Материалдар / 3-4 сынып оқушыларына арналған "Сеземіз, танимыз, ойланамыз" тақырыбындағы психологиялық сабақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3-4 сынып оқушыларына арналған "Сеземіз, танимыз, ойланамыз" тақырыбындағы психологиялық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
3-4 сынып оқушыларына арналған "Сеземіз, танимыз, ойланамыз" тақырыбындағы психологиялық сабақ. Кіші сынып білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тиімді қарым-қатынасты жақсартуға арналған тренингтер берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2024
338
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оразалина Фарида Тураровна, Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-нің психологі.


Сабақтың тақырыбы: «Сеземіз, танимыз, ойланамыз».


Сабақтың мақсаты. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, соның ішінде ойлау жылдамдығын, икемділігін, сонылығын дамыту; кейіпке ену арқылы басқаны түсіне білуге жаттықтыру.


Көрнекілік. Даланың суреті. Қозының, құлынның, бұзаудың маскалары.

Құралдар. Дәптер, парақ қағаз, маркерлер.


Сабақтың барысы.

1. Сергіту жаттығуы.

Психолог.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі сабағымызды сергіту жаттығуынан бастайық.

Алдымен ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Үш рет терең дем аламыз...

Сіз өзіңіздің көгарай көк шалғында жатқаныңызды елестетіңіз. Аспанда ақша бұлттар көшіп барады. Айналаға жарқырағын күннің нұры түсіп тұр. Дала небір ғаламат түстерге боялған. Алысқа көз жіберсең сағым мен мұндалап шақырғандай. (30 секунд),

Құстардың әні, айналадағы тіршіліктің үні даланы әсем әуенге бөлейді. (30 секунд),

Гүлдер мен өсімдіктердің жұпар иісі мұрныңды жарады. (30 секунд).

Ақырын соққан жел сіздің бетіңізді аймалайды. (30 секунд).


Ал енді ақырын көздеріңізді ашыңыздар, бір-біріңізге күлімсіреңіздер, осы жақсы әсермен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.



  1. Топқа бөліну (мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп, сиқырлы таяқша арқылы әр топты төлдерге: бұзауға, құлынға, қозыға айналдырады).

  2. «Кейіпке ену» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың басқаның кейпіне еніп, оларды түсіне білуге баулу.

Психолог оқушылардың төлдерге айналғанын оларға сұрақтар беру арқылы тексереді. Топтағы балаларға төмендегі 8 сұрақты қойып шығады. Сұрақтар:

  1. Сіз жылдың қай мезгілін ұнатасыз?

  2. Сіздің сүйікті тағамыңыз?

  3. Сіздің ең жақыныңыз кім?

  4. Сіз немен айналысқанды ұнатасыз?

  5. Сізге не сыйлауға болады?

  6. Сізді қалай бақытты етуге болады?

  7. Сіздің сүйікті ісіңіз?

  8. Сіз кім болуды армандайсыз?


Оқушылардың жұмысын қортындылау. Дөңгелекшелер беру.


  1. Жайлаудағы оқиға.

Мақсаты: білім алушылардың қиялын, сөз байлығын дамытуға себеп болу. (Әр бір топтан бір-бір оқушыдан шығарып, оларға маска кигізу).

Психолог:

- Бірде жайылып жүрген қошақан, құлыншақ, бұзау кездесіпті. Олар бір-бірімен өз тілдерінде шүйіркелесіп сөйлесіп кетіпті. Олар не туралы айтыпты? (Қошақан маңырайды, құлыншақ кісінейді, бұзау мөңірейді. Балалар олардың не туралы әңгімелескенін айтады.)

Қорытындылау.

  1. Суретші төлдер.

Мақсаты: білім алушылардың қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытуға себеп болу.

Оқушылар фигураларды (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, жарты дөңгелек) қолданып қозыны, құлынды, бұзауды салады.

Оқушылардың жұмысын тақтаға іліп көрсету.


  1. Бейбіт өмірді қалаушылар.

Мақсаты: білім алушыларды тиімді қарым-қатынас жасай білуге баулу.

Психолог.

- Біздің төлдеріміз бейбіт өмір сүреді, олар әр түрлі кикілжің (конфликт) жағдайларды реттеп, бейбіт жолды таба алады. Сіздер енді әр жағдайға жауап бергенде, бейбіт жолды тауып, қарсыласыңызды дос етіп қалдыруға тырысасыз. (Әрбір топтан оқушылар шығып жағдайды көрсетеді.)

1 жағдай.

Құлын бұзауға:

  • Сендер менің жерімді баспаңдар, бұл жерлердің бәрі менікі.

Бұзау ақылмен:

  • ...

Мүмкін жауап: - Жақсы, осында сенімен ойнайын деп едім, екеумізге бірге қызықты болар еді.

  • Мен дос іздеп жүр едім, сенікі-менікі деп бөлмей, бірге жүрейік, дос болайық.


2 жағдай.

Құлын қозыға:

  • Сен секіріп-секіріп барлық жерді шаңдатып бітірдің, шаңның арасында қалдық, әрірек ойнасаңшы.

Қозы құлынға:

  • ...

Мүмкін жауап: - Кешірші, шаң болады деп ойламаппын, бірге ойнайық.

  • Байқамай шаңдатып жібердім, енді олай істемеймін, әрірек кетейін.

3 жағдай.

Бұзау қозыға:

  • Сен момақансың, сен өзіңді қорғай алмайсың, момақан, момақан.

Қозының жауабы:

- ...

Мүмкін жауаптар:

  • Мен момақан болсам болайын, ешкімге жәбір көрсетпесем болғаны.

  • «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, мен біліміммен, жақсылығыммен өзімді көрсетпекшімін.


7. Адамдарға хат. Оқушылар төлдердің атынан адамдарға хат жазады, оны оқиды және тақтадағы плакатқа жапсырады.

8.Қайтадан адамға айналу. Мұғалім сиқырлы таяқшасымен төлдерді оқушыға айналдырады.

9. Сабақтан алған әсерімен бөлісу.

Сабақтан алған әсерін оқушылар түстер арқылы жеткізіп, оны тақтадағы қағазға жапсырады. (сары түс – өте жақсы әсер, жасыл түс – орташа, қоңыр түс – алған әсері нашар).

10. Психолог сабақты қорытындылайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!