3D кеңістігінің бағдарына кіріспе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

3D кеңістігінің бағдарына кіріспе

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: 3D кеңістігінің бағдарына кіріспе

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазіргі уақыттағы жиі естелетін 3D ұғымының шығу тарихын таныстыру.

Дамытушылық: 3D-модельдеу графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың зейінін 3D-модельдеу графикалық мүмкіндіктерін меңгеруге аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі .  

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру.

 1. Оқушыларды түгендеу

2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

3. Сабақтың мақсатын айту

Жаңа сабақты түсіндіру

Қазіргі уақытта біз виртуалдық, нақтылық деген ұғымды жиі еститін болдық. «Виртуалды» термині латынның “virtualis” сөзінен шыққан, белгілі бір жағдайларда мүмкін болатын, қолданылатын деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым ортағысарлық христиан философиясында абсолютті жалпы мәннің жалқы заттармен байланыстылығын түсіндіру үшін қолданылған. Содан бері ұмыт бола бастаған терминді физиктер жалған элементарлық бөлшектерді атау үшін қайта жаңғыртқан. 70 – жылдардың соңына дейін бұл терминнің электронды әлемге де, ақпараттық технолоияға да еш қатысы болмаған еді. «Виртуалды шындық» ұғымын 70 – жылдардың соңында Массачусетс технологиялық институтында ойлап тапты деген дерек бар. Ол шындықтың компьютер көмегімен берілген үшөлшемді макроүлгісін анықтау үшін пайдаланылған. Бастапқыда ол үлгілер әскери салада әлдебір техниканы сынақтан өткізу алдында қолданылған құрылғыларға қатысты айтылған. Ал Жарон Ланье терминді жаңа компьютерлік өнімдерге байланысты пайдаланып, ол көпшілік айналымға компьютермен бірге еніп үлгерді.

Виртуалдық деп тиісті жағдайларда қандай да бір мақсат үшін нысандар, субьектілер, санат, қарым – қатынс, әрекеттер, еліктеу көмегі арқылы міндетті немесе болуы мүмкін құбылыстарды айтамыз.

Компьютерлік техниканың негізінде кеңістік – уақттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты – қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесін виртуалды шындық деп атаймыз. Бірқалыпты кеңістікті компьюетрде модельдеу үшін үшөлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістіктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік береді.

Үшөлшемді модельдеу әртүрлі деңгейдегі күрделілікті қамтиды:

- Қарапайым 3D модельдеу. Үлгіні ықшамдалған пішінде құруға болады.

-Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ –түйек детальдарының барлығы қамтылады.

Үшөлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да болады. 3D анимация дегеніміз – үшөлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақыттағы анимация бағыты. 3D анимация мультфильмдерде, жарнама роликтерін қүруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.

Үшөлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық нысандарды компьюетрде үлгілеу облыстарында кең тараған.

Үшөлшемді графика құратын компьютерлік программалар өте көп. Олар 3D max, Blender 3D, K - 3D, Wings 3D, Panda 3D, Sweet Home 3D, Maya және т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. Нақты және виртуалды нысандардың айырмашылығы неде ?

2. Виртуалдық деген не ?

3. Үшөлшемді графикада қандай компьюетрлік моделдеу түрлері бар ?

Тәжірибелік тапсырмалар:

1. Үшөлшемді графика құратын компьютерлік программаларға мысал келтіріңдер.

2. Математикалық модельдеуге мысал келтіріңдер.

Үйге: теориялық түсінігін айту.

Бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
812
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі