Материалдар / 3 саны және цифры. 4 саны және цифры
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3 саны және цифры. 4 саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
цифр мен заттар санын сәйкестендіруді үйрету; заттарды санау дағдыларын жетілдіру; 3 және 4 цифрларын дұрыс тану мен бейнелеуді үйрету; зейін мен логикалық ойлауды дамыту. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2022
817
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру салалары: таным, коммуникация.

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: 3 саны және цифры. 4 саны және цифры.

Мақсаты:3 және 4 сандарымен, 3 және 4 цифрларымен таныстыру.

Міндеттері: цифр мен заттар санын сәйкестендіруді үйрету; заттарды санау дағдыларын жетілдіру; 3 және 4 цифрларын дұрыс тану мен бейнелеуді үйрету; зейін мен логикалық ойлауды дамыту. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: 3 және 4 сандары мен цифрларын;

игереді: заттар мөлшерін және заттардың осы мөлшерін белгілейтін цифрды қалай

сәйкестендіру керектігін; меңгереді: 3,4 заттан құрылған топтарды таба алады, 3 және 4 цифрларын біледі. Қажетті материалдар: №1жұмыс дәптері, демонстрациялық материалдар, 6,8,15кестелер.

Сөздік жұмыс: сан, цифр, үш, төрт.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Жад пен логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырманы орындауды ұсынады.

«Артық затты тап» кестесі.

  • Төрт суреттің әрқайсысынан артық затты тап. Неліктен оның артық екенін түсіндіріңдер.

  • Топтардың әрқайсысында неше зат қалғанын түсіндір. Топтардың әрқайсысында неше зат бар?

  • Бүгін қандай сандармен және цифрлармен танысатынымызды кім айтады?

Артық затты тауып, оның неліктен артық екенін түсіндіреді. Қалған заттарды санайды.

Олардың үш-үштен екенін анықтайды.

ҰОҚ-нің тақырыбын анықтайды: 3 саны мен цифры, 4 саны мен цифры.

2. Негізгі кезең

Дәптердегі 1-тапсырма.

Мәшинелерді санаймыз. Қуыршақтарды санаймыз.

Мәшинелер саны 3 нүктемен белгіленеді.

Қуыршақтар саны 4 нүктемен белгіленеді. Педагог 3 және 4 цифрлары туралы өлең оқиды:

Қадір Мырза Әлі Жол бойында, ел білер, Үшбұрышты белгілер. Төрт түлік мал – дәулет, Оған ие әулет.

Арталарда жөн бөлек, Оларда төрт дөңгелек. Туралап тарт, Бұлтарма.

Төрт тұяқ бар тұлпарда. Төрт бұрышты орамал, Төрт қабырға орамал.

2-тапсырма.

3,4 цифрының үстінен саусақтарыңмен жүргізіңдер.

Одан кейін оны ауада жазамыз. Енді еденде аяқпен жазамыз. Осы цифрларды ермексаздан жасауларын тапсырады.

Сергіту сәті.

3 рет секіреміз, 4 рет қол соғамыз, әрбір аяқпен 3 рет еденді топылдатамыз. Көршімізбен бір-біріміздің алақандарымызды соғамыз.

3-тапсырма.

Цифрды, заттарды және санның нүктелер түріндегі моделін сәйкестендіру.

Нүктелерде 1, 2, 3, 4 сандарын көрсетіңдер.

Суреттерден заттардың белгілі бір санын табыңдар (1-ден 4-ке дейін). Педагог саны 1-ден

4-ке дейінгі аралықтағы заттарды көрсетеді және оларды сәйкестендіріп, сызып қосуларын тапсырады.

4-тапсырманы орындауды сұрайды. Қажетті цифрды жапсырады.

Суреттегі заттарды санайды.

Неше мәшине және неше қуыршақ болса, шаршыға сонша нүкте салады.

Ермексаздан цифрларды жасайды.

3 және 4 цифрларының үстінен саусақтарымен бастырып жүргізеді.

Педагогті нұсқауы бойынша қимылдар жасайды.

Цифрды, санды және нүктелерден құрылған санның моделін сәйкестендіру жөніндегі 3тапсырманы орындайды.

Балалар әр топтағы заттарды санап, цифрды жапсырады.

3. Рефлексия

ҰОҚ қорытындылайды, педагог балаларды мадақтайды. Балалардан заттардың санына сәйкес суретті табу ұсынылады. (№15) Балалардан бүгін қандай сандармен танысқандарын сұрайды. Олар қандай цифрлармен белгіленеді? Әсерлерімен бөліседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!