Тақырып бойынша 31 материал табылды

«4 ақпан -Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» «Адамның жеке шегарасын қорғаудың негізгі ережелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«4 ақпан -Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» «Адамның жеке шегарасын қорғаудың негізгі ережелері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«4 ақпан -Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» «Адамның жеке шегарасын қорғаудың негізгі ережелері»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

11 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Алдын алу шарасы сынып сағаттарында ақпараттық қауіпсіздік,кибермәдениет,кибергигиена,медиа сауаттылықты дамыту

- жеке шегара туралы түсінік беру, жеке шегараны қорғау ережелерімен таныстыру.

Құндылық :

Әділдік және жауапкершілік,заң және тәртіп

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру







35 мин





































Ұйымдастыру кезеңі:

Мақсаты: Алдын алу шарасы сынып сағаттарында ақпараттыққауіпсіздік,кибермәдениет,кибергигиена,медиа сауаттылықты дамыту


Цифрлық әлем бізді өзіне тартады,бірақ оның да шынайы өмірдегідей қауіпсіздік ережелері бар екенін ұмытпау керек.


Әлеуметтік желілердің артында кейде көлеңкелі,қауіпті тұстар жасырынып тұруы мүмкін.


Мәселен,хейттер мен тролльдер біреуді қорлап,ренжітеді,бейтаныс адамдар өздерін сенімді дос ретінде көрсетіп,сенімге кіруге тырысады.


Жалған ақпарат,қатыгез контенттер мен алаяқтық әрекеттер де жиі кездеседі.


ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!

  • Цифрлық қауіпсіздік-жолдағы бағдаршам сияқты.

  • Қай уақытта,қалай әрекет етуді білу маңызды.

  • Әрбір қадамың үшін өзің ғана жауаптысың!



ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ҚАУІПСІЗДІК САҚТАУ ҮШІН 5 ҚАҒИДАНЫ ҰСТАН


-Ақпараттың шынайылығын тексермей таратпа!

Жалған ақпарат таратсаң-жауапкершілікке тартыласың!

-Әр аватардың артында кәдімгі адам бар,бірақ ол адамды мейірімді,жанашыр жан деп ойлау қателік болуы мүмкін.

-Бейтаныс адамдарға сырыңды ашпа!

Жеке деректеріңді қорға!Оларды дұрыс қолданбау қауіпке алып келуі мүмкін.

-Ақпарат көздерін үнемі тексер!қандай да бір ақпаратты бөліспес бұрын оның шынайылығына көз жеткіз!

-Басқалардың намысына тиетін пікір жазудан аулақ бол!

Желідегі әрекеттеріміз шынайы өмірдегідей жауапкершілікке ие.

Сабақтың мақсатымен танысады

















Қауіпсіздік ережелерімен танысады










5 қағиданы талқылайды





































Суреттер


Презентация







Қауіпсіздік сағаты 10 мин


Сабақтың мақсаты: жеке шегара туралы түсінік беру, жеке шегараны қорғау ережелерімен таныстыру.

Негізгі міндеттері:

  • жеке шегара бұзылуының кең таралған түрлеріне тоқталу;

  • адамның жеке шегарасы: психологиялық, физикалық, эмоциялық түрлерін зерттеу;

  • адам өзінің жеке шегарасын қалыптастыруда ұстану керек негізгі үш ережені

анықтау.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 мин)

Жеке шегара әр адамға өзін жайлы ұстау үшін керек. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, бұл кейін күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бейтаныс адам сізге сүйкеніп тұрса, рұқсатсыз қолыңыздан ұстаса, жаныңызға келіп отырса, көз алмай қарап тұрса немесе телефоныңыздағы хабарламаға көз салып оқып отырса, бұл сізге жайсыздық тудырады. Мұндай қылықтар жеке шегараны бұзуға жатады. Сонымен қатар, эмоциялық шегара деген де болады. Егер бейтаныс адам немесе жақыныңыз сізге ашуланып, дауыс көтерсе, ол да сіздің шегараңызды бұзғанға жатады. Себебі, бұл сізге жайсыздық тудырып тұр.

Жеке шегараны құру басқалардың сіздің өміріңізге араласпауына, өзіңізге сенімді болуыңызға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, біздің эмоциялық, физикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Кейбір адамның санасында «жеке шегара» деген ұғым жоқ. Мысалы, ол біреудің затын рұқсатсыз алады, сұрамайды. Ондай адамдарда жеке шегара бала күннен қалыптаспағандықтан, өзгелердің шегарасынан рұқсатсыз өте береді. Сондықтан өзгелердің де шегарасына құрметпен қарау керек.

Есте сақта!

  • Ең алдымен, адам өзінің қалауын, қажеттілігін нақты білуі керек.

  • Екіншіден, өз шегараларыңа сенімді болу.

  • Біреу сізге ұнамайтын қағиданы ұсынса, өз шегараңызды қорғап, бас тарта білуіңіз керек.

  • Өз шегараңыздан ұялмауыңыз керек. Үшіншіден, көмек сұраудан қорықпау қажет.

  1. Негізгі бөлім

Жеке шегаралардың түрлері:

Эмоциялық. Олар эмоциялық әл-ауқат пен психиканы қорғауға арналған. Мысалы, жақын адамдар сізбен моральдық тұрғыдан сөйлескенде сізді ренжітеді және сіз олардан бас тартуды сұрайсыз.

Физикалық. Сізге қандай физикалық өзара әрекеттесу ұнамайтынын анықтаңыз. Мысалы, сіз сәлемдесу кезінде басқалармен құшақтасуға ыңғайсызданасыз және сіз мұны жасамауды сұрайсыз.

Жұмыс уақытында. Сіздің лауазымдық міндеттеріңізден тыс жүктемелерді, соның ішінде психологиялық жүктемелерді алмау

Уақытша. Басқалардың сіздің уақытыңызды теріс пайдалануына жол бермеңіз. Сіз біреуге қазір бос емес екеніңізді айтқан сайын және кейінірек жауап берген сайын осындай шегараларды белгілейсіз.

Материалдық. Оларға сіздің меншігіңізге және жеке кеңістігіңізге қатысты ережелер кіреді. Мысалы, сіз үйде болмаған кезде басқалардың бөлмеңізге кіруіне немесе заттарыңызды алуына қарсысыз.

Жеке шегараларды қалай құруға болады?

Жеке шегараларды тиімді қорғау үшін келесі бірнеше ережелерді білу қажет:

    1. Ең алдымен, түсіну керек: жеке шегараны қорғау – бұл біздің жеке жауапкершілігіміз. Адамдар бізбен өзімізге рұқсат еткендей әрекет етеді.

    2. Қарапайым шын жүректен сұрау көбінесе ұзақ уәде пен қысымға қарағанда әлдеқайда тиімді жұмыс істейді. «Мейірімді болып, айқайламаңыз. Маған сенің айқайлағаның ұнамайды».

    3. Алдыңғы келісімдерді тыныш еске түсіруге дайын болыңыз. Егер адам бір нәрсені ұмытып кетсе, ашуланбаңыз.

    4. Агрессия әрқашан агрессияны тудырады. Егер сізге қарсы ауызша агрессия

қолданылса, жанжалға түспеген жақсы.

Рольдік ойын.

Топтағы оқушылар адамның жеке шегаралары бұзылған жағдайлардың мысалдарын сахналайды және оларды қорғау жолдарын көрсетеді.

4. Қорытынды: сабақ тақырыбы бойынша жадынамалар тарату.


Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/live/H8OH6O90c8o?si=Te-ipkM6n3o2_1jo








































https://www.youtube.com/live/H8OH6O90c8o?si=Te-ipkM6n3o2_1jo

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі