Материалдар / 3 сынып, бейнелеу өнері 2 тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

3 сынып, бейнелеу өнері 2 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып, бейнелеу өнері 2 тоқсан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2024
686
15 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бейнелеу өнер әлемі

Өнер туындыларын қабылдау

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы:

Қарама-қарсы түстер мен бояу реңктері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.2.1.1 көркем экспрессивтіліктің қолданылатын құралдарын және жұмыстарды орындау

техникасын айқындау

Сабақтың мақсаты:

  • Қарама-қарсы түстер мен бояу реңктері туралы біліп, сурет салады.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы



Оқушылармен амандасу, танысу.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Топтарға бірігу.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Бейнелеу өнері туралы не білеміз?

Сабақ тақырыбын хабарлау.

«Конверт» әдісі бойынша сұрақ- жауап кезеңі.

  1. Жақсы қасиеттерге не жатады? Жаман әдет деген не?

Жаман әдеттерден арылуға бола ма?

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді


«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.







Оқушылар жұлдызшаға өз ойларын жазады..





Сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқушылар өздеріне ұнайтын гүлдер

(сары,қызыл,жасыл)

алады.

«Аялы алақан»

Тренинг.





Ортасы





Жаңа сабақ

«Галереяға саяхат» әдісі. Мұғалім оқушыларды суретші- лердің өнер туындыларымен таныстырып, адам бойындағы жаман әдеттер мен жақсы қасиеттерді зерделеп, талдауға шақырады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы жас ұрпақты оқуға, өнер-білім үйренуге шақырады. Бес нәрсеге асық болуға үндейді. Абай атамыз айтатын талап пен еңбек бәрін жеңеді. Бұларсыз

жақсылық атаулы болмайды.

Ақын адамның жан-жақты жетілуі білімді игергеніне байланысты дейді.

Әбілхан Қастеев – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетанымын тамаша көрсете алған суретші.

Суретшінің ұлтына, туған жерге сүйіспеншілігі туындыларында шынайы көрініс тапқан. Кейінгі ұрпақтың осындай жақсы

адамдардан үлгі алып, үйренері көп деп білеміз.


Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi. Орнымыздан тұрып ап,

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық,

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық, Алға қарай озбайық,

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Адам бойында жақсы қасиеттер мен жаман әдеттердің қатар

жүретіні сияқты бейнелеу өнерінде де бояу түстерінің қарама-қарсы түстерін көруге болады. Мысалы, ақ пен қара

немесе жылы және суық түстер. Мейірімді адам мен зұлымды немесе жарық пен қараңғыны

бейнелеу үшін ақ және қара түстерді пайдалануға болады.

Олар қарама-қарсы түстер

болғандықтан, бір-бірін өзара айқындай түседі.


Түстер өзара қарама-қарсы қатынаста болады. Түс шеңберіндегі қарама-қарсы

тұрған түстер қосымша түстер

деп аталады. Олар қатар тұрғанда бір-бірін күшейте түседі. Мұндай түстер үйлесімі ерекше айқын

болады. Оларды қарама-қарсы немесе контраст түстер деп атайды.

Бір топтан қызды, екінші топтан ұлды таңдап, жылы-суық немесе ақ-қара түстермен сурет салуға тапсырма береді.

Ширату сұрақтары:

  1. Суретшілердің туындылары- нан қандай жақсы қасиеттерді байқадың?

  2. Туындылардағы кейіпкер- лердің жаман әдеттерін көре алдың ба?

  1. Еліміздің белгілі суретшілерін ата.

  2. Олардың қандай картинала- рымен таныстың?

  3. Сен де суретші болғың келе ме?


Дескриптор:

  • еліміздің әйгілі суретшілерімен танысады;

қарама-қарсы түстерді қолда- нып, еркін тақырыпта сурет сала алады.

Оқушылар суретшілердің өнер туындыларымен танысып, мәлімет алады, ойларын айтады.

  • Сен де суретші болғың келе ме?

  • Иә.

  • Ол үшін не істеу керек?

  • Ол үшін еңбекқорлық пен талап керек. Сондай-ақ қиялың ұшқыр болуға тиіс.

Оқушылар суреттегі кейіпкер- лерді сипаттайды.

Қазақтың дарынды суретшісі Ә. Қастеев: «Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, әжемнің киізінен,

ешкізінің мүйізінен үйрендім», деген екен. Бұл қоршаған ортаның жақсы жақтарын ғана үйреніп,

дарынды суретші болуына септігін тигізгендігін көрсетеді.

«Мозаика» әдісі. Оқушылар топқа бөлінеді.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан

жирен» тақырыбына сурет салады. Жақсылық пен жамандықты ақ пен қара немесе жылы және суық түстермен бейнелеп, не үшін ол түстерді таңдағандарын айтып, талдау жасайды.


Ойлан, тап.

Балаларға түрлі түсті карточкалар таратылады, суреттерге талдау

жасайды.

  1. Мына суреттердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  2. Олардың көлемі неліктен әртүрлі көрінеді деп ойлайсыңдар?

  3. Екі түрлі мысықтың суретіне қарап, не байқадыңдар? Ойланып, жауап беріңдер.

Екі мысықтың суреті таратылады. Айырмашылығын түсіндіреді.

Оқушылар жаттығу жасайды. Қарама-қарсы түстермен орындал- ған суреттердің айырмашылығын түсіндіреді.

Суреттерге қарап, өз ойларын айтады.

Оқушылар оқулықтағы В. Ван Гогтың екі картинасына назар аударып, бояу реңктерінің

айырмашылығын айтып береді. Ашық реңді түстер мен қою реңді түстердің кестесіне қарап, қою түстер қараға жақын, ал ашық түстер аққа жақын екенін біледі.

Оқушылар көңілді және көңілсіз балаларды сәйкес бояумен

бояйды.

Оқушылар «Түнгі аспан» тақыры- бына сурет салады.

1. Қарындашпен көлемі әртүрлі жұлдыздарды салады.

  1. Аспанды бояу үшін палитрада қою түсті, жұлдызды бейнелеуге ашық бояуды шығарып алады.

Аспанды бояйды. Ашық түсті жұлдыздарды салады.

ҚБ.

Бірін-бірі бағалау

Жарайсың! Керемет!

Тамаша!.




Жарайсың!







ҚБ.
















Жарайсың!







ҚБ.


Оқулық





Қағаз қиындысы

Бояу, желім, күнтізбе


Аяқталуы



Оқушылар өнердің не екенін, өнер түрлерін, бейнелеу өнері түрлерін білді.

Әр алуан өнер түрлерінің басты әсерлегіш құралдарын анықтап, бейнелеу өнері түрлерін ажыратуы үйренді.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген









Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бейнелеу өнер әлемі Графика

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы:

Кітап графикасы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.2.2.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және графикалық жұмысты орындау техникасын білу және салыстыру.

Сабақтың мақсаты:

Кітап графикасымен, иллюстратор-суретшілердің еңбегімен танысады. Сүйікті мультфильміне иллюстрация салады.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

«Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

«Жасампаздық және жаңашылдық тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Жаңа сабақ

Графиканың негізгі саласының бірі кітап графикасы. Оған

кітаптың суреттері мен оларды үйлестіру, мұқабасын, кітаптың алғашқы және соңғы беттерін

безендіру жатады. Кітаптағы суреттер иллюстрация деп аталады. Сендер кітап дүкеніне келгенде қандай кітапты

таңдайсыңдар? Суреттерімен бе әлде суреттері жоғын ба? Әрине, суреттері көп кітапты

таңдайсыңдар. Суретші- иллюстраторды жазушының ең жақын досы деуге болады.

Себебі ол кітапты безендірумен қатар, оның мазмұнын

түсініктірек етуге көмектеседі.

Иллюстрациялар тек ертегілерде ғана емес, алуан түрлі энциклопедияларда, оқулықтар мен көркем әдебиетте

қолданылады. Өздерің сүйіп оқитын ертегі, көркем әдебиет- терді, оқулықтарды иллюстрациясыз елестетіп көріңдерші, олар қандай

қызықсыз болар еді.

Сергіту сәті. Саусақтарға арналған жаттығу

Бас бармаққа қонаққа Бүгін келді бар саусақ:

Сұқ саусақ, ортанғы саусақ. Қалмады аты жоқ саусақ, Ілесті шынашақ.

Достар қалай ажырамақ?

Балалар энциклопедиялары қызықты да әсерлі суреттерге бай. Олардан күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қалай

орналасқандығын, динозаврлар, ертедегі адамдар мен қалалар қандай болғандығын көруге

болады. Суретші-иллюстра- торсыз оларды елестете алмас еді.

Мұғалім еліміздің график- суретшіле-рінің еңбектерімен таныстыра отырып, сурет салуға тапсырма береді.

Ширату сұрақтары:

  1. Графиканың негізгі

саласының бірі қалай аталады?

  1. Қ. Қожықов қандай ертегілерге иллюстрация жасаған?

  2. Қазақ ертегілерін суреттермен безендіріп, қазақ өнеріне мол үлес қосқан суретші кім?

Дескриптор:

  • иллюстратор, иллюстрацияның не екенін біледі;

кітапқа иллюстрация салады.

Оқушылардың мультфильмге жасаған иллюстрацияларын

бағалау

Үй тапсырмасы. 11-сабақты қайталау.

«Ой-толғаныс» тәсілі.

Кез келген сурет композиция таңдаудан басталады.

Оқушылар алдымен қолайлы өлшемдегі қағаз дайындайды. Иллюстрацияларды парақтың шетіне немесе ортасына, сондай-ақ бүкіл парақ бетіне жайғастыруға болады.


Оқушылар технологияның дамуына байланысты кітап графикасы ісінде елеулі өзгерістер пайда болғаны

жайлы мәлімет алады. Қазір кітаптағы иллюстрацияларды қағаз бен қылқаламды

қолданбай, компьютермен салу қарқынды дамып келеді.

Оның қарындаш немесе

қылқаламмен сурет салудан айырмашылығы – компьютерде қате кеткен тұсын өшіруге болады.

Суреттің ізі де қалмайды. Бояу түстерін ауыстыру да оңай.

Дегенмен бейнелеу өнерінің әсерлегіш құралдарымен сурет салу маңызын жоғалтпайды.

Иллюстратор-суретшілер ертегі кейіпкерлерін өздері қалай елестетсе, солай

бейнелейді.

Оқушылар өздерін иллюстратор ретінде санап, түрлі түсті қарындаш немесе фломастермен сүйікті мульфильміне иллюстрация салады. Кейіпкерлердің

мінезін көрсетуге тырысады.

Оқушылар еліміздің кітап графикасы саласының негізін қалаған суретшілер туралы

біледі. Қазақ графикасының хас шебері Е. Сидоркин мен қазақтың тұңғыш аниматоры Ә. Қайдаровтың ертегілерге салынған еңбектерімен

танысады. Сұрақтарға жауап береді.

Салған суреттерін бағалайды.

Жарайсың!






ҚБ.

















Тамаша! Жарайсыңдар!




Жұмыс

дәптеріндегі тапсырманы орындайды.



Сурет дәптері

Қағаз

қарындаш


Интербелсенді тақтада оқу құралдары көрсетіледі.


Қажетті құрал-жабдықтар:

альбом, қарындаш, акварель бояуы, палитра, су, қылқалам

түрлері.


Аяқталуы





Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.






Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бейнелеу өнер әлемі Кескіндеме

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы:

Ертегіге иллюстрация саламыз

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және кескіндемелік жұмысты орындауда техникасын білу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Құралдарды қолдануды, өнер жанрларының көркемдік мәнерін біледі. Кескіндеме тәсілдерін қолдана отырып, сурет салады.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Сабақта атмосфералық қатынас орнатау қалыптастыру.

Амансың ба? Алтын күн,

Амансың ба ? Көк аспан.

Амансыңба достарым ,

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар біз бір- біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы,жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,қандай қуаныш!

«Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Сыныпты конфеттер арқылы екі топқа бөлеміз.

( Конфеттің қағазындағы суретке көңілімізді аударамыз).

Өткен сабақ бойынша сұрақтар:

  1. Графика мен кескіндеменің айырмашылығы неде деп ойлайсың?

  2. «Иллюстрация» дегенді қалай түсінесің?

Кітап графикасының негізін қалаушылар кімдер болды?

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.





Суреттер жиынтығы.





Ортасы





Жаңа сабақ.

Сабақ ертегі оқудан немесе мазмұнын қысқаша айтып беруден басталады. Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлер сұрақ-жауап түрінде талданады. Ертегі мазмұнындағы әсем табиғат

көрінісі, ондағы сиқырлы асыл тастар мен заттар, бұйымдарды әрбір оқушы өз түсінігі бойынша қабылдайды, сондықтан қағаз бетіне долбар сурет салып, бір-бірімен пікір алысады.

Адамдар мен жануарларды бейнелегенде бояу түстерін ашық, алуан түсті етіп алуға әрекеттенген жөн. Ертегідегі батырлар, арулар, хандар мен ханшаларды бейнелегенде олардың бейнесі көз алдымызға келеді. Батырлар күшті, алып тұлғалы, арулар әдемі, нәзік болады. Ертегідегі жануарлар көбіне адамша сөйлейтіндіктен, оларға киім кигізіп, суретін салуға болады.

Тақырыпты ашу мақсатында «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісін тамашалайды.

https://atamuraweb.kz/books/Beineleu_oneri_3_adistem e/12.html 1. Ертегі не жайында?

Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс.

«Сәйкестендір» әдісі . (Тақтада) Сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерін топтастырады.

Мысалы, сары түспен жағымды кейіпкерлерді, көк түспен жағымсыз кейіпкерлерді көрсетеді.

Балалардың бәрі ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Ол жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді.

Ертегінің бірнеше түрі бар. Ең кең таралғаны – жануарлар туралы ертегілер. Онда жануарлар

адамша сөйлейді. Олардың сыртқы пішіні, жүріс- тұрысы, мінез-құлқы сипатталады. Ертегіде

кейіпкерлер, мысалы, қоян – қорқақ, түлкі – айлакер қу, қасқыр – озбыр, қомағай, ал аю икемсіз бейнеде көрінеді. Ертегінің тәрбиелік және көркемдік

маңызы зор. Біз жануарлар арқылы адамдардың мінез-құлқын көреміз. Ізгілік пен зұлымдық қатар жүретінін, түбінде ізгіліктің жеңетініне сенеміз.

Адамгершілік – адамдықтың белгісі. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы

беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы қазақ ертегілерінде жатыр. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа», «Жаман дос жолдасын қалдырар жауға» деген мақалдарды қалай түсінесіңдер?

Ширату сұрақтары: Түс шеңберіндегі бояуларды ауызша сәйкестендіру.

  • Ертегілердегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді қалай бейнелеуге болады екен?

  • Түстік шеңбердегі суық түстерді атаңдар.

  • Жылы түстерді атаңдар.

Түс шеңберінде алуан түрлі бояу бар. Олар сары, қызғылт сары, қызыл, күлгін, көк, жасыл болып жалғаса береді. Шеңбердегі қатар орналасқан

бояулар бір-біріне ұқсайды, сондықтан оларды жақын түстер дейді. Шеңбердегі қарама-қарсы түстер арқылы ертегідегі жақсы, жаман

кейіпкерлерді көрсетуге болады.

Ойлан, тап.

Балалардың алдына түстер таратылады, суреттерге тәжірибе жасайды.

  1. Мына суреттердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  2. Олардың көлемі неліктен әртүрлі көрінеді деп ойлайсыңдар?

Екі түрлі мысықтың суретіне қарап, не байқадыңдар? Ойланып, жауап беріңдер.

Тапсырма. (ТЖ)

Оқулықпен жұмыс.

Ертегіні оқып шығып, кейіпкерлерін бейнелейді.


Shape2

Сурет салу барысында жануарлардың мінез-құлқына сәйкес қарама-қарсы түстерді қолданып, жағымды

және жағымсыз кейіпкерлерді бейнелеу.

Дескриптор:

  • қарама-қарсы түстерді тәжірибе жасау арқылы қолдана алады;

  • ертегідегі жақсы, жаман кейіпкерлерді ажырата алады;

жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді бояумен көрсетеді.

Көрме. Галереяда

Үй тапсырмасы. 12-сабақты қайталау.




Екі топ оқушылары ертегі кейіпкерлері жайлы ойларын ортаға салады, оқулықтағы сұрақтарға жауап

береді. Суретші қолданған түстерді атайды. Ертегі кейіп- керлерін топ атауына қарай топтастырады.

Өз ойларын айтады. Жақсы мен жаман ұғымын қалай түсінетіндерін айтып береді. Топтар бір-

біріне сұрақтар қояды.

Сұрақтарға жауап береді.

Түстік шеңбердегі бояуларды атайды.

Тәжірибе жасайды. Қарама-қарсы түстер үйлесіміне талдау

жасайды. Әр шаршы ішіндегі түстердің көлемін айтады. (Мысалы, көк

ішіндегі қызыл сары түс үлкен көрінеді т.б.).

Суреттерді салысты- рып, тәжірибе

жасайды.


Shape3

Екі мысықтың суреті көрсетіледі. Айырмашылығын түсіндіреді.


«Түлкі, тасбақа және кене» ертегісін

оқиды.

Қарама-қарсы түстер арқылы жағымды,

жағымсыз кейіпкер- лерді бейнелейді.

Алдымен

сызықтармен сыртқы бітімін көрсетеді.

Салған кейіпкері

жайлы айтып береді. Ертегі кейіпкерлерін неліктен сол түстер арқылы бейнелегенін түсіндіреді.

Екі топ бір-бірінің суретіне баға береді

Мұғалім оқушыларды критерий бойынша бағалайды.












Жарайсыңдар!











Өзара бағалау



Әр сәтті қадамдарын

бағалап отыру.











АКТ қолдану

Мұғалім- оқушы

https://bilimland.kz

Құрал- жабдығын қадағалау т.б.

Түйме.тенге, қалам,түйреуіш т.б.


ҚЕ. қайшы мен желіммен.




https://atamuraweb.kz/b ooks/Beineleu_oneri_3

_adisteme/12-2.html





Екі түсті қағаз


Аяқталуы



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз. Көңіл-күй смайликтерін жабыстыру.

Picture 1


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

















Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: Бөлімше:

Ортақ тақырып

Бейнелеу өнер әлемі

Мүсін

Өнер әлемінде

Сабақтың тақырыбы:

Бедерлі мүсін жасаймыз.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және жұмысты орындауда мүсіндеу техникасын білу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Жұмыр және рельефті (бедерлі) мүсін түрлерімен танысады. Бедерлі мүсіннің орындалу тәсілін меңгереді.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



І. Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу.

І топ – Қызыл

ІІ топ – Сары

ІІІ топ – Көк

3 тілде айту:

  1. Кызыл– Красный - Red

  2. Cары – желтый– Yellew

  3. Көк – Синий - Blue (түстер)

Оқушылар осы түстер жайлы не білеміз?

Оқушылармен аманадасып,сыныпты түгендеп аламын.

«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Ой қозғайды, ойларын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Сандар (1,2,3)


Үш тілде айту

Микрафон» әдісі



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин













Қызығушылықты ояту. Бейнежазба арқылы сабаққа назар аудару және тақырыпқа түсу.

Рельеф жазықтықта бейне-нің шығыңқы немесе шұңғыл

бейнеленуі.

Рельеф екі түрге бөлінеді. Олар: горельеф және барельеф.

Рельеф саз, ермексаз сияқты

жұмсақ материал-дардан жасалады. Олардың әрқайсы-сының өзіндік ерекшеліктері бар.

Ермексазбен жұмыс істеу ерекшеліктері:

  • түстерді араластыруға болады;

  • алдын ала дайындықты қажет етпейді;

  • көлемді, рельефті бейнелерді жасауға болады.

Shape4

Мұғалім жұмыр мүсінді жан-

жағынан көруге болатынын, қала көшелерінен немесе өздері тұратын елді мекендерден байқайтындарын, ал рельефті мүсіндер тегіс заттың

бетіне бедер түсіру арқылы

жасалатыны туралы айтып береді.

Ширату сұрақтары:

  1. Бедерлі мүсін деген не?

  2. Барельеф пен горельефтің қан- дай айырмашылығы бар?

Бедерлі мүсінді қалай жасадың?

Балалардың жасаған бедерлі мүсіндеріне талдау жасалады.

Shape5

Дескриптор:

  • релефтің не екенін біледі;

  • оның түрлерімен танысады;

ермексаздан бедерлі мүсін жасайды.

Оқушы мүсіннің екі түрге

бөлінетінін біледі. Ғимараттар, театрлар мен мұражайлар рельефтермен әшекейленеді.

Рельефті мүсіндерді ғимараттардың қабырғасынан, ыдыс-аяқ және

тиынның бетінен де көреміз. Оқушы натюрмортты егжей- тегжейлі зерттеп, пропорцияларын анықтағаннан кейін мүсін жасауға кіріседі.

Пішіні мен көлемі әртүрлі 2–3 заттан тұратын натюрморт

жасайды.

А4 пішімді қағазға натюрморт салады.

Ермексазды бірнеше бөлік-ке бөліп, қатырма қағаздың бетіне тегістеп

жаяды.

Салған суреттерін жайылған ермексаздың бетіне қойып, суреттің бетін қаламмен тесіп шығады.

Натюрморт сұлбасының бетіне қалыңдығы 2 мм ермексаз

жапсырады.

Бедерлі мүсінді кескішпен тегістейді.

Оқушылар оқулықта берілген суреттер бойынша бедерлі мүсін жасайды.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Ш (шынашақ) ойлау процесі.

  • Сабақта қандай жаңалықтар мен қызықтар болды?

А (аты жоқ саусақ) – мақсаттың жақындығы.

  • Қандай мақсатқа қол жеткіздің? О (ортанғы саусақ) көңіл күйің.

  • Көңіл күйің қандай болды? С (сұқ саусақ) – көмек.

  • Кімге көмектестің, немен қуанттың?

Б (бас бармақ) – сергектік, дене ширақтығы.

  • Бүгін қимыл-қозғалысың қандай болды?

Денсаулығың үшін не істедің?

ҚБ.

Бірін-бірі бағалау


Жарайсың! Керемет!

Тамаша!
























Тамаша! Жарайсыңдар!

АКТ қолдану







Бейнежазба (кемпірқосақ жайлы)


«От шашу» әдісі



36-45 мин

Аяқталуы



Рефлексия. «Желкенді кеме» арқылы оқушылардың түсінгендерін білу.

  1. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығы сітті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя.

  2. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя.

  3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




















Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бейнелеу өнері әлемі

Сәндік-қолданбалы өнер

Өнер әлемінде

Сабақтың тақырыбы:

Тәуелсіздік күніне арнап ашықхат жасаймыз.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өнер жанрларының көркемдік мәнерлігінде қолданылатын құралдарын және жұмысты орындауда мүсіндеу

техникасын білу және салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Сәндік-қолданбалы өнері тәсілдерін біледі.

Табиғи пішіндерді қолдана отырып, көркем бұйым жасауды үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

Балалар шеңбер құрып бір-біріне тілек айтады, «Мен ұнататын түс» әдісімен 4 топқа бірігеді.

Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқу мақсаттары ашылады.

- Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мүсін өнері деген не?

  2. Рельеф түрлерін ата.

Мүсін жасаудың қандай тәсілдері бар?

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар ой қозғайды, ойларын айтады,

сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.

Қызыл, сары, көк, көгілдір түсті қима қағаздар



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин













(Жаңа сабақ. (ТЖ)

Анамызға, достарымыз бен жақындарымызға жақсы көңіл күй сыйлау үшін не істеуге болады деп ойлайсыңдар?

«Ой қозғау» әдісі.

Ендеше, бүгінгі сабақта ашықхат жасаймыз.

Ерте кезден-ақ адамдар мереке қарсаңында бір- бірін ашықхат арқылы құттықтау дәстүрі бар. Ашықхат әр алуан мереке, мейрамдарға –

Наурыз, Жаңа жыл, туған күн т.б. арналып жасалған. Ашықхатқа тілек, ізгі ниеттерін жазып білдірген.

Құттықтау ашықхаттары әдетте сурет пен мәтіннен тұрады. Ашықхат суреті мен мәтіні мазмұны жағынан мерекеге сәйкес келуі қажет. Оқулықпен жұмыс. Әр топқа суреттер таратылады. Оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Суреттердегі қолдан жасалған заттар қалай аталады?

  • Олар қай мерекеге орай жасалған?

Кімге сыйлауға болады?

Ширату сұрақтары:

  1. Тәуелсіздік мерекесі жайлы айтып бер.

  2. Тәуелсіздік символдарын ата.

  3. Тәуелсіздік мерекесіне арнап кімге ашықхат сыйлар едің?

Тапсырма. Топтық жұмыс. Жапсыру арқылы жасалатын ашықхатқа түстерді өз қалауларымен таңдайды. Қарама-қарсы түстер үйлесімді көрінетіні ескеріледі.

Оқулықта көрсетілген жұмыс реті бойынша ашықхат жасау.

Дескриптор:

  • ашықхат жайлы мәлімет алады;

қағаздан шығармашылық жұмыс жасайды.

Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.

Үй тапсырмасы. 14–15-сабақты қайталау.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі



Өз ойларын ортаға салады. Балалар адам- ға қуаныш сыйлайтын бұйымдарды атайды (ашықхат, гүл, тәттілер т.б.).



Балалар суреттерді топтастырып,

пікірлерін айтады. Бір- бірін толықтырып отырады.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіре отырып, ашықхат жасайды.

Оқушылар идеяларын жүзеге асыруға кіріседі.

Алдымен қағаз

таңдайды. Кейбірі оған сурет сала бастайды.

Бояумен немесе түрлі түсті қарындашмен (фломастермен) сурет салады. Қарындашпен ашықхаттың нобайын жасап алуға болады. Жапсыру арқылы негізгі бөліктерді қойып шығады да, композиция ойлас- тырады, содан кейін ғана желімдеуге

кіріседі.

Таныстырылым кезінде оқушылар жұмыс істеу тәсілдері-не

түсініктеме береді. Досына ұсынады.


Дискриптор

Жылы және суық түстерді ажыратады.

Түстер үйлесімі арқылы жыл мезгілдерін болжайды.

Түрлі тәулік мезгіліне сай түстер үйлесімін жасайды.

Өзінің және сыныптастарының жұмысын талдап, өз ойын айтады.

оқулық



Қарындаштар


Жұлдызша суреттері


Оқулық, жұмыс дәптері, гуашь, палитра, қылқалам, су, түсті қарындаштар.

От шашу.

36-45 мин Аяқталуы


Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік.

  • Біздің топ --------жақсы жасай алды.

Мен -------өте жақсы жасай алдым


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.






Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бейнелеу өнер әлемі

Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

Өнер әлемінде

Сабақтың тақырыбы:

Менің ғажайып үйім

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.4.6.2 құрылымдау мен модельдеудің әдістері мен

тәсілдерін негізді түрде таңдай отырып, сәулет идеяларын шығармашылықпен ұсыну, сезімдерін білдіру

Сабақтың мақсаты:

  • Дизайн және қарапайым модельдеу техникасын үйренеді.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын музыка ойнап тұрады

Амандасу. «Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу. Оқушыларды топқа бөлу. Қызыл, жасыл, сары, көк түстері арқылы

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар шағын пікірталас жүргізеді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-39 мин













Жаңа сабақ.

Оқушылар топқа бірігеді. Төрт түсті қағазды топ құрамындағы оқушыларға таратады.

Мұғалім әлем елдеріндегі ғажайып ғимараттар мен

үйлерді көрсетеді. Құрылыстар көз тартып қана қоймай,

адамды таңғалдырады. Польша еліндегі қисық үй,

Португалиядағы қойтастардан тұрғызылған үй шынымен де таңғажайып.

Әлемдегі ең танымал сәулетші А. Гаудидің сәулет құрылыстары дизайнымен ерекшеленеді. Ғимараттардың іші-сырты көздің жауын алады.


Балалар, сендер де қатырма қағаздан қиялдарыңдағы ғажайып үйді жасайсыңдар.


Қауіпсіздік ережесі:

  • қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама;

  • қайшыны сабын қаратып ұсын;

  • желімді ауызға салуға болмайды.


Дизайн өнерінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған заттар мен бұйымдардың жаңа үлгілерін ойлап табу.

Қалалар мен ауылдарда әртүрлі іс-шараларға байланысты

безендіру жұмыстары жасалады.


Ширату сұрақтары:

  1. Сәулет өнері жайлы не білесің?

  2. Сәулет өнерінің қандай түрлері бар?

  3. Пішіндерден тағы қандай үй жасар едің?


Дескриптор:

  • сәулет және дизайн өнерімен танысады;

қағаздан үй жасайды.

Оқушылар сәулет өнерінің маңызын айтып береді.

Сәулет өнері жайлы мәліметтер алады.

Мұғалімді тыңдайды.

Төрт түсті қағазды топ құрамындағы оқушылар араластырып, қиықтарды алады. Оқушылар қиықтарды құрастырып, сурет шығарады.

Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Оқушылар әлемдегі таңғажайып ғимараттарды

көреді. Өздері білетін қызықты сәулет құрылыстары туралы айтып береді.

1. Қатырма қағаздан үй жасау реті:

  1. Оқулықтағы суреттерге қарап, түрлі түсті қағаздарды бүктеп, әртүрлі пішін құрастырады.

  2. Оларды гуашьпен бояйды.

  3. Пішіндерді желіммен

жапсырады. Дайын болғаннан кейін бірінің үстіне бірін қойып, үй құрастырады.

  1. Үйдің қабырғалары мен шатырын фломастермен

бояйды

Жарайсыңдар!











Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы

орындайды.








ҚБ.

Бірін-бірі бағалау



Оқулық,

мәтіндер.

Ою-өрнектің суреті.

акварель

Интербелсенді тақтада оқу құралдары, суретшілер туындылары көрсетіледі.


Түрлі түсті қағаз


Қажетті құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, желім, түрлі түсті қағаз, қарындаш, сызғыш т.б.


40-45 мин

Аяқталуы


5 мин

Оқушылар көлемді ғимараттар мен сәулет үлгілерін қалай жасауға болатынын, ғимараттарды қалай

безендіретіндерін, олар не үшін керек екенін білді.

Ғимараттар мен кешендердің көлемді үлгілерін жасап, өз шешімдерін түсіндіруді үйренді.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсінді


Жұмысты аяқтау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.









Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 3 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бізді қоршаған әлем

Сәндік-қолданбалы өнер

Атадан қалған асыл мұра

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық төсеніш түрлері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.3.5.1 бейнелер мен пішіндерді зерттеу кезінде олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарының себептерін түсіне отырып, қоршаған әлемнің ерекшеліктерін түсіндіру және сәндік-қолданбалы

өнер құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру.

Сабақтың мақсаты:

  • Бейнелер мен пішіндерді зерттей отырып, айырмашылықтарын біледі. Төсеніш бұйымдарымен танысады.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сәлемдесу.

«Бірлік пен ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме жүргізу.

-Балалар, бізге қонақтар келіпті.Сендердің білімдеріңді көрейік деп. Сондықтан бәріміз мұқият тыңдап, сабаққа қатысып отырайық.

  -Енді ортаға бәріміз шығып шаттық шеңберін жасайық.

(Ұ) шаттық шеңбері

Кел балалар ортаға Үлкен шіңбер құрайық!

Тереземді ашамын Салем деймін күнге мен!

Достарымды көргенде, Қуана қарсы аламын.

Қолымыздан ұстасып, Жылулықты алайын!

Кел, балалар күлейік! Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек? Көңілді болып жүрейік!

  1. Өткен сабақта қандай өнер түрімен таныстыңдар?

Сәулет және дизайн өнері деген не?

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Ой қозғайды, ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.

http://talimger.org/load/ash/syzu/pejzazh_tabi_at_k_rinisin_bejneleu/24-1-0-4477



11-20 мин




Ортасы






21-35 мин







Жаңа сабақ. Жұптық жұмыс

Сабақтың тақырыбын ашу.

Өнерлі өрге жүзеді. Өнерліге өріс кең. Өнер көкке жеткізер.

Өнер – жұтамас байлық, таусылмас – азық.

Ой қозғау. Жайлауда

  • Балалар, тақтадан не көріп тұрсыңдар? Адамдар не істеп жатыр? (Балалардың жауаптарын тыңдайды).

  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл апалары- мыздың текемет, сырмақ жасау сәті. Жайлауда киіз үй тігіліп тұр, текемет үстінде әжесі немерелерімен әңгіме- дүкен құрып отыр.

Төсеніштің біздің тұрмысымыздағы маңызы қандай екен? Үйлеріңде қандай төсеніштер бар?

Ендеше, төсеніш түрлеріне назар аударыңдар.

Тақырып ашылады.

Қазақтың ұлттық төсеніштері. Сергіту сәті

«Қазақтың ұлттық төсеніш бұйымдары» сілтемесі арқылы немесе кітапханадағы

«Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары» оқулығынан мәлімет алу.

тықыр кілем немесе алаша тоқу

Оқулықпен жұмыс.

Қолөнер туындылары – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер. Қолөнер туындыларының бірі – шеберлердің қолынан шыққан төсеніштер. Халықтың қолөнерін тұрмысынан бөлу мүмкін емес. Өйткені бұл заттар халық тұрмысына сән беріп, адамдарға қызмет етеді. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Олар материалдың табиғи қасиетіне зер салып, тұрмысқа қолайлы жақтарын ескере отырып, әсем, қажетті бұйымдар жасауға тырысқан.

Сырмақ түрлі түсті киізден, матадан сырып, оюлап жасаған қалың киіз төсеніш. Ақ сырмақ, қара сырмақ болып бөлінеді.

Текемет бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй төсеніші.

Кілем түрлі түсті жіптермен тоқылып, еденге төсейтін үй бұйымы.

Алаша жүннен тоқылатын төсеніштің түрі.

«Ойлан. Жұптас. Пікірлес»

Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут

талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім екі- үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

  1. тапсырма

Кітапханадан ұлттық төсеніштер туралы ақпарат жинау немесе ғаламтор көзін қолдану.

Еңбек, қолөнер жайлы мақал-мәтелдер айтады.

  1. тапсырма. Топтық жұмыс. Сәйкестендіру әдісі

Магниттік тақтада төсеніш атаулары жазылады, қолдарындағы суретті сәйкестендіреді.

  1. Сырмақ

  2. Алаша

  3. Кілем

  4. Текемет

Дескриптор:

  • ұлттық төсеніштер жайлы мәлімет алады;

төсеніш түрлерін ажыратады.

Мұғалім балалардың білімін бағалайды.

Тақтаға білім ағашы салынады, әр

жеміске балалар есімі стикерге жазылып желімделеді.

Әр топ мүшелері өнер жайлы білетіндерін ортаға салады. Басқа балалар толықтырып, ойларын қосады.



Сұрақтарға әр топ

ақылдаса отырып жауап береді.












Балалар бейнероликті көреді, кітаптардан ақпарат алады.

Оқулықтағы тақырыппен танысады. Сұрақтарға

жауап береді.


Балалар тақтадағы суреттерге қарап, өз білгендерін ортаға салады.







Төсеніш түрлері туралы мәлімет алады.



Ғаламтор мен кітаптар- дан қолөнер жайлы мақалдар іздейді.

Шебер көп жерде – өнер көп.

Ойсыздан оюшы шықпайды.

Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.


Топтарға қазақ ұлттық төсеніштерінің суреті көрсетіледі. Оқушылар оларды сәйкестендіреді

Топ басшысы әрбір әдіс- тәсілге қойылатын критерий бойынша топ мүшелерін бағалап отырады.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

лектронды интербелсенді тақтада төсеніш бұйымдары көрсетіледі.

Shape6


Оқулық, жұмыс дәптері



Ұлттық төсеніштердің суреті

https://atamuraweb.kz/books/Beineleu_one ri_3_adisteme/18-1.html сырмақ жасау жолы. https://atamuraweb.kz/books/Beineleu_one ri_3_adisteme/18-2.html текемет жасау https://atamuraweb.kz/books/Beineleu_one ri_3_adisteme/18-3.html

36-45 мин Аяқталуы


(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

О қушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.





Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.










Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:3 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бізді қоршаған әлем

Сәндік-қолданбалы өнер

Атадан қалған асыл мұра

Сабақтың тақырыбы:

Ою-өрнек түрлері

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.3.5.2 «Стильдеу» және «жалпылау» ұғымдарын және оларды бейнелер мен пішіндер көмегімен сәндік- қолданбалы өнер құралдары арқылы білдіру мүмкіндіктерін білу және түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Бейнелер мен пішіндерді қолдана отырып, стильдеу, жалпылау арқылы сурет салады.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында ақырын музыка ойнап тұрады

Амандасу. Оқушыларды топқа бөлу. Қызыл, жасыл, сары, көк түстері арқылы.

Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:

  • Сәндік-қолданбалы өнер деген не?

  • Төсеніштің қандай түрлері бар?

Төсеніш түрлері қалай жасалады?

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар ой қозғайды, ойларын айтады,

сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



11-20 мин




Ортасы






21-39 мин













Жаңа сабақ. Сергіту сәті. https://atamuraweb.kz/books/Beineleu_oneri_3_adisteme/19. html Ою-өрнек әлеміне саяхат.

Миға шабуыл

Ою-өрнек қалай пайда болды?

Ою-өрнектерді не үшін қолданады? Неше топқа бөлінеді?

Қандай өсімдік тектес оюларды білесің?

Зооморфты оюларға қандай оюлар жатады? Космогониялық оюларды ата.

Геометриялық ою-өрнек деген не?

Ою-өрнек бұйымның бетіне түсірілетін нақыш. Халық шеберлері мен ісмерлері өрнек үлгілерін қоршаған табиғат аясынан алады. Олар күлімдеген Күн,

жарқыраған Ай, жымыңдаған жұлдыздар мен әртүрлі табиғат құбылысын қолөнерінде көрсетуге тырысқан. Халқымыз молшылықты дарияға, теңізге, батырды арыстанға, қыран бүркітке теңейді. Сұлуды Ай мен Күнге, хош иісті гүлге балайды. Әсемдікті аң-құстан, өсімдіктен, табиғаттан іздейді. Сол сұлулықты ою- өрнекке түсіреді.

Тапсырма. Топтық жұмыс

Кез келген табиғат бөлігіне стилизация жасау. Ою-өрнек құрастыру.

Стилизация – қоршаған орта бөліктерін әртүрлі бейнелеу құралдары мен тәсілдері арқылы көркемдік өңдеу (түрлендіру). Шығармашылық стилизацияның мақсаты – жаңа көркем образ жасау.

Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс. Ой қозғау. Зерттеу жүргізеді.

Суретке қарап не айтар едің? Қандай өсімдік түрін байқадың?

Келесі суретке қарап топпен талдау жасайды.

Тапсырма. Шығармашылық жұмыс орындайды. Кез келген бейнелеу құралын таңдап, табиғат бөлігін жаңа көркем образға айналдырады.

Дескриптор:

  • ою-өрнек туралы біледі;

  • стильдеу жайлы ақпарат алады;

өздігінен ою-өрнек ойластырады.

«Ғажайып көрме»

Бұл – ең үздік туындылар мен тапқырлыққа негізделген көрме.

Үй тапсырмасы. 19-сабақты қайталау.

Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт береді; одан кейін жаңа тақырыпты хабарлайды, ойларын парталастарына айтуды сұрайды.


Ою-өрнек туралы ақпарат алады.





Балалар стильдеу ұғымын түсінеді.



Оқулықтағы суретке қарап, қандай өсімдік екенін айтады.



Бейнелеу құралының көмегімен ою-өрнектер жасайды.



Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Суреттерден ою-өрнек құрастырады.



Балалар жұмыстарын көрмеге қояды.


Мұғалім оқушылардың әрбір сәтті қадамдарын қошеметтеп, қажет еткен топқа көмектеседі.







Жарайсыңдар!


Оқулық,

мәтіндер.

акварель

Қажетті құрал- жабдықтар: акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаш, пастель.









Оқулық, жұмыс дәптері

40-45 мин

Аяқталуы


5 мин

Оқушылар көлемді төсбелгі үлгілерін қалай жасауға болатынын, оларды қалай безендіретіндерін, олар не үшін керек екенін білді.

Төсбелгілерлің көлемді үлгілерін жасап, өз шешімдерін түсіндіруді үйренді.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсінді


Жұмысты аяқтау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

























Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып:3 сабақ 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлімше:

Ортақ тақырып:

Бізді қоршаған әлем

Дизайн және сәулет (көркем құрылымдау және модельдеу)

Атадан қалған асыл мұра

Сабақтың тақырыбы:

Киіз үй

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

3.3.6.1 бейнелер мен пішіндерді зерттеу кезінде олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарының

себептерін түсіне отырып, қоршаған әлемнің ерекшеліктерін түсіндіру және дизайн құралдары арқылы таныс бейнелер мен пішіндерді білдіру

Сабақтың мақсаты:

  • Халқымыздың сәулет құрылысы дизайнының ерекшелігімен танысады.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.

Балалар шеңбер құрып бір-біріне тілек айтады, «Мен ұнататын түс» әдісімен 4 топқа бірігеді. «Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

- Өткен сабақтардағы өрнек және суреттерге шолу жасаңыз.

. «Ашық микрофон» әдісі

арқылы өткен сабаққа

байланысты бір оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы оған жауап береді.

Әдісі – түсіндіру, анықтау, жасату.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ой қозғайды, ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін– бірі бағалау.

Қызыл, сары, көк, көгілдір түсті қима қағаздар



11-20 мин




Ортасы





21-35 мин













Мұғалім сабақ барысында киіз үй туралы түсінік беріп өтеді.

Қосымша слайдтар көрсетіледі. Киіз үй халқымыздың ең алғашқы сәулет құрылысы.

Ол көшіп-қонуға ыңғайлы. Шаңырақ, уық, кереге,

сықырлауық – киіз үйдің негізгі бөліктері. Соның ішінде кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі.

Қанша ғасыр өтсе де киіз үйдің құрылысы мен дизайны өзгермеді. Киіз үй көшіп-қонуға

лайықталып жасалады, оның киіз туыр-лықтары мен үзіктерінен

жауын өтпейді. Ыстық күнде киіз үй салқын болса, қыста ошаққа от жағып, жазға дейін отыра

беруге болады. Киіз үй – еліміздің сәулет өнері символы. Ол басқа ұлттардың үйлерінен әсемдігімен, құрылысымен,

дизайнымен ерекшеленеді. Киіз үй қаңқасын «сүйегі» деп

атайды.

Жұмбақ шешу

Бір нәрсе өзі биік, іші қуыс, Ол заттың сүйегі бар айқыш- ұйқыш.

Көзі бар төбесінде жарқырайды, Жайса үлкен, жиса бір-ақ уыс. (киіз үй)

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi. Орнымыздан тұрып ап, Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық,

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық,

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Дескриптор:

  • киіз туралы мәлімет алады;

  • киіз үйдің құрылысын біледі.

Ширату сұрақтары:

  1. Киіз үй бөліктерін ата.

Киіз үйді қалай жасадың?

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі.

Оқушылардың салған суретін қорытынды бағалау.

Оқушылар қоршаған әлемнің ерекшеліктерін түсініп, дизайн құралдары арқылы таныс

бейнелер мен пішіндерді біледі, сұрақтарға жауап береді.

Слайдтардағы көріністерді тамашалайды.

Қазақта киіз үйдің шаңырағы киелі саналады. Сықырлауығы маңдайша, табалдырық, қос

босаға және жарма есіктен тұрады. Киіз үйдің сыртын туырлықпен, жоғарғы бөлігін үзікпен, ал шаңырақты түндік киізбен жабады. Киіз үйдегі әрбір жиһаз, төсеніш ерекше

дизайнмен жасалғандығы туралы айтады.



Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Қызықты мәліметтермен танысады.

Балалар киіз үйдің суретін салады. Оны ою-өрнектермен сәндейді.



Оқушылар жұмбақ шешеді


Жарайсыңдар!









Жарайсыңдар!

оқулық



Қарындаштар


Жұлдызша суреттері

Қажетті құрал- жабдықтар: қағаз, түрлі түсті қарындаш.



Оқулық, жұмыс дәптері

36-45 мин Аяқталуы


Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік.

  • Біздің топ --------жақсы жасай алды.

Мен -------өте жақсы жасай алдым


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!