3
сынып
Жазба жұмысы №
1
Аңқау
күшік
Біздің Мойнақ деген
күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік
шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны
шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті мысық
екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, мойнақ шеңберден қарғуды
үйренді. (40 сөз.)
Тапсырмалар:
1. Мойнақ , күшік
сөздеріне дыбыстық талдау
2. 3 сөйлемнен зат есім
мен естістікті тауып астын
сыз.
Құлын
Атам жайлаудан құлынды бие
мініп келді. Мен құлынның қасына жақындауға қорықтым. Біраздан
кейін тәуекелге бел будым. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап
барып, осқыра қарап тұрды. Қайта келіп есік алдындағы шелекті
иіскелей бастады. Құлын шөлдеген екен. Мен оған шелекпен су бердім.
Құлын суды ұзақ ішті. Осылайша екеуміз достасып кеттік.
/49сөз/
Тапсырма.
1.«Жылқышы» сөзін сөз
құрамына талдау.
2. 1-ші сөйлемнен
етістікті тауып астын сыз.
3.«Құлын» сөзіне
дыбыстық талдау жаса.
Жазба жұмысы №
3
Аю
Аю-орман қожасы.Дүние жүзінде
оның жеті түрі бар. Соның бірі – қоңыр аю. Қоңыр аю Қазақстанда көп
тараған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы өсімдіктер.
Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт – құмырсқаларды да аулайды.
Аю үлкен-үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді.
Алғашқы қар жауғанда апанына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады. (51
сөз)
Тапсырма:
1. «Жаңғақ» сөзін сөз
құрамына талдау.
2. 5- сөйлемдегі
сөздердің байланысын сызба арқылы
көрсет.
Жазба жұмысы №
4
Кірпі
Әлден уақытта жел соға
бастады. Ағаштардың бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді.
Осы кезде бір ғажапты байқап қалдық. Тиіндер секіріп жүрген
қарағайлардың түбінен бірнеше кірпі жорғалап шыға келді. Олар
бастарын жоғары көтеріп қатты да қалды. Аспаннан әлдебір нәрсе
күткендей телміріп отыр.
Ағаштың бастарынан кепкен
саңырауқұлақтар түсе бастады. Кірпілер дайын асты тікендеріне
шаншып алды.(53 сөз)
Тапсырма:
Тиіндер сөзіне дыбыстық талдау
жасау.
Соңғы сөйлемдегі
сөздердің байланысын сызбамен
көрсет.
Кірпі сөзімен сұраулы сөйлем
құрастырып жаз.
3
сынып
Мазмұндама №
1
Алғашқы
күні
Бүгін білім күні. Әсел
мектепке жиналды. Киініп айна алдына
келді. Өзін тәртіпке келтіре бастады.
Өзіне-өзі қарап ұзақ тұрды.
Бантигінің байлауын шешіп, қайта байлады.
Содан соң қуанышы қойнына
сыймай, сөмкесін асынып, сыртқа
шықты.
Уақытын өткізіп алғанын
енді аңғарды. Жүгіре басып мектепке
келді. Алғашқы күні сабаққа кешігіп
қалғанына қатты өкінді. (47 сөз)
Жоспар:
1.Білім
күніне әзірлік.
2.Әселдің сабаққа
кешігіп қалуы.
Мазмұндама №
2
Мейірім
Сабақ түстен кейін басталатын.
Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке жайбарақат келе
жатқам. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде, үрейлене жылаған баланың
даусын естідім. Қасына барсам, басы үлкен, құлағы салпиған қара
күшік кішкентай қыз баланың жолын бөгеп алған. Шәуілдеп жүргізер
емес. Күшікті куып жібердім. Қыз бала жылағанын қойып, риза болды.
(50 сөз)
Жоспар:
1.Үрейлі дауыстың
естілуі.
2.Қыздың күшіктен
қорқуы.
Мазмұндама №
3
Сәруардың добы
Әкесі Сәруарға доп
сатып әперді.
Оның қуанышында шек
болмады. Сәруар добын құшақтап далаға
шықты. Ойнап жүрген балалар
көріп қасына келді. Допқа қызыға
қарады.Сәруар допты ортаға тастады. Балалар екіге бөлініп, футбол
ойнауға кірісіп кетті. Сәруар доп
қуғандарға қосылып, көңілденіп жүгіре
жөнелді. Балаларға ойын қызықты болды.
(46 сөз)
Жоспар:
1.Сәруардың қуанышы.
2.Балалардың футбол
ойнауы.
Мазмұндама №
4
Балық аулаған
балалар
Күн жылы еді. Балалар езенге
келе жатты. Біраз жүрген соң, катты жел тұрды. Аспанды бұлт
қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соң жауын құйып кетті.
Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды.
Жауын басылды. Бұлт арасынан жарқырап күн шықты. Балалар өзенге
келді, қармақ салды. Олар балық ұстады. Кешке үйге қайтты. (50
сөз)
Жоспар.
1.Балалардың өзенге
келуі.
2.Жауын
жауды.
3.Олар балық
аулады.