жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
3 -4 жастағы балалардың тілін дамыту
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеттері.
Ғ.Мұстафин
3-4 жастағы баланың тұлғалық,
интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын
жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл
кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше
қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін
дамытуға өте қолайлы.
Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты
болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар
ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады.
Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде,
олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт
жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде
қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл
— біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін
қорғаудың «тұлғалық» механизмі болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің - сезіну
мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті
ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері
жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға
көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту,
иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші
орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен
қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын
жаңа сөздермен байытады.
3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала
материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды.
Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен
ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол —
өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған
заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және
сезінуге қабілетті деп ойлайды.
Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін
ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы
қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы
қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек қана өзі ғана емес,
басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін
түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен
бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдарды қолдану
барысында балалар олардың қасиеттері мен құрастырудың
ерекшеліктерін танып-біледі.
Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін
меңгереді (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан
жасау).
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және
тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу
тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде
байқалады.
Бала үшін бейнелеу өнері — өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер
баланың өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер
тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады.
Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып,
қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.
Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде
болғандықтан, музыка мәдениетін меңгертуге өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды
дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің
жоғары деңгейлігімен сипатталады.
3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл
кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми
қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады,
мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды
қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың
қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі.
Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет
салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай
алмайды.
3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің
көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік
мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.
3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына
құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік
жатады.
Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне,кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі.
-Артикуляциялық жаттығулар
-Тілге арналған жаттығу.
«Тәтті тосап»-тілдің ұшымен үстіңгі және астыңғы ерінді жалау. «Сылақшы»–тілің ұшымен таңдайды әрлі-берлі сылау.
«Тілді тазалау»-тілдің ұшымен үстіңгі (ішкі және сыртқы), астыңғы тісті (ішкі және сыртқы)тазалау.
«Кеме»-аузыңды кең ашып, тілдің үстіңгі астына қою.
Көңілді тіл - біздің аузымызда
көңілді тіл өмір сүреді. Оның үйшігі –ауыз. Көңілді, тентек. Тіл
бір орында отыра алмайды, сондықтан ол үйшігінен шығып,жан-жағына
қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды. Саңырауқұлақ -
саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп,
тақылдатпай тіреп тқрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады. Мысық сүт
ішеді - мысықтың сүтін тілімен қалай жалап ішетінін көрсетіңдер.
Ұртыңа қара- ұрттарыңа тілмен ине салыңдар. Бастапқы қалып. 3-4 рет
қайталанады. Әдемі күлімде- әдемі баланың күлкісіде әдемі. Қатты
дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі,жымиып қана күлеміз.
Балапанның тұмсығы- ерінімізді жұмылдырып,алға сүйірлеп
шығарамыз,бастапқы қалып. Қақпа- ерінімізді кеңінен ашып ,жұмылған
тісті(тісті тіске тигізу) көрсетеміз.Содан бастапқы қалыпқа келеміз
Атты тоқтатыңдар- «Дырр-р-р» .
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамытуда төмендегі
міндеттер басшылыққа алынады:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру;
Сөздік қорын дамыту жұмысын ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын оқу қызметін ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Оқу қызметін ұйымдастыруда танымды және дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда логопед өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
3-4 жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту
Ана тілінің грамматикалық жағын меңгерту күнделікті өмірде, үлкендермен сөздік қарым-қатынас жасау процесінде іске асады. Тіпті балалардың сөйлеу әрекетінде сөздің синтаксистік тұрғыда қалыптаса бастайтынын арнайы зерттеу, бақылау жұмыстары дәлелдеп отыр. 3-4 жастағы бала сөзінде жай-жайылма, құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі. Керісінше бұл жастағы балалар морфологиялық формаларды өте баяу меңгеретіндері байқалады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыздар да айтады.
Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік,септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т.б ойындар ойнату қолайлы.
Сондай-ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын - артында, үстінде, қасында, ішінде деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда орналастырып баладан сұрау керек. Бала қайда? деген сұраққа жауап бере отырып, заттың кеңістікте орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап», «Орнынды тап», деген ойын өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып сұрағанда бала аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астында,немесе, доп столдың жанында, мысық үйдің үстінде отыр,- деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып сөйлем құрап айтуға үйретуде: Әжемнен хат келді.Мен қайттім (қуандым).Балапан ұшып кетті деген сөздерге Қайдан? Қалай? Неге? деген сұрақтар арқылы балапанның ұшқан жерін, неге ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс.
Суреттер көрсетіп шығармашылық әңгіме құрату. «Бақша ауласында», «Ауылға барғанда не көрдік», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Жидек тергенде», деген тақырыптарды алуға болады. Мұндайда бақша жағдайын, ауыл шаруашылығы мен табиғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет.
Ересек пен мектепке даярлайтын балалардың сөйлеуге белсенділігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар көп қолданылады.
Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады.
Әрине, мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Балалардың сөздік қорын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамытып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершіілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар ойын түрі. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Бұл ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады
Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы бала саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық етттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамытады. Сабақтың қызықты болып өтуіне ықпал жасайды, жалпы логопедиялық сабақтың тиімділігін біршама жоғарылатады.
Балабақшаның тәрбиешілеріне арналған бағдарламалық жоспарды басшылыққа ала отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естерінде берік қалдыру, сөздік қорларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық ойындарды ұсынып отырмыз. «Жасырылған затты тап», «Ғажайып қапшық», «Ойыншықты тап» (оның түрін, көлемін, формасын атап айт – домалақ, көк, кішкене, т.б.), «Қолыңмен байқап көр, атын айт» (бала дорбаға салынған заттарды қолымен танып, алады), «Жаңа қуыршақты қабылдау».

