандай?

Аққаланы неден жасайды?

Жұмыс орнын тазалау..


Ойынға қатысады. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді. Үш бөліктен тұрады. Сәбізден, көмірден жасайды. Қызғылт сары, қара. Қардан жасайды.

Оқушылар мүсіндеген заттары бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды.





Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ дастарханының суретін салу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.5.1. Жұмысты орындау үшін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін және кейбір техниканы білу

Сабақтың мақсаты:

  • Жұмысты орындау үшін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін және кейбір техниканы біледі;

  • Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

  • мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Құттықтау хаттары арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.


Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді. Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин













Білу және түсіну

Дастарханның үлгісі қарастырылады. Мұғалім балалардан ою-өрнектердің элементтерін сұрайды, талдайды.

Шығармашылық жұмыс

1.Қылқаламды көк бояуға малып аламыз да, ұзын сызық жүргіземіз.

2.Парақты айналдырамыз, сосын шетінен сәл ашық жер қалдырып, тағы да сызық жүргіземіз.

3.Сосын қылқаламды шайып, қызыл түсті бояуды аламыз. Дастарқанның шеттеріне түгелдей қылқаламның күллі түгін тигізе батыру арқылы таңбалар саламыз.

4. Дастарханның үстіне өзіміз қалағандай тағамдар мен ыдыстар орналастырамыз.

Сергіту сәті:

Дастарханға ұлттық бұйымдарды таңда.


-Біз нені безендірдік?

-Бояудың қай түрін пайдаландыңдар?

-Сендер қалай ойлайсындар, қонақтарға қандай дастарқандар ұнар екен? Неге?

Өздерінің салған дастарқандарын көрсетулері үшін бірнеше оқушы шақырылады. Оқушыларға олар жайында әңгімелеп беруіне көмектесемін.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі











Оқушылар бұл тапсырманы жазықтықта орындайды.









Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Дастарханға ұлттық бұйымдарды таңдайды.


Дискриптор

Жұмысты орындау үшін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін және кейбір техниканы біледі;

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Оқулық,

мәтіндер.

36-45 мин Аяқталуы


Орындалған тапсырмаларды қысқаша талдайды. Оқушылар жасаған жұмыстарын бағалайды.


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.









Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2

сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы:

Гүл ою- гуашпен сурет салу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.3.5.2 Сәндік өнердегі "жалпылау" ұғымын білу, оны бейнелер мен пішіндердің көмегімен сәндік - қолданбалы өнер құралдары арқылы қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылар сәндік өнердегі "жалпылау" ұғымын білу, оны бейнелер мен пішіндердің көмегімен сәндік - қолданбалы өнер құралдары арқылы қолданады;

  • Жылы және суық түстерді пайдаланып сурет сала алады.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын музыка ойнап тұрады

Амандасу.

Оқушыларды топқа бөлу. Қызыл, жасыл, сары, көк түстері арқылы.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин












36-40 мин

Жаңа сабақ.

Ой қозғау

-Мына суретте не көріп тұрмыз?

-Қазақтың ұлттық киімі екенін қайдан білдіңіздер?

  • Ою-өрнек,-үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:

  • жиектік өрнектер - оюөрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);

  • Өсімдік тектес ою-өрнектер

  • гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);

  • торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);

  • геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);

  • зооморфтық ою - өрнектер (жануарлар, яғни аңқұс, балық, әр түрлі жәндіктер т.б.);

  • көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).

  • қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).

Сергіту сәті

Практикалық кезең

Оқушылардың салған суреттерін тексеру. Гуашьпен бояған суреттеріне талдау жасау.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.









Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.





Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Оқушылар сәндік өнердегі "жалпылау" ұғымын білу, оны бейнелер мен пішіндердің көмегімен сәндік - қолданбалы өнер құралдары арқылы қолданады;

Жылы және суық түстерді пайдаланып сурет сала алады.


Оқулық,

мәтіндер.

Көбелек пен бақаның суреті.

акварель



Акварель

41-45 мин

Аяқталуы


5 мин

Оқушылар көлемді ғимараттар мен сәулет үлгілерін қалай жасауға болатынын, ғимараттарды қалай

безендіретіндерін, олар не үшін керек екенін білді.

Ғимараттар мен кешендердің көлемді үлгілерін жасап, өз шешімдерін түсіндіруді үйренді.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсінді

Жұмысты аяқтау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы:

"Карнавал бетпердесі"жасау.

Дизайн түрлерімен танысу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.6.1 Жұмысты орындау үшін дизайн түрлерімен және дизайнмен модельдеудің кейбір әдістерімен танысу

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылар жұмысты орындау үшін дизайн түрлерімен және дизайнмен модельдеудің кейбір әдістерімен танысады.

  • Дизайн түрлерімен танысады.

  • Қатырма қағаздан жасалған жалпақ бетперде құрастыру әдістерін үйренеді.

  • Симметриялық бөлшектерді кесу әдістері туралы білім алады.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сәлемдесу.

Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)

Мұғалім: — Екі көз не үшін керек? Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек? Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: — Екі қол не үшін керек? Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет? Шетте жүрсең,

Туған жерге жету үшін

Мүғалім: — Ал басың не үшін керек? Бәрін-бәрін ойлау үшін.

Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Жұмыс ережесін келісу. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

(Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

Автор орындығы әдісі.

Үй тапсырмасын орындаған кез-келген оқушы. Орындыққа жайғасып, барлық сыныпқа үй тапсырмасын қалай орындағанын түсіндіріп береді.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Ой қозғайды, ойларын айтады.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин





Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

Түрткі сұрақтар қою

-Сәулет өнері дегеніміз не?

-Дизайн дегеніміз не?

Бұл сөздер сіздерге таныс па?

Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Дизайн -бұл затты әсемдеу ететін әдістердің жиынтығы.

Дизайн түрлері:

  • Анимациялық дизайн

  • Сәулет дизайны

  • Веб-дизайны

  • Графикалық дизайн

  • Интерьер дизайны

  • Киім дизайны

  • Ақпараттық дизайн

  • Ландшафтық дизайн

  • Баспа дизайн

Мұғалім оқушыларға дизайн жайлы мәлімет бере отырып, оның түрлерімен таныстырып тоқталып өтеді.

Функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында өз бөлмелерінің дизайны жайлы сұрау.

Бетперде қандай дизайн түріне жатады?

Сергіту сәті «Көңілді жаттығу»

-Қыста біз қандай мерекені тойлаймыз?

-Жаңа жылда қандай киімдер киеміз?

-Бір-бірімізге тосынсый жасау үшін бетперде киеміз.Онда біз бүгін сіздермен«Карнавал бетпердесін» жасаймыз.

Практикалық кезең

Аққу бетпердесін жасау

Қажетті заттар:қатырма қағаз,желім, қайшы,таспабау. Бетперде суреттермен таныа отырып, өз дизайны арқылы өзі киетін бетпердені жасау.

Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

1.Қайшы өткір болу керек.

2.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме. 3.Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп,партаның оң жағына қоямыз.

4.Қайшымен жұмыс жасап жатқанда жолдасыңның көңілін бөлме.

Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеру.

Әр оқушының дизайны мен таңдаған түстері жайлы сұрау.


Бүгінгі сабақты пысықтау.

Дескрипторы:

Тапсырманы дұрыс ережеге сай орындайды.

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

(Ж) Өткен сабақта орындалған жұмыстарыңды қарастырыңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Жұмыстарыңыз қандай түсті гаммада орындалды?

  • Жұмыстарыңызда қандай тәсілдерді қолдандыңыздар?

  • Неге?

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі





Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Оқушылар жұмысты орындау үшін дизайн түрлерімен және дизайнмен модельдеудің кейбір әдістерімен танысады.

Дизайн түрлерімен танысады.

Қатырма қағаздан жасалған жалпақ бетперде құрастыру әдістерін үйренеді.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Оқулық,

мәтіндер.

36-45 мин Аяқталуы


(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.








Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 2 сабақ 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Жыл мезгілдері

Сабақтың тақырыбы:

"Ертегі кейіпкерлерінің үйін салу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

2.2.6.2 Жұмысты орындау үшін сәулет стильдерімен және дизайнмен модельдеудің кейбір әдістерімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

  • Қарапайым деңгейде сәулеттік стильдермен танысады.

  • Сәулеттік композицияның қарапайым әдістері туралы білім алады.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу

Психологиялық дайындық

Балалар, барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізбен амандасып, бір-бірімізге, сабағымызға сәттілік тілейік!

Армысыңдар ма, балаларым!

Бүгін барлықтарыка сәттілік тілеймін! Бүгінгі көңіл-күйлерің қандай? Керемет!

-Ендеше, мен сендерге қазір сыйлық-нөмір беремін, көрсетілген сандар бойынша әрқайсысымыз өз тобымызға отырамыз.

Shape6

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме жүргізу.

Бағалау әдісін түсіндіру. «Шырша безендіру» әдісі

5-6 шырша ойыншығын жинаған бала өте жоғары деңгейді, яғни критерийдің барлық сатысын орындаған, ал 3-4 шырша ойыншығын жинаған бала орташа деңгейдегі критерий бағамын меңгерген болып анықталады

Шырша безендіру әдісімен топты да бағалаймыз. Шыршадағы ойыншықтар санын есептей отырып, екі топтың шыршаларын салыстырамыз.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин





Ой қозғау

Сәулет өнері дегеніміз не?

-Дизайн дегеніміз не?

Бұл сөздер сіздерге таныс па?

Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.

Дизайн -бұл затты әсемдеу ететін әдістердің жиынтығы.

Бейнебаян «Киіз үй»

«Тосынсый» ой шақыру

Тосынсыйдағы сұрақтарға жауап береміз.

«Жұмбақ шаршылар» топтық жұмыс

Ертегі кейіпкерлерінің үйінің суретін фазл арқылы жинау (оқушының есте сақтау қабілетін арттыру)

Әуен уақыты біткенше, сурет қиындыларын құрастырып шығамыз.

Шырша ойыншығымен марапаттау


Практикалық кезең

«Ертегі кейіпкерінің үйі» дайын сурет-жобаны бояп шығады. Ол суретте өз дизайндарын қолдана отырып, салады.

Дайын жұмыстарын жариялау арқылы бірін-бірі бағалайды.

Әр оқушының дизайны мен таңдаған түстері жайлы сұрау.

-Балалар, келесі сабақта өз таңдаған жобамызды қосымша суреттермен толықтырып, аяқтайтын боламыз.


Шығармашылық жұмыстың таныстырылымы

(көрме)

Өте жақсы бояған оқушыларға екі ойыншық, орташа бояғандарға бір ойыншық беріледі.

«Шырша безендіру» тәсілі бойынша оқушыларды, жеңімпаз топты бағалау.


Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі





Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Қарапайым деңгейде сәулеттік стильдермен танысады.

Сәулеттік композицияның қарапайым әдістері туралы білім алады.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Оқулық,

мәтіндер.

36-45 мин Аяқталуы


(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!