Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
3-4 сынып Адыраспан пайдасы ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Адыраспанның пайдасы
Секциясы: Жаратылыстану
Авторы:
Жетекшісі:
Пікір
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы, шөлді аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор.
Мына «Адыраспанның пайдасы» деген жұмыстың алдына қойған мақсаты да осы өз өлкеміздің өсімдіктерінің қасиеттерін танып, білу, оны көпшілікке жеткізу, жалпы алғанда табиғатты қорғау екендігі даусыз. Осы жұмыста _________________________________________ жергілікті жерде өсетін адыраспанның емдік, фармакологиялық, химиялық қасиеттерін ашып көрсету үшін көп ізденгені байқалады. Оның ғылыми,танымдық және халық медицинасы жайлы көп еңбектерді пайдаланғаны көрініп тұр. Бұған қоса осы мәліметтерді тәжірибе тұрғысынан дәлелдеп көргені-де мақтауға тұрарлық.
Жұмыстың орындалуы ғылыми зерттеу талаптарына сай және алдына қойылған мақсатына жеткен.
Қорыта айтқанда____________ өзінің ғылыми деректермен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істей алатындығын жан-жақты көрсеткен.
-
Жобаның негізгі мақсаты: Өсімдіктің емдік қасиетін дәлелдеу. Адамзаттың тіршілік етуі барысында дәрілік өсімдіктің алатын орны ерекше екенін түсіндіру. Табиғи өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектің қасиеттерін анықтап, зерттеп пайдаға асыру.
-
Зерттеу заты: Адыраспан өсімдігі.
-
Зерттеудің өзектілігі: Табиғаттың ластануына байланысты ауру түрлерінің көбеюіне жол бермеу, емдік қасиетін білу, залалды және залалсыз жағын қарастыру.
-
Зерттеудің болжамы: Егер адыраспан жайлы көбірек оқып білсек, онда адыраспан өсімдігінің көптеген сырларын ашар едік.
-
Зерттеу әдістері :
-
– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу
-
– бақылау
-
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Адыраспан жайлы мәлімет
2.2. Адыраспан қандай ауруларға ем?
2.3. Адыраспан бәле-жаладан сақтаушы
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1. Адыраспан тұнбасын дайындау және пайдалану
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Сабы мен гүлінде у болады. Ол сасық иісті, дәрілік шөп болып саналады. Биіктігі – 30-80 см. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда өседі.
Қазақстанда оның үш түрі бар. Бір түрі шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерде, әсіресе тақырланған жайылымдарда өседі. Оның сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 метр тереңдікке жетеді. Гүлі – ақ, сары түсті. Мамыр, шілде айларында гүлдейді.
Зерттеу барысында бұл шөптің осыдан 2 мың жыл бұрын халық арасында кеңінен қолданыста болғанын білдім.
Бізді адыраспанның дәрі жасалу әдістері мен кейбір ауруларға қолданылатындығы қызықтырды.Өсімдіктің өте көне әрі пайдалы түрі –адыраспан жайында мәлімет жинағым келді.
Өз мақсатымызға жету үшін,
алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- адыраспан жайында материалдар жинау;
-Адыраспанның қандай ауру түрлеріне ем болатындығын анықтау,
қолданутехнологиясын анықтау;
-Адыраспанды кеңінен пайдалану әдісін ұсыну;
–Адыраспанның адам денсаулығына пайдасын
көрсету;
Сыныптағы оқушылар арасында сауалнамалар жүргіздік. Сыныптастарыма «Адыраспан туралы не білесің?», «Адыраспанды көргенсің бе?», «Отбасыңда адыраспанды пайдалана ма?» деген сауалдар жүргіздік. Кейбір сыныптастарымыз адыраспан туралы мүлде ештеңе білмейтін болып шықты. «Отбасыңда адыраспанды жиі пайдалана ма? дегенге» «Анам жиі пайдаланады» немесе «Отбасы мүшелері тұмаумен ауырғанда» дегендер де болды.
Зерттеу жұмысымның барысында адыраспан өсімдігін сыныптастарыма таныстырдым. Нәтижесінде сыныптастарым адыраспанның дәрілік өсімдік екендігін және де бірнеше ауру түрлеріне пайдаланатындығы туралы білді.
Біздің алдымызға қойған мақсатымыз мектеп оқушыларына адыраспан жайында толығырақ мәлімет беру және оның пайдасын насихаттау. Біздің зерттеуіміздің нәтижесінен туған осы бір жаңалық өзім сияқты оқушыларды қызықтырады деген ойдамын.
Ұсыныс: Химиялық жолдармен дайындалатын дәрілерден гөрі , ауруларды табиғи өсімдіктермен емдесе адамзат денсаулығына пайдалы болар деп ойлаймын
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Адыраспан жайлы мәлімет
Қоршаған ортаны - «Жер-ана», «Табиғат-ана» деп атап жатамыз. Бұл бір кездейсоқтық емес, себебі табиғат компоненттері адам қажеттіліктерінің барлығына дерлігін өтейді.
Сол табиғаттың негізгі компоненті - өсімдіктер. Адам баласы ежелден–ақ өсімдіктердің қадір-қасиетін ажыратып,қажетіне жарата білді.
Өсімдіктерді адамның дәрілік мақсатқа пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді ертедегі қытай, орта азиялық, латын тіліндегі мәдени естеліктерінен табуға болады.
Халық медицинасы дегеніміз – ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені қолдана отырып, ауруды дәрілік шөптермен емдеу, ол- ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатыр.
Дәрілік өсімдіктер Қазақстанда 1932 – 1947 жылдардан бастап зерттеле бастады.1926 жылы ғалым П.С.Массагетов түкті эрва шөбінің дәрілік қасиетін алғаш рет анықтады.
1938жылы Қазақстанда дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсатымен арнаулы экспедиция шығарылды.
Цивилизацияның дамуына байланысты дәрігерлер химиялық препараттарға бет бұрды, өйткені, синтезделген препарат белгілі бір мүшеге ғана әсер етеді және емдеудегі мақсатқа бірден қол жеткізуге болады. Бірақ та мұндай күшті препараттар көптеген жанама әсерлер көрсетеді. Жанама әсер көрсетпейтін бірде–бір синтездік жолмен алынған препарат жоқ. Мұндай жанама әсерлер дәрігерлерден ем тағайындау кезінде мұқият болуды талап етеді.
Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Сабы мен гүлінде у болады. Ол сасық иісті, дәрілік шөп болып саналады. Биіктігі – 30-80 см. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда өседі.
Қазақстанда оның үш түрі бар. Бір түрі шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерде, әсіресе тақырланған жайылымдарда өседі. Оның сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 метр тереңдікке жетеді. Гүлі – ақ, сары түсті. Мамыр, шілде айларында гүлдейді.
Зерттеу барысында бұл шөптің осыдан 2 мың жыл бұрын халық арасында кеңінен қолданыста болғанын білдім.
Адыраспан қайда өседі ?
Адыраспан халық арасында "белобок", "исрык", "бибик", "адыраспан", "испанд", "хазориспанд", "исирик", "хармаль" және тағы басқа атаулармен таныс. Ол Орталық Азияда, Ресейдің Еуропа бөлігінің оңтүстігінде, Кавказда, оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Таяу Шығыс пен Моңғолияда, Қытайда және де Қазақстанда өседі. Сонымен қатар өзіміздің қырда да өте көп өседі.
2.2. Адыраспан қандай ауруларға ем?
Адыраспанның бұтағы, жапырағы мен гүлі емдік мақсатқа пайдаланылады. Атақты ғалым, дәрігер Әбу Әли ибн Сина оны сегізкөз қабынған кезде шаншуды басатын дәрі ретінде қолданыпты.
Халық емшілері адыраспанды ревматизм, қышыма және басқа да тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Оның шөбінен қайнатып жасалған тұнба суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып саналады. Адамдар оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді әрі жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені залалсыздандырады.
Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасы суық тигенде пайдаланылады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. Адыраспанды тасшөппен, қараңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.
Ғалымдардың айтуы бойынша...
Адыраспанды зерттеу барысында оның құрамында гармалин бар екені анықталған. Ол – антидепрессант. Дәрігерлер адыраспан жүрек қағысын тұрақтандырып, оның құрамындағы гармалиннің гидрохлориді туберкулез қоздырғыштарына қарсы тиімді күреседі дейді.
Сондай-ақ ол сал ауруы мен Паркинсонді емдеуде қолданылады. Бұл шөптің құрамындағы пеганин (вазицин) демікпені емдеуде оң әсерін береді. Адыраспандағы дезоксипеганин гидрохлориді іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылады.
Бұдан бөлек, невралгия, миопия және басқа жүйке ауруларын емдеуге қолданылады. Шөптің құрамындағы пеганидин микробтарға қарсы күресуге мүмкіндік береді.
Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын,сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Халық медицинасында адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяңмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.Адыраспан шөбінен қолдан дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. Шөптің қайнатпасын невростения және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол қайнатпамен шаяды. Бұдан бөлек, адыраспанды іш ауруын алғашқы кезеңінде жазуға жаратады. Адыраспан түтінімен сал ауруын емдейтін де емшілер бар. Оның жапырағын ісікке таңып, булама жасаса, ол тез қайтады. Тағы бір елдерде адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде қолданады. Көзі нашар көретін кісілерді адыраспанды бал мен шарапқа араластырып емдейді.
Адыраспанды жануарлардың тері ауруларын қолданған Халқымыз малдың қотыр, қышыма ауруларына жақсы көмек көрсететінін ежелден-ақ байқаған.
Адыраспанның емдік қасиеттері бұдан да көп. Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше.
Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Түркияда ерте кезеңдерден-ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері–фесканы бояған.
2.3. Адыраспан бәле-жаладан сақтаушы
Бұл шөпті қазақ киелі өсімдік деп санайды. Сондықтан халық арасында оны "бәле-жаладан сақтайды" деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге, кереге басына іліп қояды. Ал жаңа үйге кірерде босағаға "жын-шайтан мүлдем жоламасын деп" адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, жын-шайтандардан тазарту үшін түрлі аурулардан сақтану үшін адыраспанды отқа салып тұтатып, үйді аластайтын болған.
Адыраспан психоделиктер қатарына жатады. Оны көп мөлшерде қолдану адамды транс (естен айыру) жағдайына түсіруі мүмкін. Тарихта италиялық ұлы суретші, ғалым Леонардо да Винчи, итальялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші Микеланджело адыраспанды дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық әлеуетін арттыру үшін пайдаланды деген деректер бар.
Зерттеу нәтижесі
Табиғи өсімдіктер туралы мәліметтер жинадым.
Зерттеу жұмысын жасап, дәрі-дәрмек жасалу жолдарын анықтадым.
Қандай ауруларға шипа болатынын білдім.
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1. Адыраспан тұнбасын дайындау және пайдалану
1.Тұндырма жасау.
1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан ыстық қайнап тұрған суға 1-5 минут салып жабық ыдыста тұндырады. Оны 45 минут суытып сүзіп алған соң пайдаланады. 1 ас қасықты 3-4 рет тамақ алдында ішеді. Ал, халық ішінде дәріні таң атарда ішеді. Бұл дайындалған тұнбаны күніне 2 – 3 рет суық тигенде және малярия ауруына қолданылады.
2. Қайнатпа жасау.
1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан салқын суға 1-3 сағат ұстап сонан – соң шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста бұқтырып қайнатады. 10 минут суығаннан кейін дәке арқылы сүзеді де 1 ас қасықпен күніне 3-4 рет тамақ алдында ішеді.
3.Адыраспан майын алу
Адыраспанды ерте көктемде ескі тесік,жарылған қазанмен жауып қойған,бір ай шамасында оны ашып,қазан қабырғасындағы майлы қабатты қырнап, жинап алған. Бұл майлы зат буын ауруларында қолданғанда жақсы әсер берген.
Адыраспан – адам денсаулығына
қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл өсімдіктің емдік,
тұрмыстық пайдасы бар.
Өз сыныптастарымнан адыраспан туралы не білетіндерін
сұрастырғанда, адыраспан туралы еш нәрсе білмейтіндер
де бар болып шықты. Оларға адыраспанның өте маңызды өсімдік
екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да
осыған көз жеткізді. Біздің ойымызша, адыраспан медициналық
препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл
елдің қасиетті парызы. Өсімдік тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік
өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын
үнемдеуге көмектеседі. Қорыта айтқанда,адыраспан адам денсаулығына
қажетті,өте құнды өсімдік. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды
өсімдіктің жойылуына жол бермеуіміз
керек!
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Дүниетану оқулығы 1сыныпқа арналған «Алматы кітап» 2008ж.
2.Өсімдіктер әлемі Алматы 2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы Алматы 2002ж
4. Ғаламтор
-
Қазақ халқының салт – дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
-
Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматы кітап» 2008 ж
-
Қазақ Энциклопедиясы 1 – том Алматы 2002 ж
-
Қазақ энциклопедиясы 3 – том Алматы 2002 ж
-
Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2003 ж
-
Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж
Марғұлан Ә.Х. «Ежелгі жыр аңыздар» Алматы, «Жазушы», 1985 ж