2-сынып оқушыларына арналған "Сөз және оның мағынасы" атты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2-сынып оқушыларына арналған "Сөз және оның мағынасы" атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Ұ.Б. Смаилова













СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ
Әдістемелік нұсқау


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған





















Алматыкітап баспасы
2018


Page 2

2









































Смаилова Ұ.Б.
Сөйлеуді дамыту. Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне
арналған/Ұ.Б. Смаилова. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 34 бет.




© Смаилова Ұ.Б., 2018
© «Алматыкітап» баспасы ЖШС, 2018


Page 3

3

Түсінік хат


«Сөйлеуді дамыту» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға
сәйкес дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және
мектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің
2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекіген).
Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік
саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

Балабақша тәрбиесінде болу 2–3 жастағы баланың жаңа дағдылар мен әдеттерге
жаттығуына, қарым-қатынас пен әрекеттесудің түрлі тәсілдерін үйренуіне ықпал етеді.
Бұл тәрбиешілердің, ересектердің, ата-аналардың балаға деген ерекше көңіл бөлуі арқылы
жүзеге асады. 2–3 жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде эмоциялық көмек
көрсету, қызықты, мазмұнды іс-әрекетке тарту, баланың қызығушылығын тудыратын
жағдайлар ойын түрінде ұйымдастырылады.
Осы кезде 2–3 жастағы балалардың сөздік қорын толықтыруға арналған жұмыстар
жүргізіледі, яғни сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге, сөйлеу тәртібін қолдана
білуге, тәрбиеші қойған сұрақты түсініп, толық жауап беруге, диалог түрінде сөйлесуге
үйретіледі.
Педагог екі жастағы баланың таныс адамдарын, заттарын білдіретін түсінікті сөздерінің
қорын кеңейту мақсатында балалармен эмоциялық тілдік қарым-қатынас жасай отырып,
бүкіл режимдік және тұрмыстық жағдайларды пайдалануға тырысады. Сөйлеуді дамыту
оқу қызметі үнемі басқа оқу қызметтерімен жүйелі байланыстырыла жүргізілгенде ғана оң
нәтиже береді. Ұйымдастырылған оқу қызметі мен басқа да жұмыс түрлері баланы
шаршатпайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай етіп белгілі
уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметінде
балаларды жалықтырмау, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмай
тапсырмаларды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті тілмен жеткізудің де маңызы
зор.
Коммуникация білім беру саласы:
• Сөйлеуді дамыту;
• Көркем әдебиет бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері арқылы жүзеге асады.
Бұл әдістемелік нұсқауда бірінші кіші топтың сөйлеуді дамыту оқу қызметінің
жоспарлары мемлекеттік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы» бойынша құрастырылды. Кейбір тақырыптар баланың жас
ерекшеліктеріне қарай өзгертілді. Баланың белгілі бір дағдыны, икемділіктер мен
әрекеттерді меңгеру шамасына қарай баланың даралық қасиеттері мен білікті даму
ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші бұл оқу қызметтерін күрделендіре, толықтыра алады.



Page 4

4

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» негізінде 2–3
жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлауға әдістемелік ұсыныстар

Жоспарлау – ғылыми басқарудың негізі. Сөйлеуді дамыту оқу қызметі бірінші кіші
жастағы баламен өзара қатынас жасай отырып, ересек адамның тілін түсіне білуге
үйретеді. Сөз балаларға түсінікті болуы үшін, сол сөздің суреті немесе нақты зат түрінде
немесе іс-қимылмен көрсетілуі тиіс. 2–3 жас аралығындағы кезінде ересек адамның сөзін
түсінуі үшін арнайы ойындар қолданылады. Ойындар оқу қызметінің тақырыбына
сәйкестендіріліп алынады. Осы ойындар арқылы тәрбиеші сөздерді балаларға өзінен кейін
бірнеше рет қайталаттырады. Педагог біртіндеп балалардың өзара қарым-қатынас жасауы
үшін ойналатын ойындардың санын көбейтіп, жағдайлар жасап отырады. Осы жаста бала
тілінің коммуникативтік функциялары одан әрі дамиды, оның дүниені тану функциясы
дамиды. Сондықтан педагог баламен қарым-қатынас жасағанда репродуктивтік
қарапайым Кім? Не? Не істейді? және бірте-бірте күрделі Нені ұстады? Нені әкелді?
деген сұрақтарды жиі қойып отыруы қажет және сұрақтарға балаларды толық жауап
беруге үйрету керек.
2–3 жастағы баланы тамақтандыру, киіндіру, жуындыру кезінде ересек адам қимылды
білдіретін сөздерді жиі қайталайды (бер, ал, көтер, іш, отыр, ұйықта т.б.). Осы қимылды
білдіретін сөздер баланың санасында берік орнайды. Одан соң педагог сөз арқылы баланы
едәуір күрделі істерге (аюды алып, оны үстелге қой т.б. әрекеттер), сонымен қатар
қимылды білдіретін сөздерді ұғынуға үйретеді. («Көзіңді жұм», «Шарды қорапқа сал»,
«Көрсет» т.б.).
Бір жас алты айдан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың бойында дыбыстардың қарапайым
артикуляциялық қатынастарының нақтылануы мен орнығуы жүреді, дауысты (еріндік-
езулік) және басқа да дауыссыз дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Балалардың дыбыстық
еліктеушілік қасиеті – негізгі әдістемелік тәсіл: мө-мө (сиыр мөңірейді), әуп-әуп (ит үреді),
мә-мә (қой маңырайды). Бала ересек адамның айтқанын қайталап үйренеді. Балалардың
дыбысты дұрыс айтуын нақтылай және бекіте отырып, тәрбиеші дыбысты меңгеруі
қиындау балаларға ерекше көңіл бөлуі керек.
Сөздігін дамыту – бұл баланың сөзді дұрыс меңгеруі, сонымен қатар өз қалауы
бойынша оларды қолдануы. Әрине ол педагогтің көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы,
балалар қуыршақ сөзін білетін болса, тәрбиеші қуыршақтармен ойын ұйымдастыра
отырып, оны басқа сөздермен толықтырып отырады. Қуыршақ үлкен, әдемі, көйлегі бар,
түсі қызыл. Мынау – қыз қуыршақ, мынау – ұл қуыршақ т.б. сөзді белсендіру үшін
балаларды қызықтырып, сұрақтар қойып, «Сен айта ғой», «Қайтала», «Әңгімеле» деген
сияқты қызықтыру әрекеттерін жасайды.
Сөз байланысын дамыту үшін жеке заттардың, әрекеттегі заттар бейнеленген мазмұнды
суреттер пайдаланады. Мұның өзі суретте бейнеленген нәрсеге қызығушылықтарын
арттыра түседі, сөздерді байланыстыра айтуын дамытуға көмектеседі және баланың
бойында тәрбиешінің соңынан сөздерді қайталау, сондай-ақ өз беттерінше айту
икемділігін қалыптастырады. Сондықтан мұқият түсіндіру, заттардың қызметін ашып
көрсету, осы кезеңде болып жатқан оқиғаларды баланың бұрын көргендерімен салыстыру
қажеттілігі пайда болады. Бұрынғы тапсырмаларды қабылдауы сақталып қалады.
Тапсырмалар әр жолы әртүрлі болып күрделеніп отыруы керек. Мысалы, «Айжан,
қуыршақты киіндір», «Ұл баланы киіндір» т.б.
Педагог сюжеттік ойындарды ұйымдастырғанда, түрлі заттардың көптеген атауларын
үйретеді. Олардың атқаратын қызметін ашып көрсетеді: (мәшинеге адамдар мінеді,
мәшинесімен жүк тасиды). Әрекеттерді орындау барысында болып жатқан оқиғаға
балаларды белсенді қатысуға тарту керек.
Сөйлеуді дамытудың ең оңай құралдарының бірі – театрландырылған ойындар. Олар
балалардан рөлді орындау кезінде әдеби мәтін, сөз ойлап шығаруға, ырғақты, ым-


Page 5

5

қимылды, бет қимылын білуді талап етеді. Әртүрлі қызметте күні бойы
театрландырылған ойындарды пайдалануға болады.
Қорыта келгенде баланың сөйлеулерін дамыту төмендегі кезеңдер арқылы іске
асырылады:
1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын толықтыру.
2. Тіл дыбыстарын (р, л, ш, з, т, с т.б.) дұрыс, анық айтуға, сөйлеу тәртібін дұрыс
қолдана білуге жаттықтыру. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара
білуге үйрету.
3. Орфоэпиялық жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету. Сөздерді септеп, жіктеп, жекеше,
көпше түрде айтуға, 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді құрауға үйрету.
4. Байланыстыра сөйлеуге, әңгіме құрай білуге үйрету.
5. Айнала қоршаған заттардың, жануарлардың атауларын, адамдардың есімдерін дұрыс
айтуға үйрету.


Page 6

6

Бірінші кіші топ үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің
перспективалық жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

№ Оқу қызметінің мазмұны
Саға
т
саны
1
Тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?
Мақсаты: Балаларды топ бөлмелерімен таныстыру кезінде сұрақ-
жауап әдістерін қолданып пассивті және белсенді сөздік қорларын
кеңейту. Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Балаларды топ бөлмесімен таныстыру, топ ішіндегі бөлме атауларын
үйрету (шешінетін бөлме, ұйықтайтын бөлме, әжетхана, ойын бөлмесі
т.б).
ә) Педагогтің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлесуге
дағдыландыру.
б) Топтағы жиһаздарды ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

1
2
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:
Ойыншықтар жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі
әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра
сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Ойыншықтар туралы әңгімелесе білуге, оларды сипаттап айтуға
үйрету.
ә) Сөздік қорын толықтыру.
б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

1
3
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
Туыстық атауларды меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік
қорын кеңейту.
Міндеттері:
а) Өз отбасы туралы әңгімелесу.
ә) Туыстық атауларды қолдануға дағдыландыру (ата, әже, әке, ана,
әпке, аға, іні т.б)
б) Татулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1
4
Тақырыбы: Ғажайып қалта.
Мақсаты:
Көгөністер туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі
және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Көгөністер, жемістер туралы түсінік беру, сипаттап айтуға үйрету.
ә) Сөздік қорын толықтыру, «т» дыбысына артикуляциялық жаттығу

1


Page 7

7

жасату.
б) Тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
5
Тақырыбы: Ұшады – ұшпайды.
Мақсаты:
Түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра
сөйлеулерін дамыту.
Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Міндеттері:
а) Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге
үйрету.
ә) Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру
арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Ұйымшылдыққа баулу.

1
6
Тақырыбы: Менің дене мүшелерім
Мақсаты: Өз дене мүшелері жайында ойын жеткізе алу қабілетін
дамыту.
Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.
Міндеттері:
а) Өз дене мүшелері туралы әңгімелесу.
ә) Дене бөліктерін атай білуге дағдыландыру.
б) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1
7
Тақырыбы: Қоян, қонжық.
Мақсаты:
Орман аңдары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың белсенді
сөздік қорын толықтыру.
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Орман аңдары қоян мен аюдың балаларымен таныстыру.
ә) 2–3 сөзден тұратын сөз тіркестерін құратып, ауызекі сөйлеулерін
дамыту.
б) Сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.

1
8
Тақырыбы: Шырша.
Мақсаты:
Шырша туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі
және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Балаларға шырша туралы түсіндіре отырып, өлең шумағын жаттату.
ә) Заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. «Ш» дыбысын анық
айтуға артикуляциялық жаттығу жасату.
б) Эстетикалық талғамдарын ояту.
1
9
Тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Мақсаты:
Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін
қалыптастыру.

1


Page 8

8

Міндеттері:
а) Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған
үнтаспаны тыңдату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
ә) «М, р» дыбыстарына артикуляциялық жаттығу жасату.
б) Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
10
Тақырыбы: Мысық.
Мақсаты:
Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы балалардың түрлі
әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра
сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
ә) 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін
дамыту.
б) Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.

1
11
Тақырыбы: Аялайық гүлдерді
Мақсаты:
Балаларды бөлме гүлдерімен таныстыру кезінде сұрақ-жауап әдістерін
қолданып, пассивті және белсенді сөздік қорларын кеңейту.
Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру.
ә) Топтағы табиғат бұрышындағы гүлдердің атауларын үйрету.
б) Өсімдіктерді баптауға, қамқор бола білуге тәрбиелеу.
1
12
Тақырыбы: Қуыршақты шомылдырамыз, ұйықтатамыз.
Мақсаты:
Балалармен киіну ережесі мен тазалық сақтау жайында әңгімелесу
арқылы, балалардың белсенді сөздік қорын толықтыру.
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету.
ә) Киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету.
б) Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа,
тазалыққа баулу.
1
13
Тақырыбы: Киім дүкені.
Мақсаты:
Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін
ажырата білуге үйрету.
ә) Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа баулу.
1
14
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.
Мақсаты:
Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, балалардың ауызша
сөйлеулерін дамыту. Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Ертегі мазмұнымен таныстыру.
1


Page 9

9

ә) Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы
оны сахналауға талпындыру.
б) Еңбекқорлыққа баулу.
15
Тақырыбы: Бөлмедегі жиһаздар
Мақсаты:
Бөлмедегі жиһаздар жайында ойын жеткізе алу қабілетін дамыту.
Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.
Міндеттері:
а) Балаларға жиһаздар туралы түсінік беру.
ә) Бөлмедегі жиһаздардың атауын айтқызып, дағдыландыру.
б) Оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
1
16
Тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді.
Мақсаты:
Ыдыс-аяқ атауларын меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік
қорын кеңейту.
Түрлі әрекеттерді ауызша жеткізу қабілетін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету, оларды
ажыратуға жаттықтыру.
ә) Қонақ күту ережелерімен таныстыру.
б) Қонақжайлылыққа баулу.
1
17
Тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. Байланыстырып сөйлеу
техникасын кеңейту.
Міндеттері:
а) Үй жануарлары және олардың төлдері туралы алған білімдерін
толықтыру.
ә) Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.
б) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.
1
18
Тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.
Мақсаты:
Балаларға үй құстары жайында мағлұмат беру арқылы олардың ауызша
және байланыстыра сөйлеу техникасын дамыту.
Міндеттері:
а) Үй құстары және олардың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін және есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Балаларды үй құстарына қамқор бола білуге тәрбиелеу.

1


Page 10

10

Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің үлгі жоспарлары

№ 1 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Біздің балалар қайда екен?
Мақсаты: Балаларды топ бөлмелерімен таныстыру кезінде сұрақ-жауап әдістерін
қолданып пассивті және белсенді сөздік қорларын кеңейту. Байланыстырып сөйлеулерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Балаларды топ бөлмесімен таныстыру, топ ішіндегі бөлме атауларын үйрету (шешінетін
бөлме, ұйықтайтын бөлме, әжетхана, ойын бөлмесі т.б).
ә) Педагогтің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогтік сөйлесуге дағдыландыру.
б) Топтағы жиһаздарды ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: топ бөлмесіне қатысты сөздерді атайды, айта алады;
түсінеді: заттардың атауларынан олардың қандай зат екенін;
қолданады: берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді;
Көрнекіліктер: балабақшаның суреті, орамал.
Сөздік жұмыс: жиhаз.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалармен сәлемдесіп; хал-жағдайларын сұрайды. Балалардың назарын балабақшаның
суретіне аударады.

2.Негізгі кезең.
«Балалар, біз таңертең балабақшаға келеміз», – дей отырып, балабақшаны суреттен
таныстырады.
– Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең. Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз, – деп,
балалардың көңілін топ бөлмесінің ішіне аударады. Топтағы заттармен таныстырады:
– Мынау – орындық, мынау – терезе, үстел, мынау – ойыншықтар тұратын жиһаз, онда
ойыншықты жинайсыңдар, топта тағы да бөлмелер бар. Мынау – шешінетін бөлме, онда
шешінесіңдер, мұнда шешінетін шкафтар тұрады. Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады. Ол
ыдыстармен тамақ ішесіңдер. Мынау – ұйықтайтын бөлме, онда сендер жататын
кереуеттер тұрады, онда ұйықтайсыңдар. Тобымыз үлкен, әрі жарық. Балалар топқа
қызыға қарайды.
Балалардың көңілін орамалға аударады. «Орамал кімнің бетін жасырып тұр?», – деп, бір
баланың бетіне бір сәтке жабады. Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген
сұрақ қояды. Осылай әр баламен ойнайды. Әрқайсысына өз есімдерін айтқызады.
Педагог тағы да сұрақтар беріп, балаларды көңілдендіріп, сұрақтарға жауап беруге,
сөйлетуге үйретеді.
Мысалы:
– Сен қайда тұрсың? Сен есіміңді (атыңды) айтшы?
– Кімнің қасында тұрсың? Ол баланың есімін білесің бе? т.б.
«Біздің балалар қайда екен?» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалда берілген
сурет бойынша балалардың қайда тығылып отырғанын тапқызу.
– Асқар үстелдің астында тығылып жатыр.
– Марат үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр.
3. Рефлексия.


Page 11

11

Педагог балалардың көңіл күйлеріне қарап мақтап, мадақтайды.


№ 2 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:
Ойыншықтар жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан
түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Ойыншықтар туралы әңгімелесу, оларды сипаттап айтуға үйрету.
ә) Сөздік қорын толықтыру.
б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ойыншықты сипаттауды;
түсінеді: ойыншық туралы түсінікті;
қолданады: өлең жолдарын жаттауды.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер (қонжық, мәшине, доп).
Сөздік жұмыс: қонжық, мәшине, доп.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру:

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқаныңнан шықпайды.

2. Негізгі кезең
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу
қызметінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып, балалардан топта, үйлерінде
қандай ойыншықтар барын сұрайды.
– Сенің қандай ойыншығың бар?
Әр баланың жауабы тыңдалады.
– Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
– Ойыншығың қандай? (Үлкен, кішкентай).
– Сен ойыншықтармен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба?
– Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе?
Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады.
Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».
– Кәне, сандықта не бар екен?
– Қонжық, мәшине, доп бар екен.
– Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрайық. Әңгіме құрауға көмектеседі.
Қонжық, мәшине, доп туралы түсіндіреді.
– Менің ойыншық қонжығым бар. Қонжықтың екі құлағы, төрт аяғы бар. Қонжығым өте
сүйкімді.

Сергіту сәті:


Page 12

12


Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?


Үлестірмелі суреттермен «Не артық?» дидактикалық ойыны ойнатады. Суреттен не артық
екенін табады.
– Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес т.б.
3. Рефлексия.
Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады. Педагог корытынды жасайды, мадақтайды.


№ 3 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты:
Туыстық атауларды меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту.
Міндеттері:
а) Өз отбасы туралы әңгімелесу.
ә) Туыстық атауларды қолдануға дағдыландыру (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б)
б) Татулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
жасайды: өз отбасы туралы айтады;
түсінеді: ойын ойнау арқылы өз отбасы мүшелерінің атауын;
қолданады: ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні т.б. атауларын;

Көрнекіліктер: отбасы мүшелерінің суреттері, қуыршақтар
Сөздік жұмыс: отбасы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгеленіп тұрып:

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн, достарым!

2.Негізгі кезең.
– Балалар, біз бүгін сіздермен отбасы жайында әңгімелесеміз. Кәне, барлығымыз суретке
назар аударайықшы. Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
Балалар суретте көрсетілген отбасы мүшелерін атайды.
– Ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні бәріміздің отбасымызда бар. Біз үйде отбасы
мүшелеріне осы атауларды қолданамыз.

Сергіту сәті:
Басбармағым – әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,


Page 13

13

Кішкене бөбек – сен!

Балалар бұл санамақты қимылмен орындайды.

1.«Өз отбасы мүшелерін көрсет» дидактикалық ойыны
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Балалардың алдарына отбасы мүшелері бейнеленген суреттер бейнесі беріледі. Педагог
отбасы мүшелерін атап тұрады. Мысалы: «әке» дегенде, әкенің суретін қоршайды немесе
белгілейді. Ойын осылайша жалғаса береді.

3. Рефлексия.
Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.
Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.


№ 4 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Ғажайып қалта.
Мақсаты: Көгөністер туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және
алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Көгөністер, жемістер туралы түсінік беру, сипаттап айтуға үйрету.
ә) Сөздік қорын толықтыру, «т» дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату.
б) Тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: көгөністер мен жемістердің атауларын;
түсінеді: көгөніс, жемістер туралы түсінікті;
қолданады: сөз тіркестерін дұрыс айтуды.

Көрнекіліктер: көгөністер, жемістердің мүсіндері.
Сөздік жұмыс: тәтті.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгеленіп тұрып:

–Арайлап атқан таңымыз аппақ,
Арайлап атқан таңымыз ашық,
Арайлап атқан таңымыз жарқын,
Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!

2.Негізгі кезең.
Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта».
Тәрбиеші балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнауды ұсынады.
Ойынның шартын түсіндіреді. Қалтада көгөністер мен жемістер болады. Балаларға
көгөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып, көгөніс не жеміс
екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді.
Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенін, түстерін және қайда өсетінін айтады, сөз
тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді. Дыбыстық жаттығу жасату: ті-ті- тәтті.


Page 14

14

Балалар сиқырлы сәтке таңғалады. Ойын ойнауды қуана қабылдайды. Көгөністер мен
жемістерді ажыратады. Көк, қызыл деп жауап береді. Балалар қимыл-қозғалыспен өлең
сөздерін бірге қайталайды.
Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды көтеріп,
Алмаағашындай жайқалып,
Әдемі болып өсеміз.

1. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шашылып жатқан көгөністер мен жемістерді
жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса, сол бала жеңімпаз
атанады.
2. «Дұрыс сал!» дидактикалық ойыны.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Жемістердің суреттерін тәрелкеге, көгөністердікін себетке жапсырады.
3. Рефлексия.
Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.
Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.


№ 5 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Ұшады – ұшпайды.
Мақсаты:
Түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Міндеттері:
а) Заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету.
ә) Табиғатта ненің ұшатыны, ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен
ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Ұйымшылдыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
орындайды: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын;
түсінеді: ұшатын, ұшпайтын заттарды топтастыруды;
қолданады: ұшатын-ұшпайтын заттар туралы сұрақтарға жауап береді;
Көрнекіліктер: Ұшатын құстар мен ұшпайтын заттардың суреттері.
Сөздік жұмыс: көбелек, торғай, ұшақ, үй.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:

Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!


Page 15

15

Тақпақты дауыстап айтады, сонымен қатар ым және ишарамен өздерінің көңілді екенін
көрсетеді.

2.Негізгі кезең.
Балалардың назарын суретке аударып, олардың аттарын айтқызу.
– Бұл – құс. Ол ұшады. Ал мынау – ұшақ. Ол да ұшады. Көбелек те ұшады. Себебі
олардың ұшуға арналған қанаты бар.
– Балалар, енді мына суретте ұшпайтын да заттар бар. Оларда қанат болмайды. Олар тек
бір орында тұрады. Мысалы үй, жиһаз т.б

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз.
Құстарға ұқсап,
Ұшып-ұшып аламыз.

1. «Топтастыр» дидактикалық ойыны.
2. «Не ұшпайды?» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды
ажыратып, аттарын ататқызу.
– Торғай ұшады,– деп қолдарын көтереді. Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Ойыншықтарды бір бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.
– Үй ұшпайды.
3. Рефлексия.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметінен алған білімдерін бекітеді.
Сұрақтарға жауап береді.


№ 6 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Менің дене мүшелерім
Тақырыбы: Менің дене мүшелерім
Мақсаты: Өз дене мүшелері жайында ойын жеткізе алу қабілетін дамыту.
Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.
Міндеттері:
а) Өз дене мүшелері туралы әңгімелесу.
ә) Дене бөліктерін атай білуге дағдыландыру.
б) Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: өз дене мүшелерін айтады;
түсінеді: дене мүшелерінің қызметін;
қолданады: дене мүшелерінің атауын;
Көрнекіліктер: дене мүшелері бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс: дене мүшелері.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге отырғызады. Бір-бірімен сәлемдеседі.
Шаттық шеңберінде:


Page 16

16


Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!

Балалар қимылмен бір-екі рет қайталап орындайды.

2. Негізгі кезең.
Балаларға адам дене мүшелерінің суретін көрсету. Әр дене мүшесінің қызметіне
тоқталып, ол не үшін керек екенін айтып түсіндіру. Дене мүшелерін бірге қайталау. Өз
дене мүшелерін көрсетіп, толық сөйлеммен айтқызу. Мысалы: Мынау – менің көздерім т.б

Сергіту сәті:

Басты тіктеп тұрамыз,
Оңға, солға бұрамыз.
Аузымызды жымқырып,
Екі көзді қысамыз.

1.«Тез көрсет» дидактикалық ойын
Балалар дөңгелене отырып, тәрбиешінің оқыстан айтқан дене мүшесінің атауын өз
денесінен көрсетеді.
2. «Көлеңкесін тап»
Үлестірмелі материалда берілген адамның және қоянның бейнесімен көлеңкесін сызық
арқылы қосады.
3. Рефлексия.
Балаларға дене мүшелері туралы сұрақтар қою. Дене мүшелерін таза ұстау керектігін
айту. Қолды үнемі жуып жүру т.б. туралы айтып, қорытындылау.


№7 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қоян, қонжық
Мақсаты:
Орман аңдары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың белсенді сөздік қорын
толықтыру.
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Орман аңдары қоян мен аюдың балаларымен таныстыру.
ә) 2–3 сөзден тұратын сөз тіркестерін құратып, ауызекі сөйлеулерін дамыту.
б) Сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: аю мен қоянның балаларын, ажыратуды;
түсінеді: аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтерді;
қолданады: суреттер арқылы 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрауды;
Көрнекіліктер: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


Page 17

17

1.Ұйымдастырушылық кезең.
Шаттық шеңберіне тұрғызады. Балалар қуана шаттық шеңберіне тұрады.
– Бір-бірімізге қарап, жақсы сөздер айтайық: Күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты,
көңілді болсын!
Тілекті педагогпен бірге қайталайды.

– Топта қандай ойыншықтар бар?

Ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасайды. Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын
атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратады.
Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды.
Ойыншықтардың аттарын атайды, жұмсақ, қатты екенін ажыратады.

2. Негізгі кезең.
Ғажайып сәт
– Бізге қонаққа көжек пен қонжық қонаққа келді. Қоянның құлағы, аяқтары, денесі
қандай? Көрсетіңдерші! Қоянның баласын көжек дейміз (суретін көрсетеді). Көжек сәбіз
жегенді жақсы көреді. Мынау – қонжық (суретін көрсетеді). Ол – аюдың баласы. Аю
балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қандай? Қонжық қалай жүреді?
Сергіту сәті
Қоянша секіріп, қонжықша қорбаңдап жүреді.

Дидактикалық ойыны: «Не жоқ?»
Шарты: ойыншықтарды қатар-қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға
аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог
ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ
екенін табады.
«Аңдарды балаларымен қос» дидактикалық ойыны:
Үлестірмелі материалда берілген суреттен қоян мен аюды олардың балаларымен
сәйкестендіреді. Қоян мен қонжыққа таңғалып қуанады. Балалар сұрақтарға жауап береді.
– Аю үлкен, қонжық кішкентай. Секіріп, қорбаңдап, сергіту жаттығуын жасайды. Қоянды
көжекпен, аюды қонжықпен сәйкестендіріп сызады.
3. Рефлексия.
Оқу қызметінде алған білімдері пысықталады. Сұрақтарға жауап береді.
– Қоянның баласы – көжек.
– Аюдың баласы – қонжық.


№ 8 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Шырша.
Мақсаты:
Шырша туралы әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі
ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Балаларға шырша туралы түсіндіре отырып, өлең шумағын жаттату.
ә) Заттарды жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. «Ш» дыбысын анық айтуға
артикуляциялық жаттығу жасату.


Page 18

18

б) Эстетикалық талғамдарын ояту.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: заттың аз, көп екенін;
түсінеді: жаңа сөздердің мағыналарын;
қолданады: шырша туралы өлеңнің мазмұнын меңгереді, жаттайды.
Көрнекіліктер: безендірілген шыршаның суреті, шырша, шырша ойыншықтары.
Сөздік жұмыс: Жаңа жыл.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге отырғызады. Бір-бірімен сәлемдеседі.

2. Негізгі кезең.
Назарларын безендендірілген шыршаның суретіне аударады:
– Мен бүгін сендерді шыршамен таныстырамын. Шырша қысы-жазы бір түсте болады.
Шыршаны әсемдеп, безендіріп, Жаңа жылды қарсы алады. Міне, мына суретте балалар
шыршаны айналып, би билеп жүр. Жаңа жылға арналған ертеңгілік қызықты өтуде.
Шыршаға түрлі ойыншықтар ілінген. Ойыншықтарға қарап көңілің көтеріледі.
Ойыншықтар көп, ал шыршамыз біреу. Аз.
Осылайша балаларға көп, аз ұғымын түсіндіреді. Ойыншықтардың қандай әдемі және көп
екенін айтады. Балалар суретке қуана қарайды. Балалар мұқият тыңдайды. Аз, көп ұғымын
түсінеді.
Келесі жұмыс барысында шырша, қорапқа салынған ойыншықтар қолданылады.
Педагог төмендегі тақпақты айтып:

Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.

Қолдарымен шыршаны ұстап көруге ұсыныс жасайды. Шыршаның түсін сұрайды.
Шыршаның жапырақтары ине сияқты, қатты екенін айтады.
– Кәне, қораптағы ойыншықтарды шыршаға іліп, бәріміз «Шырша» әнін айтайық.
Әнді айтады.
Шыршаны ұстап көреді, түсін айтады.

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, балалармен қайталап, жаттауға үйретеді.«Жаңа жыл, жаңа
жыр» сөздерін қайталатып айтқызып, екеуі екі мағына беретінін түсіндіреді. Жыл – уақыт
(«он екі ай» дегенді түсіне қоймас). Жыр – өлең.
Ойыншықтарды шыршаға іліп қуанады. Әнді бірге айтып, жаттауға тырысады.
Қайталайды, екі түрлі сөз екенін түсінуге тырысады.
Ш дыбысына артикуляциялық жаттығу жасату.

Шы-шы- шы- шырша.

«Қайсысы көп?» дидактикалық ойыны.
Үлестірмелі материалдан көп бейнеленген затты сызықпен қоршайды.
3. Рефлексия.


Page 19

19

Балалардың өлеңді жаттауға құлшыныстарын бағалайды. Балалар өлеңді үйренеді.
Шыршаның суретіне ойыншықтар салады.


№ 9 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарлары қалай дыбыстайды?
Мақсаты:
Балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу.
Дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны
тыңдату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
ә) «М, р» дыбыстарына артикуляциялық жаттығу жасату.
б) Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үй жануарларының аттарын;
түсінеді: сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;
қолданады: үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.
Көрнекіліктер: үй жануарлары бейнеленген сурет, ойыншықтар (сиыр, жылқы, қой,
түйе), үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.
Сөздік жұмыс: мөңірейді, маңырайды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды шеңберге тұрғызып,«Төлдер» әнін тыңдатады, қошақанның суретін тақтаға
іліп қояды:

– Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

– Қошақанға және бір-бірімізге ым-ишарамен амандасайық.

2.Негізгі кезең.
Балалардың көңілін суретке аударады.
– Балалар, кәне, бәріміз мына суреттерге қарайықшы! Суреттен нелерді көріп
тұрмыз? (Балалар білгенінше атап шығады). Бұларды үй жануарлары деп атаймыз. Себебі
оларды адамдар бағады, тамақ беріп баптайды, күтеді. Олардың сүтін ішеміз, етін жиміз,
жүні мен терісінен киім тоқимыз.
Суреттен көрсетіп, жылқының, сиырдың, қойдың түстері сұралады. Үй жануарларын
қайдан көргендері туралы сұралады.
–Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен? (Көрсетеді, оларды сипаттауды сұрайды).
Түсінуге тырысады. Сұрақтарға жауап беруге талпынады. Сипаттауға ұмтылады.
– Мынау – сиыр, түсі қара, үлкен т.б.
Әкелген құлыншақ, ботақан, қой, сиыр ойыншықтарын алып, енді осылардың қалай
дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
– Қой: «мә-мә», – деп маңырайды;
– Сиыр: «мө-мө», – деп мөңірейді;


Page 20

20

– Түйе: «бө-бө», – деп боздайды;
– Жылқы: «иһо-иһо», – деп кісінейді.

Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.

Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.

1. «Дауысынан таны?» дидактикалық ойыны. Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан
қай жануар дыбыстап жатқанын табады. Бірге қайталайды.
Дауыстарын салады.
2. «Төлдерді енесімен қос!». Суреттен үй жануарлары мен олардың төлдерін
сәйкестендіреді. Үй жануарлардың аттарын айтады, сызық арқылы қоса отырып, енесіне
қалай дыбыстап баратынын айтады.
Балалармен артикуляциялық жаттығу жасау «М-м-м мөөө», «м-м-м мәәә»
3. Рефлексия.
Маңырайды, мөңірейді сөздерін айтып үйренеді.
Балалар түрлі дауыстар салып, жаттығып үйренеді.


№ 10 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Мысық.
Мақсаты:
Үй жануарлары жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан
түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларды үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету.
ә) 2–3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б) Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: мысық туралы 2–3 сөйлемнен тұратын қысқа әңгіме құрастыра білу дағдысын;
түсінеді: мысық туралы;
қолданады: мысықтың қалай дыбыстайтынын.
Көрнекіліктер: сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары.
Сөздік жұмыс: мысық.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

Балалар қуана қимыл-қозғалыстармен шаттық шеңберін жасайды.


Page 21

21


2.Негізгі кезең.
Балаларды отырғызып, көңілдерін алдарындағы ойыншықтарға аударады. Ойыншықтарға
қуанады.
– Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
– Мынау не? Ал мынау ше?
– Балалар, бұлар қандай жануарлар?
Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды.
–Ат, сиыр, қой, түйе – үй жануарлары.
Балалар үй жануарлары туралы білетіндерін айтады, бір-бірінің жауаптарын
толықтырады.
Сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады. Балалар суретке қызыға қарайды.
– Мынау – мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың
түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.
Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.

Беті-қолын жуады.
Тышқандарды қуады,
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.

– Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу). Балалар мысықтың дыбысын салады.
Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтынын сұрайды, білмесе айтады. Мысық туралы
білуге талпынады. Педагогті тыңдайды. Өлеңнің мазмұнын түсінуге тырысады.
Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.

«Мысық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.
Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін сызба арқылы сызып көрсетеді.
«Мысық пен тышқан» қимылды ойыны.
Мысық, мысық ұйықтайды,
Тышқан, тышқан жорғалайды: пи-пи.

Ойынды қызығып ойнайды.
3. Рефлексия.
Педагог балалардың жауаптарын қорытады, білмегендерін үйретеді.
Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т.б.
Балалар мысық туралы біледі. Дұрыс айтып үйренеді.


№ 11 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Аялайық гүлдерді
Мақсаты:
Балаларды бөлме гүлдерімен таныстыру кезінде сұрақ-жауап әдістерін қолданып пассивті
және белсенді сөздік қорларын кеңейту.


Page 22

22

Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру.
ә) Топтағы табиғат бұрышындағы гүлдердің атауларын үйрету.
б) Өсімдіктерді баптауға, қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: гүлдер туралы айтады;
түсінеді: гүлдердің тіршілігі туралы;
қолданады: өсімдіктерге қамқорлық жасайды;
Көрнекіліктер: бөлмедегі гүлдер мен өсімдіктер.
Сөздік жұмыс: өсімдіктер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалар шаттық шеңберінде гүл туралы тақпақты тәрбиешімен бірге қайталайды.

Әдемі гүлдерді
Текке біз жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анамызға сыйлаймыз.

2.Негізгі кезең.
Балалар біз бүгін табиғаттың байлығы – гүлдермен танысамыз. Гүлдердің көптеген
түрлері мен түстері бар. Дала гүлдері және бөлме гүлдері болады. Өсімдіктерді, гүлдерді
орынсыз жұлуға болмайды. Бөлме гүлдері біздің тобымыздың ауасын тазартады.
Гүлдерді мерекелерде аналарымызға сыйлаймыз. Гүлдердің әрдайым шаңын сүртіп, су
құйып тұру керек.

Сергіту сәті.
Ақ көбелек ұшады,
Көк көбелек ұшады.
Хош иісті гүлдерге,
Ақырын кеп қонады.

1. «Гүлдерді сабағына орналастыр» дидактикалық ойын
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Суретте бейнеленген гүлдердің сабағына арнайы
жапсырмаларда берілген гүл күлтешелерін жапсыру.

3. Рефлексия.
Балаларға өсімдіктер мен гүлдер туралы сұрақтар қою арқылы алған білімдерін пысықтау.


№ 12 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қуыршақты шомылдырамыз,
ұйықтатамыз.
Мақсаты:
Балалармен киіну ережесі мен тазалық сақтау жайында әңгімелесу арқылы, балалардың
белсенді сөздік қорын толықтыру.
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.


Page 23

23

Міндеттері:
а) Балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету.
ә) Киімдерді ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету.
б) Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: киімдердің аттарын;
түсінеді: тазалық туралы түсініктерді;
қолданады: киінудің, шешінудің ретін;
Көрнекіліктер: шомылдыруға арналған заттар: су, сабын, сүлгі.
Сөздік жұмыс: сүлгі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.

–Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!

Тазалық туралы сөйлеседі.
– Балалар, таза ұқыпты жүру үшін қандай заттар қажет?

2.Негізгі кезең.
– Сабын, су , сүлгі, айна, тарақ.
«Сү-сү – сүлгі» деген буын-сөздің айтылуын қайталатып айтқызып үйретеді. Балалар
тыңдайды, білуге талпынады. Қайталайды.
Ғажайып сәт.
– Балалар, бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді. (Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір болып
кеткенін айтып, менен өзін шомылдыруды өтінеді).
1. «Айгүлге қуыршағын жуындыру үшін не керек?» дидактикалық ойыны.
Жуындыру үшін қандай заттар керегін суретке қарап айтып, артық затты сызады.
Ойынды қуана ойнайды. Балалардың көңілдері көтеріледі. Жоқ киімді табуға
асығады. Жуындыруға қажетті заттарды айтуға тырысады.

– Кәне, балалар, Айгүлді бірге шомылдырайық. Киімін шешіп, таза суға шомылдырайық.
Алдымен баскиімін, сонан соң аяқкиімін шешейік. Киім шешу ретін көрсетеді. Шешіп
отырып, киімдерінің аттарын айтып отырады: баскиім, аяқкиім, көйлек. Шешіп болған
соң, шомылдырады. Ыдысқа су құйып, сабынмен денесін сабындап, одан соң таза сумен
жуындырамыз, болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып, таза киімдерін кигіземіз.
Киіндірерде – киіну ретін көрсетеді. Айгүл рақмет айтады.
Балалар қуыршақ Айгүлге таңғалады. Айгүлдің кір болғанына аяушылық танытады.
Киімін шешуге, шомылдыруға көмектеседі. Қамқорлық көрсетуге ұмтылады. Киімінің
шешу ретін, киімнің аттарын білуге, үйренуге талпынады.
Оның ұйқысы келді, әлдилеп ұйықтатайық. «Бесік жырын» айтып, Айгүлді ұйықтатады.
Қуыршақ балалардың әлдиіне ұйықтап қалады.
Сергіту сәті.

Ақ қоян-ау, ақ қоян
Ұйқыңнан тұрсаңшы,
Бетіңді жусаңшы.
Айнаға қарасаңшы,


Page 24

24

Әй-әй, көйлек кисеңші!

2. «Не жоқ?» дидактикалық ойыны (киімдердің суреттерімен).
Киімдерді тізіп қояды, жоқ киімді табады. Көздерін жұмдырады, біреуін алып қояды.
Көру, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
3. Рефлексия.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылайды.
– Жуыну үшін қандай заттар керек?
– Қандай киімдерді білесіңдер? т.б.
Балалардың қамқорлығын бағалайды. Сұрақтарға жауап беріп үйренеді.
Киімдердің аттарын атап үйренеді. Жуынуға қажетті заттарды біледі.


№ 13 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Киім дүкені.
Мақсаты:
Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларды киім түрлерімен таныстыру, ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.
ә) Бір-екі сөздермен сөйлем құратып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
б) Ұқыптылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: киімді сипаттай алуды;
түсінеді: жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды;
қолданады: 2–3 сөйлемнен тұратын әңгіме құрауды.
Көрнекіліктер: жазғы және қысқы киімдер бейнеленген сурет, қуыршақтың киімдері.
Сөздік жұмыс: киім.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балаларды жартылай шеңберге отырғызып, бір-біріне жақсы сөздер айтуды ұсынады.
– Әдемі бол, жақсы бол, үлкен бол, ақылды бол! Балалар педагогтің көмегімен жақсы
сөздер айтады.

2.Негізгі кезең.
Суретке көңіл аударып, жазғы және қысқы киімдерді атайды.
Мысалы: көйлек, туфли, пальто, малақай т.б.
– Балалар, кәне, бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы.
– Айдана, сенің үстіңде қандай киімдер бар?
– Дулат, сенде қандай киімдер бар? Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса
айтуға тырысады.
Балаларға қуыршақтар таратып беріп, бүгін киімдер дүкеніне баратынын айтады.
«Киімдер дүкенінен» қуыршақтарына киім сатып алып берулерін өтінеді. Балалар дүкенге
келіп:
– Мен мына киімді аламын, – деп сатып алады. Қандай киім сатып алғанын, оны не
себепті алғанын, және түстері туралы әңгімелейді. Балаларды сұраққа жауап беруге,
әңгімелесуге тартады.
– Мен көйлек кигіземін, себебі қуыршағым – қыз бала. Көйлектің түсі қызыл. Көйлегі


Page 25

25

әдемі.
– Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым – ұл бала. т.б.
Сергіту сәті.

«Бір, екі, үш», – деп
Алақанды соғамыз.
Жоғары-төмен қараймыз,
Орнымызды табамыз.

1. «Бұл не?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің суреттерін көрсетеді.
2. «Ажырат!» дидактикалық ойыны. Шарты: қысқы киімді көк, жазғы киімді жасыл
сөмкеге сызып көрсету. Осылайша қандай киім алғанын, қандай киім кигізгенін, аттарын,
түстерін әңгімелеуге тырысады. Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.
3. Рефлексия.
Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектеседі. Әңгімелеуге
талпынғандарын бағалайды. Балалар сөйлеп үйренеді.

№ 14 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.
Мақсаты:
Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, балалардың ауызша сөйлеулерін дамыту.
Байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) Ертегі мазмұнымен таныстыру.
ә) Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы оны сахналауға
талпындыру.
б) Еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ертегі мазмұнын ретімен айту дағдысын;
түсінеді: ертегі мазмұнын;
қолданады: ертегі туралы түсінікті;
Көрнекіліктер: ертегінің суреттері, кейіпкерлердің жылжымалы суреттері.
Сөздік жұмыс: шалқан, бірінің артынан бірі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1. Ұйымдастырушылық кезең. Балаларды жартылай шеңберге отырғызады да,
оларға ертегі айтып беретінін, ертегіні мұқият тыңдау керектігін айтады.

2. Негізгі кезең.
Ертегінің мазмұнын сюжетті суреттерді ретімен көрсете отырып мазмұндайды. Балалар
ертегіге қызығушылық танытады. Ертегіні мұқият тыңдауға құлшыныс білдіреді.
Сергіту сәті.

Мынау отырған – мысық,
Екі көзін қысып.
Ұйықтап отыр маужырап,
Сүт көжесін ішіп.

Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.


Page 26

26

Балаларға сұрақтар бере отырып, жылжымалы суреттермен ертегіні қайталатады.
«Суретте қай кейіпкерлер жоқ?» үлестірмелі материалдағы тапсырма.
Балалар педагогтің көмегімен ертегіні қайталайды, сұрақтарға жауап береді.
Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін жапсырма арқылы жапсырады.
3. Рефлексия
Ертегі мазмұнын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрайды. Сұрақтарға жауап береді.


№ 15 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Бөлмедегі жиһаздар
Мақсаты:
Бөлмедегі жиһаздар жайында ойын жеткізе алу қабілетін дамыту.
Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.
Міндеттері:
а) Балаларға жиһаздар туралы түсінік беру.
ә) Бөлмедегі жиһаздардың атауын айтқызып, дағдыландыру.
б) Оларды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: сурет бойынша әңгімелесу;
түсінеді: жиһаздар туралы айтылған мағлұматты;
қолданады: жиһаздар атауларын;
Көрнекіліктер: бөлме жиһаздары бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс: жиһаз

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1. Ұйымдастырушылық кезең.
Балалар шаттық шеңберіне жиналады.

Қайырлы таң, алтын күн,
Қайырлы таң, жер-ана.
Қайырлы таң , достарым!
Сендерді көрсем қуанам, – деп балалар тақпақты бір-екі рет
қайталап, орындарына жайғасады.
2. Негізгі кезең.
Балалардың назарын суреттегі бейнеленген бөлме жиһаздарына аудару. Балалар суретте
көрсетілген жиһаздарды өз білгендерінше атайды. (Үстел, орындық, шкаф т.б)
– Жарайсыңдар, балалар! Енді өз тобымызда қандай жиһаздар бар екен? Кәне, бірге
атайық.
Бөлмедегі жиһаздардың шаңын сүртіп, сындырмай, қаламмен немесе қарындашпен
сызбай күтіп ұстау керек. Сонда ғана жиһаз ұзақ сақталады.
Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

«Не артық?» дидактикалық ойыны.
Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады.


Page 27

27

Шарты: бөлме жиһаздарының ішінен артық затты табады.
3. Рефлексия.
Балаларға бөлме жиһаздары туралы сұрақтар беріп, қорытындылайды, сипаттағандарын
бағалайды. Балалар жиһаздарды атап үйренеді.


№ 16 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Қуыршақ қонаққа келді.
Мақсаты:
Ыдыс-аяқ атауларын меңгерту арқылы пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту.
Түрлі әрекеттерді ауызша жеткізу қабілетін дамыту.
Міндеттері:
а) Балаларға ыдыстар мен тағамдардың аттарын үйрету, оларды ажыратуға жаттықтыру.
ә) Қонақ күту ережелерімен таныстыру.
б) Қонақжайлылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ыдыстар және тағамдар туралы сөйлем құрай білу дағдысын;
түсінеді: қонақ күтуді;
қолданады: тағамдар мен ыдыстардың аттарын;
Көрнекіліктер: шай ішіп отырған қыз баланың суреті, ойыншық ыдыстар, тағамдар.
Үлестірмелі тағамдар мен ыдыстардың суреттері.
Сөздік жұмыс: ыдыс, тағам.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалармен сәлемдесіп, олардың назарын шай ішіп отырған қыз бейнеленген суретке
аударады. Балалар суретке көңіл аударады.

2.Негізгі кезең.
– Балалар, суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
– Иә, қыз бала шай ішіп отыр.Үстелде тұрған заттардың аттарын айтайық.
– Мынау – нан, шай, қант, тәрелке, шәйнек, кесе. Нан, қант, шай тағамдар деп аталады.
Кесе, шәйнек,тәрелке ыдыстар деп аталады.
Сұрақтарға қуана жауап береді. Аттарын айтуға талпынады.
Ыдыстар мен тағамдарды ажыратуға, білуге тырысады.
Дыбыстық жаттығуы.
Ыс-ыс – ыдыс.
Ғам-ғам – тағам.
Осы сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі. Балаларға қайталатады.
Ыдыстарға тағамдар салынады. Ыдыстардың түрлерін, үлкен-кішілігін сұрайды. Қандай
нан, шай екенін сұрайды. Ақ, қара, тәтті деген сөздерді қосып айтқызады.
Топтағы ойыншық ыдыстарды әкелулерін сұрайды. Ойыншық ыдыстарды қуана әкеледі.
Олармен ойнайтындарын айтады. Сөздерді қайталайды. Қандай? сұрағына дұрыс жауап
беруге ұмтылады.
Ғажайып сәт.
Қонаққа қуыршақ Айжан келеді.
– Балалар, Айжан бізге қонаққа келді. Айжанның келгеніне қуанады. Қазақ – қонақшыл
халықпыз. Қонақты күтуді, сыйлауды білуіміз керек. Кәне, Айжанға шай жасайық деп


Page 28

28

ұсыныс жасайды. Қант пен нанды тәрелкеге, шайды шәйнекке салып, шай дайындап,
кесеге құямыз,– деп айтып, үйретіп отырады.
Балалар тағамдарды ыдыстарға салып, үстелге қойып, Айжанды үстелге шақырады.
Балалар қонақ күтуді үйренеді.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,
Аяқты нық басамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.

Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.

1. «Дұрыс көрсет, ажырат!» дидактикалық ойыны.
Тағамдар мен ыдыстардың суреттері таратылып беріледі. Атын атағанда тез көрсетуі және
ол тағам ба, ыдыспа – дұрыс ажыратуы керек. Тағам және ыдыстарды ажыратады.
2. «Не артық?» дидактикалық ойыны.
Суреттен артық затты табады. Заттың атын атап, артық затты табуға тырысады.
3. Рефлексия.
Сұрақтар қою арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды. Дұрыс айта
алмаған балаларға көмектеседі. Белсенділік танытқан балаларды мадақтайды.


№ 17 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй жануарларының төлдері.
Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу. Пассивті және
белсенді сөздік қорын кеңейту. Байланыстырып сөйлеу техникасын кеңейту.
Міндеттері:
а) Үй жануарлары және олардың төлдері туралы алған білімдерін толықтыру.
ә) Жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.
б) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ақыл-ойларын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысын;
түсінеді: үй жануарларының төлдері туралы мәліметті;
қолданады: төлдер туралы жалпы түсініктерін.
Көрнекіліктер: жайлаудың суреті, үлестірмелі суреттер ( үй жануарлары мен төлдері).
Сөздік жұмыс: төл.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалардың назарын жайлау көрінісі бейнеленген суретке аударады. Суретке
қызығушылық танытады.
– Балалар, мынау – жайлаудың суреті. Жайлауда малдар жайылып жүр. Мынау қандай
жануар? Ал мынау ше? Бұлар қандай жануарлар?
– Дұрыс айтасыңдар, үй жануарлары.
– Неге үй жануарлары деп айтамыз?
– Қандай пайдасы бар?
– Сиыр, қой, жылқының қандай пайдасы бар?


Page 29

29

– Ит үй жануарларына жата ма?
Сұрақтарға жауап беруге талпынады.
– Ит – үй жануары, себебі: үйді күзетеді, адамға көмектеседі.

2.Негізгі кезең.
– Бүгін үй жануарларының төлдерімен танысамыз. Үй жануарларының төлдері, яғни
жылқы, сиыр, қой, ешкі және түйенің балаларын – төлдер деп атайды.
Төлдерді суреттен көрсетеді:
– Сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі – қозы, жылқының төлі – құлын,
түйенің төлі – бота, ешкінің төлі – лақ.
Балаларға төлдердің атауларын бірнеше рет қайталатады. Қойдың, сиырдың қалай
дыбыстайтынын естеріне түсіреді.
Сергіту жаттығуы.

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Томпиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Балалар педагогпен бірге өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыстар жасайды.
«Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір» дидактикалық ойыны.
Суреттен төлдерін табады. Төлдердің аттарын білуге, ажыратуға тырысады.
Төлдердің суреттерін енелерінің суреттерімен сәйкесендіреді.
3. Рефлексия.
Сұрақтар бере отырып, оқу қызметін қорытындылайды. Педагог балаларды мақтап,
мадақтайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Үй жануарларының төлдердің аттарын
үйренеді. Төл сөзін үйренеді.


№ 18 ҰОҚ

Білім беру саласы: Коммуникация, «Шығармашылық»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Үй құстарына жем береміз.
Мақсаты:
Балаларға үй құстары жайында мағлұмат беру арқылы, олардың ауызша және
байланыстыра сөйлеу техникасын дамыту.
Міндеттері:
а) Үй құстары және олардың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Сурет бойынша әңгіме құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін және есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
б) Балаларды үй құстарына қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: құстарды сипаттауды;
түсінеді: үй құстары туралы әңгіме құрастыра білу дағдысын;
қолданады: шөжелердің қимыл-қозғалыстарын салады;
Көрнекіліктер: қыз баланың тауықтарға жем беріп жатқан суреті.
Сөздік жұмыс: үй құстары.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Балалармен сәлемдесіп, «Шөжелерім» әніне би қимыл-қозғалыстарын орындатады.


Page 30

30

2.Негізгі кезең.

– Балалар, біз қазір «Шөжелерім» әніне қимыл-қозғалыстар жасадық. Енді мына суретке
назар аударайық. Суреттен нелерді көріп тұрмыз?
– Әтеш, тауық, үйрек, балапандар т.б. Бұлар не істеп жүр?
– Жем жеп жүр.
– Тамаша!
– Балалар, тауық, әтеш, үйрек т.б. құстар деп атаймыз.
– Бұл құстарға жемді кім шашып жүр?
– Жемнің түсі қандай?
– Құстарға жемді қыз шашып жүр, жемнің түсі сары.
– Иә, құстарға жемді қыз шашып жүр. Сол себепті біз бұл құстарды үй құстары деп
атаймыз. Өйткені оларды біздер күтіп бағамыз. Құстардың жұмыртқасы мен еті – тағам,
мамығынан жастық жасалады.
– Енді, балалар, осы құстардың қалай дауыстайтынын айтып көрейікші: Әтеш таңмен
оянып: «ку-ка-ре-ку!» – деп айғайлайды екен. Тауық: «қыт-қыт», – дейді, балапандар:
«шиқ-шиқ», – дейді.
Сергіту сәті.

Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Әй, әй, балақан,
Жамандықтан қаш.

1. «Тауық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.
Суреттен тауық нені жақсы көретінін табады. Дәндердің суретін салады.
3. Рефлексия.
Педагог балалардың жасаған қимыл-қозғалыстарын, сұрақтарға жауап бергендерін
бағалайды. Балалар құстарға қамқорлық жасауды үйренеді.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
15.11.2020
453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі