Материалдар / 4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды есеп Мектептегі байқау практикасы
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды есеп Мектептегі байқау практикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды есеп Мектептегі байқау практикасы
Авторы:
10 Ақпан 2025
125
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

«БӨБЕК» КОЛЛЕДЖІ








4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша

қорытынды есеп





Мектептегі байқау практикасы





Мамандық: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

Біліктілік: 4S01140102 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»


Курс 4 Топ: ҚБА-403


Жалпы сағат саны 264, кредиттер 11












Практика жетекшісі:______

4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды есеп


«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттерінің «Мектептегі байқау практикасы» педагогикалық практикасының қорытынды есебі

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 4 курс (ҚБА-403 тобы) студенттері 02.09.24-25.10.24 ж.ж. уақыт аралығында «Мектептегі байқау практикасы» педагогикалық практикадан өтуге ЖББ 149 мектепке жіберілді.



«Мектептегі байқау практикасы» 4 курс студенттерінің дайындық жұмыстары жүргізілді. Бір апта бұрын бөлінген сыныптары бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жоспарын алып, танысып, ағылшын тілі пәні әдістемесі бойынша әдістемелік папка жасақталды. Студенттермен бірге оқу жоспарларын қарастыру барысында ортақ тақырыптардың және тілдік мақсаттардың маңызы талқыланды. Сонымен қатар,

- белсенді оқытудың артықшылықтары мен қиындықтары қандай?,

- оқудағы кедергілерді қалай жоюға болады?,

- оқудың қандай белгісіне қарап оны белсенді оқу деп айта аламыз?,

- белсенді оқушылармен жұмыс жасау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады?, т.б. сұрақтар аясында студенттермен әңгімелесу жүргізілді

Критериалды бағалау қағидаттарын және критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтан және интернет материалдарды https://okulyk.kzhttps://kundelik.kzhttp://smk.edu.kz порталдарына тіркелу арқылы ұсынылған оқу – әдістемелік материалдарын қарастыру барысында танысты.

Практика 8 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада студенттер мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Сынып құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және класс жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Әрбір студент:

- ағылшын тілі пәнінен 10 сабақтан кем емес;

- сыныптан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткізді.

"Менің бауырым" еріктілер қозғалысының жобасына сәйкес студенттер мектеп оқушыларымен бірлесіп "Сүйікті мұғалімнің портреті" акциясын өткізді, мұғалімдер күніне орай педагогтарға арналған құттықтау бейнеролик дайындады.

Өндірістік практика аясында студенттері ағылшын тілі пәнінен сынақ сабақтарын өткізді. Сабақтар әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өткізілді және оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ықпал етті.

Сабақтарда студенттер оқу қызметін ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолданды; әдістемелік тұрғыдан АКТ құралдарын дұрыс қолдана білді.

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді. Практиканың соңғы күні мектептерде кіші кеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді. Студенттер қорытынды конференцияға есеп бойынша слайдтар дайындады. Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды.





Практика жетекшісі:______Г.Ж.Смаилова







Мұғалімдер күніне орай ҚБА-403 тобының студенттері

"Сүйікті мұғалімнің портреті" акциясын өткізді.







””Meadow of knowledge” тақырыбына Нургазиева Дина, Нурмухан Акерке,Тельменбаева Алия ашық сабақ өткізді.




Өндірістік практика аясында ҚБА-403 тобының 4 курс студенттері ағылшын тілі пәнінен сынақ сабақтарын өткізді. Сабақтар әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өткізілді және оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға ықпал етті.

Сабақтарда студенттер оқу қызметін ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолданды; әдістемелік тұрғыдан АКТ құралдарын дұрыс қолдана білді.




Республика күніне орай студенттер тәрбие сағаттарын өткізді.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі