400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 сынып Наурыз жыл басы, ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ТАНЫСУ ҚАУПІ тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып Наурыз жыл басы, ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ТАНЫСУ ҚАУПІ тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып: 2 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Наурыз жыл басы

Құндылықты дарыту

Оқушыларға Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру;

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қауіпсіздік сабағы

«ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ТАНЫСУ ҚАУПІ»


Мақсаты

Сабақтың мақсаты: ғаламторды тиімді пайдалануға және қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережесімен таныстыру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы мерекеміз – Наурыз туралы әңгімелесеміз.

Наурыз – табиғаттың жаңару, тіршіліктің жанданар кезеңі, яғни Жаңа жыл!

Бұл күнді халқымыз ерекше атап өткен, түрлі дәстүрлер мен ойындар өткізілген.

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін уақыты. Қазақ халқы бұл күнді жаңа жыл деп есептеп, ерекше дайындалады. Бұл мейрамда адамдар бір-біріне қонаққа барып, мерекелік тағамдар әзірлейді, дастарқан жаяды.


Сұрақ-жауап:

  1. Балалар, сендер Наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

  2. Наурыз көже қалай дайындалады?

  3. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?



презентация

Сабақтың ортасы

Наурыздың тарихы:

Наурыздың 22-сі күні күн мен түн теңеледі.

Бұл мереке тек қазақ халқында ғана емес, көптеген шығыс халықтарында аталып өтіледі.

Наурызда адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, ренжіскендер татуласады.

Салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар:

Бата беру – үлкендердің жастарға ізгі тілектерін айтуы.

Тілеу көже тарату – әр үйде дайындалатын қасиетті тағам.

Тоғызқұмалақ, алтыбақан, көкпар, арқан тартыс ойындары ойналады.

Шығармашылық тапсырмалар:

1-тапсырма: Мақал-мәтел сайысы

Мұғалім мақалдың жартысын айтып, оқушылар жалғастырады.

Мысалы: «Жер – қазына, су – …» (алтын).

2-тапсырма: Өлең шығару немесе эссе жазу

Тақырып: «Наурыз – жыл басы».

3-тапсырма: Сурет салу

«Наурыз мерекесі» тақырыбында сурет салады.


Наурыз мерекесіндегі дәстүрлер

?Тілек айту – адамдар бір-біріне жақсылық тілейді.
?Бата беру – үлкендер жастарға бата береді.
?Көрісу – адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасады.
?Ұлттық ойындар – «Асық ату», «Бәйге», «Көкпар», «Арқан тартыс» сияқты ойындар ойналады.
?Тазалық жасау – үйлерін тазартып, жаңа жылды таза көңілмен қарсы алады.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Оқушылар өз жұмыстарын таныстырады.

Сабақ соңында Наурыз көже немесе басқа ұлттық тағамдар ұсынылады.

Мұғалім қорытындылап, Наурыз мерекесінің маңыздылығын тағы бір еске салады.


Наурыз – халықтың береке-бірлігін, достығын нығайтатын мереке.

Әрқашан үлкендерді құрметтеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек!


Қорытынды сұрақтар:

  1. Наурызда адамдар қандай ізгі істер жасайды?

  2. Ұлттық дәстүрлердің маңызы қандай?

  3. Наурыз мерекесінде өз отбасыңда қандай салттар сақталған?



презентация

Қауіпсіздік сабағы

«ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ТАНЫСУ ҚАУПІ»

Сабақтың мақсаты: ғаламторды тиімді пайдалануға және қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережесімен таныстыру.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).

Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы

Бейнежазбаны тыңдау және не туралы екенін әңгімелеуhttps://www.youtube.com/watch?v=NqucKl6ozNgЖеліні пайдалану сен үшін қауіпті болуы мүмкін бе?

Бүгін біз желідегі қауіп туралы сөйлесетін боламыз.

Білімді өзектендіру. Білгенді пысықтау

Көпшілігіміз желі арқылы адамдармен жиі сөйлесеміз. Желі арқылы тілдесу не үшін ұнайды? (оқушылардың жауабы)

Шынында да, кейде біз желі арқылы әңгімелесу кезінде өз ойымызды айтқанды ұнатамыз. Бірақ біз желіде нақты кіммен әңгімелесіп отырғанымызды білмейміз. Бұл өте қауіпті!


Бекіту

«Сені кім біледі?» (Ойынның сипаттамасы. Барлығы қатысады. Пайдаланушы – 1 адам, өзі туралы ақпарат бер3лген файлды қалдырып, шығып кетеді. Оның міндеті оралғаннан кейін қатысушылардың қайсысы ақпарат біліп алғанын анықтау. Файлда бірнеше толтырылған профилі бар парақтар салынған. Парақты қалдырып, адам файлды жіберу арқылы ақпаратты көшіріп, оны желі арқылы бөліседі. Басты кейіпкер «ақпаратты орналастырады» (профильдері бар файлды досына қалдырып, кеңседен шығып кетеді). Балалар кез келген жолмен парақтарды жеткізіп, бір-біріне файлды «жібере» бастайды. Қайтып келген кезінде пайдаланушы ақпараттың кімде екенін болжауы керек.

Қорытынды. Егер ақпарат желіге тараса, оның қай жерде екенін білу өте қиын.

Оны басқару мүмкін емес.

Қорытынды. Рефлексия

Сөйлемді оқып, жалғастырыңыз.

Мен білгім келді…

Маған ұнады…


Мені таңғалдырды…

Маған ұнады…

Ғаламтор оқуға, демалуға немесе достарыңызбен сөйлесу үшін тамаша және пайдалы құрал бола алады. Бірақ нақты әлем сияқты ғаламтор да қауіпті болуы мүмкін!

Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=NqucKl6ozNg












































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі