Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
2-тоқсан ТЖБ қазақ тілі 8-сынып
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқушының аты-жөні________________________________ сыныбы________
1-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіннің жалпы мазмұнын қысқаша түсіндіріп, оның негізгі ойын анықтаңыз. [10]
Мәтіндер
1-мәтін
Мамандық – қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандықты таңдау үшін, адам өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, сүйену керек. Сондай - ақ, өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Өзінің сұранысын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшыны атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары жатады.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
Мамандар болжамы бойынша, болашақта инженер мамандарға көбірек сұраныс артады. Өйткені қазір еңбек нарығында кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технолог мамандарға өткір тапшылық сезіледі.Екінші орында ІТ-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер екен. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі – нанотехнологиямен байланысты мамандықтар. Себебі нанотехнология барлық салаларды қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары және т.б. Ал аспазшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сантехник, токарь, дәрігер, ұстаз және тағы басқа мамандар үнемі сұраныстағы мамандар болады. (179 сөз). http://ped.kz/
2-мәтін
Бүгінгі еңбек адамы дегеніміз кім?
Бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, менің ойымша, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін. Ол – дихан бола ма, ол – малшы бола ма, ол – жазушы бола ма, ол – өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Ол маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Шығармашылық дарынды, талантты болуы керек. Ал турасын айтсақ, еңбек адамы деген тек қана диханды, шопанды ғана білдірмейді. Еңбек адамы деген кез келген салада болу керек.
Бүгінгі таңда театрда еңбек адамын жеткілікті түрде көрсетіп отырмыз деп айта алмаймын. Президент театр қайраткерлерімен кездескенде де, театр туралы әңгіме қозғалғанда да, «бүгінгі заманды көрсететін, бүгінгі заманның жақсы жақтарын насихаттайтын шығармалар сахнада көрінсе» дегенді үнемі айтып отырады. Еңбек адамының кім екенін түсіну жағы жетіспейді. «Еңбек адамы» десе, далада жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бізде қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Шет елдік жазушылардың шығармаларын аударуға кірісіп кеттік. Бүгінгі заман тынысын көрсету – драматургтердің тарапынан да біраз кеш қалып жатыр. Бірақ оның ең басты себебі, театрларымыз бүгінгі заманның жақсы жағын, өзекті жағын көрсетуге, оны көркем шығарма арқылы көрсетуге онша құлықты емес. Бізде де сол арзан күлкі, жеңіл-желпі дүниелер, ортаңқол шығармалар көбейіп барады. Салиқалы, жақсы шығармалар жоқ. Мемлекеттің тарапынан нақты бір саясат болу керек. «Мынандай шығармалар бізге қажет» деген нақты әңгімелер болу керек. Ондай әңгіме әзір көрінбей тұр. (216 сөз). https://abai.kz/post/15307
3-мәтін
Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.
Ғарышқа адамзат алғаш рет 50 жыл бұрын біздің байтақ жерімізден аттанды. Егер еліміз өз тәуелсіздігін алмағанда, бұл саланың да Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанына қарамастан, дами қоюы екіталай болар ма еді... «Елдің дұрыс дамуы үшін, ең алдымен, оның басына азаттық керек» деп кезінде Шоқан Уәлиханов қандай орынды айтқан.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырмалардың нәтижелері екенін атап өткен жөн.
Мемлекет басшысының қолдауымен біздің ірі жобаларымыз Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Олар: «Ангара А-5» зымыран - тасығыш негізіндегі зымыран - ғарыштық «Бәйтерек» кешені; «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі; ғарыштық аппараттарды құрастыру - сынау кешені; жерді қашықтықтан зондтау жүйесі.
Осы табыстардың барлығына Тәуелсіздіктің арқасында жетіп отырмыз. Тәуелсіздік алып келген жетістіктер де, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі екені анық. (173 сөз). https://qa.bilim-all.kz/57/
Оқылым
1- мәтін Ғарышты игерудегі жетістіктер [10]
Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.Ғарышқа адамзат алғаш рет 50 жыл бұрын біздің байтақ жерімізден аттанды.
Ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы зымыран-тасығыштар, ғарыштық аппараттар мен спутниктер сияқты тағы да басқа күрделі әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам басты. Ғылымның одан әрі дамуымен қатар, Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан 50 жылдан бері ғарышты зерттеу мен қолдануды дамыту саласында орасан зор жұмыстар жасалды. Мыңдаған ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылды.
Елбасымыз: «Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша», демекші, біз үшін де ғарыш саласын құруда бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріміздің маңызы зор. «Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады», - деп дана халқымыз айтпақшы, біздің байтақ еліміздің дүниежүзілік ғарыштық нарықта өзінің орнын табуы үшін бар күш-жігерімізді аямауымыз қажет. (161сөз) https://qa.bilim-all.kz/
2- мәтін
http://cs636516.vk.me/v636516722/c251/2VBy5ReFISg.jpg
1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырыңыз.
1-мәтін |
2-мәтін |
Мәтіндердің тақырыбы |
|
|
[1] |
Мәтіндердің түрлері |
|
|
[1] |
Мәтіндердің стилі |
|
|
[1] |
Мәтіндердің құрылымы |
|
|
[1] |
Жанрлық ерекшеліктері |
|
|
[1] |
2-тапсырма. Бірінші мәтіннің стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз. Қолданылған тілдік құралдар арқылы дәлелдеңіз. (5-6 сөйлем). [5]
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз, жазылымда сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді және етістікті сөз тіркестерін қолданыңыз. [10]
-
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты әрекет. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
-
«Адамзаттың ғарышты игеру жетістіктері» тақырыбына баяндама жазу үшін жанрлық және стильдік ерекшелігін ескеріп, тезис құрастырыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым мен айтылым
Балл |
Коммуникативтік құзыреттілік |
Грамматикалық құзыреттілік |
9-10 |
Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздер дегі ақпараттармен байланысты рып, ұтымды жеткізеді. Дәйекте мелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар қояды. |
Ойын аяқталған, толық сөйлем дермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда граммати калық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталау лары жоқ. Жеке пікірін білдіру де қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады. |
7-8 |
Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дерек көздердегі ақпараттармен байла ныстырып, жеткізеді. Дәйектеме лері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды. |
Ойын аяқталған, толық сөйлем дермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіру де қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады. |
5-6 |
Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыс тырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайым даулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды. |
Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда граммати калық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталау лары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орын сыз пайдаланады. |
3-4 |
Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйекте мелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қой ған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді. |
Ойын көп жағдайда аяқта майды, жай сөйлемдерді, қара пайым синтаксистік құрылым дарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматика лық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіру де қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
1-2 |
Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпа ратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұ рақтармен шектеледі. |
Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайта лаулары негізгі лексикадан басым. |
Оқылым
|
1.Баяндау 2.Сипаттау |
1 |
|
1.Публицистикалық стиль 2.Ғылыми стиль |
1 |
|
|
1.Мәтін үш азат жолдан тұрады, құрылымдық бөліктері сақталған 2. Екі суреттен тұрады |
1 |
|
|
1.Мақала 2.Сурет түрінде берілген |
1 |
|
|
|
Көпшілікке әсер ету, оқиғаның мәнін ашу, стильдік қайталау, риторикалық сұрақ, үндеу; Елбасының сөзі, мақал-мәтел |
5 |
Оқушы жауабы ескеріледі |
Барлығы |
10 |
|
Жазылым
Балл |
Сипаттамасы
|
9-10 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды тиімді қолданады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді. .Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді, етістікті сөз тіркестерін тиімді қолданады.Жазу жұмысында орфографиялық нормаға сай. |
7-8 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді. .Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді, етістікті сөз тіркестерін дұрыс қолданады.Жазу жұмысында орфографиялық жеңіл қате кездеседі. |
5-6 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді. .Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады.Жазу жұмысында орфографиялық қателер кездеседі, бірақ ойды түсінуге кедергісі жоқ. |
3-4 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолдануда қателеседі.Ойын білдіруде жүйесіздік байқалады. Жазу жұмысында орфографиялық қателер біршама кездеседі. |
1-2 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолданбайды. Ойын білдіруде, мағынаны толық жеткізуде қиналады. Жазу жұмысында орфографиялық қателер шамадан тыс кездеседі. |
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқушының аты-жөні________________________________ сыныбы________
2-нұсқа
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіннің жалпы мазмұнын қысқаша түсіндіріп, оның негізгі ойын анықтаңыз. [10]
1-мәтін
Қазақ еліне қажет мамандықтар
Сарапшы мамандардың пікірінше, бүгінде елімізде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласының мамандары жетіспейді. Ал астроном, астрофизик сынды ғарыш саласының мамандары мен механик, геодезист картогроф сынды мамандарға еліміз аса зәру. Бұл мамандықтарды таңдаушылар қатары жоқтың қасы, сәйкесінше, қажеттілік жыл санап артып келеді.
Қазіргі таңда заманауи технологиялардың сан түрі шығарылуда. Ғажайып ғарыш әлемін де адамзат баласы зерттеу үстінде. Яғни төрткүл дүние техникаға телмірген заман болды. Осыған байланысты еліміз экономиканың басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға ерекше назар аударып отыр. Бірақ бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен.
2016 жылғы ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жалпы практика дәрігері, терапевтер, анестезиолог, реаниматолог, балалар дәрігері еніп отыр. Биылғы статистикалық мәліметтер бойынша қалалық медициналық мекемелерге 154 жалпы практика дәрігері қажет болса, ауылдарда 147 маманның орны бос тұр. Қалалық жерлерде 140 терапевт жетіспесе, ауылға 68 маман керек. Қалалық мекемелерде 114 балалар дәрігерінің, ауылда 38 дәрігердің орны бос тұрған көрінеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы секілді салаларға да жас мамандардың аса қажет екенін көріп жүрміз. Әсіресе, ауылдық аймақтарда мұндай мамандарға сұраныс жоғары. Жас мамандардың ауылдарға барып жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан да қолдаулар көп. Бүгінде оқу бітірген жас маман мемлекеттік бағдарламалар арқылы тәжірибе жолын ауылдан бастай алады. (201 сөз). https://yvision.kz/post/724894
2-мәтін
Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. Еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез - келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілетерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді. (197 сөз). https://surak.baribar.kz/499571/
3-мәтін
Әр салада жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мамандардың керек екені анық. Ғарыш қызметін дамыту үшін кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру міндеті тұр, сондықтан да мемлекет осы күрделі саланы игеруге талаптыларға жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Осыған байланысты Қазғарыштың ұсынысымен ғарыш саласына арналған мамандарды даярлау бойынша базалық жоғары оқу орындары анықталып, сол жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жұмысы бастау алды. Бұған қоса, базалық оқу орындарында аэроғарыш факультеттерін ашу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «Болашақ» Президенттік бағдарламасы шеңберінде шетел жоғары оқу орындарында студенттер білім алуда.
Қазіргі таңда ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде оқу семинарлары ұйымдастырылуда. Әрине, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де Қазғарыштың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Осы орайда Елбасымыздың көреген саясаты негізінде қанат жайған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыш технологиялары мен техникалары бағытында білім алған алғашқы түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бастама алды. Қазіргі кезде Қазғарышта және оған бағынысты ұйымдарында «Болашақ» бағдарламасы түлектері қызмет етуде.
Елбасымыз: «Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша», – демекші, біз үшін де ғарыш саласын құруда бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріміздің маңызы зор. «Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады», – деп дана халқымыз айтпақшы, біздің байтақ еліміздің дүниежүзілік ғарыштық нарықта өзінің орнын табуы үшін бар күш-жігерімізді аямауымыз қажет.(203 сөз). https://qa.bilim-all.kz/57
Оқылым
1- мәтін Қазақ ғарышкерлерінің шоқтығы биік [10]
Аталған жетістіктерді саралай келе, Халықаралық ғарышкерлер күнінің Қазақстан үшін маңызды мереке екенін аңғаруға болады. Осы орайда, халқының саны жағынан елімізді он орап алатын талай мемлекеттің өз ғарышкерлерін ұшыра алмай отырғандығы еске түседі. Бүгінде қазақтың үш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтің кеуделерінде Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы наградасы – «Халық Қаһарманының» Алтын жұлдыздары жарқырап тұр.
Олардың өлшеусіз еңбектері мен жанкешті әрекеттері қазақ ғылымының дамуына да сүбелі үлес қосты. Бұл бір ғана мысал. Мәселен, үшінші ғарышкеріміз – Айдын Айымбетовтің өзі ғарыш кеңістігінде қазақ ғалымдарының тапсырысы бойынша физика-техникалық, медико-биологиялық бағыттағы 20-ға жуық ғылыми тәжірибе жүргізді. Олардың барлығы отандық ғылымды дамыту үшін аса қажет жобалар болатын. Тәжірибе барысында кейбір заттардың тартылыс күшінен тыс ғарыш кеңістігінде қандай күйге түсетінін, Арал теңізінің түбі мен Каспий аймағындағы мұнай кен орындарының орналасуын, ауа райын бақылауға септігі тиетін мұздықты тауларды, шикізат тасымалында пайдаланылып отырған құбырлардың желісіне дейін ғарыштан байқап көрген.
Қазір бұл жобалар бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар А.Айымбетов арнайы камерамен ғарыш кеңістігіндегі гамма сәулелерін түсірген. Бұл зерттеудің медико - биологиялық маңызы зор. Ғалымдарымыз алдағы уақытта осы материалдарды пайдаланып, радиация сәулесін кең көлемде зерттей алады. Бұл – ғарышқа сапар шеккен бір ғарышкердің ғана ғылымға қосқан үлесі. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та мұндай ауқымды тәжірибелерді жүзеге асырған болатын. (199 сөз). https://egemen.kz/article/167378-bayqonhyr-gharysh-dgane-otandyq-ghylym
2- мәтін
https://www.google.com/search?q=
1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырыңыз.
1-мәтін |
2-мәтін |
Мәтіндердің тақырыбы |
|
|
[1] |
Мәтіндердің түрлері |
|
|
[1] |
Мәтіндердің стилі |
|
|
[1] |
Мәтіндердің құрылымы |
|
|
[1] |
Жанрлық ерекшеліктері |
|
|
[1] |
2-тапсырма. Бірінші мәтіннің стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз. Қолданылған тілдік құралдар арқылы дәлелдеңіз. (5-6 сөйлем). [5]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым [10]
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз, жазылымда сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді және етістікті сөз тіркестерін қолданыңыз.
-
Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
-
«Адамзаттың ғарышты игеру жетістіктері» тақырыбына баяндама жазу үшін жанрлық және стильдік ерекшелігін ескеріп, тезис құрастырыңыз.
Тыңдалым мен айтылым
Балл |
Коммуникативтік құзыреттілік |
Грамматикалық құзыреттілік |
9-10 |
Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар қояды. |
Ойын аяқталған, толық сөйлем дермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады. |
7-8 |
Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды. |
Ойын аяқталған, толық сөйлем дермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады. |
5-6 |
Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кезде седі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды. |
Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақтал маған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағат танарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. |
3-4 |
Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпа раттармен байланыстыра жеткізу де қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді. |
Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдар ды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматик алық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
1-2 |
Мәтінде көтерілген мәселені түсі нуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейі нде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі. |
Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайта лаулары негізгі лексикадан басым. |
Оқылым
№ |
Жауап |
Балл |
Қосымша ақпарат |
4 |
1.Ғарыш саласындағы мамандар 2.Ғарышкерлер |
1 |
|
1.Баяндау 2.Сипаттау |
1 |
|
|
1.Публицистикалық стиль 2.Ғылыми стиль |
1 |
|
|
1.Мәтін үш азат жолдан тұрады, құрылымдық бөліктері сақталған 2. Екі суреттен тұрады |
1 |
|
|
1.Мақала 2.Сурет түрінде берілген |
1 |
|
|
5 |
Көпшілікке әсер ету, оқиғаның мәнін ашу, стильдік қайталау, риторикалық сұрақ, үндеу; Елбасының сөзі, мақал-мәтел |
5 |
Оқушы жауабы ескеріледі |
Барлығы |
10 |
|
Жазылым
Балл |
Сипаттамасы
|
9-10 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды тиімді қолданады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді. .Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді, етістікті сөз тіркестерін тиімді қолданады.Жазу жұмысында орфографиялық нормаға сай. |
7-8 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді. .Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді, етістікті сөз тіркестерін дұрыс қолданады.Жазу жұмысында орфографиялық жеңіл қате кездеседі. |
5-6 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді. .Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін,есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданады.Жазу жұмысында орфографиялық қателер кездеседі, бірақ ойды түсінуге кедергісі жоқ. |
3-4 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолдануда қателеседі.Ойын білдіруде жүйесіздік байқалады. Жазу жұмысында орфографиялық қателер біршама кездеседі. |
1-2 |
Эссе жазуда немесе тезис құрастыруда жанрлық және стильдік ерекшеліктерге сай тілдік құралдарды қолданбайды. Ойын білдіруде, мағынаны толық жеткізуде қиналады. Жазу жұмысында орфографиялық қателер шамадан тыс кездеседі. |

