1
Ұ.Н. Мұқанова, А.А. Пірмағамбетова
ҚАРАПАЙЫМ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
екінші кіші топ
(3–4 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкiтап баспасы
2018

2
Мұқанова Ұ.Н., Пірмағамбетова А.А.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Әдістемелік нұсқау:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ
(3–4 жас) педагогтеріне арналған. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 78 б.
© Мұқанова Ұ.Н., Пірмағамбетова А.А., 2018
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018

3
Түсініктеме
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» оқу-әдістемелік кешені
төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикас Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы
№292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының
мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін
анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК-ді дайындаудың негізгі мақсаты–педагогтерге «Қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа
педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру.
ОӘК-ге:
- әдістемелік нұсқау;
- балаларға арналған жұмыс дәптері кіреді.
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар мен 36 ҰОҚ-не
арналған үлгі жоспарлар берілген.
ҰОҚ-нің құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:
• бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй
қалыптастырып, ҰОҚ-не ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған ҰОҚ-нің
тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);
• екінші кезең – негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мәселе
түсіндіріліп, балалардың бәрі оқу қызметіне белсенді араласады;
• үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп,
қорытындыланады, баланың жеке біліміне айналады.
Бір ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) 1–3- тапсырмалар біріктірілген. Ең
күрделі тапсырма ҰОҚ-нің басында беріледі. Балаларды шаршатып жіберетін бірсарынды
тапсырмалардан бас тартуды ұсынамыз. Әр педагог математикалық даму көрсеткіштерін
ескере отырып, қандай бағдарламалық материалды шектеу немесе мүлде пайдаланбау
керектігі туралы шешім қабылдайды.
Әдістемелік нұсқауда сипатталған дамыту ойындар мен жаттығулар заманауи дамыту
әдістемелерден алынды, олар оқу қызметінде материал ұсынуда жаңа көзқараспен
ерекшеленеді, бұл оқу қызметінде бала жай тыңдаушы ғана емес, тікелей қатысушы
болып табылады. Дидактикалық ойындар, жаттығулар, логикалық тапсырмалар және
ойын жағдаяттары арқылы балалар ой саптауға, өз бетімен шешім қабылдауға және
қорытынды жасауға үйренеді, олардың шығармашылық ой-өрісі қалыптасады.
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – балалардың салыстыру, қорытындылау, заттар мен
ұғымдар арасындағы кейбір байланыстарды анықтау бойынша алғашқы ойлау
операцияларын қалыптастыру.

4
Бұл әдістемелік нұсқаудың негізгі міндеттері мынадай:
– жиын туралы бастапқы ұғым қалыптастыру;
– заттардың көлемімен, нысанымен, олардың кеңістіктегі арақатынасымен таныстыру;
– көру және есту арқылы қабылдау қабілеттерін, зейінді, жадты, ойды дамыту;
– білімге құштарлықты, зейінділікті, зерттеу қызметіне қызығушылыққа тәрбиелеу
міндеттерін шешуге бағытталады.
Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған жұмыс дәптері әзірленген.
Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге, ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша түсінігін
бекітуге мүмкіндік береді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ҚМҰҚ бойынша мынадай тақырыптарды қамтиды:
– сан және есеп;
– көлем;
– нысан;
– кеңістікті бағдарлау;
– уақытты бағдарлау.
«Сан және есеп» тақырыбында балалар заттардың көлемі, нысаны және түстері
әртүрлі болатынын, біреу немесе көп болатынын, кеңістікте әртүрлі орналасуы мүмкін
екендігін біледі. Бір топтағы заттарды екінші топтағы заттардың үстіне салу және бір
топтағы заттарды екінші топтағы заттарға жанастыру тәсілдерін пайдалана отырып, саны
мен көлемі бойынша тең немесе теңсіз екендігін, екі зат топтарын (үш топ шегінде) қалай
салыстыру керектігін, есептемей және санды атамай зат топтарының теңдігін немесе
теңсіздігін қалай анықтауға болатынына үйренеді.
Балалар қоршаған ортадан бір немесе бірдей көп заттарды таба алады. Олар «Неше?»,
«Қайсысы көбірек?», «Қайсысы азырақ?» деген сұрақтарды түсінеді. «Көп» және «бір»,
«көп» және «аз», «осынша» («сонша», «соншалық»), «қанша», «тең» сөздерін пайдалана
отырып, осы сұрақтарға жауап беруді және заттарды оң қолымен солдан оңға қарай рет-
ретімен орналастыруды меңгереді.
«Көлем» тақырыбындағы дидактикалық ойындар мен жаттығулар балаларда
заттардың көлемі: үлкен және кішкентай (өлшем), ұзын және қысқа (ұзындық), жіңішке
және жуан (ені), биік және төмен (биіктік), қалын және жұқа (қалыңдығы), бір затты бір
заттың үстіне қою және жанастыру тәсілдері туралы ұғымдардың қалыптасуына көмек
көрсетеді.
«Нысан» тақырыбында мектепке дейінгі жастағы балалар сезіну, қозғау және көру
тәсілдері арқылы: щеңбер, шаршы, үшбұрыш пішіндерін ажыратуды және атауды,
геометриялық пішіндерді тауып, оларды қоршаған орта заттарымен салыстыруды
үйренеді.
«Уақытты бағдарлау» тақырыбының мазмұны балалардың тәулік бөліктерін ажырату
және атауды қалыптастыру: таңертең, күндіз, кеш, түн.Балалар тәуліктің қарама-қайшы
бөліктерін айқындай алады: таң – кеш, күн – түн.
«Кеңістікті бағдарлау» тақырыбында балалар өз дене бөліктерінің орналасуын (бас,
аяқ, қол) және өзіне тікелей жақын жердегі кеңістіктің бағыт-бағдарларын (оң жақ – сол
жақ) ажыратуды және атауды үйренеді. Әсіресе балаларға оң және сол қолдарын
ажыратуды үйрету маңызды, өйткені олар жұмыс дәптерлерінде өз бетімен және ересек
адамдардың көмегімен бірлесіп тапсырмалар орындайды.

5
Жұмыс дәптерде жұмыс істеу: «көп», «біреу», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ»,
«жоғары», «төмен», «тар», «кең», «ұзын», «қысқа», «жуан», «жіңішке», «оң», «сол»,
«таң», «күн», «кеш», «түн», және басқа да ұғымдарды бекітуге мүмкіндік береді. Әр ҰОҚ-
де өтілген материалды бекітуге және қайталауға арналған тапсырмалар іріктелген. Бала
орындай алатындай дәптердегі ойын жаттығулардың көлемі шағын. Балаларға дәптердегі
тапсырманы ұсынудан бұрын, олармен бірге ұқсас тапсырмаларды орындаған орынды.
Балалар тапсырмаларды өз бетімен немесе педагогтермен, ал үйде ата-аналарымен
бірге орындай алады. Ата-аналар өз балаларының жетістіктерін көріп, бағалап,
қиындықтарды жеңуге көмек көрсете алады. Жұмыс дәптердегі тапсырма бойынша
жұмыс жасау мынадай нәтижелерге қол жеткізуді көздейді: сурет салуды, заттарды
бояуды, заттарды өзара сызықтармен қосуды, нүктелер бойынша бастырып сызуды,
жапсырма желімдеуді.
ҰОҚ-де жапсырмаларды пайдалану балаларға ерекше ұнайды және уақытты
үнемдейді. Осының барлығы қолдың ұсақ моторикасының дамуына ықпал етеді. Жұмыс
дәптері педагогке сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық оқыту әдістерін кеңінен
пайдалануына мүмкіндік береді.
Бастапқы математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша бағдарламаны меңгеру
нәтижесінде жыл соңында балалар:
– қоршаған ортада көп және жалғыз затты таба біледі;
– заттарды бір-бірінің үстіне қою және жанастыру тәсілдерін пайдалана отырып,
заттардың топтарын салыстыру, заттардың қайсысы көп, қайсысы аз екендігін айту
арқылы салыстыру нәтижесін белгілей алады;
– екі затты көлемі бойынша салыстырып, заттардың қайсысы үлкен (кішкентай), ұзын
(қысқа), кең (тар), жоғары (төмен), жуан (жұқа), биік (аласа) екендігін айту арқылы
сөздермен белгілеу;
– геометриялық пішіндерді: щеңбер, шаршы, үшбұрышты ажыратады және атай
алады;
– мына сөздерді: «жоғары», «төмен», «сол жақ», «оң жақ» сөздерін түсіне алады;
– тәуліктің қарама-қайшы бөліктерін айқындай алады: таң – кеш, күн – түн.
Барлық ҰОҚ-де көркемсөз қолданылады, ол бүкіл ҰОҚ барысында көтеріңкі көңіл
күй орнатып, оқуға деген қызығушылық туғызып оның тиімді өтуіне ықпал етеді. Педагог
көркемсөзді пайдаланған кезде оны кітаптан оқымай, жатқа айтуы тиіс. «Жанды» сөз
балалар үшін тартымдырақ болады және есту қабілеттері дамиды.
ҰОҚ-не сергіту сәттері үйлесімді енгізілген. Олар ұсақ қол моторикасын дамытуға,
көру-қозғалу үйлесімділігіне, сондай-ақ математикалық ұғымдарды бекітуге бағытталған.
Билингвальді компонент барлық оқу қызметінде қамтылған.
ҰОҚ-не дайындалған кезде мынадай жайттарға назар аударыңыз:
– ҰОҚ басталғанға дейін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарынмұқият оқып
шығыңыз, көңіліңіз толмаған жерлеріне өзгеріс енгізіңіз;
– ҰОҚ-не тыңғылықты дайындалыңыз, көрнекі және тарататын материалдарды дұрыс
орналастыруды ойластырыңыз;
– әрқашан «қарапайымнан бастап күрделіге қарай» ілгері жүру қағидасын ұстаныңыз;
– балалар алдыңғы материалды меңгерген кезде келесісіне ауысыңыз;

6
– баланың тапсырманы өзі орындауға ниетті болуына күш салыңыз;
– бала тапсырманы дұрыс орындай алмаған кезде де оған құрметпен қараңыз. Сіздер –
әріптессіздер!
«Зиян келтірме» деген ережені сақтай отырып, баланың іс-әрекетіне тек қана оң баға
беріңіз.
Осы әдістемелік нұсқаумен жұмыс жүргізу мектепке дейінгі жастағы балалармен
жүргізілетін жұмыстың мазмұнын байытуға, оларда бастапқы математикалық ұғымдардың
қалыптасуына және келесі оқу кезеңіне дайындалуларына көмек көрсетеді деп сенеміз.
Авторлар
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР Ы
№
ҰОҚ-нің
тақырыптары
Мақсаттарымен міндеттері
1. Біреу, көп, бір-
бірден, бірде-
біреуі жоқ
Мақсаты: заттарды «біреу», «көп», «бір - бірден», «бірде- біреуі
жоқ» түсінігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Міндеттері: осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану;
айналасындағы бірде-бір және көп затты таба білу дағдысын
дамыту, жұмбақ шешуді үйрету; шыдамдылыққа және
қызығушылыққа тәрбиелеу.
2. Таңертең.Біреу-
көп
Мақсаты: таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; заттың
санымен (бір-көп) таныстыруды жалғастыру
Міндеттері:таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы
ұғымды сөйлеу барысында қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету;
заттарды айналасындағы бірдей бір және көп затты таба білу
дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа
тәрбиелеу.

7
3. Күндіз.Бір-көп Мақсаты:күндіз – тәулік бөлігімен таныстыру;заттың санымен
(бір – көп) таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:таңертең – күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін
қалыптастыру; сөйлеубарысында осы сөздерді қолдануға және
осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды үйрету; заттың санымен
(бір – көп) таныстыруды жалғастыру; заттарды бірдей бір және
көп затты таба білу дағд ысын дамыту. Танымдылық
қызығушылыққа тәрбиелеу.
4. Үлкен –
кіші.Таңертең
Мақсаты: заттарды көлемі бойынша(үлкен – кіші) салыстыру
біліктерін қалыптастыру; таңертең – тәулік бөлігімен
таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру;
тәулік бөліктерін ажырата және атай білу білігін – таңертең
ұғымымен таныстыруды жалғастыру; таныс заттарды көлеміне
қарай салыстыру білігін дамыту (үлкен –кішкентай), заттарды
осындай белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын
тәрбиелеу.
5.
Шеңбер. Үлкен–
кіші
Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – щеңбермен таныстыру.
Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және
атауға үйрету: шеңбер;шеңбердің түрлі көлемде (үлкен –
кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену;
шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шеңберді
берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізу; саусақтың ұсақ
моторикасын дамыту; жаңа геометриялық пішіндерді салуға
қызығушылықтарын ояту.
6. Кеш. Біреу – көп Мақсаты:тәулік бөлігі – «кеш» ұғымымен таныстыру;заттың
санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:таңертең, күндіз, кеш тәулік бөліктерін атаужәне
ажырата білулерін қалыптастыру; бір және көп бірдей заттарды
табу білігін дамыту; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу.
7. Түн. Шеңбер Мақсаты: тәулік бөлігі – «түн» ұғымымен таныстыру; түсі мен
көлеміне байланыссыз щеңберді ажырата және атай алу білігін
бекіту.
Міндеттері: тәулік бөліктерін, ажырата және айта білуді бекіту;
топ бөлмесінен шеңбер пішіндес заттарды көзімен іздеп таба алу
білігін дамыту; шеңбер пішінді заттардың суретін сала алу білігін
дамыту; мұқияттылық пен алғырлыққа тәрбиелеу.
8. Оң жақ – сол
жақ
Мақсаты: кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (сол жақ, оң жақ,
ортасында), сөйлегенде осы терминдерді дұрыс қолдануға баулу.
Міндеттері: өзінің маңындағы кеңістік бағыттарын ажырата білу;
жұмбақтарды шешуге, жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі
салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; оң қолы мен сол қолын
ажырата алу білігін дамыту; логикалық ойлауын дамыту;
педагогтің нұсқауларын орындау білігіне тәрбиелеу.

8
9. Тәулік бөліктері Мақсаты:таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік
бөліктерін ажырату білігін қалыптастыру.
Міндеттері: тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің
мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды
дайын пішіндерді суретке жабыстыру кезеңдерін сақтау
тәсілдерімен таныстыру; жапсырмалармен жұмыс жасауда
мұқияттылыққа баулу.
10. Шаршы.
Үлкен – кіші
Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – шаршымен таныстыру.

атауға үйрету;шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай)
болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шаршыны көру-
қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шаршыны берілген
нүктелері бойынша бастырып жүргізу; топ бөлмесі мен қоршаған
ортадан шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамыту;
саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық
пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту.
11. Алыс – жақын Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (алыс – жақын)
айыра білуге және атауға үйрету.
Міндеттері:заттардың өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын
анықтау:(алыс – жақын); көріп қабылдаған ақпараты негізінде
жұмбақтар шешуді жалғастыру; көзбен қабылдауын, дайын
пішіндерді (жапсырмалар) кезектілігін сақтай отыра суретті
толықтыру мақсатында жапсыру дағдыларындамыту; бірлескен
әрекеттерге қызығушылығын тәрбиелеу.
12. Жоғары –
төмен. Шаршы
Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (жоғары – төмен)
айыра білуге және атауға үйрету.
Міндеттері: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте
орналасуы туралы ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен);
заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі бағытын ажырату
білігін дамытуды жалғастыру: алыс – жақын; шаршыға –
геометриялық пішіндеріне сәйкес келетін заттарды қоршаған
ортадан таба білу білігі; жұмбақ шешуді жалғастыру; логикалық
ойлауын дамыту; бірлескен әрекеттерге, ҰОҚ-не қызығушылығын
тәрбиелеу.
13. Үшбұрыш Мақсаты: жаңа геометриялық пішінмен – үшбұрышпен
таныстыру.
Міндеттері: балаларды геометриялық пішіндерді тануға және

болатынын түсіну;көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту;
үшбұрышты нүктелер бойынша қосу; заттардағы геометриялық
пішіндерді тану және оларды атау білігін дамыту; басқаларға
көмектесуге тәрбиелеу.
14. Үлкен, кіші,
кішкентай. Оң
жақ – сол жақ
Мақсаты: көлемі туралы ұғымдарын қалыптастыру – үлкен,
кішірек, кішкентай.
Міндеттері: таныс заттарды көлемі бойынша: үлкен, кішірек, ең
кішкентай – салыстыруды жалғастыру, анықтау нәтижесін сөзбен
жеткізе білу; жұмбақтарды шеше білуге үйретуді жалғастыру;
заттарды ұқсас белгілеріне (көлеміне) қарап айыра білуге үйрету;
заттарды өзінің қай жағында тұрғанына қарай сөзбен атауды
жалғастыру (сол жақ, оң жақ). Заттарды көлеміне қарай сол

9
жақтан оңға қарай орналастыру керектігін дамыту;
мұқияттылығын, қозғалмай отыруға тәрбиелеу.
15. Біркелкі заттар.
Үлкен, кіші,
кішкентай
Мақсаты: дағдыларды қалыптастыру біркелкі заттардан топтар
құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету; заттарды көлемі
бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру.
Міндеттері: көп біркелкі заттарды табуды, олардан жекелеген
затты бөліп алуды үйрету; «көп», «біреу», «бір -бірден»
ұғымдарын ажырата білуді үйрету; таныс заттарды көлемі
бойынша салыстыруға үйретуді жалғастыру, үлкен, кішірек,
кішкентай деген көлемдерді сөйлегенде қолдану; логикалық ой-
лауын дамыту; оқу қызметінде тапсырмаларды орындауға
қызығушылығын тәрбиелеу.
16. Жоғары –
төмен.
Үшбұрыш
Мақсаты: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын
ажыратып, атау ұғымын қалыптастыру (жоғары – төмен).
Міндеттері: кеңістік бағыттарын анықтауға баулу (жоғары –
төмен); геометриялық пішіндермен таныстыруды жалғастыру:
үшбұрыш. Логикалық ойлауын дамыту; бірлесіп ойнауға
қызығушылығын тәрбиелеу.
17. Алдында–
артында.
Жоғары– төмен
Мақсаты: өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге
үйрету (алдында – артында).
Міндеттері: заттардың өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасқан
заттардың бағытын ажырату (алдында – артында) түсініктерін
қалыптастыру; заттардың өзінің айналасындағы кеңістіктегі
бағытын ажырату білігін дамытуды жалғастыру: (жоғары –
төмен); сөздерді қолдана алу: алдында, артында, жоғары, төмен;
қарындашпен жұмыс жасауды, сезім қозғалыс түйсіктері арқылы
балалардың зейінін дамытуды жалғастыру.
18. Үшбұрыш.
Шаршы.
Шеңбер
Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндерді тануға және
атауға үйретуді жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну
және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуді жалғастыру.
Міндеттері: геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамытуды
жалғастыру: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; көру және ұстап көру
арқылы пішіндерді зерттеуді жалғастыру, оларды қоршаған
ортадан табуға баулу; есту және көрулерін дамыту, логикалық
ойлауын дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа,
сабаққа қызығушылыққа баулу.
19. Биік – аласа.
Сол жақ – оң
жақ».
Мақсаты:заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын
үйретуді қалыптастыру (биік– аласа,сол жақ – оң жақ).
Міндеттері: таныс заттарды биіктігі бойынша салыстыру білігін
қалыптастыру (биік–аласа); ағзаның бөліктерінің орналасуына
бағыт беруді жалғастыру: сол жақ – оң жақ; көзбен қабылдауын,
дайын пішіндерді (жапсырмалар) жапсыру, қарындашпен жол
салу дағдыларын дамыту; бір-біріне көмектесу талаптарын
тәрбиелеу.

10
20. Ұзын – қысқа.
Беттестіру және
тұтастыру
тәсілдері
Мақсаты:әртүрлі заттар тобын көлеміне,ұзындығына қарай (ұзын
– қысқа)беттестіру және тұтастыру тәсілдері бойынша салыстыру
дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:ұзындығына қарай бір-біріне қарама-қарсы екі
заттысалыстыруды үйрету: сөйлегенде «ұзынырақ», «қысқарақ»
сөздерін қолданып білдіру;беттестіру және тұтастыру тәсілдерін
қолдану; таныс заттарды саны бойынша салыстыруға үйретуді
жалғастыру: (біреу – көп); өз бетімен жұмыс жасауға және
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
21. Заттарды
ұзындығы
бойынша
салыстыру
Мақсаты:әртүрлі заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға
үйретуді жалғастыру.
Міндеттері:әртүрлі заттарды ұзындығы бойынша қатар қойып
салыстыруға үйретуді жалғастыру, салыстыру нәтижесін
ұзынырақ, қысқарақ, ұзындығы бірдей сөздерін қолданып білдіру;
көру жадын дамыту, жадын, логикалық ойлауын; қолдың мо-
торикасын дамыту; мұқияттылы ққа, оқу қызметіне
қызығушылыққа тәрбиелеу.
22. Заттарды ені
бойынша
салыстыру.
Біркелкі заттар
Мақсаты:заттар тобын ені бойынша салыстыру ұғымын
қалыптастыру: жалпақ–жіңішке.
Міндеттері:екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен
ені бойынша салыстыру тәсілдерімен таныстыру, оларды жалпақ,
жіңішке сөздерін пайдалануға үйрету; «ұзындығы бойынша
бірдей» сөзін пайдалану біліктерін бекіту; біркелкі заттарды бір
сөзбен атауға үйретуді жалғастыру; есту сезімін дамыту; сөйлеу
тілін, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; еңбек етуге
тәрбиелеу.
23. Кең–тар.
Жоғарыда–
төменде
Мақсаты: заттар тобын ені бойынша салыстыру ұғымын
қалыптастыруды жалғастыру: кең – тар; заттардың орналасқан
орындарын анықтау біліктерін бекітуді жалғастыру: жоғарыда,
төменде.
Міндеттері:заттар тобын салыстыру ұғымын қалыптастыру: кең –
тар; заттардың орналасқан орындарын анықтау біліктерін бекітуді
жалғастыру: жоғарыда, төменде; жұмбақ шешуге баулу; тәулік
бөлімдері туралы білімдерін бекіту жалғастыру;логикалық
ойлауы, бақылағыштығын, ойлау белсенділігін дамыту; сабаққа
қызығушылығын тәрбиелеу.
24. Заттарды
қалыңдығы
бойынша
салыстыру
Мақсаты: заттарды қалыңдығы бойынша салыстыруды үйрету:
қалың және жұқа.
Міндеттері:үстіне қою және белгілеу әдістерін пайдаланып, екі
қарама-қарсы және бірдей заттарды қалыңдығы бойынша
салыстыру, нәтижесін «қалың», «жұқа», «қалыңдығы бірдей»
сөздерін қолдану арқылы жеткізу; көру арқылы алынған
ақпаратты пайдаланып, жұмбақ шешуге баулу; көре білу,
логикалық ойлауын дамыту; байланыстырып сөйлеуін дамыту,
бірдей заттарды табу білігін дамыту; өзгелерге көмектесуге,
тапсырмаларды ынтамен орындауға тәрбиелеу.

11
25. Алдында –
артында. Жуан –
жіңішке

үйретуді жалғастыру: алдында – артында; ені бойынша екі қарама-
қарсы және бірдей заттарды салыстыру.
Міндеттері:заттарды қалыңдығы бойынша салыстыру
дағдыларын бекіту: жуан (қалың) – жіңішке (жұқа); өз
айналасында бағдарлануын: алдында – артында жалғастыру; өз
дене мүшелерінің орналасуын айыра алуға үйрету: бас, қол, аяқ;
логикалық ойлауын дамыту; тапсырмаларды орындауға
қызығушылығын тәрбиелеу.
26. Әртүрлі заттар
тобын
салыстыру
Мақсаты: әртүрлі заттар тобын көлемі, саны бойынша салыстыру
білігін қалыптастыру.
Міндеттері:түрлі заттар тобын қатар қою, үстіне қою арқылы
көлемі, саны бойынша салыстыру білігін қалыптастыру (үлкен –
кішкентай, біреу – көп) ; заттарды оң қолымен солдан оңға қарай
орналастыруға үйрету; заттарды қатар қойып салыстыру кезінде
«сонша, неше...», теңбе-тең», «үлкен», «кіші» терминдерін
пайдалануға баулу; есту сезімін дамыту; жапсырмамен,
қарындашпен жұмыс жасау әрекетін дамыту; байланысты
сөйлеуін дамыту; мұқияттылыққа, дербестікке тәрбиелеу.
27. Сол жақ – оң
жақ. Дөңгелек
Мақсаты: оң жағы мен сол жағын ажырата алу білігін бекітуді
жалғастыру; шеңбер – геометриялық пішіні туралы білімдерін
нақтылау.
Міндеттері: қасына қою әдісін пайдалану арқылы қай топта
заттар көп немесе аз немесе тең екенін анықтау білігін бекітуді
жалғастыру; қоршаған ортадан шеңбер пішінді заттарды таба білу
білігін бекітуді жалғастыру. Заттарды бірінің үстіне бірін тура
қою білігін дамыту; зерттеу әрекетіне қызығушылығын тәрбиелеу.
28. Ұзын – қысқа.
Біркелкі заттар
Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы
бойынша салыстыра білуді бекіту; біркелкі заттарды санау және
алуға үйретуді жалғастыру.
Міндеттері:балаларды ұзындығы әртүрлі заттарды бір-бірінің
үстіне қою тәсілімен салыстыруға үйретуді және ұзынырақ,
қысқарақ, ұзындығы бірдей сөздерін қолдану арқылы айтып
жеткізуді жалғастыру; біркелкі заттарды таба білуге үйретуді
жалғастыру; біркелкі заттарды бір сөзбен айту білігін дамыту;
логикалық ойлауын, сөйлеуін дамыту; оқу қызметіне
қызығушылығын тәрбиелеу.
29. Биік – аласа.
Жуан – жіңішке
Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды биіктігі мен
жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.
Міндеттері:қалыңдығы мен биіктігі әртүрлі және бірдей заттарды
салыстыру білігін бекіту; сөйлегенде «қалыңырақ, жұқалау,
қалыңдығы бірдей, биіктеу, аласа, биіктігі бірдей» сөздерін
қолдануға баулу; логикалық ойлауын дамыту; ықыласты болуға
тәрбиелеу.
30. Бекіту.
Дөңгелек,
шаршы
Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау:
дөңгелек, шаршы.
Міндеттері:шеңбер,шаршы геометриялық пішіндер туралы
білімдерін бекіту; заттарды көлемі (үлкен –кіші) бойынша

12
ажырата білу білігін бекіту; заттардың пішінін көре білу білігін
бекіту; жұмбақтарды шешуге, жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі
салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; логикалық ойлауын,
сөйлеуін дамыту; оқу қызметіне қызығушылығын тәрбиелеу.
31. Жалпақ –
жіңішке.Заттар-
ды белгісі
бойынша
салыстыру
Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ені бойынша
салыстыра білуді бекіту; түсі бойынша бірдей заттарды табуға
үйрету.
Міндеттері:заттарды ені бойынша салыстыру және бірдейін табу
білігін бекітуді жалғастыру; «жалпақ», «жіңішке», «ені бойынша
бірдей» сөздерін қолдануға баулу; түсі және белгісі бойынша
бірдей заттарды табуға үйрету; жұмбақ шешу білігін бекіту,
жұмбақ негізіне алынған поэтикалық бейнелерді түсіндіру;
бақылағыштығын, ойлау белсенділігін байланыстырып, сөйлеу
білігін дамыту, бір-біріне көмектесу талаптарын тәрбиелеу.
32. Тәулік бөліктері Мақсаты: тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйретуді
жалғастыру.
Міндеттері:тәулік бөліктерін – таң, күн, кеш, түнді атау және
ажырату біліктерін бекіту; бұл терминдерді сөйлеу тілінде
белсендіру; тәулік бөліктерін реттілігі туралы ұғымдарын
қалыптастыруды жалғастыру; уақыт бойынша бағдарлана білуге
үйрету; ертегіден үзіндіні тыңдап, шешуін табуға үйрету;
мұқияттылығын, логикалық ойлауын дамыту, қолдың ұсақ
моторикасын дамыту; қайырымдылыққа тәрбиелеу.
33. Біреу – көп. Бір-
бірден, бірде -
біреуі жоқ
Мақсаты: «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бірде - біреуі жоқ»
ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:балалардың заттардың саны туралы білігін бекіту
және қорытындылау, сөйлегенде жиынтықты: «біреу», «көп»,
«бірде-біреуі жоқ», «бір-бірден» сөздерімен бере білу білігін
жетілдіру; топ бөлмесіндегі заттарды ажырата алуын, олардың
санын– біреу, көп анықтай алу біліктерін бекіту; көзбен ақпарат
алу арқылы жұмбақ шешуге баулуды жалғастыру; жұмбақ негізіне
алынған поэзиялық салыстыруды түсіну, логикалық ойлауын
дамыту; балалар арасында достық қарым-қатынасқа, оқу
қызметіне қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру.
34. Ұзын – қысқа.
Кең – тар.
Қалың –жұқа.
Биік – аласа
Мақсаты: екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені,
биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.
Міндеттері:ұзындығына, биіктігіне, еніне және қалыңдығына
қарай салыстыруды жалғастыру; салыстыру нәтижелерін:
ұзынырақ– қысқарақ, қалың – жұқа, биік –аласа, кең –тар – сөзбен
айту; салыстыру арқылы ойлау дағдыларын арттыру. Педагогтің
нұсқауын дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
35. Алыс – жақын.
Биік – аласа.
Сол жақ – оң
жақ
Мақсаты:өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау,оң және
сол жағын ажыратуды үйретуді жалғастыру.
Міндеттері:өзінің айналасында және қағаз бетіндегі кеңістікте
бағдарлану білігін бекітуді жалғастыру (алыс – жақын, жоғары –
төмен, оң жақ – сол жақ); осы терминдерді сөйлеген кезде
қолдану білігін бекіту; жапсырмамен жұмыс дағдысын дамыту;
ойлау белсенділігін, елестетуін дамыту, мұқияттылығын, бір-
біріне көмекке даярлығын тәрбиелеу.

13
36. Геометриялық
пішіндер
Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту:
шеңбер, шаршы, ұшбұрыш.
Міндеттері:геометриялық пішіндер үлгілерін қимақағаздағы
бейнесінің үстіне салып қарауға жаттықтыру; қоршаған ортадан
басқа да геометриялық пішіндеріне ұқсайтын заттарды таба білуге
үйретуді жалғастыру; геометриялық пішіндер белгілерін ажырата
білу және атау білігін бекіту; пішінді оң қолымен алып, солдан
оңға қарай қойып шығу білігін дамыту; «теңбе-тең» сөзін
қолдануды үйрету; заттар мен пішіндерді көру, қозғау, сезу
тәсілдерімен зерттеу білігін дамыту; бақылағыштығын, назар
аударуын тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары
№1 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, қатынас.
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы:Біреу, көп, бір-бірден, бірде-біреуі жоқ.
Мақсаты: «біреу», «көп», «бір-бірден», «бірде-біреуі жоқ» ұғымдарын қалыптастыру.
Міндеттері: осы ұғымды сөйлеу барысында қолдану; айналасындағы бірде-бір және көп
затты таба білу дағдысын дамыту, жұмбақ шешуді үйрету; шыдамдылыққа және
қызығушылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: затты бөліп алуды және топтастыруды, біркелкі заттардан заттар тобын құруды
және бөліп алуды;
түсінеді: бір зат қайда, көп зат қайда екенін;
қолданады:сөйлегенде «біреу, көп, бірбірден, бірде-біреуі жоқ» сөздерін қолданады.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: көрнекілік саны бойынша «біреу–көп»,ойыншық
кірпі, шымылдық, бір себетте жапырақтар макеттері (1 жапырақ – қызыл, қалғандары
жасыл түсті, бала саны бойынша); жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: біреу, көп, бірбірден, бірде-біреуі жоқ.
Билингвальды компонент: біреу – один, көп – много.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.
Педагог: Балалар, бүгін бізге қонақ келгенінбілесіңдер ме? Мен бір жұмбақ жасырайын,
жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.
Жұмбақ
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
(Кірпі.)
– Балалар, жұмбақ не туралы?
Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады.
Балалар қызығушылық танытады.
Кірпі балаларға ішінде жапырақтары бар себетті береді.

14
2. Негізгі кезең.
Қозғалысты ойын: «Көп, біреу, бірбірден, бірде-біреуі жоқ».
Педагог сұрақтар қояды: Кірпі берген себетте не жатыр? Себетте неше жапырақ
бар? Мен бір жапырақты аламын. Менде бір қызыл жапырақ бар. Әр баланың қасына
барып, бірбірден жасыл жапырақтан алуын сұрайды. Жапырақтармен айналуды сұрайды.
Себетте неше жапырақ болды? Енді қанша қалды? Қайталау ұсынылады.
Жапырақтар себетте көп болу үшін, не істеу керек? Балалардың жауабын
тыңдайды. Енді жапырақтарды себетке қайта жинайық. Мен себетке 1 қызылжапырақты
салдым. Әр балаға барып, жасыл жапырақты себетке салуды өтінеді.
Балалар себетке жапырақтарды салады. Педагог сұрақтар қояды: Себетте неше
жапырақ болды? Біз бірбірден салып едік, көп жапырақболды. Себетте неше кызыл
жапырақ жатыр? Себетте неше жасыл жапырақ жатыр?

Сергіту сәті:«Ойыншықтар».
Добым, добым, домалақ.
Қайда кеттің домалап.
Сүт құйып ем күшікке,
Төгіп кеттің, обал-ақ.
«Біреу – көп» ойыны.
Педагог фланелеграфтағы бір және көп заттардың суреті салынған плакатты көрсетеді.
Балаларды суретте қай заттар біреуден, қай заттар көп екендігін сұрайды. Балалар айтады.
(1-тапсырма.)
Педагог: Кірпілер алманы жақсы көретінін айтады.
– Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен. Кірпіге суреттегі көп алма қайда, бір
алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші.
Кірпі мынадай сұрақтар қояды:
– Ағашта неше алма бар?
– Жерде неше алма жатыр?
– Қай жердегі алма көп?
Тапсырма: Ағашта өсіп тұрған бір алманы саусағыңмен көрсет.
«Бірбірден, бірде-біреуі жоқ» ойыны. (2-тапсырма.)
Кірпілер тек алманы ғана емес, саңырауқұлақтарды да қатты жақсы көретінін айтады.
Суретте кірпілерді табуды ұсынада. Кірпілердің арқаларында нешесаңырауқұлақ барын
ата? Себетте неше саңырауқұлақ барын ата?
3. Рефлексия.
Кірпі тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға ра қмет айтып, оларға
жапырақтары бар себетті сыйлайды. Балалармен қоштасады.
Педагог сұрақтар қояды: Кім бізге қонаққа келген? Кірпі бізге не сыйлады? Себетте
неше қызыл жапырақтар жатыр? Себетте неше жасыл жапырақ жатыр?
Ойын ұсынады: алақаныңды бір рет, содан кейін көп рет шапалақта.
Аяғыңды бір рет, содан кейін көп рет топылдат.
Барлығы әуелі бір саусағын, содан кейін көп саусағын көрсетуді сұрайды.
Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.
№2 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, қатынас.
Бөлімі: ҚМҰҚ.

15
Тақырыбы:Таңертең. Біреу – көп.
Мақсаты:таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; заттың санымен (бір – көп)
таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:таңертең (таң) – тәулік бөлігін тану және атау,осы ұғымды сөйлеу барысында
қолдану; жұмбақтарды шешуді үйрету; заттарды айналасындағы бірдей бір және көп
затты таба білу дағдысын дамыту. Шыдамдылыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі:тәулік бөлігін – таңертең, заттардың санын атауды;
түсінеді: заттардың саны бойынша әртүрлі болатынын (біреу–көп);
қолданады: керекті суреттерді,топ бөлмесіндегі саны көп заттарды және бір-бірден
тұрған заттарды табуды.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:көрнекілік: «Тәулік бөліктері таңертең,
күндіз, кеш, түн», ойыншық-қоян, жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс: таңертең.
Билингвальды компонент:таңертең – утро.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.Ойыншық қоян.
Педагог:
–Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік бөліктері туралы
әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар, келген қонақтың не
екенін білесіңдер.
Жұмбақ
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
(Қоян)
– Балалар, жұмбақ не туралы? Олардың жауаптарын тыңдайды. Қоянды көрсетеді. Қоян
балалармен амандасады.
Балалар қызығушылық танытады.
2. Негізгі кезең.
Қоян фланелеграфпен ілінген «Тәулік бөліктері: таңертең, күндіз, кеш, түн» суретіне
назарларын аударады.
Педагог балаларға бір тәулікте төрт бөлігі болатынын, олар: «таңертең», «күндіз», «кеш»,
«түн» деп аталатынын айтады.
Таңертеңнен кейін күн болатынын, күннен кейін кеш болатынын, кештен кейін түн, ал
түннен кейін тағы таңертең болатынын айтады.
– Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын
білгілерің келе ме?
– Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар балабақшаға, мектепке барады. Күндіз
үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде
ұйықтайды.
«Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру».
Педагог таңертеңгі бөлігіне назар аударады. Таңертең күн ұясынан шығады. Адамдар
ұйқыдан тұрады. Таңертең үлкендер мен балалар таңғы ас ішеді, кейін, балалар
балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын
айтады.
Таңертен үлкен балалармен тағы да не істейтінді білгілерің келе ме, онда
Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар.
Педагог тақпақты оқиды.
Таң

16
Таң шапағы алаулап,
Дала нұрға боялды.
Мүлгіген бақ манаурап,
Ұйқысынан оянды.
Жүзін желдің өтіне
Тосты гүлдер желбіреп.
Жапырақтар бетіне
Мөп-мөлдір шық қонды кеп.
«Бұл қай кезде болады?» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
Педагог балалардың назарын жұмыс дәптеріне аударады, балаларға бірнеше сұрақтар
қояды:
– Балалар, тақпақта тәуліктің қай бөлігі туралы айтылған?
– Бала не істеп жатыр? Бала ұйқыдан тұрған суретті, сосын бала жуынған, жаттығу
жасаған, таңғы ас ішкен суреттерді саусағымен көрсетуін сұрайды.
Сөздік жұмыс: таңертең.
Билингвальды компонент: таңертең – утро.
Сергіту сәті: «Қоян».
Ыршып-ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған,
Жылытпақ боп тырысты,
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары, бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз, отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
«Біреу – көп» ойыны.(2-тапсырма.)
Педагог қоян таңғы асты жемегенін айтады. Онын қарны аш.
–Балалар, бүгін сендер таңғы асқа қандай тамақ іштіңдер? Балалар айтады.
Педагог: Ал қоян сәбізбен қырыққабатты жақсы көретінін айтады. Балаларға суреттен
оларды табуын ұсынады. Бірінші саусағымен сәбізді сосын қырыққабатты көрсетуін
сұрайды.
Тапсырма: Суретте қанша сәбіз бар екенін ата. Суретте қанша қырыққабат бар екенін ата.
3.Рефлексия
Қоян тапсырманы дұрыс орындағандары үшін балаларға рақмет айтып, қоштасады.
Педагог:
–Тәуліктің қай бөлігінде күн ұясынан шығады?
–Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден,– деп сұрайды.
№3 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, шығармашылық.
Бөлімі:ҚМҰҚ.
Тақырыбы:Күндіз.Біреу – көп.
Мақсаты:күндіз – тәулік бөлігімен таныстыру;заттың санымен (бір – көп) таныстыруды
жалғастыру.
Міндеттері:таңертең – күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру;
сөйлеубарысында осы сөздерді қолдануға және осы сөзді сөйлеу барысында пайдалануды

17
үйрету; заттың санымен (бір – көп) таныстыруды жалғастыру; заттарды бірдей бір және
көп затты таба білу дағдысын дамыту. Танымдылық қызығушылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі:тәулік бөліктерін – таңертең, күндізді ажыратып атауды;

қолданады: таңертең – күндіз тәулік бөлігін ажырата білулерін қалыптастыру; заттардың
санын (біреу– көп) айқындау дағдысын.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:«Тәулік бөлігі, таңертең, күндіз»
иллюстрациясы, «Бір және көп заттар», ойыншық – Бауырсақ, «Бауырсақ» ертегісінен
үзінді жазбасы; үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері.
Сөздік жұмыс:күндіз.
Билингвальды компонент: күндіз – день.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Күтпеген сәт.
Педагог «Бауырсақ» ертегісінен үзінді тыңдауды ұсынады.
Балалардан сұрайды:
– Ертегі не туралы екен? –Дұрыс! Бізге қонаққа Бауырсақ келді. Балалармен амандасады.
Бауырсақ сендерге өлең оқып бергенімді қалайды.
Педагог Нұрсұлтан Әлімқұловтың өлеңін мұқият тыңдап, өткен оқу қызметінде тәуліктің
қай бөлігі туралы айтқанымызды еске түсірулерін сұрайды.
2. Негізгі кезең.
Таң
Қызыл арай таң атты,
Қырдан жаңа асып күн.
Ақ сәулесін таратты,
Мен сол таңға ғашықпын.
Ұлан байтақ Отанды
Таң нұрына бөледі.
Ерте оянып, сол таңды
Күнде көргім келеді.
Педагог сұрақ қояды:
– Өлеңде қай тәулік бөлігі туралы айтылған?
Балалардың біреуін суреттен тәуліктің таң бөлігін көрсетуін сұрайды.
«Күндіз тәулік бөлігімен таныстыру».
Фланелеграфтағы «Тәулік бөлігі – күндіз» иллюстрациясын көрсетеді.
Таңертеңнен кейін күн болатынын айтады. Күндіз күн аспанда жоғарыда болады. Күндіз
үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды.Күндіз адамдар түскі ас жейді. Педагог
күндізгі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді.
«Бұл қай кезде болады?»ойыны.Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
– Балалар, мен қай уақыт бөлігі туралы әңгімеледім?
– Біз күндіз не істейміз?
– Суретте не бейнеленген? Балалар не істеп жатыр?
Сергіту сәті: «Күн – түн».
Ойын шарты: «Күн» дегенде, балалар жүгіріп ойнайды, «түн» дегенде –ұйықтап
қозғалмай қалады.
Сөздік жұмыс:күндіз.
Билингвальды компонент: күндіз – день.

18
Фланелеграфтағы иллюстрация: «Бір және көп заттар» көрулерін ұсынады. Педагог
балалармен суретте қай заттар бір-бірден, кай заттар көп екендігін тауып айтады.
«Бір – көп» дидактикалық жаттығуы.(2-тапсырма.)
Педагог балалардың назарын жұмыс дәптеріндегі ойыншықтарға аударады.
Педагог балалардан суретте бір-бірден тұрған ойыншықтардың атын атауын және
саусағымен көрсетуін тапсырады.
3.Рефлексия.
Бауырсақ ертегіге қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін
рақмет айтып, қоштасады.
Педагог:
– Сендер тәуліктің қай бөлігін білесіңдер?
-Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден,– деп сұрайды.
№4 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:таным.
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Үлкен – кіші.Таңертең.
Мақсаты: заттарды көлемі бойынша(үлкен – кіші) салыстыру біліктерін қалыптастыру;
таңертең –тәулік бөлігімен таныстыруды жалғастыру.
Міндеттері:көлемі бойынша(үлкен – кіші) заттарды салыстыру; тәулік бөліктерін
ажырата және атай білу білігін – таңертең ұғымымен таныстыруды жалғастыру; таныс
заттарды көлеміне қарай салыстыру білігін дамыту (үлкен –кішкентай), заттарды осындай
белгілеріне қарай топтау; заттарды табуға деген ынтасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: заттардың көлемін (үлкен – кіші) атауды;
түсінеді: заттардың көлемі бойынша әртүрлі болатынын (үлкен – кіші);
қолданады: заттарды көлеміне қарай қосу арқылы қарындашпен жұмыс жасау
дағдыларын. Сурет бойынша – таңертең тәулік бөлігін ажыратуды.
Қажетті құрал-жабдықтар менкөрнекіліктер: үлкен және кішкентай заттар
бейнеленген суреттер; «Тәулік бөлігі – таңертең» иллюстрациясы, қуыршақ, екі
кәмпиттің макетін: үлкенірек –қызыл және кішірек – жасыл, жұмыс дәптері, әр балаға жай
қарындаштар.
Сөздік жұмыс: үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент: үлкен – большой, кішкентай – маленький.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Педагог:
–Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз
шаттық шеңберіне тұрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы
таң!» дейік.
Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!

19
Аман Отан – панамыз,
Аман ата-анамыз,
Қайырлы таң, балалар!
Балалар шаттық щеңберге тұрып, сөздерді педагогпен бірге қайталайды.
2. Негізгі кезең
Күтпеген сәт. Қуыршақ, екі кәмпиттің макетін: үлкенірек –қызыл және кішірек –
жасыл.
Педагог бүгін балабақшаға қонаққа қуыршақ келгенін айтады. Онымен амандасуын
сұрайды. Қуыршақ екі кәмпитті (үлкенірек – қызыл және кішірек – жасыл) алып келгенің
көрсетіп, айтады.Кәмпиттердің көлемі және түсі бойынша айырмашылықтары бар екенін
айтады.
Фланелеграфта үлкен кәмпиттің үстіне кішкене кәмпитті және керісінше салып,
салыстырады.
Фланелеграфтпен жұмыс:үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттер.
Фланелеграфтан үлкен және кішкентай заттар бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Кірпі балалардан оның достарын табуды ұсынады.
– Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
– Кірпілер бірдей ме?
– Олар қандай екен?
Сосын суреттегі қай түсті жапырақ үлкен, қай түсті жапырақ кішкентай екенін сұрайды.
Балалар жауабын айтады.
«Үлкен – кішкентай» ойыны(1-тапсырма.)
Педагог балаларға және қуыршаққа жұмбақ жасырады:
«Отқа қойсаң елпілдеп.
Быж-быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан су шығар».
– Балалар, жұмбақ не туралы?
(Шәйнек)
Балалардың назарын суреті салынған бірнеше шәйнекке аударады.
Педагог сұрақтар қояды:
– Шәйнектер бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
– Олар қандай?
Педагог:
– Балалар, қолдарыңның үлкен саусағын (бас бармақ) үлкен шәйнекке, кішкентай
саусақтарыңды (шынашақ) кішкентай шәйнекке қойыңдар.
– Ал кеселер бірдей ме?
Педагог енді балалардан қолдарының үлкен саусағын үлкен кесеге, кішкентай
саусағынкішкентай кесеге қоюды сұрайды.
Педагог тапсырма береді: үлкен шәйнекті үлкен кесемен, ал кішкентай шәйнекті
кішкентай кесемен сызық арқылы қосуды тапсырады.
Жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті: «Үлкен – кіші».
Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді:
«Алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады.
«Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады.
Ойын: «Тап та, ата». Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырма.
Педагог суретке қарап, суретші қай тәулік бөлігін бейнелегенін атауды сұрайды. Жауабын
дәлелдеуді өтінеді.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

20
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
–Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?
Түскі ас кезінде педагог балаларға сорпаны үлкен қасықпен, ал компоттың
ішіндегіжемістерді кішкентай қасықпен жеу керектігін түсіндіреді.Текшелермен,
пирамидалармен, матрешкалармен ойнаған кезде балалардың назарын олардың көлеміне
аударып отырады.
№5 ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:Шеңбер. Үлкен – кіші.
Мақсаты: жаңа геометриялық пішін – шеңбермен таныстыру.
Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету;шеңбердің
түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену;
шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шеңберді берілген нүктелері
бойынша бастырып жүргізу; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық

біледі: жаңа геометриялық пішін – шеңберді атайды;
түсінеді: шеңбердің өлшемі әртүрлі болатынын;
қолданады: шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытуды; шеңберді берілген
нүктелері бойынша бастырып жүргізуді; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шеңберге
ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлкен қызылшеңбердің және кіші көк
шеңбердің макеті, шеңберге ұқсас заттардың суреті, ойыншық – Бауырсақ, үлестірмелі
материалдар: кішкентай шеңбер, жұмыс дәптері, қызыл және көк түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс:шеңбер.
Билингвальды компонент: шеңбер – круг.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Күтпеген сәт.
Педагог: Бізге қонаққа Бауырсақ келді. Бауырсақ балалармен амандасады. Бауырсақ
сендерге заттарға байланысты жұмбақтар бергенімді қалайды.
2. Негізгі кезең.
«Жауабын тап» ойыны.
Педагог балаларға дөңгелек заттарға байланысты жұмбақтар жасырады.
Жұмбақ
Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек,
Басы жоқ, аяғы жоқ, дөп-дөңгелек.
Жерінде басып кеткен із қалады,
Осыны тапшы, сен, болсаң зерек.
(Шеңбер)
Егер балалар жұмбақтың шешуін таба алмаса, Бауырсақ шеңберге ұқсайтын заттарды
көрсетеді (доп, шығыршық, дөңгелек т.б.).
«Геометриялық пішін – шеңбермен танысу» ойыны.

21
Үлкен – қызыл және кішкентай – көк шеңбердің макеттерін көрсетеді. Шеңбердің
бұрыштары болмайтынын, оның дөңгелейтінін айтады. Шеңберге ұқсас заттарды
(суреттен көрсетеді) дөңгелек, доп, қарбыз, құрсау т.б. атайды. Бір шеңбердің үлкен, ал
екіншісінің – кішкентай екенін айтып, бірінің үстіне бірін салып қарау арқылы
қайсысының үлкен, қайсысының кішкентай екенін білуді ұсынады.
– Қандай түсті шеңбер үлкен?
–Қандай түсті шеңбер кішкентай?
Бауырсақ дөңгелеп, өзінің бұрыштары жоқ, геометриялық фигураның пішініне ұқсас
екенін көрсетеді.
Сөздік жұмыс: шеңбер.
Билингвальды компонент: шеңбер – круг.
Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
Педагог жұмыс дәптеріндегі геометриялық пішінді – шеңберді табуын ұсынады.
Бауырсақ балалардан суреттегі бағыт сызығын бойлай саусақпен жүргізіп шығуларын
сұрайды.Үлкен шеңберді нүкте бойымен қызыл қарындашпен, ал кішкентай шеңбердікөк
түсті қарындашпен бастырып сызуды тапсырады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
– Қай шеңберді қызыл қарындашпен сыздыңдар?
– Ал көк қарындашпен қай шеңберді сыздыңдар?

«Үлкен – кіші»ойыны. 2-тапсырма.
Педагог балаларға суреттен шеңберге ұқсас заттарды табуға ұсыныс жасайды.
Дәптердегі үлкен алманың, үлкен қарбыздың және кішкентай алманың, кішкентай
қарбыздың салынған суретіне назарларын аударуды ұсынады.
Сұрайды:
– Алмалар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
– Олар қандай?
Балаларға бармағын үлкен алмаға, ал шынашағын кішкентай алмаға қоюды сұрайды.
– Ал қарбыздар бірдей ме?
Балаларүлкен алмадан кішкентай алмаға, үлкен қарбыздан кішкентай қарбызға қарай
саусағымен жүргізуін сұрайды.

рақмет айтып, балаларға геометриялық пішін – шеңберді сыйға тартады.
Педагог сұрақтар қояды.Қандай геометриялық пішінді білесіңдер? Қандай
заттаршеңбергеұқсайды, атаңдар. Бауырсақ қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Бауырсақ сендерге не сыйлады? Балалар шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін
дамытады.
№6 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:таным.
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Кеш. Біреу – көп.
Мақсаты:тәулік бөлігі – «кеш» ұғымымен таныстыру;заттың санымен (бір – көп)
таныстыруды жалғастыру.

22
Міндеттері:таңертең, күндіз, кеш тәулік бөліктерін атаужәне ажырата білулерін
қалыптастыру; бір және көп бірдей заттарды табу білігін дамыту; заттарды табуға деген
ынтасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: тәулік мезгілдерін (таң, күн, кеш);
түсінеді: қай жерде бір зат, қай жерде көп зат екендігін;
қолданады: таңертең, күндіз, кеш тәулік бөліктерін ажырата білулерін қалыптастыру;
заттардың санын (бір, көп) айқындау дағдысын, қарындашпен жұмыс жасау дағдыларын.
Қажетті құрал-жабдықтар менкөрнекіліктер:таңертен, күндіз,кеш мезгілдері, жұмыс
дәптері, әр балаға жай қарындаштар.
Сөздік жұмыс: кеш.
Билингвальды компонент: кеш – вечер.

Балалар шаттық щеңберге тұрып, педагогпен бірге қайталайды.
– Өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөліктері туралы әңгімелегенімізді естеріңе
түсіріңдер.
2. Негізгі кезең
Педагог тәулік бөліктері – таңертең, күндіз бейнеленген суреттерге фланелеграфқа назар
аударады.
– Сендер қандай тәулік бөліктерін білесіңдер?
Екі баланы шақырып, суреттен көрсетуді сұрайды.
«Кеш тәулік бөлігімен таныстыру».
Фланелеграфтағы «Тәулік бөлігі – кеш» иллюстрациясын көрсетеді.
Таңертеңнен кейін күндіз болатынын, күндізден кеш болатынын айтады. Кеште күн
ұйқыға дайындалады. Кешке қарай дала қараңғы болады. Кешке бәрі демалады, теледидар
көреді, кешкі тамақты ішеді. Сосын оларұйқыға дайындалады. Педагог кешкі уақыт
бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді.
«Бұл қай кезде болады?» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
Педагог балаларға кешкі мезгіл туралы өлең оқып, әңгімелеп береді.
Сұрақтармен жұмыс:
– Біз қай тәулік бөлігі туралы әңгімеледік?
– Біз кешке не істейміз?
– Бала суретте не істеп жатыр?
– Бұл уақыттың қай бөлігінде болады?

23
Сөздік жұмыс: кеш.
Билингвальды компонент: кеш – вечер.
Сергіту сәті:«Ойыншықтар».
Добым, добым, домалақ.
Қайда кеттің домалап.
Сүт құйып ем күшікке,
Төгіп кеттің, обал-ақ.
«Дұрыс ата» ойыны.(2 -тапсырма.)
Балаларға суреттегімысық пен марғауларға, ит пен күшіктерге қарауларын ұсынады.
Балаларға суреттегі тек бір-бірден берілген жануарларды қоршап сызуға тапсырма
беріледі.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер? Адамдар таңертең,
күндіз, кешке не істейді?
– Топтағы заттардың қайсысы көп, қайсысы бір-бірден?– деп сұрайды.
№7 ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:Түн. Шеңбер.
Мақсаты: тәулік бөлігі – «түн» ұғымымен таныстыру; түсі мен көлеміне байланыссыз
шеңберді ажырата және атай алу білігін бекіту.
Міндеттері:тәулік бөліктерін, ажырата және айта білуді бекіту; топ бөлмесінен шеңбер
пішіндес заттарды көзімен іздеп таба алу білігін дамыту; шеңбер пішінді заттардың
суретін сала алу білігін дамыту; мұқияттылық пен алғырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: түн – тәулік бөлігінің атауын;
түсінеді: таңертең, күндіз, кеш – тәулік бөліктері екенін, түннің айырмашылығын;
қолданады: тәулік бөліктерін, ажырата және айта білуді; шеңбер пішінді заттардың
суретін сала алу білігін дамыту.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:«Тәулік бөліктері» суреттері, ұлттық киім
киген қуыршақ, жұмыс дәптері, сары қарындаштар.
Сөздік жұмыс:түн, шеңбер.
Билингвальды компонент: түн – ночь, шеңбер – круг.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.
Есікті тоқылдатқан дыбыс естіледі.
Педагог:
–Бізге біреу қонаққа келген сияқты.
Есікті ашып, ұлттық киімдегі қуыршақты алып кіреді.Қуыршақ амандасып, балалармен
танысады.
Қуыршақ Ақмарал өткен оқу қызметінде тәуліктің қай бөлігімен танысқандарын сұрайды.
– Сендер тағы қандай тәулік бөлігін білесіңдер?

24
2.Негізгі кезең.
«Түн тәулік бөлігімен таныстыру».
Фланелеграфтағы «Тәулік бөлігі – түн» иллюстрациясын көрсетеді.
Таңертеңнен кейін күндіз болатынын, күндізден кеш болатынын, кештен түн болатынын
айтады. Түнде дала қараңғы болады. Түнде аспанда ай мен жұлдыздар жарқырайды.
Адамдар түнде ұйықтайды. Педагог түнгі уақыт бөлігі туралы қысқаша әңгімелеп береді.
«Бұл қай кезде болады?» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі, 1-тапсырма.
Ақмарал балаларға сұрақ қояды:
– Қай кезде адамдар ұйықтайды?
– Суретте не бейнеленген?
– Бала не істеп жатыр?
– Бұл тәуліктің қай бөлігінде болады?

«Қандай домалақ заттарды білесің?» ойыны.(2 -тапсырма.)
Педагог балалардан шеңберге ұқсасзаттарды естеріне түсіріп, атап берулерін өтінеді.
– Олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

– Балалар, Ақмарал күннің суретін салғысы келеді. Бірақ оны қалай саларын және қандай
түспен боярын білмейді.Педагог балалардан қуыршаққа көмектесіп, жиек сызығының
ішіне нүктелер бойынша күннің суретін салуды және оны сары түспен бояуды сұрайды.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Ақмарал балалардың оған Күннің суретін салуға көмектескендеріне, тапсырманы дұрыс
орындағандарына рақмет айтып, қоштасады.
Педагог:
– Сендер тәуліктің қандай бөліктерін білесіңдер?
–Шеңберге ұқсайтынқандай заттарды білесіңдер?
№8 ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:Оң жақ – сол жақ.
Мақсаты: кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (сол жақ, оң жақ, ортасында), сөйлегенде
осы терминдерді дұрыс қолдануға баулу.
Міндеттері:өзінің маңындағы кеңістік бағыттарын ажырата білу; жұмбақтарды шешуге,
жұмбақ негізіне алынған өлеңдегі салыстыра бейнелеуді түсінуге үйрету; оң қолы мен сол
қолын ажырата алу білігін дамыту; логикалық ойлауын дамыту; педагогтің нұсқауларын
орындау білігіне тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: өз айналасындағы кеңістікте: «оң жақ, сол жақ, ортасында» сөздерін пайдаланып,
бағдарлауды;
түсінеді:өзінің айналасында сол жағы, оң жағы қайсысы екенін ажыратуды;

25
қолданады: жұмбақтарды шешуді; өзінің айналасында бағдарлауды; сол жақ, оң жақ,
ортасындағы заттарды салыстыруды.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: иллюстрациялар –
«Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, ортасында», ойыншық – Дымбілмес, жұмыс
дәптері.
Сөздік жұмыс:сол жақ, оң жақ, ортасында.
Билингвальды компонент:сол жақ –левая сторона, оң жақ – правая сторона.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт. Ойыншық Дымбілмес.
Педагог:
–Мен бүгін балабақшаға баражатқанда, Дымбілмеспен кездесіп қалдым. Дымбілмес
жылады, өйткені ол сол жақты, оң жақтан айыра алмайды екен. Мен оны бізге
балабақшаға шақырдым. Біз Дымбілмеске көмектесейік.
Дымбілмес балалармен амандасады.
2.Негізгі кезең.
«Не қайда тұр?» ойыны.
–Дымбілмес оң жағы мен сол жағын айыра алмайды. Келіңдер, оған қалай ажыратуды
үйретейік.
Педагог:
–Біздің жүрегіміз сол жағымызда орналасқан, ал қасықты, қарындашты біз оң қолымызбен
ұстаймыз. Сосын педагог жүрекқай жерде орналасқанын көрсетуін сұрайды. Оң қолын
көтеруін, сосын сол қолын көтеруін ұсынады.
Қарама-қарсы бағыттарда қозғалыс жасап көрсетеді. Қажет болса, әр баланың
қолдарын жөндеп көрсетеді.
Фланелеграфтағыкөрнекілікпен жұмыс.Иллюстрациялар –«Кеңістікте бағдарлану: сол
жақ, оң жақ, ортасында».Фланелеграфта заттың өзінен оң жақта немесе сол жақта
тұрғанын қарау және оларды атау.
«Кім қайда отыр?»ойыны. 1-тапсырма.
Дымбілмес сендерге жұмбақ жасырады:
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(Қоян.)
– Сендер мұның не екенін білдіңдер ме?
Жұмыс дәптеріндегі қоянның суретін табуды ұсынады.
Суретпен жұмыс. Педагог сұрақтар қояды:
– Қоянның сол жағында не отыр?
– Қоянның оң жағында қандай аң отыр?
– Қоян өзі қайда отыр?
Сергіту сәті: «Қоян».
Ыршып-ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Қолдары да жаураған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары, бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен.

26
Секіреміз, отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
«Салыстыр» ойыны. 2 -тапсырма.
Жұмыс дәптеріндегі сол жақтағы және оң жақтағы суретке қарауды ұсынады. Олардың
қандай айырмашылықтары бар?
Педагог суретке қарап айырмашылықтарын табуды ұсынады.

Педагог: Дымбілмеске оң жақ, сосын сол жақ қайда екенін есіне түсірейік.
– Біз қарындашты қай қолымызбен ұстаймыз?
– Енді, сол қолдарыңды көтеріңдер.
Дымбілмесоң жағы мен сол жағын ажыратуды үйреткен үшін балаларға рақмет
айтады.Балалармен қоштасады.
№9 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:таным, шығармашылық.
Бөлімі:ҚМҰҚ.
Тақырыбы:Тәулік бөліктері.
Мақсаты:таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату
білігін қалыптастыру.
Міндеттері:тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі
бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды дайын пішіндерді суретке жабыстыру
кезеңдерін сақтау тәсілдерімен таныстыру; жапсырмалармен жұмыс жасауда
мұқияттылыққа баулу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік бөліктерін ажырату білігін
қалыптастыруды;
түсінеді: тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнының өзгеруі
бойынша ажырата алуды;
қолданады: дайын пішіндерді дұрыс жапсыруды.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:көрнекіліктер: иллюстрациялар «Тәулік
бөліктері», жұмбақтары бар сандық, бағдаршам суреті, «үлестірмелі материалдар: жұмыс
дәптері, бағдаршамға арналған жапсырмалар: шеңберлі оттар (қызыл, сары, жасыл).
Сөздік жұмыс: таңертең, күндіз, кеш, түн.
Билингвальды компонент:таңертең – утро, күндіз – день , кеш – вечер, түн – ночь.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.
Педагогбалабақшаға келе жатып жолда пошташыны кездестіргенін айтады.
Ол біздің топтың балаларына сандық әкеліпті.
– Балалар, сандықты ашып, ішінде не бар екенін көрейік.
– Сандықтың ішінде суреттер бар, бірақ оларды білімнің арқасында алуға болады екен.
2.Негізгі кезең

27
«Сөйлемді аяқта» ойыны.Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.
Педагог балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады: жауаптан кейін сандықтан керекті суретті
алып шығады.
– Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал түскі асты ... ішеміз. (күндіз)
– Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты ... ішеміз. (кешке)
– Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай ... (түнде)
– Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз. (таңертең)
Сосын баланы шақырып фланелеграфта суреттерді дұрыс қоюды ұсынады: таңертең,
күндіз, кеш, түн.
Педагог балалардан дәптердін суреттегі әр тәулік бөлігін атауды және саусағымен
көрсетуін сұрайды.

Билингвальды компонент: таңертең – утро, күндіз – день , кеш – вечер, түн – ночь.
«Айырмашылығын тап» ойыны. (2-тапсырма)
Педагог балалардан суретке мұқият қарауларын сұрайды.
– Балалар, бұл сандықтар бір-біріне өте ұқсас. Олардың айырмашылығын таба аласыңдар
ма?
– Кәне, балалар, қандай айырмашылық таптыңдар?
Жекелеген балаларға көмек көрсетеді.

«Шамдарды жақ» ойыны (3-тапсырма.)
Фланелеграфтан бағдаршам суретін көрсетеді, оның үш жарық көзі бар екенін айтады: ең
жоғарыда қызыл түсті, ортасында – сары, астында жасыл түсті.
Педагог өлең оқып береді:
Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп біл үш сөзін.
Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып,
Қызыл көзін ашқанда,
Сабыр сақта, баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба.
(Ә. Табылдиев)
Педагог балаларға сұрақ қояды:
– Бұл өлең не туралы? Балалар, дәптердегі бағдаршамның суретіне қараңдар.
– Суретте неше бағдаршам бар?
– Оның неше көзі бар екен?

– Олардың түстері қандай?
Педагог:
– Балалар, бағдаршамның көздері сөніп қалыпты. Енді оны түрлі түсті жапсырмалардың
көмегімен жағуымыз керек.
– Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?

28
– Онда тәрелкедегі дөңгелектерді(сары, қызыл, жасыл) алып, бағдаршамның төменгі
көзінен бастап жағамыз.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
- Сендер қандай тәулік бөліктерін білесіндер, оларды атаңдар. Балаларға
фланелеграфтағы айтқан тәулік бөліктерінің суреттерін табуды ұсынады. Содан
кейінтәулік бөліктеріндегі балалар мен ересектер әрекетінің мазмұнын сұрайды.
№10 ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: Шаршы. Үлкен – кіші.

Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету;
шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді
үйрену; шаршыны көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шаршыны берілген
нүктелері бойынша бастырып жүргізу; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шаршыға ұқсас
заттарды көзбен табу білігін дамыту; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа
геометриялық пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: жаңа геометриялық пішінді таниды және атайды – шаршыны;
түсінеді: жаңа геометриялық пішіннің қандай ерекшелігі барын; шаршының көлемі
бойынша айырмашылықтары болатынын (үлкен –кішкентай);
қолданады: шаршыны көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытуды; шаршыны
берілген нүктелері бойынша бастырып жүргізуді; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан
шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: геометриялық пішіндер макеті–
шаршы (үлкен және кішкентай), жазба – аюдың дауысы, қорап, ойыншық аю,
үлестірмелі материалдар: геометриялық пішіндер – шаршы 3x3 см, жұмыс дәптері, қызыл
және көк түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: шаршы, үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент:шаршы – квадрат, үлкен – большой,кішкентай – маленький.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.
Педагог Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан:
«Бұл өкіріп жатқан не?»– деп сұрайды.
– Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік. Ол шаршы
пішінді қораптың ішінде екен.
– Балалар, аю бізге геометриялық пішін–шаршыны ала келіпті (үлкен –кішкентай).
Аю:
– Балалар, сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
– Сендер жаңа геометриялық пішінмен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала
келдім (үлкен – кішкентай).
2.Негізгі кезең.

29
Геометриялық пішін – шаршымен танысу.
Педагог жаңа геометриялық пішін – шаршыны қарауды ұсынады. Шаршыныңтөрт
бұрышы барын айтады. Содан оны шаршы деп атайды. Олар әртүрлі: үлкен және
кішкентай, қызыл және көк түсті болады.Үлкен шаршының макетін көрсетіп, оның
бұрыштары болатынын, сондықтан геометриялық фигура шеңбер сияқты домалай
алмайтынын айтады. Оның барлық жақтары тең болады, оның төрт жағы бар, ол жәшікке,
теледидарға т.б. ұқсайды (суретін көрсетеді). Кішкентай шаршыны қолына алып, оларды
көлемі бойынша салыстыруды ұсынады.
– Қандай шаршы үлкен, ал қайсысы кіші? Олар бірдей ме?Топ бөлмесінен шаршыға ұқсас
заттарды көзбен тауып, атауды ұсынады. Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай
пішінді суретті табыңдар.
«Шаршыны бастырып сыз» (1-тапсырма).
Педагог балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды
тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл
қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып
шығу керектігін айтады.
Сұрақтар:
– Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?
– Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?
– Сендер бастырып сызған геометриялық пішін қалай аталады?
Жеке жұмыс жүргізеді.
Сөздік жұмыс: шаршы,үлкен, кішкентай.
Билингвальды компонент:шаршы – квадрат, большой – үлкен, маленький – кішкентай.
«Қуырмаш» – саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Қуыр-қуыр,қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш.
Апаң келсе есік аш.
Қасқыр келсе, мықтап бас
Мына жерде аю бар,
Мына жерде қасқыр бар,
Мына жерде қоян бар,
Мына жерде түлкі бар,
Ал мына жерде күлкі бар.
«Үлкен – кіші» ойыны. (2-тапсырма).Педагог балаларға суреттен шаршыға ұқсас
заттарды табуға ұсыныс жасайды.
Үлкен шаршы, үлкен қорап және кішкентай шаршы, кішкентай қорап салынған суретке
назар аударуды ұсынады.
Педагог сұрақ қояды:
– Қораптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
– Олар қандай?
Балаларға бармағын үлкен қорапқа, ал шынашағын кішкентай қорапқа қоюды сұрайды.
– Ал шаршылар бірдей ме?
Тапсырма: Балаларға саусағымен үлкен текшеден кіші текшеге қарай, ал үлкен қораптан
кіші қорапқа қарай жол салуын тапсырады. Оларды сызып қосады.
3.Рефлексия.
Аю балаларға кішкентай геометриялық пішіндерді – шаршыны сыйға тартады. Қоштасып,
кетеді. Балалар шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытады.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

30
№11 ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: Алыс – жақын.
Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын (алыс – жақын) айыра білуге және атауға
үйрету.
Міндеттері: заттардың өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау:(алыс – жақын);
көріп қабылдаған ақпарат негізінде жұмбақтар шешуді жалғастыру; көзбен қабылдауын,
дайын пішіндерді (жапсырмалар) кезектілігін сақтай отыра суретті толықтыру мақсатында
жапсыру дағдыларындамыту; бірлескен әрекеттерге қызығушылығын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: заттардың өзінің айналасындағы кеңістікте орналасуын (алыс–жақын) ажыратуды
және атауды;
түсінеді: көріп қабылдаған ақпарат негізінде жұмбақтарды шешуді; өзінің айналасындағы
кеңістікте бағдарлауды;
қолданады: жабыстыру дағдыларын және заттарды салыстыру біліктерін.
Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: көрнекілік: «Кеңістікте бағдарлану»
иллюстрациялары (алыс – жақын), жұмбақтары бар қорап, қоян және қырыққабат
макеттері, үлестірмелі материалдар: жұмыс дәптері, жапсырмалар – пойыздың терезелері,
жай қарындаш.
Сөздік жұмыс: алыс, жақын.
Билингвальды компонент:жақын – близко, алыс – далеко.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғажайып сәт.
Педагог балаларға қорапты көрсетеді. Қораптың аузы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе
жатқанын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында
жазылған тақпақты оқу керек екен.
Педагог Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпағын оқиды.
Қоян қорқақ,
Көрпеңде бұқпа.
Балалармен ойна,
Далаға шық та.
Қорқақ, қорқақ,
Ұйқыңнан оян,
Оян, қорқақ қоян!
– Бұл тақпақ не туралы екен?
Тақпақты оқығаннан кейін, қораптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге
тапсырманы орындағысы келетінін айтады.
2. Негізгі кезең.
Фланелеграфта жұмыс:көрнекілік: иллюстрациялар (алыс – жақын).
Иллюстрацияларды қарап, не жақын, не алыста орналасқан заттарды бірге атайды.
Қоянның және қырыққабаттың макеттері.
Педагог:Қоян бізге қырыққабатты әкелді. Қырыққабат қояннан алысқа домалап кетті
(көрсетеді). Енді қоянға көмектесу керек. Мен қырыққабатты қоянға жақын қояйын.
Сұрақтар қояды: Бірінші қырыққабат қояннан қайда домалап кетті? Қазір ол қайда
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2-сынып оқушыларына математика пәні бойінша "Жүздік-жаңа санау бірлігі" атты

шағым қалдыра аласыз