"2-сынып математикалық сауаттылықты дамыту құралы"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"2-сынып математикалық сауаттылықты дамыту құралы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"2-сынып математикалық сауаттылықты дамыту құралы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ: 372.47

«2 – сынып математикалық сауаттылықты дамыту құралы»


ТАУТАЕВА ЖАНАТ ЖАРЫЛКАСЫНОВНА

Жамбыл облысы Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер, zhanattautaeva @gmail.com




Қазіргі кезеңде білім беру саласы көптеген жаңа әдіс-тәсілдермен дамып, білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын ұсынады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің жаңартылған моделіне сәйкес, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылуда. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 465 қаулысында «Білім беру мазмұнын жетілдіру білім алушының оқу жүктемесін төмендетуді, академиялық білімге баса назар аударуды, функционалдық сауаттылықты дамытуды, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, мазмұнды дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағдарлауды көздейді» деп, білім беруде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту басты назарда екендігін айқындап берді. [1]

Бұл тұжырымдамада бастауыш сыныптардағы білім беру процесінде математикалық сауаттылықты дамыту маңызды орын алады. Ал келесі құжатта, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №12 бұйрығының 1-қосымшасындағы «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» «2-тарау. Білім мазмұнына қойылатын талаптарда» бастауыш білім берудің міндеттеріне - функционалдық сауаттылықты, зерттеу дағдыларын қалыптастыру» делінген. [2]

Олай болса, қазіргі уақытта оқу жүйесінде функционалдық сауаттылықтың түрі математикалық сауаттылықты дамыту мәселесі тек мектепте ғана емес, қоғамда да кеңінен талқылануда. Қазақстандағы жаңа бастауыш білім беру стандарттарына сәйкес, математика пәні білім алушыларды тек бір нақты есепті шығаруға үйретіп қана қоймай, олардың сыни ойлау, проблемаларды шешу және математикалық әдістерді тиімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларын математикалық сауаттылыққа тәрбиелеуде тек дәстүрлі оқыту әдістерімен ғана шектеліп қалмай, жаңа ақпараттық технологияларды, ойын элементтерін, практикалық тапсырмаларды қолдану арқылы тиімді нәтиже алу мүмкіндігі артты. Математикалық модельдеу мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту - қазіргі уақытта басты назарда тұрған әдіс-тәсілдер болып табылады. Бұл әдістер оқушыларға математикалық мәселелерді шешудің әртүрлі жолдарын іздеуге, өз бетінше шешім қабылдауға және нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2024жылдың «Орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша кешенді талдау» аналитикалық есебінде төртінші сынып білім алушыларының 60%-дан сәл астамы «Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша 401-ден 600-ге дейін балл жинап, орташа нәтиже көрсетті. Әрбір бесінші білім алушы 201-ден 400-ге дейін балл жинады»-делінген. Бұл ақпараттың нәтижесінде бастауыш сатыда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, оның ішінде математикалық сауаттылығын дамыту өзекті мәселе екені анық. Осыған байланысты бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты дамыту мәселесі өзекті болып табылады. [3]. Аталған тақырып бойынша математика сабақтарында математикалық сауаттылықты дамытуда: логикалық ойлау мен математикалық модельдеуді қолданудың әдістерін зерттеуді жүргізуді жөн көрдік.

Зерттеу мақсаты – бастауыш сыныптарда математикалық сауаттылықты дамыту жолдарын зерттеу, логикалық ойлау мен математикалық модельдеуді қолдану әдістерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздерін қарастыру;

  • Бастауыш сыныптағы математикалық сауаттылықты арттыру әдістерін талдау;

  • Математикалық модельдеу арқылы білім сапасын арттыру жолдарын ұсыну;

  • Теориялық зерттеулерді тәжірибелік жұмыс арқылы дәлелдеу: оқу материалын меңгеру деңгейіне сәйкес оқу үшін жасына байланысты жасанды интеллект құралдары мен оқыту платформаларын қолдану.

Бастауыш сынып білім алушыларының математикалық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері Пиаже, Выготский, Давыдов сынды педагог-ғалымдар математикалық ойлаудың дамуы туралы еңбектерін қарастырдық. Олардың пікірінше, математикалық сауаттылықтың қалыптасуы оқу процесінде логикалық ойлауы белсенді оқыту әдістерімен жүзеге асырылатыны айтылған. Математика пәні арқылы оқушылардың тек қана есеп шығару дағдылары емес, сонымен қатар оларды қорытынды жасау, дәлелдер келтіру және нәтижелерге негізделген шешім қабылдау қабілеттері дамиды деген көзқарастары келтірілген.

Математикалық модельдеу нақты әлемдегі процестерді математикалық құралдар арқылы көрсету әдісі. Бұл әдіс бастауыш сынып оқушыларына нақты мәселелерді шешудің ғылыми және жүйелі тәсілдерін үйретуге мүмкіндік береді.

Математикалық сауаттылық бұл математикалық ұғымдарды түсіну, оларды өмірлік жағдайларда қолдана білу және логикалық ойлау қабілетін дамыту үрдісі. Пиаже, Выготский, Давыдовтардың еңбектерінде математикалық ойлаудың дамуы баланың жас ерекшеліктеріне сай құрылуы керек екенін атап көрсеткен. [4].

Математикадан 3 сыныпта өткен тізбектелген сабақтарда зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту үшін логикалық ойлау мен математикалық модельдеу әдістерінің маңызы ерекше екендігі анықталды. Білім алушыларға есептер мен тапсырмалар арқылы математикалық модельдеу әдісін енгізу олардың ойлау қабілетін айтарлықтай арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Математикалық модельдеу әдістері білім алушылардың логикалық ойлауын, олардың нақты мәселелерді шешу қабілеттерін күшейтті [5].

Тәжірибелік зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында логикалық тапсырмалар, математикалық модельдеу элементтері және интерактивті оқыту әдістері қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей:

  • Логикалық есептерді шешу оқушылардың математикалық ойлау қабілетін арттырды;

  • Модельдеу әдістері арқылы оқушылардың абстрактілі ойлау деңгейі жақсарды;

  • Оқу материалын меңгеру деңгейіне сәйкес оқу үшін жасына байланысты жасанды интеллект құралдары мен платформаларын қолдану барысында математикалық сауаттылықты дамытуға оң әсерін тигізді. Атап айтсақ,

Chatgpt.com – есепті шешудің жолдарын қадаммен түсіндіруі өзін тексерудің кері байланыс құралы ретінде қолданылса;

Khan academy оқыту платформасы - білім алушыларды қызықтыру әрі өзін-өзі дамыту мақсатында;

Mathworksheets4kids.com – 1-4 сыныптар бойынша дайын тапсырмалар жинағы; Prodigy Math Game - ойын түрінде математика сабақтарын меңгеруге көмектеседі;

Duolingo Math (жаңа жоба) – математиканы үйретуге арналған интерактивті қосымша.

Зерттеу нәтижелері бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты дамыту үшін логикалық ойлау мен математикалық модельдеу әдістерін қолданудың маңыздылығын көрсетті. Интерактивті құралдарды пайдалану, ойын элементтерін енгізу, білім алушылардың өздігінен зерттеу жүргізуіне мүмкіндік беру олардың математикалық ойлау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Осыған байланысты, келесі практикалық ұсыныстар жасалды:

  • Оқу бағдарламасына логикалық тапсырмаларды жүйелі түрде енгізу;

  • Математикалық модельдеуді үйретуге бағытталған арнайы әдістемелерді қолдану;

  • Интерактивті оқыту құралдарын кеңінен пайдалану, соның ішінде ЖИ құралдарын;

  • Мұғалімдерге математикалық сауаттылықты дамыту бойынша арнайы курстар ұйымдастыру.

  • Практикалық ұсыныстар.

Shape1 Математикалық модельдеуге берілген тапсырма үлгісі:

Хантөрені анасы дүкенге жұмсады. Хантөре 300 теңгеден 2 кг картоп және 250 теңгеден 3 тәтті нан сатып алды. Хантөре дүкеншіге барлығы неше теңге төледі?

1) 300 х 2 = 600 тг (картоп) 250 х 3 = 750 тг (тәтті нан) 600 + 750 = 1350 тг ( барлығы)

2) 300 х 2 + 250 х 3 = 1350 тг ( барлығы)

3Shape3 Shape2 ) 300 тг-ден 2 кг 250 тг-ден 3 дана

? тг

4) а – 250 х 3 = 300 х 2 а – 300 х 2 = 250 х 3

5Shape4

?

)

Shape6

?

Shape7 Shape8 Shape5

?

Shape9 Shape11 Shape10 Shape12 +

  • Shape14

    300000000

    Shape15 Shape13 Shape16

    250

    2

    2

    х х

6)

Атауы

Бағасы

Саны

Құны

Барлығы

Картоп

300 тг

2 кг

600 тг

Shape18 Shape17 1350 тг

Тәтті нан

250 тг

3 дана

750 тг


Логикалық ойлауға бағытталған тапсырма үлгісі:

Наурыз мерекесіне әжей немерелеріне сыйлықтар таратты. Егер әжей сыйлықтарды бір немересіне 7-ден берсе 6 сыйлық артық қалады, ал егер бір немересіне 9-дан берсе, бір немересіне 8 сыйлық жетпей қалады. Әжейде барлығы неше сыйлық бар?

6 + 8 = 14 9 – 7 = 2 14 : 2 = 7 (немере саны) 7 х 7 + 6 = 55 (сыйлықтар )

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы бастауыш сыныптарда математикалық сауаттылықты дамытуда логикалық ойлау мен математикалық модельдеуді қолданудың теориялық және практикалық негіздерін жүйелі түрде ұсынуында жатыр. Бұл әдістерді сабақтарда қолдану оқушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттырады және олардың аналитикалық қабілеттерін жетілдіреді. Бұл зерттеу математикалық сауаттылықты дамытуда логикалық ойлау мен математикалық модельдеудің ықпалына ерекше мән береді. Бастауыш сыныптарда математикалық модельдеуді тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, оны практикада қолданудың әдістемелік нұсқаулары ұсынылды [6].

Зерттеу барысында теориялық негіздер мен практикалық әдістердің тығыз байланысы көрсетілді. Математикалық модельдеу мен логикалық ойлау әдістері тек теориялық тұрғыдан ғана емес, нақты тәжірибе жүзінде де тиімді екенін дәлелдейді. Білім алушылардың бұл әдістерді қолдану арқылы алған дағдылары мектеп өмірінде және өмірде кездесетін нақты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Зерттеудің теориялық нәтижелері бастауыш сынып білім алушыларын оқыту тәжірибесімен ұштастырылды. Сабақ барысында логикалық тапсырмаларды шешу, нақты өмірлік жағдайларға математикалық модельдер құру әдістері сыналды [7].


1-кесте. Логикалық ойлау және математикалық модельдеу


Құрамдас бөлік

Сипаттамасы

1

Логикалық ойлау

Ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау, шешім қабылдау дағдыларын дамыту

2

Математикалық модельдеу

Нақты өмірлік жағдайларды математикалық түрде сипаттау, есептерді моделдеу арқылы шешу

3

Қолдану әдістері


Логикалық есептер, диаграммалар, кестелер, графиктер құру және оларды талдау



4

Дамытудың маңызы

Оқушылардың аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіру, математикалық түсініктерді өмірде қолдану

5

Жасанды интеллект (ЖИ)

Оқушылардың логикалық және математикалық дағдыларын дамыту үшін адаптивті оқыту платформалары мен ЖИ-дың рөлін пайдалану

6

ЖИ қолдану әдістері

Автоматты тапсырма генерациясы, жеке оқу жоспарларын құру, білім деңгейін бақылау

7

Интерактивті құралдар


Электронды платформалар, симуляциялар, ойын элементтері арқылы оқытуды жандандыру


Қорытындылай келе бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту үшін логикалық ойлау мен математикалық модельдеу әдістерінің маңыздылығы айқындалды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін олардың математикалық білімін практикалық тапсырмалар мен модельдер арқылы кеңейту маңызды. Алынған нәтижелер білім беру процесінде математикалық сауаттылықты арттырудың тиімді жолдарын көрсетеді.

Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты дамыту — педагогикалық үдерістің маңызды компоненті, себебі ол оқушылардың білімін тереңдетуге, ойлау қабілеттерін арттыруға және болашақта ғылыми-техникалық прогреске сәйкес дайын болуына ықпал етеді. Тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 465 қаулысы, 8-беті.

  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы №12 бұйрығының 1-қосымшасындағы «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», 2-тарау.

  3. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша кешенді талдау» аналитикалық есебі. 2024ж

  4. Выготский Л.С. Мышление и речь. – Москва: Педагогика, 1982.

  5. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – Москва: Институт практической психологии, 1996.

  6. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. – Москва: Просвещение, 1994.

  7. Смағұлова, С.Т. (2021). Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты дамыту жолдары. Шымкент: «Арыс» баспасы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2025
201
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі