400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

4- сыныпқа арналған жаратылыстанудан олимпиада тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналады.жаратылыстанудан олимпиада тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану. 4- сынып.

1. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тән белгі- ......

а) мүшелерінің болуы ә) қатпаршақтан тұруы

б) тек шөлде тіршілік етуі в) тұқым түзуі

2. Гүлдің құрылысына қатысты мүше- ....

а) қатпаршақ ә) тостағанша жапырақша б) тамыр в) жеміс

3. Жаңа өсімдік пайда болатын өсімдік бөлігі- ....

а) хлорофилл ә) тұқым б) қант в) тозаңқап

4. Тұқымның түзілу жолы- ....

а) тұқымның өнуі ә) тұқымның таралуы б) тозаңдану в) гүлдің ашылуы

5. Өсімдіктің даму кезеңдерінің дұрыс қатарын белгіле:

а) жас өсімдік, жеміс, гүл, тұқым, өскін

ә) тұқым, өскін, жас өсімдік, гүл, жеміс

б) өскін, жас өсімдік, гүл, жеміс, тұқым

в) өскін, жас өсімдік, гүл, тұқым, жеміс

6. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

а) 4 ә) 3 б) 2 в) 1

7. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән белгі- .....

а) тұқым түзуі ә) мүшелері толық б) сулы ортада тіршілік етеді

в) қатпаршақтан тұруы

8. Балдырдың денесі .......... деп аталады.

а) ламинария ә) сабақ б) қатпаршақ в) тостағанша жапырақша

9. Өсімдіктің қай мүшесінде жеміс пайда болады?

а) жатын ә) тозаңқап б) күлте жапырақша в) тостағанша жапырақша

10. Жоғары сатыдағы өсімдіктер қатарын белгіле:

а) қарағай, балдыр, терек

ә) ламинария, ульва, итмұрын

б) шырша, итмұрын, терек

в) балдыр, ламинария, ульва

11. Тозаңдану үдерісі дегеніміз-....

а) тозаңқаптың ашылуы ә) тозаңқаптан тозаңның шашылуы

б) тұқымның түзілуі в) тозаңның жатынға түсуі

12. Көбелектің даму кезеңдері:

а) жұмыртқа, жұлдызкұрт, қуыршақ, ересек көбелек

ә) жұмыртқа, дернәсіл, ересек жәндік, жұлдызқұрт

б) жұмыртқа, қуыршақ, ересек көбелек,дернәсіл

в) жұмыртқа, ересек жәндік, қуыршақ, жұлдызқұрт

13. Тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

а) тозаңдану ә) қоректік тізбек б) симбиоз в) қоректену

14. Өткір тырнағы болмайтын жануарлар тобының атауы

а) жыртқыштар ә) өсімдікқоректілер б) аюлар в) бүркіттер

15. Даму кезеңі үш сатыдан тұратын бунақденелі:

а) балара ә) шегіртке б) қанқыз в) көбелек

16. Көбелек пен гүлдің арасындағы қарым-қатынас қандай?

а) симбиоз ә) бәсекелестік б) бейтараптық в) жыртқыштық

17. Еліміздегі мемлекеттік қорықтар саны:

а) 30 ә) 15 б) 5 в) 10

18. Жойылу шегінде тұрған жануарлар қатарын белгіле:

а) қара дегелек, қоқиқаз, барыс ә) аю, пілмай, қоян

б) түлкі, қасқыр, қоян в) ит, мысық, аю

19. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады:

а) бактериялар ә) вирустар б) балдырлар в) саңырауқұлақтар

20. Балдырлардың мекен орны:

а) тұщы сулы суқоймалар ә) тұзды суқоймалар б) ылғалды топырақ

в) жауаптардың барлығы дұрыс

21. Өсімдіктің тіршілік кезеңдері тұқымнан басталып, тұқым түзумен аяқталатын үдеріс қалай аталады?

а) тіршілік циклі ә) тозаңдану б) фотосинтез в) дұрыс жауап жоқ

22. Тұқымның жануарлар арқылы таралуы қалай аталады?

а) гидрохория ә) зоохория б) анемохория в) антрохория

23. Гидрохория дегеніміз- ....

а) тұқымның жел арқылы таралуы ә) тұқымның су арқылы таралуы

б) тұқымның өздігінен таралуы в) тұқымның жануарлар арқылы таралуы

24. Тұқымның адамдар арқылы таралуын ...... деп атайды.

а) гидрохория ә) антрохория б) анемохория в) зоохория

25. Анемохория – бұл ....

а) тұқымның өздігінен таралуы ә) тұқымның су арқылы таралуы

б) тұқымның адамдар арқылы таралуы в) тұқымның жел арқылы таралуы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
95 ұстаз жүктеп алған
08.12.2020
30555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі