Материалдар / 3-4 жастарға арналған "Ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3-4 жастарға арналған "Ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Саусақ жаттығуларына байланысты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2019
5198
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Д\ойын: « Төртінші артық».



Мақсаты: Балалардың есін, назарын және ойлауын дамыту.



Мазмұны: Балаларға карточкаларын көрсетіп, суреттегі белгілі бір қасиеттері бойынша сәйкес келмейтін «төртінші артықты» анықтауға көмектесу.

Д/ойын: «Бөлшек және бүтін».

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.



Мазмұны: Балаларға бүтін суреттер және оның құрамына кіретін бөлшектері бейнеленген суреттер беріледі. Бұл ойынды жеңу үшін бүтін затқа тиісті бөлшектерін дұрыс табуы керек.



Д/ойын: «Біріктір де, ата».



Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған.



Мазмұны: Балаларға әр түрлі заттар бейнеленген суреттер беріледі. Балалар оларды белгілі бір қасиеттерге қарай біріктіріп, ол топтың ортақ атын атауы керек.

Д/ойын: « Сүйікті жануарлар».



Мақсаты: Балалардың ойлау, назар және сөйлеу қабілеттерін дамыту. Олардың дүниеге көзқарастарын кеңейту.



Мазмұны: Балаларға жануарлар бейнеленген қара- ақ түсті суреттер беріп, олардың аттарын табу. Тапқан жануарды түрлі түсті суретке қойып, өз карточкаларын толтыруы керек.

Д/ойын: « Ұқсастық және айырмашылық».



Мақсаты: Балалардың есін және назарын дамыту.



Мазмұны: Балаларға суреттер таратылады. Олар аз уақытта ол суреттегі заттарды салыстырып, ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табуы керек.

Д/ойын: « Ертегіні тап».



Мақсаты: Балалардың қабылдауын, есін және ойлауын дамыту.



Мазмұны: Балаларға суреттер таратылады. Олар осы суреттерге қарап, ертегілердің аттарын табуы керек.



Д/ойын: «Құпия шытырмандар».

Мақсаты: Балалардың назарын, байқағыштық қасиетін, шыдамдылығын дамыту.



Мазмұны: Балаларға шытырманы бар карталар беріледі. Әрбір картада өз тапсырмасы берілген. Балалар суретке қарап, шытырманнан шығатын қолайлы жолын табуы керек.







Д/ойын: «Менің сүйікті ертегілерім».

Мақсаты: Балалардың есін, назарын, ойлауын дамыту. Балалардың сөздік қорын байыту.



Мазмұны: Ойын құралдарына 6 түрлі түсті суреттер мен қара-ақ түсті суреттер кіреді. Ойынды жеңу үшін қара –ақ түсті суреттерден сүйікті ертегілердің кейіпкерлерін табуы керек. Тапқан кейіпкерді түрлі түсті суретке салып өз карточкасын толтыруы керек.

Д/ойын: «Оң, сол, үсті, асты».

Мақсаты: Балалардың назарын және ойлауын дамыту. Ойлау арқылы кеңістік негіздерін қалыптастыру.



Мазмұны: Балаларға суреттер бейнеленген және өзіндік тапсырмалары бар карточкалар таратылады.Ойынды жеңу үшін балалар тапсырмаға сай суреттерді карточкаларға дұрыс орналастыруы керек.

Д/ойын: «Қарама-қарсылық».

Мақсаты: Балалардың сөйлеуін, ойлауын, назарын, қабылдауын және есін дамыту. Олардың сөздік қорын кеңейту.



Мазмұны: Балаларға әр түрлі суреттер таратылады. Олар аз уақытта ол суреттерді қарама-қарсы мағыналары бойынша жұптастыруы керек.



Д/ойын: «Егіздер».

Мақсаты: Балалардың есін, назарын және ойлауын дамыту.



Мазмұны: Балаларға суреттер көрсетіледі. Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, «Бұл не?» деп сұрақ қойып, олардың аттарын сұрайды.



Д/ойын: «Ұқсас, ұқсас емес».

Мақсаты: Балалардың ойлауын, есін және қабылдауын дамыту.



Мазмұны: Балаларға әр түрлі суреттер таратылады. Олар ойынды жеңу үшін аз уақытта қандай да бір қасиеттері бойынша оларды біріктіріп, жұптарға бөлуі керек.



Д/ойын: «Континент тұрғындары».

Мақсаты: Балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл ойын баланың жануарлар мен құстар жайлы білімін кеңейтуге арналған.



Мазмұны: Балаларға 6 континент бейнеленген карточкалар және жануарлардың суреттері таратылады. Олар аз уақытта әрбір жануардың тұратын жерін табуы керек.



Д/ойын: «Қайда кімнің үйі?».

Мақсаты: Балалардың ақыл-ойын және назарын дамыту.



Мазмұны: Балаларға 6 табиғат суреттері және жануарлардың суреттері таратылады. Ойынды жеңу үшін әрбір жануар мен құстың тұратын үйін табуы керек.



Д/ойын: «Не жақсы, ал не жаман?».

Мақсаты:Балалардың ойлауын, сөйлеуін және назарын дамыту. Сонымен қатар балаларда қоғамдық тәртіп ережелерін қалыптастыруға арналған.

Мазмұны: Балаларға әр түрлі суреттер бейнеленген карточкалар таратылады. Әрбір бала өзінің бейнеленген карточкасындағы суретке қарап, сонда бейнеленген іс-әрекетті көріп, оның «жақсы,не жаман» екенін анықтауы керек.



Д/ойын: «Сенемін, сенбеймін».

Мақсаты: Балалардың есін және назарын дамыту.



Мазмұны: Балаларға суреттер таратылады. Олар осы суреттерге қарап, сол суретте бейнелегенге сенеді ме, сенбейді ме тәрбиешіге айтуы керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!