3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.
Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.
3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.
Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.
Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.
Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.
Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.
Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.
Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.
Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.
3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.
Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.
3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.
3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.
Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).
Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).
Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.
Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.
Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.
Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.
Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.
Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.
Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi («Мен өзiм», «Қолымнан келедi»). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).
Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).
3-4 жасар баланың психологиялық портретi
Сана-сезiм дамыту мен «Мен» деген өзiндiк ерекшелiгiн белгiлеу жеке тұлғалық дамытуды ынталандырады. Балақай өзiнiң кiм екенiн, қандай екенiн сезiне бастайды. Өзiнiң мiнез-құлқына және үлкен адамдардың әлемiне қызығушылықпен саналы түрде қарап, қоршаған ортаға байланысты баланың өзiнiң iшкi көзқарасы қалыптасады.
Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенін бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік ,сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру- ата- аналар мен тәрбиешінін міндеті. Мектеп жасына дей»нгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті - рольдік, кимыл–қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балаларды оқуға, енбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенін басқа да салалармен байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез - құлқынан әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ойымызша, ол-адамдардан үлкен бе , кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар- ұят таразысынан өткізіп, білімімен ұштастырып ең әуелі, ең дұрыс жолын таңдап білуі қажет. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерің мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздкрі түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс.
Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену қажет. Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыныр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау-дамайға бейім болады. Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып, шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейдә. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалап, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Ойын-баланың жансерігі іспеттес. Бала ойнап өседі. Мысалы : рольдерге бөлгенде балаға тиген ұнамсыз роль типінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету, сонда ғана ойын өз мақсатына жетік, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып , өткізуі балалардын бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұту- адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез- құлқын қалыптастырады. Баланың әдепті, көргенді , қайырымды, болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдар өнегесіне, балабақшадағы тәрбиеші апайынын олармен күнделікті қарым-қатынасымен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізгізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланы, сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Балалардың бір-бірімен достық қарым–қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсаты жүргізлген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінді шындала түседі. Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың камкорлық , ізгілік сезімін оятады да , әрі карай өрбіте түседі. Мүндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достык карым–қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын, жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудын әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі. Ересектер тобының балалары алған білімдеріне, өмірден жинақтаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез– құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Тәрбиеші балалардың қарым – қатынасын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез–құлықтарымен қалай қалыптаса бастағанның анықтайды. Бала бойындағы қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Әсіресі, ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулиды. Тәрбиеші ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса манызды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін , оған атрибуттар, ойыншықтар қажет. Мысалы : қуыршақ түрлі мамандық иелерін бейнелеу үшін қолданылады. Оған дәрігер, мұғалім, аспазшы, почташы, ғарышкер, т. б. сондай-ақ жануарларды бейнелейтін ойыншықтар да қажет. Қуыршақтың жыл мезгілдеріне арналған киімдері әртүрлі мамандық иелері киемдерінің бір белгісі, айталық, почташының сөмкесі, дәрігердің халаты, қалпағы, аспазшының қалпағы мен алжапқышы, ұшқыш пен ғарышкердің киімдері бейнеленеді. Сюжетті – рольдік ойында ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік:
1.Тәрбиеші сюжетті – рольдік ойындаы өзі ұсынып, балаларды рольге бөліп, ойын шартарын түсіндіреді.
2. Тәрбиеші сюжеттті–рольдік ойынға араласпайды. Ал енді ойынды ұымдастырудын осы жолы да ұтымды емес, балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Неге? Бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана болса, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіте алмайды. Ол үшін не істеу керек? Тәрбиешілер балалардың дүниетанымын қандай дәрежеде екенін білуге тиісті. Баланың ақыл-ой парасатын кеңейте түсу қажет. Балалар өздерінің ойында, негізінен айналасында көргенін бейнелейтіндігі және ол ойындар балалардың өмір сүрген кезенінде дәл келетіні ақиқат. Ойын баланың алдынан есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ережесін сақтауға, ойналуға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады. Балабақшаларда балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауык шараларына көп мән беріледі.Тәжірибеде анғарғанымыздай, ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көніл-күйін жаулап алады .Оқыту мен тәрбиелеге бағытталып ұымдастырылатын ойындар балаларға таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі, баланын танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдаодын болуымен еркешеленеді.Ендеше , жана технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мұратымыз.Бала тәрбиесінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз енбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.
Ата-анаға арналған 14 кеңес
1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада
балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз
сіздің ең басты
байлығыңыз.
ЖШС «BABY CARE» балабақшасы
Ата-аналарға кеңес

Тәрбиеші: Жакупова Б.Ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз