Материалдар / 4 саны 4 сыныптарға арналған сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

4 саны 4 сыныптарға арналған сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2018
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

5 саны және цифры

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1 «А»-сынып

Қатысқандар саны:22


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. натурал сандарды алу жолын түсіндіреді;


  1. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

  2. бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды;


  1. цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүк-телер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрсетеді;

  2. +”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

цифрлары бар парақшалар;


белгі беретін тақтайшалар;

доп.

Тірек сөздер

бес.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 5 санын алу жолдарымен, 5 саны-ның сандық сәуледегі орнымен, 5 санының құрамы-мен таныстыру және оларға 5 цифрын жазуды үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


5 саны натурал сан болып табылады және нату-рал сандық сәуледе 4 санынан кейін тұрады. Сабақ барысында оқушыларды 5 санының құрамымен және оны алудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру қажет. 5 санын сандық сәуледегі басқа сандармен салыстыруға, сандардың құрамы және сандық сәуледе оңға немесе солға қарай орналасуы арқылы 1, 2, 3, 4 сандарымен байланыстарын анықтауға көңіл бөлу керек. Сондай-ақ оқушыларға 5 цифрын дұрыс және көркем жазуды үйрету қажет.


Сабақты қайталаудан бастаңыз. Сандық сәуледегі санның орнын түсіндіруге бағытталған жаттығулар-ды орындатыңыз. 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшалар дайындаңыз. Осы қағаздарды тақтаға бекітіңіз, 2 және 4 цифрлары бар парақшалардың бет жағын тақтаға қаратып қойыңыз.


Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:


Қандай парақшалар аударылып қойылған?


Қандай сандар түсіп қалған?

Мен бір сан ойладым, ол 3 санынан кейін тұрады (2 мен 4-тің арасында, 2-нің алдында) және т.с.с. Бұл қай сан? (Оқушылардың жауаптарын тыңдап, қорытындылаңыз.)



Кіріспе тапсырма. Тақтаға төрт оқушыны ша-қырыңыз. Оларға 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратыңыз. Алдымен сандардың кему реті бойынша, артынан өсу реті бойынша тұруды ұсыныңыз. Тағы бір оқушыны тақтаға шақы-рыңыз. Сыныптағы оқушылардан неше оқушының тақтада тұрғанын сұраңыз. Тақтадағы оқушылардың біреуінің бір қадам алға басуын сұраңыз. Сыныпта-ғы оқушылардан ол нешінші оқушы екенін айтқызы-ңыз. Оқушыларға мына сұрақтарды қойыңыз:

5 саны қай саннан кейін орналасқан?



Оның алдында қандай сандар бар?

Қай сандар 5-тен кіші?

Тақтадағы сандар қатарына назар аудартыңыз да, 5 саны бар қағазды сонда қосыңыз. Оқушылардан сабақтың тақырыбын сұраңыз және бүгінгі сабақ-тың мақсатын айтып беруді ұсыныңыз (жауаптарын тыңдаңыз).

Суреттегі заттарды сана. Оқушылардан су-рет бойынша дүкен сөресіндегі тауардың барлық түрлерін айтып беруді сұраңыз. Одан кейін тек сноубордтарды санауды ұсыныңыз. Оларға нәти-жені бір-бірімен жұптары бойынша талдап айту қажеттігін ескертіңіз.

Жауабы:

бес сноуборд.

Доптарды сана. Оқушыларға доптардың суретіне сүйене отырып, түсіп қалған сандарды қоюды ұсыныңыз. Олардан бірінші қорапта неше доп барын сұраңыз. Бір бөлігінде нешеу, ал екінші бөлігінде ше? 5 саны қалай пайда болды? Қандай сандар түсіп қалғанын сұраңыз. Олар неге олай деп шешті? Осылайша екінші қораптағы доптармен де жұмыс жасаңыз.

Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға жұппен жұмыс істеуді және түсіп қалған сандарды табуды ұсыныңыз.

Жауабы:

бірінші жолақта: 1; екінші жолақта: 3; үшінші жолақта: 5.

Шығарып көр. Ең мерген ойыншыны табатын жарыс өткізіңіз. Оқушылардан 5 ұпай жинау үшін торға салатын доп нөмірлерінiң санын сұраңыз.

Жауабы:

2 мен 3; 1 мен 4.

Орындап көр. Оқушылардан қақпаға неше гол соғылғанын қалай тапқанын сұраңыз. Олардан, сұраққа жауап берген соң, өздерінің сүйікті спорт түріне байланысты берілген тапсырмаға ұқсас өз тапсырмасын құрастыруды өтініңіз.

Жауабы:

5 доп.

Есте сақта! Берілген тапсырма барысында сандық сәулеге сүйене отырып, 5 саны көлеміндегі қосу және азайту амалдарының барлық жағдайла-рын қамтыңыз.





  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылармен “Мен 5 қыздың есімін білемін: Елдана — 1, Қаламқас — 2, Әлима — 3, Ақерке — 4, Гүлнар — 5” ойынын ойнатыңыз (мұнда оқушылар сандарды анық әрі дұрыс айтуы қажет).


Ойынды басқаша да жалғастыруға болады: мысалы, мен 5 ұлдың есімін білемін, мен 5 қаланың атын білемін және т.с.с.


Бес балықтың суретін сал. Оқушылар цифрды зат санымен байланыстыруды және сонша заттың санын елестетуді үйренеді.

Түсіп қалған сандарды жаз. Тапсырмада 1-ден 5-ке дейін және 5-тен 1-ге дейін сандарды ретімен қойып, 5-ке дейінгі натурал сандар қатарын тура және кері ретпен қалпына келтіру керек. Оқушы-лар сандық сәуледегі 5 санының орнын анықтауды үйренеді, 5-ке дейінгі тура және кері ретпен санау дағдысын жетілдіреді.

Жауабы:

бірінші қатардағы түсіп қалған сандар: 2, 4, 5; екінші қатардағы түсіп қалған сандар: 4, 3, 1; үшінші қатардағы түсіп қалған сандар: 1, 3, 5.

Суреттерді мысалдармен қосып сыз. 5 саны-ның құрамын алдын ала қайталатыңыз. Содан кейін жұппен дауыстап айту арқылы жазуды ұйым-дастырыңыз. Мысалы: 5 – 2, 5 — бұл 2 мен 3, яғни 5 – 2 = 3 осы мысалды үш нүктемен қосамыз. Оқушылардың жұппен дауыстап бір-біріне айтуын бақылаңыз. Егер кей оқушыларға қолдау керек болса, көмек көрсетіңіз. Алынған нәтижені бүкіл сыныппен тексертіңіз.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. 5 санының сандық сәуледегі орнын табуды;


  1. 5 санын алуды және оны оқып үйренген басқа натурал сандармен салыстыруды;


  1. 5 цифрын жазуды меңгереді.

Сабақта өткен материалды меңгеру деңгейін


тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтарды қойыңыз:


5 саны сандық сәуледегі қай саннан кейін тұрады?


5 санына дейін қандай сандар бар?

5 санын қалай алуға болады?


Доппен ойын ойнатыңыз: 5 санының құрамы туралы сұрақ қоя отырып, оқушыға допты лақ-тырыңыз. Мысалы, 5 — бұл 2 және “?”. Оқушылар допты қайта лақтырып, сұраққа жауап береді.


Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!