Материалдар / 3-4 сынып Ақ шаштан арылтқан киелі құс ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3-4 сынып Ақ шаштан арылтқан киелі құс ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба толық ашып жазылған. Пікір, аннотация, ұсыныс, пайд әдебиет, зертханалық бөлім барлығы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
85
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

мектеп-лицей





Shape1


Тақырыбы:«Ақ шаштан арылтқан – киелі құс»

Ғылыми жобаны қорғаушы:

Жоба жетекшісі:











20 жыл

І. Кіріспе


Құс -қанатты, қауырсыны, тұмсығы бар омыртқалы жануар.Олардың көпшілігі ұша алады. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.Сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген.Сүйектерінің іші қуыс болғандықтан, қаңқасы жеңіл. Бұл ұшуға жеңілдік туғызады. Құстар ұшқан кезде көп қуат жұмсайды. Сондықтан ұшуға дәрменді болу үшін жемді көп жеулері керек.Олар уақытының көбін азық іздеумен өткізеді. Ас қорыту жүйесі қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Қазіргі құстардың тісі жоқ. Бірақ ежелгі құстарда тіс болған.Олардың тілі бар, бірақ бір ерекшелігі– тілдерінде сүйек болады. Жүрегі мен тыныс алу жолдары жақсы дамыған.

Көп құстар балапан өрбіту және азыққа тою үшін жылы жаққа ұшып кетеді. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, дала, балшық, су құстары деп бөледі, ұшатын және ұшпайтын құстар болып жіктеледі.Пингвин, тауық, түйеқұс тәрізді ұшпайтын құстардың төсі қырсыз, жалпақ.Ал қарлығаш, сандуғаш, қыран сияқты ұшатын құстардың төсі қырлы болады.Жер шарының барлық түкпірлерінде бүгінгі таңда құстардың 9000-дай түрі бар. Ал Қазақстанда 500-ден астам түрі мекендейді.

Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология (грекше «орнитес» -құс+ «логос» -ғылым) деп аталады.

Мақсаты:

Тауық тәрізділер тобының бір тұқымдасы, жыл он екі ай өз жерімізде жүретін, табиғаттың көркі, сәні, тоқшылық пен берекенің белгісі болған қанатты достарымыз – қырғауыл туралы іздену.

Оның ерекше сезімталдық қасиеті, киелілігі, балапандарын қорғағыштығы жайлы танысу.



ІІ. Негізгі бөлім


2. 1 Құстардың өзіндік ерекшеліктері


Құс тұмсығының басты қызметі – қоректену.Сондықтан оның пішіні құстың жейтін жеміне байланысты қалыптасады.Құстың түрін анықтағанда, оның тұмсығына баса назар аударады. Жаурауық тәрізділердің тұмсығы конус сияқты болады.Конус тұмсық дәнді шағып жегенге ыңғайлы. Жыртқыш құстардың имиген тұмсығы жиектеріне дейін өткір болады.Жәндік жегіштердің тұмсығы жіңішке және үшкір. Ағаштың діңін тесіп, жәндікті шұқып теретін тоқылдақтардың тұмсығы қашау сияқты тік әрі қатты.

Рисунок 2 Picture 3 Рисунок 5


Picture 5 Picture 6

Қырғауылдың тұмсығы

Құстардың қанаттары ауаға кедергі болмау үшін сүйір болып келеді.Қауырсын тек құстарда ғана бар.Ол құстың ұшуына көмектеседі.Денесін тоңдырмайды және құстың әуедегі тепе –теңдігін қамтамасыз етеді.Сирағының көлемі мен пішіні құстың мекені мен жемтікті қалай ұстайтынына байланысты.Балшықшы құстардың сирағы мен саусағы ұзын болады.Қонақтайтын құстардың саусағы бұтаны немесе сымды қапсыруға ыңғайлы.Суда жүзетін құстардың аяғы жарғақты болады.Жыртқыш құстардың сирақтары мен мықты табаны жемтікті бүріп ұстап, басқа жерге алып баруға арналған.Жемін жерден шоқитындардың алдыға қараған үш саусағы өте мықты болады.

Picture 7

Құс саусақтарының түрлері

Picture 8

Қырғауыл құсының саусағы

Құстар ұяны жыртқыштар мен ауа райының қолайсыздығынан қорғану үшін салады. Жыртқыштарға жем болмау үшін ұяларын қол жетпейтін , жасырын жерге салып, бетін бүркеп қояды.Ұя, сонымен қатар жұмыртқалар мен балапандарға жылу береді. Күрделігіне, жыл мезгіліне, ауа райына байланысты ұя салуға да әр кезде әртүрлі уақыт кетеді. Жылы аймақтарда құстар бірінші ұясын одан кейінгі салынатын ұясынан гөрі ұзақ уақыт салады. Жалпы алғанда, торғайлар ұяны бес-алты күнде салып алады.Ірі құстардың ұя салуы бірнеше аптаға созылуы мүкін.Ұялардың пішіні де, түрі де әртүрлі болады: ін ұя, шұңқыр ұя, ағаштың діңіндегі қуыс тесік ұя, құрқылтайдың тоқыма ұясы, ойма ұя, шыбықтан өрген табақ ұя, жүн-жұрқа, шөп-шаламнан жасаған тостаған ұя, сушылқараның шар ұясы және т.б.

Ал өзге құстар жыл сайын жаңа сыңар тауып алады.

Құстардың бәрі жұмыртқа салады. Сүтқоректілердей баласын денесінің ішінде жетілдірмейді. Жұмыртқаның қабыршағы балапанды сыртқы дүниенің жайсыздықтарынан қорғайды, сарысы азық болады. Мекиен жұмыртқаларды басып, іште өсіп жатқан балапандардың тоңып қалмауын қамтамасыз етеді. Қораз оған жем тасиды. Жетіліп дайын болған балапан сыртқа шығуға өзі әрекет жасай бастайды. Балапандардың көбінің тұмысығында уақытша арнайы өткір тісі болады. Олар сол тіспен жұмыртқаның қабығын жарып шығады.

Picture 9


Азық үшін немесе спорттық нәтиже көрсету үшін ауланатын құстар «Саятшылық құстары» деп аталады.Бұл құстар негізінен күндіз белсенді болып, түнде қонақтап отырады.Тауыс, құр, шіл, ұлар, бөдене және қырғауыл- саятшылық құстарға жатады. Бұл топқа түйетауық, қазүйрек, жылқышы, тауқұдірет, шүрілдек тәрізді су құстарын да жатқызуға болады.Саятшылық құстарды адамдар кеңінен аулайды.Бұрындары үкімет саятшылық құстарды айқындап, оларды аулау туралы заң шығарып, аңшыларға рұқсат құжат беріп отыр.Ол кездегі заң ағылшын ақсүйектерінің көңіл көтеруіне жақсы жағдай жасайтын. Ал қазір бірқатар елдерде шығып жатқан заңдар, негізінен, аңшыларды емес, аңдарды қорғауға бағытталуда.Саятшылық құстар тобына 260-тан астам құс түрі кіреді.Олардың көпшілігінің денесі ірі, тұмсығы қатты, сирақтары балғадай күшті болып келеді

Саятшылық құстары

Рисунок 6 Рисунок 4

ТАУЫС ҚҰР

Рисунок 2 Shape3 Shape2 Рисунок 5

БӨДЕНЕ ҚЫРҒАУЫЛ

2.2. Қырғауылдың мекендейтін жерлері және жұмыртқалау ерекшеліктері


Ертеректе Сыр бойында қыс жайлы болып, қызылсу ерте жүрді. Қалың шеңгел, жиделі тоғайда қызыл жыңғылдың иісі бұрқырайды. «Қызыл жыңғыл ішінде Қыздаркүл апам ән салар» деген жұмбақ Сыр бойынан басқа жерде айтылмайды. Бұл жұмбақтың шешуі – қырғауыл.

Қырғауыл – тоқшылықтың, берекенің белгісі. Қыс жайлы болатын жылы қырғауыл 10-15-тен, кейде тіпті 20-ға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты болатынын үлкендер қырғауылдың 2-3 қана жұмыртқалағанынан білетін болған.

Қазақстанда қырғауылдың ең көп тараған жері – Сыр бойы десек, екінші қонысы – Іле аймағы.

Қырғауылдар тұқымдасы – тауық тәрізділер тобының бір тұқымдасы. Оның ерекшелігі – танау тесігі қауырсынмен жабылмаған. Жіліншіктері түксіз, қоразының жіліншіктерінде мүйізді өсіндісі бар. Танау тесігін тері қаптары жауып тұрады. Қазақстанда қырғауыл тұқымдастыраның 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі – қырғауыл. Ол өзен жағалауындағы тоғайлы, қамысты, құнарлы аймақтарды мекендейді. Тау беткейінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерде кездеседі. Қоразының құйрық қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150 грамдай. Отырықшы құс. Жерде жүргенімен ағаш басына қонақтайды. Ну қамыстың, қалың бұтаның арасына ұясын жерге салып, оның бетін жасырып бүркемелейді. Мекиені сәуірден шілдеге дейін 10-14 сарғыш-қоңыр жұмыртқа салып, 23-24 күндей басады. Өсімдіктер мен әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Еті дәмді, кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық тұрғыда ауланады. Балапандары жұмыртқадан жетіліп шығады. Мамығы кепкен соң жемтігін өзі аулайды. Қырғауылдың аяғы мықты, топырақты қазып арасындағы жәндіктерді жейді.

Аналықтары жұмыртқасын топыраққа салады, оның шеттерін шөптің сабақтарымен және өзінің қауірсіндарымен қоршайды. Кейбір ареалдарда аналықтар жабынын дөңгелектеп салып ауызын жанынан шығарады. Ұяның қабырғасы айтарлықтай тығыз және жақсы болғандықтан жаңбыр мен бораннан өте жақсы қорғайды. Ұяның ауданы 20-23 см, тереңдігі 5-7 см. Қырғауыл өсімтал құстардың бірі болып саналады. Аналық қырғауылдың толық жұмыртқа салуы 7-ден 18 жұмыртқаға дейін, кейде 8-14 жұмыртқа салады.

Picture 14

Бұл жұмыртқаның түсі күрең жасыл түсті жылтыр болып келеді. Жұмыртқаның көлемі мен үлкендігі әртүрлі болып өзгеріп тұрады. Жұмыртқаның көлемі 42-46 х 33-37 мм. Жұмыртқа салу мерзімі сәуір мен мамыр айлары аралығында жүреді. әдетте, қырғауылдың аналығы жұмыртқа басады, ол тек өзі қоректену кезінде ғана тұрады. Жұмыртқа басу уақыты 21-23 күн, ал ейбір деректер бойынша 28 күн. Жұмыртқа басу кезінде аналықтары арықтайды. Ол қысқы салмағынан 40 пайыздай төмендейді. Қораздар жұмыртқа басу кезінде ұяға жақын жерде жүреді. Қырғауылдың балапандары дүниеге жақсы жетіліп және денесін тығыз мамықты қауырсындары болады. Шала құрғақ балапандар тез жүгіре бастайды және өз күшімен тамақты жерден өзі шоқып қоректенеді. Олардың жетілуі басында тез жүріп, соңында баяулайды. 3-ші күні балапандардың қанат қауырсындары қатайып 30 см биіктіктен 30 см жерге дейін ұша алады. Бір айлық балапандардың салмағы 130-г-ға дейін жетеді, осы кезде олар 3-м-ге дейін көтеріліп, 30-40м-ге дейін ұша алады. Тек қана 4-5 айлық балапандар үлкен қырғауылдың денесіне ұқсайды.олар басында өздерінің ұясы салынған жерде қоректеніп, бірте-бірте алыстап, бірақ өз ұясы орналасқан алаңнан шықпайды. Балапандар бір-бірімен топтасып, ұзақ уақыт тіршілік етеді. Басында балапандар басқа балапандармен қосылмайды. Шілденің аяғында тамыз айының басында бірнеше рет балапандар бірігіп үйірімен жүреді. Осы кезде 50-ге дейін балапандарды санауға болады. Балапандарды аналықтары ертіп жүреді. Қораздары тек қана күзде үйіріне қосылады. Осы кезде қырғауылдарды жан ұясымен бірге көруге болады. Олардың құрамы 2-3 бұрынғы мекиендерімен бір қораз. Қыркүйек, қазан айларында жастары үлкендерінің денесіне пара-пар болады. Осы кезде үйірі шашырай бастайды. Дауыс шығару уақыты аяқталғаннан кейін аналықтары жұмыртқа басып, қораздары түлейді. Аналықтары балапандары үлкейген кезде барып бірақ түлейді.

Қырғауыл - жыл құсы емес, жыл он екі ай өз жерімізде жүреді, ешқайда кетпейді. Атам қазақ айтатын ертегілер «Ерте,ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» дейтін сөздер кеше шықпағаны анық. Құсбегілер қыран құстар үшін қырғауыл оңай олжа дейді. Анығында олай емес. Ол кейде өзін өзі қорғай да алады. Қырғауылдың қоразы қырғи тосыннан тап бергенде шалқалай ұшып, өткір тырнақтарымен жыртқыштың омырауын осып – осып жібереді.

Тағы бір қызық жайт – оқ тиіп жараланған қырғауыл ешқашан құлап түскен жерінде жатпайды. Міндетті түрде кемі 5-6 қадам жерге барып тығылады. Соңғы дәмі бітер сәтте күш беретін қандай құдірет екен деп таңқаласыз? Кейде қырғауылдың өзіндік қулығы да болады. Алдыңа түсіп безектей жөнелгенде, ұстап алмақ болып қуалайсың. Енді жете бергеніңде пыр етіп ұшқан болады да, таяқ тастам жерге қайта қонады. Қайта ұмтыласың. Ұстай алмайсың. Қолыңда құйрық жүні, аузың ашылып қала бересің. Құйрығын тастай қашып - кесірткеде ғана емес, қырғауылда да болатын қасиет екен.











































2. 3. Қырғауыл –пайдалы құс


Қырғауыл, бағым-күтімі келіссе, жылдам көбейетін құс. Соңғы жылдары заңды, заңсыз аңшылар қоғамдарының көп ашылуы –көңілге күдік ұялатты. 1860 жылдан бері жүргізілген есепке қарағанда құстың 80 түрі жер бетінен мәңгі жойылып кеткен.

Бұрынғы жылдары Алматы облысындағы Қарашеңгел, Талғар аң қорығында қырғауылды қолда ұстап, өсіре бастаған. Мұндай тәжірибиелер көрші қырғыз жерінде, Болгарияда да болған. Нәтиже әр жерде әр түрлі. Мұндай қолда өсіру –құс басының көбеюіне пайдасы зор екені даусыз. Әсіресе Ремизовка, Каменская плата, Бутаковка саяжайларында қырғауылдар үйдің табалдырығына дейін келіп жүреді.

Қырғауыл өсімтал құс. Ұясын қалың қамыстың, шөптің, ну тоғайдың арасына- жерге салады. Сәуір, маусым айында мекені үяға 7-18 жұмыртқаға дейін туады да, 21-27 күн басып, балапан шығарады. Балапандары жұмыртқадан шыққан соң, екі-үш,күнде анасының соңына еріп, жемін езі тауып жей береді, бір-екі айда үша алады.

Қырғауыл негізінен өсімдіктердің, жеміс-жидек, дән, бүршік түйнектерімен қоректенеді. Сол сияқты шегірткелерді де жеп, пайда келтіреді.

Picture 15

Қырғауылдың еті, жүмыртқасы дәмді, сондықтан оны көп аулайды. Әсіресе Сырдария бойындағы егісті алқапта күздің күндері қаптап кездеседі. Түнгі уақытта тал бұтақтарында қонақтайды.

Ұяның алдыңғы қабырғасы тұтас ағаштан кейде қырғауыл балапандары емін-еркін кіріп-шығатын, бірақ күрке тауық сыймайтын алынып-салынатын тормен алмастырылатындай ағаш жәшік түрінде жасалады. Қырғауыл балапандарын тауық балапандары секілді тамақтандырады. Инкубаторлық әдіс арқылы қырғауылды дәл тауық балапандары секілді көбейтеді.







































ІІІ. Тәжірибелік бөлім



3.1. Қырғауылдың адам денсаулығына пайдасы мен емдік қасиеті



Қырғауыл еті – құрғақ ыстықтық. Сіңімді, қан толтыру, ішкі ағзаларды қуаттандырады. Қырғауыл миын кептіріп пайдаланса, үсік тастауға, жарақатқа, нерв әлсіздігіне шипалы ем болады. Тауық пен қырғауыл еті аурудан айыға алмаған әлсіз адамдарға , қуаттандырғыш азық әрі шипалы дәрі.

Көкбауыр мен асқазанды қуаттандырады, желқұзды қуалап, бүйректі жақсартады.

Қырғауыл еті - бұл нағыз майсыз және көмірсулардың керемет дәмі. Ол ақуыздар мен майлардың тепе-теңдігін жақсы сақтайды, холестерин жоқ. Бірақ ол адам ағзасы үшін маңызды элементтермен - кобальт, темір, фтор, калий, фосфор, мыс және басқалармен қаныққан. Қырғауыл еті В тобының дәрумендеріне бай, бұл өнім асқазан мен көру үшін пайдалы, қанды оттегімен қанықтырады. Ол жүкті әйелдерге, балалар мен қарттарға жарамды. Ет соншалықты шырынды болғандықтан, оны дайындамас бұрын оны майсыз немесе маринадтаудың қажеті жоқ, өйткені басқа ойынды дайындау кезінде жасалады.


Picture 16

Қырғауыл еті


Сондықтан қырғауыл әлемнің көптеген асханаларында - еуропалық та, азиялық та мейрамдарға дайындалады. Таяу Шығыстағы аспаздар палауды дайындау үшін қырғауыл етін пайдаланады. Қырғауыл етінен көптеген дәмді тағамдар бар. Қырғауылдың еттері әдетте түкіруге қуырылады, құстың филесі пеште қайнатылады, еттен керемет қуырылады, ал қырғауыл кеуделері қуырылады.


Қырғауыл етінің пайдасы






Shape4

Қырғауылдың емдік қасиеті





Shape5 Shape7 Shape6 Shape8

Көзге ақ түскенде қырғауылдың өтін

немесе қанын ақ түскен көзге

тамызса, көздегі ақ ұшып кетеді


Қырғауылдың түрлі-түсті қауырсындары

шашты қарайтуға көмектеседі.

Қырғауылдың қүйрық қауырсындарын

отқа өртеп, күлін суға майдалап езіп

шашты жуса, шаш қараяды


Қырғауылдың өтін күніне 1-2 рет

мұрынға тамызса, мидағы бөгеттерді ашып,

ұмытшақтықты азайтуға көмектеседі


Ұзақ созылып өзіне келмеген жараларға

Қырғауылдың сүйегін өртеп, күлін

жараның бетіне сепсе, жара жазылады












Picture 72 Picture 73

Қырғауылдың құйрық қауырсынының күлі


Қойылған қырғауыл гурмандар арасында ерекше сүйіспеншілікке ие. Оған құю әртүрлі: жұмыртқа бар көк, пияз қосылған саңырауқұлақтар, көкөністер, каштан. Қырғауылдың кеудесі мен аяқтарынан сорпаны дайындап, оны омлетпен бірге салыңыз да, ойын қанаттарын бөлек қуырыңыз. Тамаша тәбет - бұл аяқтар мен қырғауыл қанаттардың еті. Ет кесектері түрлі салаттарға қосылады.

Бұл өнімге жеке төзбеушілікті қоспағанда, қырғауыл етінің ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ.

Қарап отырсақ, бүгінде біздің күнделікті тұтынып отырған тағамдарымыздың көбі ішкі ағзамыздың жұмысына кері әсерін тигізіп, түрлі аурулардың туындауына себепкер болып отыр. Соның ішінде мал өнімдері ағзадағы холестерин мөлшерін шамадан тыс арттырып, түрлі кеселге шалдықтыруда. Жалпы қазақ халқы тағамды етсіз жемейді. Әрине, дүкендердегі мұздатылған тауық еті диеталық тағам ретінде тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Алайда тірі күйінде немесе жаңа сойылған қырғауыл етінің орны мүлде бөлек. Бұл дала құсының тірілей салмағы 700- 800 грамм тартады. Еті дәмді және өте жеңіл, ағзаға сіңімді. Кейбір деректерге сүйенсек, қырғауыл еті көптеген ауруларға ем ретінде қолданылады. Мәселен, қырғауыл еті құрғақ ыстыққа бейім, қан толтырады, ішкі мүшелерді қуаттандырады, сорпасы жүйке әлсіздігіне шипа.

Бұл дала құсы үй құсына қарағанда ерекше күтімді қажет етеді. Олай етпеген жағдайда қажетті дәрумендерді жеткілікті мөлшерде ала алмаған құстардың өсіп-жетілуі тежеліп, жұмыртқалауы да сирейді. Сол үшін оларға күнделікті және уақытылы күріш ұнтағы, көк жоңышқа сонымен бірге дала өсімдіктерінің дәні мен сүрегі және ұсақталып туралған қырыққабат пен сәбіз, ұнталған жұмыртқа қабығы, қосымша дәрумендер беріліп отырады. Каротин мен ақуыздың қайнар көзі саналатын ұйыған сүт, ірімшік, балық ұны да үй жағдайында ұстаған құстардың қажетті азығы.









ІҮ. Қорытынды


Кең байтақ қазақ жерінде мекендейтін сүт қоректілердің ішінде ең маңыздыларының бірі аса бағалы әрі құнды терісі үшін ауланатын аңдар. Олардың ішінде ең негізгісі ондатра, ақтиін, суыр, қызыл түлкі, қасқыр, қарсақ, борсық және т.б. Ал құстардың ішінде ең маңыздыларының бірі қырғауыл, аққу, қаздар, жабайы үйректер аққұтандар, бүркіт, ителгі, құрлар, улар т.б. Соңғы 20-25 жылда Республикамызда аң терілерін құс еттерін, жүндерін дайындау 30-40 жылмен салыстырғанда бірнеше есе төмендеп кетті. Егер аңшылық шаруашылығын дұрыс жолға қойсақ, бағалы терілер дайындау, дәмді ет, жүн аулау толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ бағалы аңдарды, құстарды аулау тек құнды елтірі ғана беріп қоймай, сапалы ет, жүн, әртүрлі ауруларға ем болатын витаминдерге бай майлар, күнделікті тұрмысқа қажетті материалдар береді. Хайуанаттардың тіршілігімен толық танысу үшін олардың жан-жақты терең зеттеу керек, бұл бізге олардың даму тарихын білуге, оларды қорғау мен тиімді пайдалану негіздерін жасауға мүмкіндік береді. Экспортқа қырғауыл құйрықтарын, аққу, қаз, үйрек, доңыз еттерін шығаруға болады. Жәрмеңкелерге қоқиқаз қанаттарын, аққу өті, сондай-ақ аққұтанның қауырсындарын жоғары бағаланған, бөкеннің мүйіздерінде көрмеге қоюға болады.

Қазақстанда қырғауыл тұқымдастыраның 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі – қырғауыл. Ол өзен жағалауындағы тоғайлы, қамысты, құнарлы жерді, Арал теңізінен Алакөл ойпаңына дейінгі шөлді аймақтарды мекендейді. Тау беткейінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерде кездеседі. Қоразының құйрық қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150 грамдай. Отырықшы құс. Жерде жүргенімен ағаш басына қонақтайды. Ну қамыстың, қалың бұтаның арасына ұясын жерге салып, оның бетін жасырып бүркемелейді. Мекиені сәуірден шілдеге дейін 10-14 сарғыш-қоңыр жұмыртқа салып, 23-24 күндей басады.


Ұсыныс

Біз құпия сырға толы құстар әлеміне ену арқылы білген сезімталдық қасиеті бар қырғауылды пайдалануды төмендегі ұсыныстар арқылы жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

  1. Жергілікті қырғауыл құсына бақылау жасауды қолға алу;

  2. Қырғауыл еті дүкендерде сатылымға шығарылса;

  3. Қырғауылдың құйрық қауырсынын пайдалана отырып, шашқа арналған косметикалық заттар шығарылса.




















Ү. Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Балаларға арналған танымдық энциклопедия «Құстар» «Аруна баспасы» Алматы 2011 жыл, 4-6 беттер

  2. Е.Раушанов «Құстар –біздің досымыз» Алматы «Жазушы» баспасы 2007 жыл, 183-191 беттер

  3. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы 6- том, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы Алматы ,1998 жыл, 154-163 беттер

  4. Қазақ Совет энциклопедиясы 160-бет

  5. Книга рекордов Гиннеса 1989 г., отдел «Живой мир», 36-бет

  6. Ковшарь А.Ф. «Птицы» «Атамұра» баспасы Алматы .2006 жыл,55-146 беттер

  7. Интернет

  8. Сутулов В.А. «Қазақстан табиғаты», «Эффект» ЖШС

  9. Облыстық мұражай (Ақпараттану бөлімі)

  10. «Сұрақ және жауап» Энциклопедия «Алматы кітап» баспасы, Алматы, 2007 жыл 104-105 -беттер












12



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!