4,5, 6 сандарының құрамы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

4,5, 6 сандарының құрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы педагогтың 1 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

19 жалпы орта білім беретін мектеп

Математика пәнінен

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

1-тоқсан


Бөлім:


Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Сулейменова Асель Сериковна

Күні: 21.10.24


Сынып: 1

Қатысушылар саны: 2

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

4,5, 6 сандарының құрамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру;

1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақтың мақсаты

біртаңбалы сандарды оқисың, жазады және салыстырасың; біртаңбалы сандардың құрамын анықтайсың;


      Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

-Оқу құралдарын түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Доп лақтыру» әдісі.

Арнайы педагог допты бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушыға тапсырма ұсынады. Арнайы педагог допты келесі оқушыға лақтырады. Ойын осылай бірнеше рет жалғасады.

  • 4 санының құрамын айт.

  • 5 санының құрамын айт.

Оқушылар арнайы педагогпен амандасады.

Оқу құралдарын түгендейді.

Оқушылар сандардың құрамын еске түсіреді, айтады.

Ауызша мадақтама айту:


Жұмыс дәптері, қалам,

түрлі-түсті қарындаш, оқулықтар.




















Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: «4,5, 6 сандарының құрамы»

Сабақ мақсатын хабарлау:

Бүгінгі сабақта 6 санының құрамын анықтауды, жазуды үйренесіңдер.


Суретке қараңдар. Біз қандай санды оқып үйренеміз? Түсіндіріңдер, 6 санын қалай алдық?

6 цифры қалай жазылатынын анықтап қара (баспа негіздегі дәптердегі жазу).

Арнайы педагог 6 цифрын тақтада, дәптерге жазып көрсетеді.

Ал енді санының құрамымен танысып, еске сақтап алайық.

Арнайы педагог: ендеше жаңа ақпаратты пайдаланып тапсырмалар орындап көреміз.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Жаңа тақырып бойынша, қажетті мәліметтерді естеріне сақтайды.

Жарайсың!




Сан сәулесі






1-тапсырма. Сурет бойынша «неше» сөзін пайдаланып, сұрақтар құрастыр. Карточкалар мен таңбалардың көмегімен теңсіздіктер құрастыр.


Неше ұл бала би биледі? (5)

Неше қыз бала би биледі? (1)

Барлығы неше бала би биледі? (6)

Неше бала домбыра тартты? (3)

Неше қыз жетіген тартады? (1)

Неше қыз қобызда ойнады? (2)

Барлығы неше бала аспапта ойнады? (6)

Сахнада неше шар ілінген? (6)


Оқушылар суреттер бойынша алған білімін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап береді.

Карточкалар мен таңбалардың көмегімен теңсіздіктер құрастырады.

5<1, 3<2, 6<3, 2<1, 6<5, 5<3, 5<2, 6<1, 6<2.



Тамаша!



2-тапсырма. Сандарды салыстыр.Тапсырманы орындау үшін сан сәулесін пайдалан.

Оқушылар сандарды салыстырады

5<6 2<4

4<6 3<5

6>5 5>2

Сенің қолыңнан келеді!




Сан сәулесі


3-тапсырма. 3,4,5,6 сандарының құрамын жаз.

Оқушылар сандардың құрамын жазады.


Керемет!




Сан сәулесі




4-тапсырма. Есепті тәжірибе түрінде шығар.

«Жас зерттеушілер» әдісі. Оқушылар барлық нұсқаларды кестеге түсіреді. Сонда қайталау және қалып кету жағдайы болмайды.

Алты қарындашты үш стақанға бөліп салды. Егер стакандардың біреуінде 2 қарындаш болса, онда қалған екі стақанда неше қарындаштан болуы мүмкін? Тағы мысалдар құрастыр.


1 стақан

2 стақан

3 стақан

2

2

2

2

1

3

2

3

1


Бүгінгі математика сабағында 4,5,6 сандарының құрамын білдіңдер, мысалдарды құрастырып, есептер шығаруды үйрендіңдер.

Оқушылар кестені пайдаланып тапсырманы орындайды.


Тамаша! Жарайсың!

Сабақтың соңы

3 мин

«Адамдар теңізі» психологиялық этюді.

Ойынға қатысушылар белгіленген кеңістікте бірнеше минут бір-бірінің көздеріне қарап, қолдарын бір-бірінің қолдарына тигізіп жүреді. Содан кейін шеңбер құрып, сабақтан алған әсерлерімен, сезімдерімен бөліседі.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


Үй тапсырмасы

Нүктелер мен саусақтар қандай сандарды көрсетіп тұр? Осы санлардың жазылуын карточкалардан көрсет. Сандарды тура және кері ретпен ата.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2025
98
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі