4,5, 6 сандарының құрамы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

4,5, 6 сандарының құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы педагогтың 1 сынып оқушысына арналған қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

19 жалпы орта білім беретін мектеп

Математика пәнінен

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

1-тоқсан

Бөлім:


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Сулейменова Асель Сериковна

Күні:

14.10.24

Сынып: 1

Қатысушылар саны: 2

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

4,5, 6 сандарының құрамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақтың мақсаты

біртаңбалы сандарды оқисың, жазады және салыстырасың; біртаңбалы сандардың құрамын анықтайсың;


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

-Оқу құралдарын түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысамыз!

Оқушылар арнайы педагогпен амандасады.

Оқу құралдарын түгендейді.

Жұмыс ережесімен танысады.

Ауызша мадақтама айту:


Жұмыс дәптері, қалам,

түрлі-түсті қарындаш, оқулықтар.


















Сабақтың ортасы

35мин

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: «4,5, 6 сандарының құрамы»

Сабақ мақсатын хабарлау:

Бүгінгі сабақта 4,5 сандарының құрамын анықтауды, жазуды үйренетін боласыңдар.

4, 5 цифрлары қалай жазылатынын анықтап қараңдар (баспа негіздегі дәптердегі жазу).

Арнайы педагог 4,5 цифрларын тақтада, дәптерге жазып көрсетеді.


Есіңе сақта!

Санның құрамы ретінде сол саннан кіші екі қосылғыш алынады.

0 санын кез келген санға қоссақ, 0 санына қосылған қосылғыш пен қосындының мәні тең болады. Сондықтан 0 саны санның құрамына кірмейді.

Ал енді 4, 5 сандарының құрамымен танысып, еске сақтап алайық.

Арнайы педагог: ендеше жаңа ақпаратты пайдаланып тапсырмаларды орындап көреміз.

Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады. Жаңа тақырып бойынша, қажетті мәліметтерді естеріңе сақтайды.

Жарайсың!






1-тапсырма. Тапсырманы тәжірибе жүзінде орында.


Арнайы педагог оқушылардың алдына төрт алма қояды.

  • Оқушыларға «Неше» деген сұрақты қояды.

  • Соншама саусақты көрсет.

  • Алма санына сәйкес, 4(5) цифрын тауып көрсетіп, 4(5) цифрын жазуды өтінеді.


Оқушыларда 4 (5)алма. Арнайы педагог оқушылардан төмендегілерді өтінеді:

  1. Алмаларды екі тәрелкеге бөліп сал. Бірінші тәрелкеде неше алма бар? Екінші тәрелкеде неше алма бар?

  2. 4(5) саны қандай сандардан тұрады. Алмаларды басқаша нұсқада сал. Енді 4(5) саны қандай сандардан құралды?

  3. Бір тәрелкеде 1(2,3) алма, екінші тәрелкеде 3(2,1) алманы көрсете отырып: «Салыстыр». Қай жерде алмалар көп? Қай жерде алма аз?

  4. 3 алманы ал. Олар 5 болу үшін тағы да қанша алманы қосу керек?

  5. 4 алманы ал. Олар 5 болу үшін тағы да қанша алманы қосу керек?

  6. Оқушыларда 5 алма. Арнайы педагог: «Қанша алма бар? Енді 2 қалатындай жаса», -дейді.

  7. Оқушыларда 5 алма. Арнайы педагог: «Қанша алма бар? Енді 4 қалатындай жаса», -дейді.


Оқушылар қойылған алмалардың санын айтады. Сәйкес саусақты, санды көрсетеді, жазады.

4(5) заттан тұратын заттар тобын бөліктерге бөліп , 4(5) саны қандай кіші екі сандарынан құрауға болатынын айтады.

Заттарды бір-біріне қосу, бір-бірінен алып тастау арқылы тапсырманы орындайды.


Тамаша!



2-тапсырма. Суретке назар аудар. 4 санының құрамын айт. Мысалдар құрастыр.


Жасыл асық нешеу? (3)

Сары асық нешеу? (1)

Барлығы неше асық? (4)

Үлкен қуыршақ нешеу? (2)

Кішкентай қуыршақ нешеу? (2)

Барлығы неше қуыршақ? (4)

Оқушылар сурттер бойынша 4 санының құрамына асықтармен мысалдар құрастырады:

3 + 1 = 4

1 + 3 = 4

4 – 3 = 1

4 – 1 = 3

Оқушылар қуыршақтардың санын анықтайды.

4 санының құрамына мысалдар құрастырады:

2 + 2 = 4

4 – 2 = 2

Сенің қолыңнан келеді!





3-тапсырма. Сурет бойынша мысалдар құрастыр және жаз.



Оқушылар суретте берілген мысалдарды пайдаланып есеп құрастырып жазады.

4+1

3+2

1+4

2+3

2+1+2

1+2+2


Керемет!


4-тапсырма. Сандардың өсу ретіне қарай нүктелерді қос.

Бүгінгі математика сабағында 4-5 сандарының құрамын білдіңдер, мысалдарды құрастырып, есептер шығаруды үйрендіңдер.

Оқушылар сандардың өсу ретіне қарай нүктелерді қосады.


Жарайсың!

Сан сәулесі

Сабақтың соңы

3 мин

- Біз бүгінгі сабақта не білдік?

- Не түсініксіз болды?

-Сабақта не ұнады?


Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


Үй тапсырмасы

Салыстыруды орында.

1...3 4...4 5...4

2...4 5...3 1...1

Үй тапсырмасын орындайды.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2025
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі